Азамат соғысы.Әскери коммунизм

Азамат соғысының салдарлары:1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Әскери коммунизм саясаты:Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті

62)«Алаш» партиясының бағдарламасы:- Басқару түрі; - Автономия; - Азаматтың негізгі құқықтары; - Дін ұстану туралы мәселе; - Соттар туралы; - Қорғаныс; - Салық; - Жұмысшы мәселесі; - Халық ағарту; - Жер мәселесі.Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды

Қазақстан­да қазақ ин­телли­ген­ци­ясы басқарған қазақтар­дың ұлттық об­лыстық және уездік ко­митет­тері де ұйым­дасты­рыл­ды. Оларға ко­мис­сарлар бо­лып ұлттық ин­телли­ген­ци­яның өкілдері, атап айтқан­да, Торғай об­лы­сын­да Ә. Бөкей­ха­нов, Жетісу об­лы­сын­да М. Ты­ныш­ба­ев, Түркістан­да М. Шоқаев, т. б. тағайын­далды.

Уақыт­ша үкіметтің Қазақстан­дағы жергілікті ор­ганда­ры ку­лак­тарға, қазақтар­дың бас­шы топ­та­рына, қазақ ауыл­да­рының бай-ма­нап­та­рына арқа сүйеді. Олар жұмыс­шы­лар мен еңбекшілердің ре­волю­ци­яшыл­дық ша­бытын әлсіре­туге ты­рыс­ты, ха­лықты то­на­ула­рын жалғас­ты­ра берді, бұқара­ны им­пе­ри­алистік соғыс­тың ауырт­па­лықта­рын өз мойын­да­рымен көте­руге мәжбүр етті. Қазақтар­ды са­яси құқықта­рынан айырған ескі заңдар күшінде қал­ды, ора­сан зор жер иеліктері мен орыс-ка­зак әскерінің сос­ло­ви­елік ар­тықшы­лықта­ры сақтал­ды, қазақ халқының таңда­улы жер­лерін тар­тып алу­шы Қоныс ауда­ру басқар­ма­сы өз қыз­метін өзгерт­педі. Сөйтіп, Уақыт­ша үкімет Қазақстан­да бұрынғы пат­ша өкіметінің са­яса­тын одан әрі жалғас­тырды.

Пат­ша өкіметі құла­тылған соң, Қазақстан боль­ше­вик­тері ас­тыртын жағдай­дан шықты. Боль­ше­виктік пар­ти­яның қата­рына С. Сей­фул­лин, Б. Серікба­ев, Т. Рысқұлов, С. Арғын­ши­ев және басқала­ры кірді.

Ақпан ре­волю­ци­ясы жеңген­нен кейінгі Қазақстан жұмыс­шы та­бының еле­улі та­бысы – кәсіпшілер одақта­ры ұйым­да­рының құры­луы еді. Олар­дың қалып­та­су­ын­да Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның Қүрыл­тай съезі және Ом­бы темір жол жұмыс­шы­лары мен қыз­меткер­лерінің бірінші съезінің үлкен маңызы бол­ды. Бұл съез­дердің күн тәртібінде бірқатар маңыз­ды са­яси және эко­номи­калық мәсе­лелер қарал­ды. Олар: Уақыт­ша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағат­тық жұмыс күні, жұмыс­шы, сол­дат және ша­ру­алар де­путат­та­ры Кеңес­теріне қатыс­ты­лық, конт­рре­волю­ци­ямен күрес, Құрыл­тай жи­налы­сына қаты­су, пен­си­ямен қам­та­масыз ету және т. б. мәсе­лелер.

Осы кез­де Ом­бы, Орын­бор, Таш­кент, Се­мей т. б. қала­лары оқу орын­да­рының қазақ жас­та­ры алғашқы кез­де мәде­ни-ағар­ту істерімен шұғыл­данған жас­тар үйірме­лері мен ұйым­да­рын құрды. Орын­борда «Еркін да­ла», Ом­бы­да «Бірлік», Орал­да «Жас қазақ», Тро­ицкіде «Үміт» деп ата­латын және басқа жас­тар ұйым­да­ры, 20 шақты үйірме­лер мен топ­тар пай­да бол­ды. Бұл ұйым­дардың белгілі бір бағдар­ла­мала­ры бол­ма­ды, әле­уметтік құра­мы жағынан да біркелкі емес еді. Алай­да, олар қазақ халқын пат­ша өкіметінің ұлттық ор­та­лық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қала­ды, өз халқының білім алу­ын та­лап етті, еңбекшілердің са­насын­да ұлттық бірлік, бос­тандық пен тәуелсіздік иде­яла­рын оятуға ұмтыл­ды. Со­лар­дың бірі Тұрар Рысқұлов ұйым­дастырған «Қазақ жас­та­рының ре­волю­ци­яшыл одағы» еді. Оның құра­мына қазақ халқының ор­та­ша және ке­дей топ­та­рынан шыққан ал­дыңғы қатар­дағы жас­тар енді. Орын­бор қала­сын­да шоғыр­ланған қазақ оқыған­да­ры өза­ра кеңесіп, ке­зек күттірмейтін ұлттық мәсе­лелер­ге бай­ла­ныс­ты бір тұжы­рымға ке­лу үшін жал­пы қазақ съезін шақыру ту­ралы шешім қабыл­да­ды. Олар «Қазақ» га­зеті арқылы қазақ және қырғыз ха­лықта­рына ар­найы үндеу жол­да­ды. 1917 жылғы 21–26 шілде­де Орын­борда болған «Бүкіл қырғыз­дық» съез­де «Алаш» пар­ти­ясы қалып­та­сып, бас­шы ор­ганда­рын сай­ла­ды. Оның құра­мына Әли­хан Бөкей­ха­нов, Ах­мет Байтұрсы­нов, Міржақып Ду­латов, Ел­дос Ома­ров, Мұста­фа Шоқай, Мұха­мет­жан Ты­ныш­ба­ев, Ха­лел Досмұха­медов, Жан­ша Досмұха­медов, Ха­лел Ғаб­ба­сов, т. б. кірді. Бұл пар­ти­яның сол жы­лы 5–13 (18–26) жел­тоқсан­да Орын­борда өткен екінші съезінде қазақтың ав­то­номи­ясы – Ала­шор­да Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрыл­ды. «Алаш» пар­ти­ясы­ның Бағдар­ла­масы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұра­ды. Олар:

Ре­сейдің де­мок­ра­ти­ялық фе­дера­ция бо­лып жа­ри­яла­нуы ту­ралы;

Ре­сей құра­мын­да Қазақ ұлт ав­то­номи­ясын құру;

Ха­лықтар ара­сын­да тең құқықтық ор­на­ту;

Дін ту­ралы, дінді мем­ле­кет­тен ажы­ратып шығару;

Ел­дегі билік және сот ту­ралы;

Елді қорғау, әскер және ха­лықтық ми­лиция құру;

Ха­лықтың та­бысы­на қарай са­лық са­лу;

Жұмыс­шы­лар ту­ралы;

Ғылым және білім ту­ралы;

Жер мәсе­лесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құра­мына 15 адам, Ха­лық Кеңесі төрағасы бо­лып Әли­хан Бөкей­ха­нов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақса­ты ұлттық бірлікті жан­данды­ру са­яса­ты болған еді.

1918 жылғы 5 қаңтар­да Бүкілре­сейлік құрыл­тай жи­налы­сының күшпен та­раты­луы Алаш ав­то­номи­ясын құру мүмкіншілігіне де зар­да­бын тигізді. Ала­шор­да бас­шы­лары мен боль­ше­вик­тер ара­сын­дағы қай­шы­лық те­реңдей түсті. Егер Алаш пар­ти­ясы, біріккен ұлттық зи­ялы­лар боль­ше­вик­терге қазақ қоғамы­на мүлдем жат әле­уметтік тәжіри­бені күштеп та­нушы, қазақ жұрты­на іріткі са­лушы күш ретінде қара­са, боль­ше­вик­тер Алаш қозғалы­сына ұлттық бур­жу­азия мен фе­одал­дық топ­тардың тап­тық мүддесін қорғай­тын төңкеріске қар­сы кер­тарт­па күш есебінде қара­ды.

Сөйтіп, қазақ елінің ғасыр­лар бойы мыңдаған асыл аза­мат­та­ры ба­сын тіккен биік ар­ма­ны – ұлттық мем­ле­кетті қал­пы­на келтіру ісі – Алаш қозғалы­сы, Ала­шор­да үкіметімен бірге то­тали­тар­лық өктемдік пен им­пе­ри­ялық зор­лық-зом­бы­лықтың ша­бу­ылы­на көміліп, та­рих қой­на­уын­да қала берді.

Наши рекомендации