Отандағы тақырыптық картографияның пайда болуы және дамуы

Орасан тарихи жасқа қарағанда (жердің өркендеу жасы) картография көп бейінді ғылым ретінде беріректе – ХYIII жүзжылдықтың ортасында қалыптаса бастады. Бұл жаңа пайда болып келе жатқан наминалистік экономика қажеттіліктеріне, шаруашылық етудің нарықтық әдістерін кейіннен дамытуға байланысты.

Едәуір күрделі және көп салалы жаңа экономикалық қалыптастар тек географиялық объектілерін (және қайда орналасқан) бекітуді ғана емес, үздіксіз өзгеретін табиғи және әлеуметтік – экономикалық ахуалды талдауды қажет етеді. Бұл және басқа объектімен қайда және қашан болғанын, сонымен қатар неге мұндай экономикалық немесе экологиялық жағдай пайда болды? Бұл ақпарат жасалып жатқан жалпы географиялық карталарда болған емес.

Тақырыптық картографияны көпсалалы ретінде қалыптастыру жылдары гидрографиялық, геологиялық, топырақты және геоботаникалық, экономикалық және көбінесе ауылшаруашылық тәрізді тақырыптық бағыттар пайда болып дами бастады. Осы жағдайда әзірленіп жатқан карталарды ұзақ уақыт бойы арнайы деп атады және тек ХХ ғасырдың 50 жылдары тақырыптық деп атай бастады.

Осындай карталарды құру үшін ХІХ ғасырда ерекше тәсілдермен және әдістермен жасай бастады, ол картографиялық модельдеу жолымен әртүрлі табиғи және әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен объектілерді бейнелеуге мүмкіндік берді.

Бұл тәсілдер қазіргі уақытта да дәстүрлі, компьтерлік (цифрлік) картографияда да пайдаланылады.

Егер тақырыптық картографияның пайда болуын ХYIII ғасырға немесе оның екінші жартысына жатқызу мүмкін емес. Осы жылдардаға тек әлеуметтік – экономикалық карталарды жатқызған жөн. Табиғи сипаттағы тақырыптық карталар еуропалық елдерде ғана емес, Ресейде де ертеректен құра бастады.

Кейбір тақырыптық карталарды картографияны дамытудың бастапқы сатыларынан да көруге болады. Оларды құру тарихы адам қызметіне байланысты. Римдік шежіренің жол карталарын немесе “Большой чертеж” атты ресейлік картаны атап өтуге болады. Бәрімізге мәлім, бұл карта Иван Грозныйдың нұсқауы бойынша әзірленген және Мәскеу мемлекетінің мүддесіне жауап беретін болуы тиіс.

Қазіргі заманғы түсінік бойынша бұл картаны кезекші – жеделге жатқызуға болады, ол оның тақырыптық мазмұнын анықтайды.

Үлгілі тақырыптық карта сияқты Сібірдің атластан жасалған С.Е.Ремезонның “Сібірдің сызба кітабы” атты этнографиялық картасын да айтуға болады. Онда Шығыс және Батыс Сібір кеңістігінде, оның ішінде қазіргі Қазақстанның жерінде әртүрлі халықтың қонысталуын бейнелеген. XYII – XIX ғасырдың географиялық карталарының негізгі мазмұны елді мекендер, жол желілері, сондай – ақ арнайы тағайындаулы: кедендер, пошта бөлімшелері, тіркеулер және т.б. Табиғат элементтерінен: өзендер, көлдер, ормандар көрсетілген.

Картографияны дамыту және географиялық білімді жинақтау, табиғат элементтерін бейнелеу үздіксіз жетілдірілуде. Карталар неғұрлым нақтыланды.

Орыс картографиясын, жалпы географиялық, сондай – ақ тақырыптықты дамытуда бірнеше эволюциялық кезеңдерді бөліп қарауға болады.Әрқайсысының өзіне тән қасиеттері бар.

Сонымен он жетінші ғасырды картографиялық нысандағы географиялық білімді алғашқы жинақтау кезеңі деп атауға болады (Батыс Еуропада бұл он алтыншы ғасырда болған). Бұл жылдары Ресейде Сібір және Алыс Шығыс жерлерін белсенді шеру басталды. 1639 жылы Иван Московитин Тынық мұхитқа шықты. Василий Поярков алғаш рет Шығыс Сібірдің кең кеңістігін, оның ішінде Амур және Аңшы теңізін меңгерген, Семен Дежнев Ресейдің теңіз алқабының солтүстік – шығысын зерттейді, ал Владимир Атласов Камчатканың географиялық ашылуын аяқтады.

Осы экспедиция материалдары С.Е.Ремезовқа алғашқы орыстың “Сібірдің сызба кітабы” атты географиялық кітабын құруға мүмкіндік берді (1701ж).

Эволюция тұрғысынан табиғат картасы, XYII ғасырдың жалпы географиялық карталары өзендер мен көлдер, ормандар және жергіліктің рельефі туралы алғашқы географиялық ақпараттар ұсынады.

Кейінгі Ресейдің және басқа да шетелдерден құрастырушылары алғы құрастырушылардың не істегенін есепке алды.

Осы жылдары өзендер мен көлдерді, топырақтарды бейнелеу тәсілдері үш жүзжылдық ішінде бізге дейін ешқандай өзгеріссіз жеткен.

Егер XYII ғасыр географиялық білімінің алғашқы жинақталу кезеңі болса, XYIII ғасыр табиғаттың тақырыптық карталарының (геологиялық, топырақтық, геоботаникалық,) пайда болу кезеңі деп атауға болады. Оларды құрудың бастапқы ақпаратын Ресейдің ғылым академиясының географилық департаменті ұйымдастырылған даланы экспедициялықзерттеулер жолымен алады.1739 – 1793 жылдар аралығында осы департамент әртүрлі 250 карталар мен жоспарлар құрады.

XYIII ғасырда география мен картографияның дамуы мемлекеттік мүддел сай келді және мемлекеттік негізде алынды. Бұл жерде бастама Петр І – ге тиесілі. Ол әртүрлі халық тұратын және ауқымды аумағы бар мемлекеттің өзінің геодезиялық қызметі болуы тиіс. Сондықтан ол 1701 жыл математикалық ғылым мектебін ашады, оның түлектері Ресейдің үлкен аумағында кең көлемді геодезиялық қызметке кірісіп кеткен. Данашы геодезиялық зерттеулер негізінде географиялық карталардың математикалық негізі құрылды. Сондықтан осы кезеңінің карталары тек шолу үшін ғана емес, толығымен ғылыми – анықтамалық болды.

Бұл жағдайда осы жылдары тақырыптық зерттеулерді сатушы адамдар емес, ғалымдар, географ мамандар, ботаниктер, тарихшылар және т.б. жүргізгендігін атап өткен жөн.

Экономикалық дамыуна байланысты үлкен картографиялық жұмыстар (Ресей ғылыми академиясының басшылығымен және тұрақты бақылауымен) және еліміздің ішкі аумақтарында жүргізілді. Осы ғылыми зерттеулердің нәтижелері XYIII ғасырдың ірі картографы және географы И.К.Кирилловтың басшылығымен 1734 жылы құрылған Ресей империясының атлас болып табылады. Атласта Ресейдің Бас картасы мен 14 жекелеген облыстардың карталары жинақталған.

Осы жылдары Ресей ғылым академиясының географиялық департаменті ауқымды дала зерттеулері мен картографиялық жұмыстарын жүзеге асырады, нәтижесінде Ресей ғылым академиясының атласы басылып шығарылды(1745 ж.)

И.К. Кирилловтың атласындай Ресейдің Бас картасында 14 емес 19 аймақтық карта, оның ішінде 13 –і еуропалық бөлікке, 6-ы азиаттыққа орналасқан.

XYIII ғасырдың географиялық экспедициясы Ресейдің үлкен кеңістігін қамтиды. Оренбург өлкесі және Батыс Сібір, Поволжье және Орал, Алтай мен Шығыс Сібір, Астрахан өлкесі Донск даласы, Солтүстік Кавказ және Грузия – Ресейдің ғылыми акдемиясының экспедициясы зерттеген аумақтардың толық емес тізімі.

Аталған атластардан басқа осы жылдары еліміздің табиғи байлығы туралы тақырыптық ақпаратты қамтиған әртүрлі карталардың көпшілігі жасалды.

XYII ғасырдың карталарынан ерекшелігі XYIII ғасырдың жалпы географиялық және тақырыптық карталары қатаң математикалық негізде құрылған. XYIII – XIX ғасырларда орыс картографиясы өзінің дамуының маңызды кезеңін басынан өткереді. 1797 жылы карта депосы құрылды, оған 1800 жылы Ресей ғылым академиясының географиялық департаменті бірігеді. Құрылған бірлестік барлық мемлекеттік картографиялық қызметі өзінің құзырына алады.

1812 жылы әскери – топографиялық депо болып қайта алады.

XYII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында жүргізілген ұйымдастырушылық іс – шаралар еліміздің картографиялық қызметінің қалыптасу кезеңін аяқтауға және тұрақты картографиялық жұмыстарға кірісуге мүмкіндік берді. Осыған орай XIX ғасырда салалық тақырыптық картаграфиялау жөніндегі кең зерттеулер жүзеге асырылды.

Крепостық құқықты жойғаннан кейін (1861 ж.) Ресейдің көптеген аудандарында кешенді географиялық зерттеулер жүргізілді. Әсіресе Сібір және Алтай аудандарын атап өткен жөн. Осы жылдары Қазақстанның шығыс бөлігі аумағында базалық топографиялық, сондай – ақ арнайы гидрологиялық, топырақты және геоботаникалық зерттеулер жүзеге асырылды. Бұл сол жылдардың өзінде Сібірдің кең кеңістігінде тұрақты экономикалық дамуына, одан әрі жерді шаруашылық игеруге қажетті жағдайлар туғызды.

Табиғатты кешенді картографиялау табиғатты танудың екі бағыттарын қосу: жерлерді картографиялау, яғни оның картографиялық моделін және ғылыми танымын құру.

Осы табиғи құбылыстарды зерттей отырып, ғалымдар көптеген өсімдік және жануарлар (биоценоздар), сондай – ақ осы жергілікке тән табиғи компоненттер мен құбылыстар (топырақ, ауа – райының ерекшеліктері) жергіліктің рельефінен тәуелді. Сондықтан рельеф картасын табиғаттың басқа да тақырыптық карталарын құру үшін негізгі картографиялық көз ретінде пайдаланатын болды.

Қазіргі уақытта тақырыптық топқа табиғи сипаттағы мына карталар кіреді: гипсометриялық, геоморфологиялық, климаттық, гидрологиялық, геоботаникалық, зоогеографиялық ландшафтық және кешенді мақсатты сипаттағы карталар – ресурстық бағалау және экологиялық (ресурстық – бағалау).

Кешенді мақсатты сипаттағы карталау ХХ ғ. 50 – 70 жылдары жаңа аумақтарды кең ауқымды экономикалық игеруге нәтижесінде табиғи жағдайларды алдын ала кешенді талдау үшін алғашқы бастапқы материал ретінде пайда болды.

80 жылдары тақырыптық картографияда жаңа бағыт экологиялық – экономикалық бағыт пайда болды. Осы бағыттағы карталар ресурстық – бағалау болып табылады және адамның өмір сүру ортасында картографиялық мониторинг үшін негізделген.

Карталар мазмұнын жетілдіру қазіргі уақытта да жалғасын табуда. Бастапқы ақпаратты алу әдістері, карталарды құрастыру және басып шығаруға арналған жабдықтар, оларды пайдалану бағыттары мен мүмкіндіктері ауысады. Табиғи және әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың қатақн сипаттамасын бейнелейтін карталардың дәстүрлі үлгісін ауыстыруға жаңа, олардың дамуының табиғи серпінінде осы құбылыстарды сипаттайтын электрондық тақырыптық карталар келеді.

Наши рекомендации