Азақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлері.

Сыртқы экономикалық қатынастардағы Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілердің дамуы, коммерциялық тәжірибиедегі сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Осындай мәмлілелердің түрлеріне банктік қызметтегі (қаржы лизингі, факторинг, форфейтинг) мәмілелер, лицензиялық қызметтегі франшизинг мәмілелері, концессиондық келісімдер, мұнай және газ индустриясындағы бірлескен қызымет туралы мәліметтер жатады. Көрсетілген мәмілелер түрлері дамыған шетел мемлекеттерінде сәтті қолданысқа ие және осы мәмілелердің қолданудың теоретикалық базасы өте жақсы өңделген. Қазақстанның заң әдебиеттерінде осы мәмілені теоретикалық мәселелеріне қатысты арнайы зерттеулер жүргізіліп жатыр. Біздің тәжірбиеде осы мәмілелердің түрін қолдану тәсілі батыс елдердің тәжірбиесінен мүлдем өзгеше. Сол себептен осы мәмілелердің түрін дамыту қазіргі таңда өте қажет. Осы мәмілелердің түрлері “Қазақстан Республиканың Азаматтық Кодексінде”, “ Қазақстан Республиканың Салық Кодексінде” және “Қазақстан Республиканың банк және банктік қызмет туралы заңында” көрініс тапқан. Жоғарыда көрсетілген жаңа мәмілелердің ішінен лидинг, факторинг және фарфейтинг мәмілелеріне анықтама беріп өтемін.

Лизинг.Халықаралық сауда тәжірибесінде ғұрыптық сыртқы экономикалық мәмілелермен қоса, соңғы он жылдық тың ішінде әлемдік экономиканы дамығанын көрсететін сыртқы экономикалық қатынастарда жаңа мәміле түрлері пада бола бастады.

Қазіргі таңда әр түрлі елдердің кәсіпкерлік қызметтегі шаруашылық субъектілерді жүзеге асыратын халықаралық қаржы лизингі қолданылады. Қаржы лизингі 50 жылдардың басында АҚШ-та, 60 жылдарда Батыс Еуропада қолданылды және ХХ ғасырдың басындағы 80 жылдан бастап қазіргі заман экономикасының салаларында кеңістіктік өңдеуді тарады.

Қаржы лизингі шарттар тәжірибесінде аренда (мүлікті жалдау) институтының ерекше түрі ретінде қалыптасты. Кейбір елдердің заңнамасында лизинг – аренданың ерекше түрі ретінде, өз ақшасына алған мүлікті басқа тұлғаға арендаға беру және осы қызмет түрінен (арендалық төлем ретінде) пайда табу мақсатында жасалған коммерциялық қызметі ретінде қарастырылады.

Қазіргі таңда халықаралық қаржы лизингінің құқықтық реттелуі нормаларға негізделеді және оларды екі категорияға бөлуге болады: 1) Халықаралық шарттарды унификациялау құқығының тәртібі негізінде құрылған унификациялау нормалары; 2) Халықаралық лизингіне қатысушылардың ұлттық нормалары, сонымен қоса коллизиялық нормалар және ұлттық заңнаманың жалпы ережелеріне бөлінеді.

Осы лизинг операцияларының халықаралық сауда тәжірибесінде дамуы лизинг туралы көптеген елдердің ұлттық заңнамасын үйлестіруге әкеп соқтырды. Соның са лдарынан 1988 жыл 28 мамыр күні Оттавада халықаралық қаржы лизингі туралы УНИДРУА Конвенциясы қабылданды. Оттавада Конвенциясының 3 б сәйкес осы Конвенцияның нормалары лизинг берушімен лизинг алушының коммерциялық мекемелері әр түрлі мемлекетте орнатылған лизингке қатысушыларға қатысты қолданады.

Оттавада Конвенциясына сәйкес қаржы лизингі екі шарт түрімен жасалады:

1) лизинг алушымен арнайы таңдалған лизинг берушімен жіберуші арасындағы сатып алу-сату шарты;

2) лизинг алушы мезгілді төлемдердің орнына жабдықтар пайдалану негізінде жасалған лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы лизинг шарты.

Лизинг жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. Лизинг сөзі сәйкес “to lease” ағылшын етістігінен аударылған “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің ) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды,өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құралдарды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейінде лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қалай беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік мәмілелердң бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар 2 түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1) Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтелуімен сипатталады.

2) Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық аммортизациялық төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеумен байланысты сипатталады.[1].

Қаржы лизингі ең алғаш рет Қазақстан Республикасының Президентінің заңды күші бар “салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер төлеу” туралы Жарлығында көрініс тапқан және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімінің 29 тарауында бекітілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар “салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер” туралы Жарлығы қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Салық Кодексі деп аталады.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 74 б сай қаржы лизингі Қазақстан заңнамасына сәйкес 3 жылдан астам мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру егер ол мынанадай талаптардың біріне сай келсе:

1) Мүлікті лизинг алушының меншігіне беру және лизинг алушыға мүлікті тіркелген алу жөніндегі құқық берілуі лизинг шартына айқындалса;

2) Қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша мүліктің пайдалы қызметінің 75 % -нен асса;

3) Қаржы лизингінің барлық мерзімі үшін лизинг төмендегілердің ағымдағы ( дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының 90 %-нен асса, ол қаржы лизингі болып табылады.[2]

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынандай түрлері бар:

Ішкі лизинг – бұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді.экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

Лизинг операцияларының техникалары 1 және 2 схемаларында көрсетілген.

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдайда болуы мүмкін, онда ол ссуда алады.

1. Азақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлері. - student2.ru

Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын операция деп атайды.

Лизинг операциясының техникасы (1 схема)

       
 
Лизинг беруші (лизинг компаниясы)
 
Жабдықтаушы (өндіруші)

Азақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлері. - student2.ru Азақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлері. - student2.ru Азақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлері. - student2.ru Азақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлері. - student2.ru

Лизинг алушы (өндірістік кәсіпорын)
2

4 3

1) құрал-жабдыққа беру;

2) құрал-жабдық үшін төлем;

3) құрал-жабдықты жеткізу;

4) лизинг төлемдер.[1]

Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80 %- дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушіден ұзақ мерзімді несие алады. Мұндай лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып танылады.

Наши рекомендации