ЖОО –дағы студент 500 сөз немесе 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазып үйренейік» курсының бағдарламасы

1. Эссе деген не?

2. Эссенің басқа жазба жанрлардан айрмашылығы

3. Эссе жазуға қойылатын талаптар

4. Эссе жазу үшін нені меңгеру керек?

5. Қазақ тілінің орфографиясы

6. Тыныс белгілерді дұрыс қойып үйренейік

7. Сөз өнері- жазу үшін қажетті асыл өнер

8. Практикалық сабақ

9. Эссені тексеру мен бағалау

10. Қазіргі эссе үлгілері

Эссе жазуға көмек

Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс. Мектеп мұғалімдеріне ұсынылып отырған бұл көмекші құрал сондай өткір мәселені шешуге көмек болады. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып, қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек. Қазіргі кезде барлық бағытта эссе жазылып жүр.Сондай эссе жазушыларға көмек ретінде ұсынылып отырған жұмыстың нәтижесі - алғашқы жылдардан қалалық байқаулардан алған жүлделеріміз.

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген.

Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әртүрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі.Эссе -жеке әсер етуді және нақты сылтау бойынша пікір ойды білдіретінкішкене көлем мен еркін композицияның шығармасы. Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Бұдан басқа

Эссенің классификациялары.

Мазмұны жағынан эссе келесідей болады:

· философиялық,

· әдеби- сындық,

· тарихи,

· көркемдік,

· көркемдік-публистикалық

· рухани-имандылық және т.б.

Қалыптары бойынша эссе келесідей болады:

· пікірсараптық,

· лирикалық миниатюрлық,

· ескертпелер,

· күнделіктен жазбалар,

· хаттар және басқа.

Эссе бөлінеді:

· сипаттамалық,

· баяндамалық,

· рефлексивтік,

· сындық,

· талдаулық және басқа.

Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі:

Сынып 70 -80 сөз

Сынып 80-90 сөз

Сынып 90 - 100 сөз

Сынып 100 – 150 сөз

Сынып 150- 200 сөз

Сынып 200- 300 сөз

Сынып 300 -400 сөз

ЖОО –дағы студент 500 сөз немесе 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.

Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

• Жеке көзқарастың көрінісі;

• Деректі дәйектер (аргументтер);

• Теоретикалық негіздеме;

• Терминдерді қолдану;

• Цитаталарды келтіру;

• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

• Сауаттылық (пункт., орфогр.);

Жиі кездесетін қателіктер:

1. Проблема ашылмайды;

2. Автордың жеке ұстанымы көрінбейді;

3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;

4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;

5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;

6. Ауызекі сөздер, диалект, слэнг, жаргон сөздер;

7. Келтірілген мысалдар автор ұстанымына қайшы;

8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;

9. Логиканың болмауы.

Наши рекомендации