Сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы

ЖАЛПЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨНІМ
С V M
Материалдық шығындар Қажетті өнім Қосымша өнім
Ө З І Н Д І К Қ Ұ Н ( Ш Ы Ғ Ы Н Д А Р )
Аморти-зация-лық аударым-дар Айна-лым қара-жаттары Матери-алдық шығын-дар құрамын-дағы төлемдер Ұ л т т ы қ т а б ы с
Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық) Таза табыс (пайда)
Халықтан алынатын салықтар Жанама салықтар (қосылған құн салығы, акциздер, басқалары)
Қарыздар
Ерікті жарналар
Табиғат ресурстары үшін төлемдер Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер
Баждар, лицензиялар үшін төлемдер, тіркеу алымдары
Табиғатты қорғау қорларына төленетін төлемдер
  Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер
Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (инвестиция-лар, қарыздар, трансферттер, гранттар)
           

Мемлекеттің қаржылық ресурстарының көзі сонымен бірге мемлекеттік кредит, инвестициялар арқылы тартылған қаражаттар болып табылады.

Қаржылық ресурстарды өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс үдерісінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне алып барады. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыруқаржылық ресурстарды қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесінде артады. Және, керісінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржы ресурстарын азайтады.

Екінші фактор – бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін – материал сиымдылығын – төмен- дету өндірілген ұлттық табысты – қаржылық ресурстардың негізгі көзін – арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.

Қаржылық ресурстардың өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық заттай құрылымы да әсер етеді. Жұртқа мәлім, өндірістік арналымның (қоғамдық өндірістің бірінші бөлімшесі) тауарлары бойынша қосымша өнімнің нормасы тұтыну арналымының – екінші бөлімшенің (акциздерді кіріктіретін және анағұрлым жоғары рентабелділікке ие) тауарлары мен өнімдері бойынша нормаға қарағанда төмен. Бұдан басқа, ұдайы өндірістік циклде тұтыну тауарларының айналымы жылдамырақ болады, мұның өзі уақыттың белгілі бір межелдемесінде, мысалы, есептік жылда бірнеше айналымдардан алынатын ресурстарды қосындылауға (жиынтықтауға) мүмкіндік береді. Сондықтан қоғамдық өндірісте екінші бөлімшенің үлес салмағы мен даму қарқыны неғұрлым жоғары болса, қаржылық ресурстардың мүмкін көлемі соғұрлым көп болуы мүмкін.

Қаржылық ресурстар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіппен қалыптасады. Орталықтандырылған тәртіппен мемлекеттік бюджеттің, зейнетақы қорларының, бюджеттен тыс қорлардың ресурстары құрылады. Орталықтандырылмаған әдістермен материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұтыну қорлары, амортизациялық аударымдар қорлары, қаржылық резервтер мен валюталық қорлар, шаруашылық органдарының басқа ақшалай қорлары қалыптастырылады.

Перспективада ақшалай қорланымдар (табыс, қосылған құн салығы, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер қаржылық ресурстардың негізгі көздері болып қалады.

Жекешелендіруден, мемлекет меншігін сатудан түсетін түсімдер сияқты уақытша көздер болып табылатын қаржылық ресурстар олардың таусылуына қарай азаятын болады. Көздері жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері – роялти, бонустар болып келетін қаржылық ресурстар артады.

Еңбекке ақы төлеудің, тұтыну қорларының одан ары өсуі қаржы ресурстарының құрамына тартылатын халықтың қаражаттары мөлшерінің өсуіне жеткізеді.

Мемлекеттің қаржылық ресурстары көлемінің динамикасы мен құрылымының үрдістері рыноктық қатынастарға көшу бағдармаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуі интенсивті факторлармен шарттасылған көздердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.

1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың

Ағидаттары

«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. ­Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржылық қатынастардың пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.Олар ақшалай қорларды қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.

Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

1) қаржылық қатынастардың жиынтығы;

2) ақшалай қорлардың жиынтығы;

3) басқарудың қаржылық аппараты.

Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.

Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:

1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар;

2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.

Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизациялық, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалай қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады. (1.7сызбаны қараңыз). Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).

Наши рекомендации