Ресейдегі ақпан төңкерісіжәне оның Қ-станның демократияландыруына әсері 9 страница

Бұрынғы Бұқара мен Хиуа хандықтарының орнына жаңадан Хиуа және Бұқара республикалары құрылды./1/1920 жылғы қазандағы Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезінде, Түркістанның қазақ облыстарын Қвзвқ АКСР-нің құрамына қосу мүмкіндіктері талқыланды. Аймақтағы саяси-экономикалық жағдайдың күрделі болуынан, Орталық Азияда мемлекетердің шекараларын ұлттық құрамына қарай бөлу тек 1924 жылы ғана іске асты. 1921 жылы Түркістан, Бұқара және Хорезм ұлттық республикаларын экономикалық біріктіру ісі жүзеге асты.

Жылдың 25 қыркүйегіндегі Жанкелдин, Әлібеков, Меңдешев және т.б. қатысқан Облбюроның мәжілісінде КССР кеңесінің съезінде республиканың шекарасын анықтауға қатысты жасалған баяндаманың тезисі тыңдалды. Мәжілістің шешімі бойынша Қазақ АКСР-іне қазақтардың Сырдария облысының Торғайға көшкенге дейінгі мекендейтін жерлері қосылсын деген шешім қабылданады. Ал осы Сырдария облысының берілетін бөлігін нақты анықтау әкімшілік бөлу секциясына жүктелді.

Жылдың басына қарай Түркістандағы жер-су реформасы жүргізіліп болған еді. Қазақ АКСР-і үкіметі Ұлттық Халық комиссариатына, Түркістан Орталық Атқару Комитетіне Сырдария және Жетісу облыстарын Қазақ АКСР-нің қоластына беруі туралы нұсқау беруін өтінді. Ұлттық Халық комиссариаты коллегиясы осы мәселеге байланысты Қазақ АКСР-і өкілінің баяндамасын тыңдап, 1922 жылғы 21 наурызда «РКП(б) –ның Х1 съезінде мәжілісте аталған мәселені жан-жақты талқылап, дұрыс шешім қабылдау үшін Қырғыз республикасы мен Түркістан республикасының өкілдерін шақыру туралы шешім қабылдады. 1922 жылғы 4 сәуірде Москвада РКП(б)–ның Х1 съезінің Қазақстан мен Түркістаннан келген делегатарының Сырдария мен Жетісу облыстартын Қазақ АКСР-іне қосу туралы мәселесі қарастырылған мәжілісі өтті.Мәжілісте:«Түркістан республикасының екі облысын (Сырдария және Жетісу облыстарын) Қырғыз республикасына қосу туралы мәселені шешу Түркістан Коммунистік партиясының Орталық комитетіне және Қырғыз РКП(б) Облыстық комитетіне алдын-ала талқыланып, шешілсін) деген шешім қабылдады /2/.

Түркістандағы екі қазақ облысын Қазақ АКСР-іне қосу туралы мәселе.ұлттық-территориялық межелеуді жүргізудің Орта Азия халықтары үшін де ортақ мәселе болды. Орта Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу күрделі мәселе болды.Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы, мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Сондай-ақ, экономиңкалық орталықтармен елді мекендерді бөлу мәселелері тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейімен, халықтың ұлттық құрамы туралы статистикалық мәліметердің аздығы жағдайды одан әрі қиындатты.

Жылғы 16-қыркүйекте Түркістан автономиялы кеңестік социалистік республикасының Орталық комитетінің Ш-ші Төтенше сессиясы Өзбек КСР-і мен Түркмен КСР-інің қазақ аудандарын Қазақ АКСР-іне беріп, Қара-қырғыз және Тәжік автономиялы облыстарын құру туралы шешім қабылдады. Осы жылғы 25-қыркүйекте РКП(б) ОК саяси бюросы бұл шешімді мақұлдады, бірақ РКФСР-дің құрамында болатын Қара-қырғыз автономиялы республикасын құруды қажет деп тапты. Сонымен қатар Ходжейлі, Қоңырат аудандарын және ТАКСР-нің Амудария облысының Шымбвай уезін Қара-қырғыз автономиялы облысына қосып, Қазақ АКСР-інің құрамына енгізу туралы ұсыныс жасады /3/.

Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-территориялық межелеу» туралы маңызды құжат 1924 жылғы 14 қазанда өткен 11-шақырылымдағы БОАК-нің П сессиясында қабылданды. Бірінші тармақ бойынша өзбектерге ТАКСР-нің құрамынан шығып, Өзбек КСР-ін құруға құқық берілді. Екінші тармақ бойынша осындай құқыққа түркмен халқы да ие болды. Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-территориялық межелеу Мәскеудегі орталықтың, соның ішінде РКП(б) Орталық Комитетінің тікелей басшылығымен, бақылауымен өтті. Осы мақсатта РКП(б) Орталық Комитетінің Орта Азиялық бюросы жанына және әр ұлттық республикалардың жеке комиссия бөлімшелері құрылды.

Жылы 31 қаңтарда РКП(б) Орталық Комитетінің ұйымдастыру бюросы (Оргбюро) РКП(б) Орталық Комитетінің хатшысы, әрі РКП(б) ОК-нің Орта Азия бюросының төрағасы Я.Э.Рудзутакқа Ташкентте ТүркАКСР-нің, Бұқар және Хорезм КСР-ларының жауапты қызметкерлерімен Орта Азияны болашақта ұлттық принциптеріне қарай мемлекеттік межелеудің мүмкіндігі және мақсаттары туралы кеңес өткізу туралы тапсырма берді./4/ Кеңес 1924 жылы наурызда өткізілді. Түркістанның ұлттық-территориялық межеленуі туралы Түркістан коммунистік партиясының оргалық комитетінің хатшысы А.Рахымбаев баяндама жасады./5/. Кеңеске қатысушылар межелеудің жүргізілуін қолдады. ТуркЦИК-тің төрағасы Айтақов өз сөзінде Орта Азияның ұлттық-территориялық межеленуін және Түрікмен халқының біртұтас Кеңес республикасына бірігуінің қолайлы екенін атап айтты.

Жылы 23-24 наурызда Ташкентте ТКП-ның ОК пленумы болды, онда ұлттық-территориялық межелеу туралы мәселе қарастырылды... Межелеудің дер кезінде көтеріліп отырғандығы, сонымен қатар межелеу туралы әртүрлі пікірлер айтылды. Осы пленумда республикадағы тұрғын халықтар арасындағы қайшылықтарды шешуде ұлттық-мемлекеттік межелеуді іске асыру керек екендігіне тоқталды.

Орталық Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу аса күрделі мәселе болды. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы үлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. ондай-ақ, экономикалық орталықтармен ірі елді-мекендерді бөлу мәселелері көп жағдайда тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейімен, халықтың ұлттық қүрамы туралы статистикалық мәліметтердің мардымсыздығы жағдайды одан әрі қиындатты. Осының бәрі үлкен дайындықпен көптеген жүмысты талап етті. Осы мақсатта арнайы (б)РКП ОК Орта Азиялық бюросы жанынан және әр ұлттық республикалардың жеке комиссия бөлімшелері құрылды.

РКП(б)-ның XII съезінен кейін Орта Азия республикаларының партия және Кеңес органдары РКП(б) орталық комитетінен Орта Азияны ұлттық территориялық жағынан межелеуді жүргізу мәселесін қарауды сұрап тілек білдірді. Қазақ АКСР үкіметі кеңестердің IV - съезінде 1924 жылы қаңтарда берген есебінде Жетісу мен Сырдария облыстарындағы Қазақ аудандарын қосу туралы мәселе орталық партия және мемлекет органдарының алдына іс жүзінде қойылды. үркістан кеңестерінің XII-съезінің делегаттары өздерінің сөйлеген сөздерінде межелеу жөніндегі мәселені тез арада шешу қажеттігін ерекше атап көрсетті.

Жергілікті ұйымдардың пікірлері анықталғаннан кейін мәселені талқылау РКП(б) орталык, комитетінің Орта Азия бюросы мен орталық партия органдарына көшірілді. онымен қатар, С.Қожанов 1924 жылғы 10 наурызда өткен ұлттық-территориялық межелеуге байланысты мәжілісте Орталық Азияны федерацияға, онда да экономикалық жағынан емес, саяси әкімшілік жағынан біріктіру туралы ұсыныс жасады. Ал 1924 жылы 26 тамыздағы РКП Киробком Президиумының мәжілісінде Меңдешев ТүркАКСР-і мен арадағы шекараны межелеуге байланысты баяндама жасайды. Меңдешев республикалар арасындағы шекараны анықтауға әр елден үш адамнан өкіл қатысқан комиссияның күрделі және келісімді жүмыс атқарып жатқандығы жайлы хабардар етіп, біраз қарама-қайшылықтар тудырып отырған мәселелерге ерекше тоқталып, комиссияның ұлттық-территориялық межелеуге қатысты шешімдерінің қорытындысымен таныстырды.

Жылы 9-сәуірде РКП орталық комитетінің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, ұлттық мемлекеттік межелеудің жүргізілуін негізінен мақұлдады. Орта Азияның жаңадан құрылатын республикалары мен облыстарының этнографиялық, саяси және экономикалық карталарын қосып, барлық материалдарды әзірлеп, партияның орталық комитетінің қарауына беру РКП(б) орталық комитетінің Орта Азия бюросына тапсырылды. 1924 жылы сәуірдің соңында РКП(б) орталык, комитетінің Орта Азия бюросы мен Түркістан компартиясы орталық комитетінің бірлескен мәжілісінде Орта Азияны межелеуді әзірлеу және жүргізу жөнінде жұмыс барысы қаралды /6./ Орта Азияны межелеуді әзірлеу және жүргізу жөнінде қазақ, өзбек және түрікмен қосалқы үш комиссия құрылды. Орта Азияны межелеу туралы комиссияның материалдарын қарап, РКП(б) орталық комитетінің Орта Азия бюросы 1924 жылы 12-мамырда одақтық екі республика-Өзбек пен Түрікмен және автономиялы екі облыс- Қара-қырғыз және Өзбекстан құрамында болатын Тәжік автономиялы облыстары құрылсын,ал Түркістанның қазақ аудандары Қазақ АКСР-і құрамына қосылсын деғен шешім қабылдады. Комиссияның шешімдері мен РКП(б) комитеті Орта Азия бюросының шешімі партияның орталық комитетіне тапсырылды.

Жылы 27 қыркүйектегі РКП(б) Киробком Президиумының мәжілісінде қарақалпақ халқы атынан келген делегацияның өтініші тындалды. Мәжілісте қарақалпақ делегациясы өкілдері Досназаров пен Бекімбетов баяндама жасайды. Баяндамашылар бұрын патша заманында қарақалпақтардың жапа шеккенін және оның Кеңес билігі орнаған күннің өзінде тоқтамай отырғанын баяндайды. Олар өкіметтің межелеу басталғанға дейін олармен санаспай келгенін өкінішпен еске алып, Орталық Азия ОК бюросы Қарақалпақ автономиялы облысын құру жөнінде мәселе көтергенін, бірақ оны қай республикаға бөлетіні жайлы нақты шешім қабылдамағанын айтады.

Yen;лттық территориялық межелену негізінде ТАКСР-ның бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының көптеген жерлері Қазақ АКСР-не қарайтын болды. 1924 жылы қарашадан бастап бұл облыстарды басқару ісін республика үкіметі құрған революциялық комитет жүргізді. Қазақ АКСР-не қосылған жеке уездері мен болыстарының шекарасын анықтау бірнеше айға жалғасты. Межелеудің қорытындысы бойынша Қазақстанға Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері және Әулиеата уезінің көпшілігі, Сырдария облысындағы Ташкент және Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің көшпелі алты болысы ауысты. Жетісу облысынан Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Бішкек уезінен Георгиев, Шу, Қарақоныс болыстары қосылды /7/.

РКП(б)-ның (1925 ж.1-7 желтоқсанда) өткен У Қазақстандық конференцисы атап өткендей, оңтүстік аудандарының республиканың басқа аудандарымен қосылуы, Орынбор губерниясында негізінен орыс халқы орналасқандықтан республика орталығын қазақ халқының тығыз қоныстанған елді мекеніне көшіру қажеттігі туындады.

ҚАКСР-нің жаңа астанасын таңдау кезінде Ақтөбе, Ақмола, Шымкент, Семей, немесе Алматы қалалары ұсынылды. Таңдау Ақмешіт қаласына түсті. 9 ақпанда ҚАКСР-інің ОАК осы мәселе бойынша шешім қабылдап, 1925 ж.6-сәуірде Бүкілресейлік ОАК-нің Президиумы Орынбор губерниясының ҚАКСР-нің құрамынан шығарылуы туралуы қаулы қабылдап, арнайы құрылған комиссияға олардың шекарасын белгілеуді тапсырды. /8/

Ж. 15-19 сәуірінде жаңа астанада Ақмешітте Қазақ Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. «Кеңестердің Бесінші съезі Қазақ Республикасы ғұмырындағы елеулі бетбұрыс болды. Мүнда ең алғащқы рет республиканың барлық аудандарынан өкілдер жиналды. Арнайы шешіммен халықтың нақтылы тарихи «қазақ» атауы қалпына келтіріліп, Қазақ республикасы деп аталды. Сонымен қатар республика астанасы Ақмешіттің аты өзгертіліп, Қызылорда деген жаңа атқа ие болды. Осы күндері мерзімді басылымдар, тіпті ғылыми басылымдардың өзі одақтас республикалар арасындағы шекара орталықтың басқаруымен белгіленді деп жазып жүр. Орталық мемлекеттік мұрағат, Республика Президенті мұрағаттарының құжаттарына сүйенсек, бұл мәселелермен БОАК-нің арнайы құрылған әкімшілік комиссилардың , атқарушы және заң орындарының айналысқанын көреміз. Болашақ шекараны белгілеудегі жергілікті билік органдарының және тұрғылықты халықтың пікірімен санаса отырып қабылдаған шешімдері жиі-жиі «делимитизация» терминімен белгіленбесе де, хаттамалар, актілер, шекараны көрсетулері бұл заңды терминің бүкіл белгілерін айқындап берді.

Жылы Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу аяқталды. Осы кезде Қазақ АКСР-інің құрамына Сырдария және Жетісу облысы, Қара-Қалпақ автономиялы облысы, Самарқанд облысы және көптеген уездер қосылған болатын. Осындай қиын жағдайда қазақ халқының тарихи жерлері өз иелеріне қайтарылды, жерлердің қосылуынан республика халқының саны өсіп, 1926 жылы санақ бойынша 6,6 млн адам болса, оның 3,6 млн қазақтар еді, яғни, қазақтар республика тұрғындарының 61%-құрады, орыстар - 1,2 млн. (18%), украиндықтар - 0,8 млн. (12%) /9/.

51.1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясының қабылдануы

Қазақ КСР – інің құрылуы.
1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады.

Он бір Одақтас республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.


1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі қабылдаған Конституциясында - Республикасының саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері:

- Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал – жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді. Қазақ КСР – і КСРО құрамына ерікті негізде енді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлісінде өз орнын алды.

1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді. Оған республикадан 44 депутат сайланды:кеңеші Т.Кузембаев, мұнайшы С.Зурбаев, комбайнер И.Логвиненко, сауыншы С.Онгарбаева.

1938 жылғы маусым - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112 – сі жұмысшы; 116 – сы колхозшы; 152 – сі қазақ; 60 – сы әйел, оның 27 – сі қазақ әйелі.

1938 жылғы 15 шілде - Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.

Қазақ КСР құрылуының тарихи маңызы.
20-30 жылдар кезеңінің қорытындысы:

Тиімді жағы:
1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына қолы жетті.
2. Индустриясы жедел дамыды.
3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:
1. Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті.
2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.
3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.

52. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы мәдени құрылыс.

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.

Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.

XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған “Қалың мал” романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров “Айқап” журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде “Қамар сұлу” романын жаза бастады.

Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары “Топжарған”, “Гүлкашима” поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің “Шахнамасынан” “Рұстем-Зұхраб” поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол “Айқап” журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.

XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — “Қырық мысал” болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда “Маса” атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.

А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз “Қазақ” газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.

Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.

Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - “Бақытсыз Жамалдың” авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.

Наши рекомендации