Amp;2. Кіріс құжаттарын өңдеудiң тәртібі

59. Кiрiс құжаттарын бастапқы өңдеу - жеткiзудiң дұрыстығын және салымдардың тұтастығын тексеру, ұйымға құжаттардың келiп түсу фактiсiн жазу, құжаттарды бағдары бойынша тапсыруға дайындау болып табылады. Құжаттар салынған конверттер құжаттама қызметінің (лауазымды тұлғаның) қызмет бөлмесінде ашылады, құжаттардың нақты көрсетiлген мекен-жайға жеткiзiлуi, бумасының бүтіндiгі тексеріледі. Егер құжат түгел болмай шықса немесе бүлінгені анықталса, оның соңғы парағына төменгі жиегінен, сондай-ақ тіркеу-есепке алу нысанына тиісті белгілер қойылады және еркiн нысанда үш данада актi жасалады. Бiр данасы жөнелтушiге жіберіледі, екіншісi - ұйымның құжаттама қызметінде (лауазымды тұлғада) қалады, үшіншісi - құжатты орындаушыға тапсырылады. Құжатты жөнелтушiнiң мекен-жайын, жөнелтiлген және алынған уақытын конверттер арқылы ғана анықтауға болатын жағдайда, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттар келiп түскенде конверттер жойылмай сақталады. "Жеке өзіне" белгісімен жолданған конверттер ашылмастан адресте көрсетілген иесіне табыс етіледі. Жаңылысып түскен хат-хабарлар пошта бөліміне қайтарылады. Алынған құжаттарға келiп түскен уақыты көрсетiлiп тіркеу мөртабаны қойылады.

60. Құжаттама қызметi (лауазымды тұлға) кiрiс құжаттарын тарату үшiн алдын-ала қарап шығады.
Құжаттарды алдын-ала қараудың алғашқы кезеңiнде оларды тiркеуге алынатын және тiркеуге алынбайтын құжаттар ретiнде iрiктейдi. Тiркеуге алынбайтын құжаттар тiзбесiн Үлгi тiзбеге (9-қосымша) сәйкес ұйым әзiрлейдi.

61. Тiркеуге алынбайтын құжаттар ұйымның тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырылады.
62. Тiркеуге алынатын құжаттар келiп түскен күнi ұйым басшысының, құрылымдық бөлiмшенiң (лауазымды тұлғаның) қарауына берiледi. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатынан, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісiнен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан, жоғары тұрған мемлекеттік органдардан түскен құжаттар, азаматтардың өтініштері міндетті түрде ұйым басшысының қарауына беріледі.

63. Ұйым басшысы қараған құжаттар құжаттама қызметiне (лауазымды тұлғаға) қайтарылады, ондағы бұрыштаманың мазмұны тiркеу-есепке алу нысанына енгiзiледi және орындауға тапсырылады. Орындалуы бiрнеше құрылымдық бөлiмшелерге жүктелген құжат оларға кезекпен берiледi немесе бiр уақытта көшiрмелерi тапсырылады. Түпнұсқа бұрыштамада бiрiншi тұрған орындаушыға берiледi.

64. Тiкелей құрылымдық бөлiмшеге немесе лауазымды тұлғаға келiп түскен құжат құжаттама қызметiне тiркеуге берiледi.
65. Ұйымға келiп түскен электрондық құжат электрондық цифрлық қолтаңбаның, пакет референсiнiң (нақты ұйымнан келетiн кезектi кiрiс құжатына немесе нақты ұйымнан шығатын кезектi құжатқа автоматты түрде берiлетiн бiрыңғай реттiк нөмiрдiң) сәйкестiгiн және компьютерлік вирустардың бар-жоғын тексеруден кейiн электрондық деректер нысанының тиiстi жиектерi толтырылып автоматтандырылған ақпараттық жүйеде тiркеуге алынады.

Amp;3. Шығыс құжаттарын дайындау және өңдеу тәртібі

66. Шығыс құжаттарын дайындау жобаны әзiрлеуден, оны келiсу мен оған қол қоюдан (бекiтуден) тұрады.
67. Дайындалған құжат құжаттама қызметiне (лауазымды тұлғаға) тiркеуге алуға және өңдеуге берiледi. Тiркеуге алғанға дейiн құжаттама қызметiнiң (лауазымды тұлға) қызметкерi құжаттың ресiмделуi мен бағытталуының дұрыстығын, құжаттағы көрсетiлген қосымшалардың бар-жоғын, қажет болған жағдайда - ұйымға құжаттың қайтарылуы туралы белгiлердi де тексередi. Тiркеуге алынған құжат өңдеуге берiледi. Өңдеу iсi iрiктеуден, бағыттаудан, конвертке салудан және поштамен жөнелтудi ресiмдеуден тұрады. Тапсырысты хат-хабарларға тарату тiзiмдемесi (тiзiлiмi) жасалады. Бiр мезгiлде бiр адреске жөнелтiлетiн құжаттар бiр конвертке салынады.
68. Ұйымнан шығатын электрондық құжат және оның алынғаны туралы хабарлама электрондық деректер нысанының тиiстi жиектерi толтырылып автоматтандырылған ақпараттық жүйеде тiркеуге алынады.

Наши рекомендации