Андай табыстар жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды?

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұн­дай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

4) қызметтік, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:

Салық кодексінің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;

Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюд­жет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаң­тарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюд­жет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаң­тарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегi өтемақылар;

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңна­масында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегi өтемақылар;

7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

8) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;

9) мұндай жұмыстың әрбiр тәулiгi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің далалық үлесі;

10) жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың өндіріс объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген тәуліктік өтемақы шегінде тұрғын үй жалдау бойынша және тамақтануға арналған шығыстары;

11) қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құны;

13) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы;

15) төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшін өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшін есебіне жазылған өсімпұл сомалары;

18) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

19) мемлекеттік тіркеуге жататын және меншiк құқығында бiр жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі;

20) меншік құқығын тіркеу күнiнен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезіндегі құн өсімі;

21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын, Салық Кодексінің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;

22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, Салық Кодексінің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;

24) жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;

25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;

26) жеке тұлғаға өтеусіз негізде жарнама түрінде берілген мүліктің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай мүлiктi беру күнi қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде құны.

27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша Салық Кодексінің 102-бабына сәйкес жүргiзiлген өкiлдiк шығыстар.

28) заңды тұлғалардан және дара кәсiпкерлерден алынған, оның iшiнде қызметкердiң өз жұмыс берушiсiнен алған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда.

Наши рекомендации