Конституция және конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
Конституциялық құқық Қ.Р- сы құқық жүйесі салаларының бір түрі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесінен тұрады. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға мемлекет пен қоғам құрылымының негізі және мемлекеттік биліктің жүзеге асуы жатады. Ал бұл конституциялық қатынастардың аясын кең түрде қарастырар болсақ ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салалары яғни саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларын қамтиды. Ал осы аталған салаларды конституциялық құқықтық нормалар жан-жақты реттемейді тек осы аталған салалардың базалық қабаттарын ғана жасауға көмектеседі. Сондай- ақ конституциялық құқықтық қатынастарды реттеу: міндеттеу, тыйым салу, рұқсат ету және тану әдістері арқылы жүзеге асады. Конституциялық құқықтық нормалардың негізгі бастауы бұл- Конституция. Конституцияның негізінде конституциялық құқық өзінің теориялық ережелерін қалыптастырады. Конституциямен бірге, конституциялық заңдар , жай заңдар, президенттің нормативтік жарлықтары , үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері жинақтала келіп заңдылықты құрайтын қайнар көздерге жатады. Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Және бұл нормалар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалар реттеушілік және қорғаушылық қызмет атқарады.Реттеушілік нормалар құқықтық қатынас мүшелеріне субьективтік құқық беріп және оларға заңдық міндет жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын қалыптастырады. Мұндай негіз, конституцияның адам және азамат деген бөлімінде бекітіліп көрсетілген.Ал құқық қорғаушылық нормалар субьектілер тәртібін бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының белгілеу жолымен реттейтін конституциялық- құқықтық нормалар жатады.Конституциялық құқық қорғау нормалары конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Сондай- ақ мұндай құқық қорғау нормаларына президенттің импичменті туралы, үкіметке оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.Конституциялық құқықтық нормаларды түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші деп үш түрге бөлудің мәні бар. Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар арқылы конституциялық құқық ,субьектілерге (қоғамдық бірлестікке, мемлекеттік органға, азаматтарға) жағымда бір әрекет жасауға құқық береді.Мұндай нормалар бойынша азаматтар саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормаларға ие болады. Құқық беруші нормаларға Қазақстан Республикасы президенті, парламенті, үкіметі, конституциялық кеңесінің өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.Ал тиым салатын конституциялық құқықтық нормалар азаматтардың белгілі бір әрекеттерге жауапкершілігін белгілейді. Мысалы . Саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, ұлт-аралық жосықсыз бәсекегет.б. мәселелерге тыйым салынады.Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір әрекеттерді жасауға жауапкершілігін белгілейді. Мысалы азаматтардың өз әскери борышын, отанын қорғауға міндеттеу, сондай- ақ парламент палаталары төрәғаларына бірқатар жауапкершіліктер жүктеледі. Сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалардың басқа құқық салаларының нормаларының өзіндік ерекшелігі:
Біріншіден конституциялық құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Яғни, адам мен азаматтың құқықтық мәртебесін бекітуге, конституциялық құрылыс негіздерін нығайтуға, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттейді.
Екіншіден бұл конституциялық құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Ол дегеніміз басқа құқықтық нормалар конституцияға қарсы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер конституция негізінде Конституциялық нормаларды қорғау құқығы Конституциялық кеңеске және прокуратураға берілген. Үшіншіден, материалдық іс жүргізуші конституциялық нормалар. Бұл нормалардың басқа азаматтық, қылмыстық және т. б.іс- жүргізу құқық салаларынан өзгешелігі конституциялық нормаларды жүзеге асырудың біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ. Бірақ бұл мәселені конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ деп түсінбеу керек.
Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастардағы әрбір мемлекеттік органдардың өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Мысалы. Парламенттік заңдар, қабылдаудың өзіндік тәртібі, парламент депутаттары сайлауын өткізу тәртібі, референдум өткізу тәртібі, президент импичменті және басқалары конституциялық нормалармен белгіленеді.Конституция деген (термин) ұғым латынның (соnstututio- жарлық, жарғы деген сөзінен шыққан. Қазақстан республикасының қазіргі қолданып жүрген ата заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкіл халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған 30 тамыз конституция күні деп жарияланды. Бұл күнді біз жылда дәстүрлі түрде конституция күні ретінде атап өтеміз. Бұл конституция 9 бөлімінен, 98 баптан тұрады.