Салықтардың қағидалары мен түрлері

Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты;

2. «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.

Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

a) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);

b) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);

c) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);

d) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).

Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды және төмендегідей болып жүйеленді:

1. Салық салудың міндеттілік қағидасы – салық төлеуші салықтық міндеттерді толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті дегенді білдіреді.

2. Салық салудағы әділеттілік қағидалары 2 жақты қарастырылады:

a) «көлденең тепе – теңдікке» жету, салық төлеушілердің барлық шығындарының, олар қалай табылатындығына және жұмсалатындығына байланыссыз, біркелкі тең жағдайларда салықтануын талап етеді;

b) заң алдында табыстарының әр түрлі деңгейі бар салық төлеушілердің міндеттері бойынша «тура тепе – теңдікті сақтау».

3. Салық салудың айқындылық қағидасы.

Салық салудың айқындылығы салықтық заңдағы барлық негіздерді және салық төлеушінің салықтық міндеттерінің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Салықтардың айқындылығы – елдің барлық аумағына қолданылатын барлық шаруашылық субъектілері үшін алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың теңдігі.

4. Салықтық жүйе бірлігі қағидасы – Қазақстан Республикасының салық жүйесі барлық салық төлеушілерге қатысты Қазақстан Республикасының барлық аумағына бірдей болып табылады.

5. Жариялылық қағидасы салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік – құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жарық көруі тиіс.

1. Салықтар салық салу объектісіне қарай тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:

- Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;

- Мүлік салығы;

- Жер салығы;

- Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

- Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;

- Көлік құралдарына салынатын салық;

- Әлеуметтік салық;

- Жанама салықтарға салықтар жатады:

- Қосылған құн салығы;

- Акциздер;

- Баж салығы;

Яғни бұлар тікелей, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.

Жанама салықты сатушы емес, сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.

2. Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар:

1) Жалпы

2) Арнайы болып бөлінеді.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң ешқандай дербессіз жалпы мақсатқа жұмсалады. Бұған жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер және т.б.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұлар жол қорын құруға жұмсалады.

3. Салықты алатын және оған иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар 2 бөлінеді:

1) Жалпы мемлекеттік

2) Жергілікті.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

- Заңды және жеке тұлғалардың алынатын табыс салығы;

- Қосылған құн салығы;

- Акциздер;

- Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

- Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;

- Жергілікті салықтар мен алымдар;

- Жер салығы;

- Көлік құралдарына салынатын салық;

- Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;

- Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;

- Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқы үшін алынатын алым;

- Аукционда сатудан алынатын алым;

Табысқа салынатын салықтар салық төлемінің кез келген салық салатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мыналар жатады: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы мүлік салығы, т.б.

Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынынан төлейді. Бұдан қосылған құн салығы мен акциздер жатады.

4. Салық салу объектісіне бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес салықтар болып бөлінеді.

Нақты салықтар — салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады. Бұған жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салықтар жатады.

Дербес салықтар - салық төлеушінің салық төлейтін объектісіне салынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы жатады.

Наши рекомендации