Аукцион, тендер, акционерлеу

Экономика база

БЛОК

1.«Саяси экономия» терминінің пайда болуы кімнің есімімен байланысты

А.Монкретьен

2Меркантилистер мектебінің өкілін атап көрсетіңіздер:

А.Монкретьен

3.Физиократтар бағытының негізін қалаған кім?

Ф.Кенэ

4.Классикалық саяси экономия мектебінің ең көрнекті өкілі кім?

А.Смит

5.Жалдамалы еңбекті қанау теориясының авторы кім?

К.Маркс

6."Экономикс" терминін ең алғаш айналысқа енгізген кім?

Альфред Маршалл

7.Экономикалық ғылымда макроэкономикалық талдау бағытының негізін қалаған кім?

Д.Кейнс

8.Маржиналистер мектебінің өкілін атап көрсетіңіздер:

А.Маршалл

9.«Ойкономиа» термині нені білдіреді:

Үй шаруашылылығын белгілі бір тәртіпке сай жүргізуді

10.Институционалды теория бағытының өкілін атап көрсетіңіз:

Т. Веблен

БЛОК

11.Саяси экономия пәні болып не табылады?

Өндірістік қатынастар

12.Келесі жағдайлардың қайсысы «Экономикс» пәніне қатысы жоқ

Шектеусіз өндірістік ресурстар

13.Егер де экономика тұтас жүйе ретінде зерттелсе, онда талдау:

Макроэкономикалық

14.Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысын микроэкономика зерттейді:

Жеке қызмет етуші субъектілердің іс-әрекетін

15.Ойдың жекеден жалпыға қарай бағытталуы, бұл қай әдістің мәнін ашады?

Индукция

16.Ойдың жалпыдан жекеге қарай бағытталуы, бұл қай әдістің мәнін ашады?

Дедукция

17.Позитивті экономика нені зерттейді:

«Не бар» екенін

18.Нормативті экономика нені оқытады:

«Не болу керек» екенін

19.Зерттелетін объектіні жеке-жеке бөліктерге бөліп, оның әрқайсысын бөлек зерттейтін әдісті көрсетіңіз:

Анализ

20.Жеке-жеке зерттелінген құрамдас бөліктерді біріктіретін экономикалық теория әдісін атаңыз:

Синтез

БЛОК

21.Экономикалық заңдар дегеніміз не?

Өндірістік қатынастардағы мәнді, ішкі, тұрақты себеп-салдарлық байланыстар

22.Алдын-ала қалыптастырылған, бірақ та практикада тексерілмеген экономикалық ғылым принциптері қалай аталады?

Гипотеза

23.Экономикалық категориялар дегеніміз:

Өндірістік қатынастардың ең мәнді жақтарын сипаттайтын абстракциялық ұғымдар

24.Экономикалық ғылым әдісі түсінігі нені білдіреді:

Танымдық құралдар жиынтығын қолданудың тиімді тәсілдері

25.Экономикалық теория әдістеріне жатпайды:

Ықтималдықтар теориясы

26.Жекелеген экономикалық субъектілер экономикасы ненің пәні болып табылады

Микроэкономика

27.Экономикалық теория пәнінің атқаратын қызметіне жатпайды:

Делдалдық

28.Макроэкономика келесілердің қайсысын оқытпайды:

Фирма пайдасын асыру

29.Зерттелінетін құбылыстың ең мәнді, елеулі жақтарына аса көңіл бөліп, басқа тұрақсыз, қажетсіз жақтарын қарастырмайтын экономикалық теория әдісін атап көрсетіңіз:

Ғылыми абстрация

30.Экономикалық теория пәнін ғылыми тұрғыдан танып білудің негізгі жалпыға бірдей принциптері, әдістері мен формалары туралы ілім дегеніміз:

Экономикалық теория әдістемесі

БЛОК

31.Өндіргіш күштер – бұл:

Жұмыс күші мен өндіріс құралдарының жиынтығы

32.Жай тауарлық шаруашылық сипаттамасына не жатпайды:

Қауымдық меншік

33.Еңбек күші дегеніміз – бұл:

Адамның экономикалық игіліктер өндіруіне деген қабілеттігі

34.Қоғамдық еңбек бөлінісі – бұл:

Әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып табиғи және техникалық еңбек бөліністерінің жиынтығы

35.Дамыған (капиталистік) тауарлық шаруашылыққа не жатпайды:

Өндірушінің жеке еңбегі

36.Еңбек заты – бұл:

Адам еңбегі бағытталған заттар

37.Жұмыс күші деп танылады:

Адамның еңбек етуге деген қабілеттілігі

38.Табиғи еңбек бөлінісі қалай жүргізілді

Жас-жыныстық белгі бойынша

39.Жай (қарапайым) еңбек кооперациясы дегеніміз не:

Көптеген адамдардың бірыңғай өндірістік операцияларды орындау

40.Тауарлы шаруашылықтың пайда болу себептерін көрсетіңіз:

Ж)Жеке меншік пен қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы

БЛОК

41.Натуралды шаруашылық сипатына не жатпайды?

Еңбек бөлінісі мен мамандану

42.Натуралды шаруашылыққа не тән:

Жекелеген шаруашылық бірлігі шегіндегі өндіріс пен тұтыну арасындағы тікелей байланыс

43.Өндірістік қатынастар дегеніміз не?

Өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерінде адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар

44Тауарлық өндірісте еңбек өнімі қоғам жағынан қай кезеңде танылады:

Айырбас сферасында

45.Өндіріс - бұл:

Өнімдерді дайындау тәсілі

46.Техникалық еңбек бөлінісі немен байланысты

Өндірісте қолданылатын еңбек құралының сипатымен

47.Еңбек өнімділігі – бұл:

Белгілі бір уақыт бірлігінде шығарылған өнім көлемі

48.Ұлғаймалы ұдайы өндіріс болып не табылады:

Өндіріс процесінің кеңейтілген масштабта қайталануы

49.Бір бірінің орнын басатын игіліктерді қалай атайды:

Субституттар

50.Экономикалық тиімділік нені білдіреді:

Ресурстардың жұмыспен толық қамтылғанын

БЛОК

51.Ұдайы өндірістің экстенсивті типін не сипаттайды:

Жеткілікті техникалық негізде қосымша еңбек, табиғи ресурстарын және өндіріс құралдарын қамту

52.Ұдайы өндірістің экстенсивті типінің көзі болып не табылады:

Жұмыс күші санын арттыру

53.Сапалық жақтарын сақтай отырып өндіріс факторларының сандық жағынан арттыру – бұл:

Ұдайы өндірістің экстенсивті типі

54.Тауар – бұл:

Сату мен айырбасқа арналған еңбек өнімі

55.Айырбастық құн – бұл:

Тауардың белгілі бір сандық мөлшерде тауардың басқа тауармен айырбасқа түсу

56.Тауар құны қайда анықталады?

Сату мен сатып алуда

57.Қоғамдық өндіріс қандай кезеңдерден тұрады:

Өндіру,бөлу, айырбастау, тұтыну

58.Экономикалық өсім қандай қоғамдық өндіріс формасына тән:

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс

59.Тауардың тұтынушылық құны дегеніміз:

Тауардың адам қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қабілеттілігі

60.Диверсификация қандай жолдармен жүзеге асырылады:

Нарықтық және өндірістік

БЛОК

61.Барлық материалдық қажеттіліктердің ортақ қасиеті не?

Шектеусіздік

62.Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығы ішінде жатқан нүкте нені көрсетеді?

Ресурстардың толық қамтылмағанын

63.Экономикалық ресурстардың барлығы қандай сипатта болады?

Шектеулі

64.Өндіріс мүмкіндіктері қисық сызығынан тыс жатқан нүкте нені көрсетеді?

Бүгінгі күнде қол жетпейтін экономика дамуының вариантын

65.Экономикалық өсу жағдайында өндіріс мүмкіндіктері қисық сызығы

Оңға қарай жылжиды

66.Тиімділік белгісі болып табылмайды:

Ресурстардың толық қамтылмағаны

67.Экономикада таңдау проблемасы немен байланысты:

Қажеттіліктер шексіздігімен де, ресурстардың тапшылығымен де

68.Жаңа стадионның альтернативті шығындары – бұл:

Осы стадионды салу үшін бас тартқан басқа тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасы

69.Қоғамдағы барлық табиғи ресурстар қай экономикалық ресурс құрамына кіреді:

Жер

70.Университеттегі студент оқуының альтернативті шығындарына не жатады:

Студенттің жұмыс істегенде алатын максималды жалақысы

БЛОК

71.Экономикалық ресурстарға не жатпайды:

Ақша

72.Өндіріс мүмкіндіктерінің шекарасы оңға қарай жылжиды, егер де:

Өндіріс технологиясы жетілдірілсе

73.Өндіріс мүмкіндіктері қисық сызығы нені көрсетеді:

Ресурстардың берілген сандағы тауарлардың альтернативті құрамын

74.Өндіріс мүмкіндіктері қисығында бір өнім өндірісінің көлемін ұлғайту:

Басқа өнім түрі өндірісінің азаюымен байланысты

75.Негізгі өндіріс факторларына жатады:

Еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілеттілік

76.Қолда бар барлық ресурстарды қолдана отырып экономикада өндіріліп шығарылуы мүмкін екі тауар өндірісінің әр түрлі варианттарын көрсететін қисық:

Өндіріс мүмкіндіктер қисығы

77.Студент университетте оқиды және 4000 теңге стипендия алады. Ол оқуды тастаған жағдайда сауда агенті болып жұмыс істеп, 10000 теңге шамасында жалақы алар еді. Осы студент үшін оның университеттегі оқуының балама (альтернативті) шығындарын анықтаңыздар:

Тенге

78.Экономикалық жүйенің тиімді қызмет атқаруын өндіріс мүмкіндіктері қисық сызығының қай бөлігі көрсететді

Осы қисық бойында жатқан кез келген нүкте

79.Өндіріс мүмкіндіктері қисығын тұрғызу үшін қажетті шарттарға келесілердің қайсысы жатпайды:

Ресурстар толығымен қамтылмаған

80.Экономика екі тауар өндіреді: аяқ-киім және тағам. Егер де тағамды өндіру технологиясы жетілдіріліп, аяқ-киім өндірісінің технологиясы сол деңгейде қалғанда, өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы қалай өзгереді:

Тағам өндірісі көлімінің ұлғайғанын және де аяқ-киім өндіріс көлемінің сол қалпында сипаттайтын жағдайды көрсетеді

БЛОК

81.Экономикалық мәселелердің мазмұны қандай?

Не өндіру қажет? Қалай өндіру қажет? Кім үшін өндіру қажет?

82.Дәстүрлі экономикалық жүйеде негізгі экономикалық мәселелерді шешу қалай жүзеге асады:

Дәстүрлермен және салттармен

83.Дәстүрлі экономика белгісіне не жатпайды:

Тауарлы шаруашылық

84.Әкімшілік-әміршілік экономикада негізгі экономикалық мәселелер қалай шешіледі:

Экономикалық орталықпен

85.Егер де экономикалық мәселелер жартылай нарықтық механизмдер көмегімен, жартылай мемлекетпен шешілсе, онда экономика:

Аралас

86.Не өндіру қажет? Қалай өндіру қажет? Кім үшін өндіру қажет? проблемалары қай экономикаға қатысты болуы мүмкін:

Кез келген экономикалық жүйеге

87.Қалай өндіру қажет? проблемасы нарықтық экономикада қалай шешіледі:

Өндірушілердің пайда алуға деген тырысуынан, соның салдарынан өндіріс шығындарын

88.Барлық экономикалық жүйелерге тән фундаменталды проблема – бұл:

Сиректілік

89.Өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен қолдануға деген адамдардың ынта-ықыласын не деп атайды:

Материалдық қажеттіліктер

90.Капитал экономикалық ресурс ретінде нені қамтиды:

Өндіріс құрал-жабдықтарын

БЛОК

91.Нарықтық экономика жүйе ретінде қалай сипатталынады:

Жеке меншікке, таңдау бостандығына, бәсекеге негізделген жүйе

92.Егер де экономикалық билік орталықтандырылып және негізгі экономикалық субъект ретінде мемлекет болып табылса, онда экономика:

Әкімшілік-әміршілік

93.Табиғи ресурстарды бірінші ретті өңдеумен байланысты ең тұрпайы технология және қолмен жұмыс істеу күшінің басым болып келуі қай экономикалық жүйеге тән:

Дәстүрлі

94.Не экономикалық жүйе элементіне жатпайды?

Экономикалық тиімділік

95.Экономикалық жүйелер қандай критерийлермен шектеледі:

Меншік формасы және басқару жүйесі

96.Дәстүрлі экономиканың белгісіне жатпайды:

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс

97.Экономикалық жүйе үшін негізгі тапсырма қайсысы:

Жеке экономикалық субъектілердің әрекетін үйлестіру

98.«Экономикалық жүйе» түсінігінің дұрыс анықтамасы:

Өзара байланысты, белгілі бір біртұтастықты құрайтын элементтердің жиынтығы

99.Әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйеге қандай белгі тән

Директивалық жоспарлау

100.Табыстың ең жоғарғы деңгейде қайта бөлінуі аралас экономикалық жүйенің қай моделіне тән:

Швеция

БЛОК

101.Меншік экономикалық категория ретінде – бұл:

Адамдар арасындағы затты иемденуге қатысты қатынастар

102.Меншік заңдық категория ретінде нені қарастырмайды:

Оқшауландыру қатынастарын

103.Қоғамдық меншік типіне сай келмейді:

Жеке тұлға мүддесінің басымдылығымен

104.Жеке меншік типі сипаттамасына не жатпайды:

Еңбектік сипатта болуы

105.Мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін қалай атайды:

Жекешелендіру

106.ҚР жаппай жекешелендіру стратегиясы қай кезеңге тән:

Жекешелендірудің 2 кезеңіне

107.ҚР экономикалық жүйені ауыстыру және аралас экономикаға өту мақсаты қай кезеңде шешілді:

Жекешелендірудің 3 кезеңінде

108.Жекешелендіру әдістерін атап көрсетіңіздер:

Аукцион, тендер, акционерлеу

109.Оқшауландыру қатынастары нені білдіреді:

Қандай да бір объектіні өз меншігіне айналдыру мүмкіндігінің жоқ екендігін

110.Ауа кеңістігі қай меншік типіне жатқызылады:

Қоғамдық

БЛОК

111.Төмендегілердің қайсысы меншік объектісіне жатпайды:

Адамдар топтары

112.Меншік субъектісі болып табылмайды:

Жұмыс күші

113.ҚР жекешелендіру мақсаты болып не табылмайды:

Тұрғындар табысының дифференциациясы

114.«Иемдену» қатынасын қалай сипаттауға болады:

Қандай да бір объектіні белгілі субъектінің меншігіне айналдыру мүмкіндігі

115.Меншіктің экономикалық мазмұнын ашатын категориялар жұбы:

Иемдену-оқшаулау

116.Иемдену құқығын қалай сипаттауға болады

Игілікке физикалық бақылау жасау құқығы

117.ҚР Ата Заңында келесі меншік формалары белгіленген:

Жеке және мемлекеттік

118.«Меншік құқығының спецификасы» деген не:

Меншік субъектісін, объектісін, құқықтарын анықтау

119.Жекешелендіру принциптерін көрсетіңіз:

Еріктілік және сатылай дәйекті

120.Төмендегілердің арасынан меншік объектісін табыңыз:

Жер

БЛОК

121.Нарық дегеніміз– бұл:

Өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы тауарды сату және сатып алу бойынша қалыптасатын қатынастар

122.Нарықтық экономикада ең басты фигура болып кім табылады:

Тұтынушы

123.Нарық шарттарына не жатпайды:

Бір экономикалық орталықтың бар болуы

124.Нарықтың қате классификациясын табыңыз:

Бәсекелік шектеуге байланысты: шикізат нарығы

125.Нарықтық шаруашылықтың негізгі субъектілері:

Үй шаруашылығы, фирма және мемлекет

126.Нарықтық инфрақұрылым:

Тауар өндірушілердің тиімді жұмысына жағдай жасайтын әр түрлі ұйымдар мен қызметтер жүйесі

127.Нарықтық инфрақұрылым элементі:

Тауар, қор биржалары, еңбек биржасы, сауда үйлері

128.Нарық инфрақұрылымының тиімді қызметі критерийі:

Өндіріс шығындарын төмендетіп, тауар түріндегі өнімдер мен қызметтерді тұтынушыға

129.Өндіріс пен тұтынудың негізгі пропорцияларын анықтау нарықтың қай қызметіне жатады:

Реттеуші

130.Ресурстар нарығында сатушы ретінде кім қарастырылады:

Үй шаруашылығы

БЛОК

131.Нарықтық экономикада тауар өндірушілер арасындағы байланыстың негізгі формасы:

Контрактілер жүйесі

132.Нарықтың пайда болып, жұмыс жасауына қай шарт кедергі болады

Өндіріс пен бөлуді қатаң бақылау жүйесі

133.Нарықтың пайда болуының шарттары?

Қоғамдық еңбек бөлінісі және шаруашылық субъектілерінің оқшаулануы

134.Нарықтың атқаратын қызметіне жатпайды:

Айналым құралы

135.Келесі сипаттамалардың қайсысы нарықтық экономикаға сай келмейді:

Орталықтандырылған жоспарлау

136.Экономикалық игіліктерді сатушылар мен сатып алушылардың өзара байланысының механизмін не деп атайды:

Нарық

137.Экономиканы бәсекеге қабілетсіз тауар өндірушілерден тазарту нарықтың қай қызметі:

Сауықтандыру

138.Объект бойынша нарық құрылымына жатпайды:

Сатушылар нарығы

139.Нарықтың тауар өндірушілерді өндіріс шығындарын азайтуға итермелейтін қызметін атап көрсетіңіз:

Ынталандырушы

140.Нарықтың артықшылықтарына нені жатқызуға болады:

Шектеулі ресурстардың тиімді қолданылуын

БЛОК

141.Экономикалық сұраныс:

Тұтынушының қаражаты және қалауы бар тауарлар саны

142.Сұраныс заңы:

Сұраныс көлемі мен баға арасындағы кері байланыс

143.Сұраныс көлемінің кемуі ненің әсерінен болуы мүмкін:

Бағаның өсуінен

144.Сұраныс заңы бойынша:

Тауар бағасы төмендесе жоспарлы сатып алу өседі

145.Басқа факторлар өзгермегенде, қалам бағасының төмендеуі неге әкеледі:

Қаламға сұраныстың өсуіне

146.Жаңа компьютер бағасының өсуі тұтынылған компьютерге деген сұранысты:

Оңға орын ауыстырады

147.Өндіріске қажетті материалдар бағасының жоғарлауы:

Ұсыныс графигін солға (жоғары) жылжытады

148.Ұсыныс заңы:

Баға мен сатылатын тауар саны арасындағы тура байланыс

149.Тауар бағасы 100 теңге болғанда, тұтыну көлемі 50 кг, ал сату көлемі 20 кг, ал тауар бағасы 125 теңге болғанда, тұтыну көлемі 30 кг, сату көлемі 30 кг, тауар бағасы 150 теңгеге тең болғанда тұтыну көлемі 10 кг, ал сату көлемі 45 кг құрады. Тепе-теңдік баға мен көлемді анықтаңыздар:

125, 30

150.Тұтынушы талғамының өзгерісі сұраныс қисығына қалай әсерін игізеді:

Сұраныс қисығының орнын ауыстырады

БЛОК

151.Ұсыныс графигі:

Сатушылар ұсынатын әр түрлі бағадағы тауар санын көрсетеді

152.Әр тұтынушының нақты тауарға жеке сұраныстарының сомасы:

Нарықтық сұраныс

153.Сұраныс графигі нені бейнелейді:

Баға мен сұраныс көлемі арасындағы кері байланысты

154.Ұсыныс графигі нені бейнелейді:

Баға мен ұсыныс көлемі арасындағы тура байланысты

155.Өнім бағасының өсуі:

Сұраныс көлемінің қысқаруына әкеледі

156.«Dilmah», «Lipton» шайларын қарастырайық. «Lipton» бағасы өсті. «Dilmah» шайына деген сұраныс қалай өзгереді:

«Dilmah» шайына деген сұраныс өседі

157.Мемлекет шығарылатын тауарларға қосымша салық енгізді. Ұсыныс графигі қалай өзгереді:

Ұсыныс қисығы солға орын ауыстырады

158.Сұраныс қисығының орнын ауыстыратын факторлар:

Бағалық емес

159.Сұраныс көлемі мен тауар бағасы арасында қандай байланыс бар:

Кері

160.Егер де ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен үлкен болса, онда нарықта не пайда болады:

Артықшылық

БЛОК

161.Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі:

Тепе-теңдік баға мен сауда көлемін

162.Егер сұраныс ұсыныстан үлкен болса: Тапшылық

163.Баға 500 теңге болғанда сұраныс көлемі 300, ұсыныс көлемі 150, баға 1000 теңге болғанда сұраныс көлемі 220, ұсыныс көлемі 220, баға 1200 болғанда сұраныс көлемі 180 бірлік, ұсыныс көлемі 220 бірлік.Тепе-теңдік баға мен сауда көлемін анықтаңыз.

P=1000; Q=220

164.Сұраныс қисығы D=a-bP. Баға нөлге тең болғанда сұраныс көлемі:

Q=a

165.Сұраныс функциясы D=10-2p, ұсыныс функциясы S=4+p, мұндағы p-тауар бағасы. Тепе-тендік баға: 2

166.Сұраныс функциясы Qd=10-2p, ұсыныс Qs=4+p, мұндағы p-тауар бағасы. Мемлекет бір бірлік үшін 4 тг. баға белгілесе, нарықта:

Артықшылық=6

167.S=a+bP ұсыныс теңдеуі,баға нөлге тең болса ұсыныс көлемі қанша: Q=a

168.Тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың бірдей пропорцияда өсуі:

Тауар санын өсіреді

169.Мемлекет тауар өндірушіге салынатын салық шамасын арттырған кезде, нарықтық тепе-теңдік қалай өзгереді:

Тепе-теңдік баға өсіп, тепе-теңдік көлем кемиді

170.Тауар бағасының жоғарылауы не төмендеуі сұранысқа қалай әсерін тигізеді:

Сұраныс қисығының бойындағы өзгерістерге әкеледі

БЛОК

171.Облыста кеңсе жиһаздарына деген сұраныс функциясы Q = 5100 - 2P түрде анықталынып, ал ұсыныс Q = 300 + 2P түрінде берілген жағдайда, мұндағы Р – жиһаз бағасы, Q – оның көлемі. Тепе-теңдік сұраныс пен ұсынысты анықтаңыздар:

172.Егер де сұраныс қисығы Q=400-P, ал ұсыныс қисығы Q=100+2P теңдеулерімен сипатталынса, тепе-теңдік баға мен көлемді анықтаңыздар

100, 300

173.Егер де нанға деген ұсыныс келесі түрде берілсе Qs = 200+3Р, ал сұраныс қисығы горизонталь түрінде Qd = 320 болғанда, нанның тепе-теңдік бағасы:

174.Сұраныс қисығы Qd=200-0,5P теңдеуімен сипатталынып, ал ұсыныс қисығы Qs=-50+2P теңдеуімен берілді дейік. Онда тепе-теңдік баға мен көлем қаншаға тең болады:

100,150

175.Сұраныс және ұсыныс функциялары берілген Qd = 50 - 2Р, Qs = 20 + Р, мұнда Р – тауар бағасы. Тепе-теңдік көлем нешеге тең

176.Тауарлар мен қызметтер нарығы тепе – теңдікте болады, егер:

Сұраныс ұсынысқа тең болса

177.Егер тауар сұранысы мен ұсынысы бір уақытта өссе:

Тепе – теңдік көлем өседі

178.Тауарға деген сұраныс пен ұсыныс бір уақытта кемісе:

Тепе – теңдік көлемі кемиді

179.Тауар сапасын анықтауда қандай икемділік коэффициенті қолданылады:

Сұраныстың табыс бойынша икемділік

180.Егер де сұраныс қисығы көлденең болатын болса, онда сұраныс:

Абсолютті икемді

БЛОК

181.Баға бойынша сұраныс икемсіз, егер ол:

1 ден кіші, нөлден үлкен болса

182.Игілікке сұраныс икемді, егер баға бойынша сұраныс икемділігінің коэффиценті:

Ed > 1

183.Бірін бірі алмастыратын, толықтыратын тауарлар сұранысы талданса қандай икемділік коэффиценті болады:

Баға бойынша сұраныстың қиылысқан икемділік коэффиценті

184.Кір жуатын порошок 3 % арзандаса сұраныс көлемі 12 % баға бойынша сұраныс икемділік коэффиценті:

185.Бағаның 2 есе арзандауы сұраныс көлемін 2 есе өсірді. Икемділік қанша:

Еd=1

186.Баға бойынша сұраныс икемділігі тең:

Сұраныс көлемінің % өзгерісінің бағаның % өзгерісіне қатынасы

187.Баға 100 тг болғанда сұраныс 50 кг, баға 50 тг болғанда -сұраныс 200 кг. Баға байынша доғал икемділікті есептеңіз:

-9/5

188.Баға 1% өзгергенде сұраныс көлемі қалай өзгереді, қандай көрсеткіш қажет:

Икемділік коэффиценті

189.Егер де тауар сапалы болса, табыс бойынша икемділік коэффициентінің мәні:

Оң

190.Егер де қиылысқан икемділік коэффициентінің мәні оң болса, онда талданып отырған тауарлар:

Субституттар

БЛОК

191.Бірінші қажеттегі тауарларға сұраныс:

A) Икемсіз

192.Бензин бағасының 4% кемуі бензинге сұранысты 16% өсірді. Кіріс бойынша сұраныстың икемділік коэффицентін анықтап,сұраныс икемділігі туралы қорытынды жасаңыз:

-4, сұраныс икемді

193.Сұраныс абсолютті икемді болса:

Сұраныс қисығы көлденең

194.Баға 3%ке кемісе, сұраныс 3%ке өсті.Сұраныс икемділігі туралы не айтуға болады:

Бірлік икемділік

195.Баға 5%ке кемісе, ұсыныс көлемі 8%ке кемиді.Ұсыныс:

Икемді

196.Кез-келген тауар біркелкі бағамен сатылса, сол тауарға деген сұраныс:

Абсолютті икемді

197.Тауар өндіруші бағаны 10% ке кемітті, нәтижесінде сауда көлемі 4% ке өсті. Бұл тауарға деген сұраныс:

Икемсіз

198.Тауарлар бірін-бірі толықтырса, қиылысқан икемділік:

0-ден кіші

199.Тауар бағасы 200 теңге болғанда, ұсыныс көлемі 1500 дананы құрады, тауар бағасы 250 теңгеге өскенде ұсыныс көлемі 1600 дананы құрады. Ұсыныстың бағалық икемділік коэффициентін есептеп, икемділік типін анықтаңыздар:

0,26; икемсіз

200.Белгілі тауар көлемі әр түрлі бағамен сатылса, сұраныс қандай:

Абсолютті икемсіз

БЛОК

201.Жетілген бәсекелі фирма өніміне деген сұраныс графигінің формасы

Горизонталь

202.Жетілген бәсекелі нарықтағы пайданы максимизациялау шарты (Р-баға, MR-шекті табыс, MC-шекті шығын):

P=MR=MC

203.Жетілген бәсекелі нарықтағы фирма нені өзгеріссіз қабылдайды:

Тауар бағасын

204.Тек жетілген бәсеке белгісі қайсысы:

Баға фирманың шекті шығынына тең

205.Фирманың сатудан түскен ақшасы қалай есептеледі:

ТR=PQ

206.Монополиялық бәсекелі нарықты қандай нарық типіне жатқызуға болады:

Жетілмеген бәсеке

207.Монополистік бәсекелі нарыққа тән:

Өнім дифференциациясы

208.Q=5 өндіріс көлемінде әр фирма пайдасын максимизацияласа, нарықтық сұраныс көлемі 150 болса, нарықта қанша фирма жұмыс істейді:

209.Егер де нарықта бір ғана тұтынушы болса, бұл жағдай қандай нарықтық құрылымды сипаттайды:

Монопсония

210.Дуополия нарығында сатушы саны қанша болып келеді:

Екі

БЛОК

211.Қайсысы тек монополиялы нарық белгісі бола алады:

Бір сатушы немесе бір тұтынушы

212.Нарыққа кіру және шығу еріктілігі жоқ нарық

Монополия

213.Монополистің өніміне сұраныс функциясы P=15-Q. Егер монополист 5 бірлік өнім өндірсе жалпы кіріс:

214.Табиғи монополияға мысал бола алатын:

Қалалық метрополитен

215.Дуополия қандай нарыққа мысал бола алады:

Олигополияға

216.Қай жағдай олигополияға тән:

Бағаға бақылау жасап, екі фирма біртекті өнім өндіреді

217.Олигополия:

Бірнеше фирма барлық немесе барлығына жуық өнімді өндіреді

218.Монополиялық нарықта фирма әсер ете алады:

Сауда көлемі мен бағаға

219.Монополиялық бәсеке нарығында бәсекелестіктің қай әдістері кеңінен қолданылады:

Бағалық емес

220.Қай нарықтық құрылымда фирмалар өз саясаттарын қалыптастырғанда бір-бірінің іс-әрекеттерін, реакцияларын есепке алады:

Олигополия

БЛОК

221.Негізгі өндірістік капитал:

Өндірістік циклда бірнеше рет пайдаланылып, өз құнын біртіндеп дайын өнімге өткізетін материалдық құралдар

222.Амортизация:

Негізгі капиталдың жылдық тұтынылған құны

223.Капитал айналымы жылдамдығы:

Жыл көлеміндегі ресурстың айналым саны

224.Өндірістік айналым қорлары:

Бір өндірістік цикл бойында пайдаланылып, өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық заттар

225.Капиталды тұтыну құны:

Амортизация

226.Егер де негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны 1000,0 мың теңге, ал амортизация мөлшері 15% құрағанда, негізгі өндірістік қорлардың амортизациясын анықтаңыздар:

150,0

227.Егер де негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны 1000,0 мың теңгені, ал қызмет ету мерзімі 5 жыл болғанда, жыл сайынғы амортизациялық төлемдерді анықтаңыздар:

228.3 жыл ішінде жинақталған амортизациялық төлемдер жиынын анықтаңыздар, егер де негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны 1000,0 мың теңге, ал амортизация мөлшері 15% құраса:

229.Инвестициялық ресурстардың тізбекті түрде үш сатыдан өтіп, әрбіреуінде сәйкесінше ақшалай, өндірістік және тауарлы формаларын алатын тұрақты қозғалысын не деп атайды:

Ауыспалы айналым

230.Қор қайтарымының есептелу формуласын көрсетіңіздер: (Ф – негізгі өндірістік капиталдың орта жылдық құны, П - өндірілген өнім құны)

Фо=П/Ф

БЛОК

231.Өндірістік қорлар айналымының уақыты қалай анықталады:

Жыл/бір айналым уақыты

232.Қор қайтарымы нешеге тең болады, егер де өндірілген өнім құны 1500 мың теңгені, ал негізіг капиталдың орташа жылдық құны 250 мың теңге болатын болса: 6,0

233.Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны нешеге тең болады, егер де өнім шығарылымы 1500 мың теңгені, ал қор қайтарымы 3-ке тең болса: 500

234.Қор сыйымдылығы неге тең болады, егер өнім шығарылымы 1500 мың теңгені, ал негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны 300 мың теңгені құраса: 0,2

235.Негізгі капиталды қолдану тиімділігін қай көрсеткіш сипаттайды: Қор қайтарымы

236.Өнім шығарымының негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы нені білдіреді: Қор қайтарымын

237.Инвестициялық ресурстардың қозғалысы нәтижесінде өндірістік қорлардың үш сатыдан өтуін не деп атайды: Ауыспалы айналым

238.Қайсысы айналым капиталына жатпайды: Транспорттық құралдар

239.Айнымалы капиталдың орта жылдық қалдығының құны 5 млн теңгені құрады, ал өткізілген өнім құны 15 млн теңгені құрағандағы, айналым коэффициенті нешеге тең: 3

240.Айнымалы капиталдың орта жылдық қалдығының құны 2480 мың теңгені, ал өткізілген өнім құны 9920 мың теңгені қалыптастырды. Бір айналымның ұзақтығын анықтаңыздар, егер де қарастырылып отырған кезең 360 күннен тұратын болса: 90

БЛОК

241.Шекті шығын қалай анықталады:

МС=∆VC/∆Q

242.Өнімнің өзіндік құнын қандай шығын сипаттайды

Орта

243.Q=10, TC=35. Орта шығын қанша

3,5

244.Өндіріс көлемі 10 бірлік, шығын функциясы ТС=100+8Q Жалпы шығын қанша:

245.Тұрақты шығындар:

Өндіріс көлеміне тәуелсіз шығын

246.Өзгермелі шығын:

Өндіріс көлемінің қысқаруы немесе ұлғаюы әсерінен өзгеретін шығындар

247.Пайда қалай есептеледі:

Жалпы табыс пен жалпы шығындар айырмасы

248.Шекті шығын нені көрсетеді:

Қосымша өнім бірлігіне есептелген шығынды

249.Қосымша өнімді өткізгеннен түскен ақша сомасын не деп атайды:

Шекті табыс

250.Егер де кәсіпорынның орташа өзгермелі шығындары 100 теңге, ал орташа тұрақты шығындары 30 теңгені құраған болса, орташа жалпы шығын нешеге тең:

БЛОК

251.Экономикалық шығындар:

Сыртқы және ішкі шығындар мен қалыпты пайдадан тұрады

252.Ұзақ мерзімде барлық шығындар:

Айнымалы

253.Тұрақты шығын өзгермесе, ал айнымалы шығындар өндіріс көлемінің өсуіне байланысты көбейсе, жалпы шығын:

Өседі

254.«Қалыпты пайда» дегеніміз:

Фирманың сол салада қалуына жеткілікті минималды пайда

255.Фирманың тұрақты шығынына жатпайтыны:

Кесімді жалақы

256.ТС= 20+4Q жалпы шығын функциясы. Шекті шығын қанша:

257.Қайсы тұжырым дұрыс:

Экономикалық пайда бухгалтерлік пайдадан ішкі шығындарды шегергенге тең

258.Фирма ресурс шығындарын 10%ке өсіргенде өндіріс көлемі 15%ке өссе:

Өндіріс масштабының жағымды әсері

259.Тауар бағасы 250 теңгені, ал өткізілген өнім саны 1500 дана құрағанда, кәсіпорынның жалпы табысы қаншаға тең болады:

375,0 мың

260.Егер де жалпы шығындар 12500 мың теңгені, ал алынған жалпы табыс 15300 мың теңгені құрағанда, кәсіпорын пайда ала ма? Алса, пайда мөлшері нешеге тең:

Алады, 2800

БЛОК

261.Еңбекке сұраныс қисығы неліктен теріс еңкіш:

Жалақы өссе,фирма жұмысшылар санын қысқартады

262.Орындалған жұмыс және қызмет көлеміне төленетін жалақы:

Кесімді жалақы

263.Атаулы жалақы:

Уақыт бірлігі үшін жұмысшы алатын ақша сомасы

264.Нақты жалақы өзгерісін анықтау үшін атаулы жалақы өзгерісін немен салыстыру керек:

Тауарлар мен қызметтердің баға деңгейімен

265.Еңбек ұсынысының қисығы L=2500+25w/p теңдеуімен берілген. Нөлдік атаулы жалақы деңгейінде еңбек ұсынысы қанша:

266.Еңбек сұранысының функциясы Ld=100-2w/p және ұсыныс Ls=40+w/p, мұндағы w/p-еңбек бағасы. Егер мемлекет 25 доллар деңгейінде жалақы белгілесе, нарықта не болады:

Жұмыссыздық 15

267.Еңбек сұранысының функциясы Ld=10-2w/p және ұсыныс Ls=4+w/p, мұндағы w/p-еңбек бағасы.Тепе-теңдік жалақы:

268.Ұсынысы қатаң шектелген жер және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін баға:

Рента

269.Егер де жұмысшының атаулы жалақысы 68540 теңгені, ал тауар бағасының индексі 3,56 құрағанда, жұмысшының нақты жалақысы нешеге тең:

270.Егер де кәсіпорында бір өнім данасы үшін 200 теңге жалақы төленетін болса, ал жұмыскер бір ауысымда 80 дана өнім шығарса, онда оның осы ауысымдағы жалақысы нешеге тең болады:

БЛОК

271.Жерге деген ауылшаруашылық емес сұраныс қандай факторға тәуелсіз:

Жер құнарлылығына

272.Жер ұсынысы:

Абсолютті икемсіз

273.Басқа факторлар өзгермегенде жер рентасы өседі, егер:

Жерге сұраныс өссе

274.Белгілі уақыт аралығында ақшаны пайдалану бағасы:

Проценттік ставка

275.Атаулы проценттік ставка 10%, ал инфляция қарқыны 4% болса, нақты проценттік ставка:

6%

276.Студенттің 100 доллары бар. Оны банкке салса бір жылдан кейін 11 доллар алады. Нақты проценттік ставка 8%, инфляция қарқыны қанша:

3%

277.Атаулы проценттік ставка:

Ағымдық курспен анықталған ақша бірлігіндегі проценттік ставка

278.Нақты проценттік ставка теріс таңбалы болады, егер

Атаулы проценттік ставка инфляция қарқынынан кіші болса

279.Егер де жалақы ставкасы тепе-теңдік ставка деңгейінен жоғары болса, онда еңбек нарығында қандай жағдай туындайды:

Жұмыссыздық

280.Тепе-теңдік проценттік ставка нені теңестіреді:

Қарыз капиталына деген сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін

БЛОК

281.ТҰӨ:

ЖҰӨ- амортизация

282.Тұтыну шығындары ЖҰӨ өлшеудің қандай әдісінде есепке алынады

Шығындар бойынша

283.«Табыс» әдісі мен «шығындар» әдістері бойынша есептелген ЖҰӨ теңесуі үшін не істеу керек:

Екі жақтан да аралық өнімді шегеру керек

284.Табыстар бойынша ЖҰӨ келесі баптардан тұрады:

Жалақы, рента, процент, пайда, амортизация және жанама салық

285.ЖҰӨ құрамына кіреді:

Жаңа жиһаз бағасы

286.Шығындар бойынша ЖҰӨ -ге есепке алынбайды:

Жалақы

287.ЖҰӨ:

Ел ішінде және шет елде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

288.Атаулы ЖҰӨ:

Ағымдық бағадағы ЖҰӨ

289.Қазақстандық компания Ресейде қызмет атқарады. Оның бір жыл ішінде өндірген өнімдерінің құны қай көрсеткішке кіреді:

Қазақстанның ЖҰӨ

290.Таза экономикалық тұрмыс көрсеткішін есептеуде төмендегілердің қайсысы есепке алынбайды: Трансферттік төлемдер

БЛОК

291.Жалпы ұлттық өнімінің аңықтамасың табындар:

Бір жыл ішінде мемлекет экономикасында өндірілген соңғы өнімдер мен қызметтердің нарықтық құны

292.Қазақстан территориясында шетел азаматтары өндірген өнім қандай көрсеткіште есепке алынады:

Казақстанның ЖІӨ-де

293.Қайсысы ЖҰӨ құрамына кіреді:

Кітап дүкеніндегі жаңа оқулық бағасы

294.Экономикада 100 доллар бағамен 10 тонна бидай өндірілсе және 500 доллар тұратын 2 станок өндірілсе мемлекеттегі ЖІӨ қанша:

295.Жеке табыс:

Бір жыл ішіндегі жанұяның тапқан табысы

296.ЖҰӨнің дефляторы- бұл

ЖҰӨнің атаулы құнының нақты құнына қатынасы

297.ЖҰӨ - 104,4; амортизация - 8,6; жанама салықтар - 7,0; корпорацияның табысы -10,1 құраса, ТҰӨ тең:

95,8

298.Жалақы есепке алынады:

ЖҰӨ -ді табыстар бойынша есептегенде

299.Атаулы ЖҰӨ дегеніміз:

Ағымдық бағамен өлшенетін ЖҰӨ

300.Қолда қалған табысты есептеу үшін:

Корпорацияның бөлінбеген пайдасын, пайдаға салынатын салықты, әлеуметтік сақтандыруға жұмсалатын төлемдерді таза ұлттық табыстан алып, трансферттік төлемдерді қосамыз

БЛОК

301.Жиынтық сұраныс графигі нені бейнелейді:

Баға деңгейімен тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын жиынтық шығындар арасындағы қатынасты

302.Жиынтық ұсыныс қисығындағы Кейнстік бөлік:

Горизанталь

303.Жиынтық ұсыныс графигіндегі классикалық бөлік:

Вертикаль

304.Жиынтық сұраныс қисығының оңға орын ауыстыруы:

Бағалық емес факторлар әсерін көрсетеді

305.«Арзан ақша саясаты» қашан қолданылады:

Дағдарыс

306.«Қымбат ақша саясаты» қашан қолданылады:

Өрлеу

307.Экономикалық циклдің ауысуына әсер ететін сыртқы фактор:

Инновация

308.Өрлеу кезеңіне тән:

Жұмыссыздықтың кемуі

309.Экономикалық цикл себептерін түсіндіруде қазіргі кезде қандай теориялар қалыптасқан:

Интерналды және экстерналды

310.Экономикалық циклдың фазаларына қайсысы жатпайды:

Инфляция

БЛОК

311.Келесі көрсеткіштер өрлеу фазасында төмендейді және құлдырау кезінде өседі:

Өңдеуші өнеркәсіптегі тауар запастарының көлемі

312.Жақын арада жұмыс табуға сенімді адам:

Жұмыссыз

313.Экономикалық құлдырау әсерінен жұмысын жоғалтқан адам:

Циклді жұмыссыз

314.Өндіріс шығындарының өсуіне байланысты инфляцияға қайсысының қатысы жоқ:

Өндірістік жұмыспен қамтудың өсуі

315.Филлипс қисығы инфляция деңгейі мен:

Жұмыссыздық арасындағы байланысты көрсетеді

316.Болжанатын инфляция:

Негізгі нарықтық агенттер беймделетін, күтілетін инфляцияны көрсетеді

317.Өндіріс шығындарының өсуімен байланысты инфляция:

Ұсыныс инфляциясына жатады

318.Сұраныс инфляциясы:

Тауар тапшылығына байланысты

319.Егер де нақты жұмыссыздық деңгейі 20%, ал фрикционды жұмыссыздық деңгейі 3% құрылымдық жұмыссыздық деңгейі 5% құрағанда, циклдық жұмыссыздық деңгейі нешеге тең:

12%

320.Егер де қаладағы жұмыс күшінің саны 87400 адамды, ал жұмыспен қамтылғандар саны 78690 адам құрады. Осы қала бойынша жұмыссыздық деңгейі нешеге тең:

9,96%

БЛОК

321.Жұмыссыздық деңгейі:

Жұмыссыздардың жұмысшы күшіне қатынасы

322.Қандай жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру қайта даярлау мен біліктілікті жоғарылатуды талап етеді:

Құрылымдық жұмыссыздық

323.Орнын айырбастауға байланысты өз еркімен жұмыстан шыққан адам жұмыссыздықтын қай формасына жатады:

Фрикциондық

324.Табиғи жұмыссыздық деңгейі 6%, іс жүзіндегі жұмыссыздық деңгейі 18%. Циклдық жұмыссыздық анықтаңыздар. 12%

325.Егер жұмысшы өз бетімен жұмыстан босатылса бірақ ол уақытша жұмыс таппаса ол қай жұмыссыздық формасына жатады:

Фрикциондық

326.Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың табиғи деңгейден 4 процентке артуы жалпы ұлттық өнімнің реалды жалпы ұлттық өнімнен қанша қалыс қалатындығын көрсетеді:

10%

327.Толық жұмыспен қамту жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі қандай жұмыссыздық формасын есепке алады: Фрикционды және құрылымдық

328.Жұмысын жоғалтқан шахтёрлар (көмірді мұнай, газ, атом энергиясы ығыстырады) мамандық бойынша жұмыс таба алмайды. Бұндай жұмыссыздық: Құрылымдық

329.Егер іс жүзіндегі жұмыссыздық деңгейі 12%, ал табиғи жұмыссыздық деңгейі 9% құрағанда, Оукен заңына сай ЖҰӨ қанша пайызы қалыс қалады: 7,5%

330.Егер де тұтыну бағасының индексі ағымды жылы 1,2, алдыңғы жылы 1,1 құрағанда, инфляция деңгейі нешеге тең: 9,09%

БЛОК

331.Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың табиғи деңгейден екі процентке артуы жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімнен қанша қалыс қалатындығын көрсетеді:

5%

332.Жақын арада жұмыс табуға сенімді адам:

Жұмыссыз

333.Сұраныс инфляциясы

Тауардың тапшылығымен көрсетіледі

334.Төменде берілген тұжырымдардың дұрысын табыңыз:

Жұмыссыздық көтеріле бастағанда, инфляция бағасы мен темпі төмендейді

335.Егер де тауар бағасы жылына 20% дейін өссе, онда бұл инфляцияның қай түріне жатады:

Баяу

336.Егер де тауар бағасы жылына 200% дейін өссе, онда бұл инфляцияның қай түріне жатады:

Секірмелі

337.Инфляция деңгейін анықтауда қандай көрсеткіш қолданылады:

Тұтыну бағасының индексі

338.Егер де алдыңғы жылғы тұтыну бағасының индексі 10, ал осы жылы 14 құраса, инфляция деңгейі нешеге тең:

40%

339.Егер де алдыңғы жылғы тұтыну бағасының индексі 1,5, ал осы жылы 1,3 құраса, инфляция деңгейі нешеге тең:

15,4%

340.Инфляция тауар бағасының қарқынына қарай қалай бөлінеді:

Баяу, секірмелі, гиперинфляция

БЛОК

341.М1 құрамы:

Металл және қолма-қол қағаз ақшалар мен чектік салымдар

342.М2 құрамына кіреді:

Металл және қолма-қол қағаз ақшалар,чектік және ұсақ мерзімдік салымдар

343.Міндетті резерв нормасы 20% банкте,депозит сомасы 1000$, қанша «жаңа ақша»жасауға болады:

800$

344.Ұлттық банктің қандай әрекеті ақша ұсынысын ұлғайтады:

Ашық нарықта мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу

345.М1, М2, М3 ақша агрегаттарын қандай белгіге қарап бөледі:

Ликвидтілік (өтімділік) деңгейіне байланысты

346.Қолма-қол ақша, есептесу және ағымдық шоттардағы азаматтардың қолма-қол ақшалары, талап еткенге дейінгі жинақ банкіндегі халықтың ұсақ депозитері қай агрегат құрамына кіреді:

М2

347.Айналымға қажет ақша саны қандай өлшемге тура пропорционал:

Өндірілген өнім көлеміне

348.Банктік резервті реттеу қай саясаттың құралына жатады:

Ақша-несие саясатының

349.Қандай да бір елде ақша айналымыны ұйымдастырудың тарихи қалыптасып заңмен бекітілген формасын не деп атайды:

Ақша жүйесі

350.Ақша

Наши рекомендации