Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары

Экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспар-болжамдарын әзірлеуді ұйымдастыру басшылығын және олардың орындалуына бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

Макродеңгейде, салалар, аймақтар, кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде тікелей жоспарлау үдерісін басқарудың орталық органдары, сәйкес министрліктер, ведомстволар, атқарушы комитеттер аппаратының, кәсіпорындар мен ұйымдардың басқару органдарының құрамындағы мамандандырылған органдар жүзеге асырады.

Орталық экономикалық органдарғаҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі және т.б. жатады.

Жоспарлаушы және үйлестіруші орталық Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылады. Қазіргі жағдайдағы оның ролі халық шаруашылығын басқару жүйесіндегі артуына қарай өседі.

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметіне бағынады және өз қызметінде ел заңдылығын және онда оның міндеттері мен қызметтері анықталған, 2004 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1116 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы» Ережесін басшылыққа алады.

Маңызды орталық экономикалық орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі болып табылады. Оның негізгі міндеті ақша қаражатын жұмылдыру мен оларды тиімді пайдалану бағыттарын жоспарлаудан тұрады. Қаржы министрлігі министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың сметаларының, қаржы жоспарларының жобаларын қарастырады, бухгалтерлік есеп пен есеп-қисапты жүргізу ережелерін бекітеді, қаржы көрсеркіштерін есептеу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлейді.

Қаржы министрлігі сәйкес құзырлы органдарға бюджет пен банк алдындағы өз міндеттемелерін орындамайтын рентабельсіз кәсіпорындарды қайта құру немесе жою туралы ұсыныс беруге құқылы, қаржы тәртібінің сақталуын бақылайды, экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін әзірлеуге қатысады. Оның қызметіне салықтар мен мақсаттық алымдарды қалыптастыру, республикалық қаржы нарығын ұйымдастыру жатады.

Қазақстан Республикасы Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарифтік жүйені (тарифтік-біліктілік анықтамалық, тарифтік сетка, 1-разрядтың ставкасы) қалыптастырады, халықтың әр алуан әлеуметтік-демографиялық топтары үшін ең төменгі тұтынушылық бюджетті әзірлейді және бекітеді, кадрлардың кәсіби-біліктілік даярлығын ескере отырып еңбекке қабілетті халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелерін шешеді, еңбекті ұйымдастыру нысандарын жетілдіру, Бірыңғай тарифтік сетканы қолдану бойынша ұсыныстар әзірлейді, жалақыны, еңбек нарығын болжайды және реттейді және бірқатар өзге қызметтерді атқарады.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі басқарудың жоспарлық және өзге органдарын қажетті статистикалық ақпаратпен қамтамазыз етеді, әлеуметтік-экономикалық үдерістердің, нарық жағдайының, халықтың тұрмыс деңгейінің және т.б. дамуына баға береді, талдау жасайды. Оның басты міндеті ақпарат шынайылығының, оны берудің кешендігі мен жеделдігінің дәрежесін арттыру болып табылады.

Басқару мен жоспарлау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі маңызды орын алады. Ол экспорт пен импорттың болжамдық есебін жүргізеді, сауда балансын әзірлейді, квоталау, лицензиялау және валюталық реттеу сұрақтарын шешеді. Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірге сыртқы экономикалық байланыстардың тиімділігін сипаттайтын төлем балансын болжайды, шетелдік ұйымдар және фирмалармен тікелей өндірістік және ғылыми-техникалық байланыстардың дамуына жәрдемдеседі.

Салық жоспарлаусәйкес министрліктер және ведомстволармен қамтамасыз етіледі.

Наши рекомендации