Дәріс: Ұңғыманы игерімге және игеруге дайындау.
Қабатты аршу (вскрытие)
Ұңғыманы игеру және келесі игеруге дайындау үшін мұнай (және газ) қабатын аршу басты мәлімет болып табылады.
Ұңғыны тиімді игеру үшін қабат аршу технологиясын дұрыс таңдау қажет және оны қамтамасыз ететін мұнай немесе газ ұңғысына жағдай жасау, сонымен қатар авариясыз қабат аршу жұмысын ыңғайлы жүргізудегі техникалық жабдықтандыру. Осы негізгі жұмыс мақсатын дұрыс шешу ұңғыманы ұтымды пайдалану және одан жобалық дебит алуына байланысты. Қабат аршудың техникасы мен технологиясын жобалап таңдау ол ұңғыманың аршыған орнының өнімді қабаттың геолого-физикалық сипатын таңдайды.
Құбыр ұңғымасының мұнай және газ өндірілуіне жағдай жасауды бәрінен бұрын жуу ерітіндісін және ұңғыма құбырының сынамасын таңдау қажет.
Бұрғылау алдында пайдаланылатын негізгі жуу сұйығы сазды ерітінді болып табылады. Сазды ерітіндінің өндіруде және ұңғы шетіндегі зиянды жері, ол қабатқа және ұңғыма құбырының қабырғасында сазды қабыршақ болып қалады. Одан басқа саз ерітіндісінің сұйығын бойына сіңіріп, содан кейін саз ерітіндісінің сұйығы қабат бойынша алфильтрацияға ұшырайды.
Басқа фактор мен кеуектіліктің кішіреюі сұнайлы жыныс үшін су қаныққан үшін қозғалысына байланысты, олар жыныстарды физикалық өзгерісі болып табылады. Егер мұнайлы қабатты жыныстарда түйіріктері қалса, нда бұл фактор үлкен мән береді. саздың ісінуі құрамына қарай натрий катионы және аз көлемде минералданған су болса, онда ісіну үлкен дәрежеде болады.
Сондай себеппен аршу алдында мұнай қабатына өтіп кетсе, бұндай жағдайда ұңғыманы игеру қиындап кетеді. Сол себептен қабатты аршу жағдайына, сусыз мұнай бергенде, ұңғыманы игерімге кіргізу алдында, жөндеу жұмыстарында және негізінен төмен қабат қысымы алдында және сіңген жуу сұйығының мөлгерін қабатқа өтіп кетпейтіндей етіп қабылдау керек.
Бұрғылау ерітіндісі қабатты аршу алдында пайдаланғанда төменгі (минимальды) су бергіштік жағдайында болу керек және сол уақытта жұқа бірақ қатты қатпарланған қабыршақты анықтау қажет. Мұндай жағдайда әртүрлі химиялық реагенттерді өңдеген және бетонды сазды қосқаннан кейін коллоидты жеткілікті ерітінді өз бойында қалады.
Қабатты арда тастанды заттарды ысыруға және ыңғай жұмыс жүргізуде жоғарғы қысымда жуу сұйығы осы шарттарды орындауға ыңғайлы бағалы салмағы болуы қажет. Төмен қабат қысымында негізінен қабаттың саздылануына және оған судың өтуіне кері әсер ететін жуу сұйығының сапасына мән беру қажет.
Ұңғымалы гидромеханикалық жағдайын ұлғайту үшін, оның қабат аршу тереңдігі максимал, сонымен барлық қабаттық қалыңдығын аршу қажет. Бір кездері қабаттың барлық қуатын аршу ұңғыманың құрылымда рналасуы және мұнай шоғырының аз мұнай жапсары және газ шоғырының газды жапсары жапсарында шек қойылады.
Егер ұңғыма мұнайлы немесе газды аймақта нүкте түрінде орналасса, онда сулы жапсардан бөлінген су жеткілікті болса, сонымен оны көздеген мақсатқа барлық қабатта аршуға болады.
Егер ұңғыма су қалқыған бөлігінің аймағында орналасса, ұңғыманы барлық қалыңдықта тереңдегенде ол сулы аймаққа кіреді. Одан алшақ болу үшін табан бағанасының газ-мұнай жапсарынан төмен орнату қажет.
Аршыған қабатты және өңделген ұңғыманың ұңғы алды (қабат алды) аймағын игеруге беру үлкен мән береді және ұңғыманың жоғарғы өнімділік сапасын қамтамасыз етеді.
Ұңғыма құбырын орнату Ұңғыманың және ұңғылық орнату конструкциясын өңдеу алдында негізінен мұнай қаныққанды, газ қаныққанды және су қаныққанды қабаттың тиімді изоляциясын қарастыру, сонымен қатар бағананың қаттылығын қарастыру керек. Одан басқа жоғары дәрежеде металл өңдеу жағдайынан бас тарту, ұңғыма құрылысының құнының түсуін және ұңғы құбырында мұнай атқылауының тиімділігін арттырады.
Өңделген құбырдың қабаттық геологиялық сипатына қарай жобалайды.
Ол егер өнімді қабат қатты бұзылмайтын және опырылмайтын жыныс ретінде танылған, ашық құбыр мен ұңғы конструкциясын жобалаған жағдайда қолданылады.
Ұңғыманың қай жерінде болсын игеру алдында құмтастың қай жерде бітелгенін анықтайтын өнімді қабат борпылдақ болса, онда құбыр гранийлі фильтратпен орнатылады.
Құммен күресу үшін ұңғыманы игеруге алынатын цементтелмеген борпылдақ және жеңіл опырылатын құмдар тесікті әртүрлі өлшемімен және пішінімен арнайы сүзгі (стрейнер) қабылданады. Тесіктің диаметрі мен ені құм түйірінің пішіні мен өлшеміне қарай таңдала отырып, оны ұңғымада қабатты игеру процесінде қолданылады және аршыған қабатты есептеуде қолайлы әдіс болып табылады.