Тақырыптары мен тапсырмалары

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

Бакалавриат - Білім беру бағдарламасы

В050800- «Есеп және аудит» мамандығы

Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» пәні бойынша

Практикалық, зертханалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау

Алматы, 2014

Құрастырушылар:

э.ғ.к., доцент Тулегенова Р.А.

э.ғ.к., аға оқытушы Оралбаева Ж.З.

Практикалық, зертханалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау 5В050800-«Есеп және аудит» мамандығының студенттері үшін «Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Практикалық, зертханалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау «Бағалау, есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № 1 «27» тамыз 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к.,доцент ____________________Нургазиева Л.А.

Кіріспе

«Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» курсын зерттеу теориялық және практикалық материалды түсінуге мүмкіндік береді және соның нәтижесінде басқа да профильді пәндерді зерттеуге көп көмегін тигізеді. Бұл ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызмет ерекшеліктеріне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есеп беруге септігін тигізеді.

Бұл пәнді оқытудың басты мақсаты сыртқы экономикалық қызметтер есебін жүргізу бойынша мәліметтер беру. Курсты зерттеу барысында студенттер есеп жүргізу және есеп берудің теорялық және әдістемелік білім жинақтайды.

Курс міндеттері:

- Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп тарауларын жүйелендіру және жинақтау;

- ҚР және басқа да мемлекеттердегі жаңа есеп жүргізу әдістерін қолдану

- ҚР-ғы ҚЕХС және ҚЕС негізінде сыртқы экономикалық қызмет есебі мен механизмдерін меңгеру.

Бұл пәнді меңгерген студенттер:

- Қазақстандандық және бірлескен кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін жүргізуінің теориялық және практикалық негіздерін оқып үйренуі;

- ҚР-ғы сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің нормативтік-заң шығарушылық базасын дұрыс қолдануды үйренуі;

- Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі бойынша негізгі операцияларды есепте қалай көрсетуді үйренуі;

- Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп және есп берудің теориялық және практикалық аспектілер саласында тиіс білім жинақтауы қажет.

Теориялық материалдар тәжірибелік сабақта бекітіледі.

Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:

- дәріс (лекция) оқу;

- практикалық сабақтар жүргізу;

- ОБСӨЖ;

- СӨЖ.

Алдыңғы деректемелер: «Бухгалтерлік есеп қағидалары», «Қаржылық есеп», «Басқару есебі».

Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері

Практикалық сабақтар «Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» пәнінен барлық тақырыптар бойынша тапсырмалар орындауды талап етеді. Практикалық сабақтардың басты мақсаты– дәріс сабақтары барысында алған теориялық білімді толықтыру, нақтылау, талқыға салу арқылы тереңдету және әр түрлі тапсырмаларды орындау көмегімен нақтылай тәжірибелік дағдыларға үйрету.

Қойылып отырған мақсатқа сәйкес, практикалық сабақтарды өткізу міндеттерін орындау төмендегідей нысанда жүзеге асырылады:

- ауызша сұралым;

- жазбаша тапсырмаларды орындау;

- іскерлік ойындар өткізу;

- дискуссиялар мен пікірталас (дебаты);

- интеллектуалды жарыстар өткізу.

Практикалық тапсырмаларды орындау, практикалық сабақтарды өткізу барысында белсенділік таныту, тақырыпқа сәйкес есептер шығару Силлабусқа сәйкес тиісінше баллдармен бағаланады. Практикалық сабақтарға дайындалуға қажетті әдебиеттер тізімі осы әдістемелік нұсқаудың соңында берілген.

Тақырыпқа байланысты практикалық сабақтар

тақырыптары мен тапсырмалары

1- тақырып.Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) құқықтық реттеу

Сабақтың мақсаты –Сыртқы экономикалық қызметтің мәні мен маңызын ашу

Негізгі әдебиеттер:

1. Ташенова С.Д. Бухгалтерский учет и анализ внешнеэкономической деятельности. Алматы: Экономика, 2010. – 160 с.

2. Макишева Ж.А. Учет внешнеэкономической деятельности: уч. пособие. Алматы: ТОО «Издательство LEM». – 2007. – 244 с.

3. Внешнеэкономическая деятельность предприятия: Учебник для вузов / Л. Е. Стровский, С. К. Казанцев, Е. А. Паршина и др.; Под ред. проф. Л. Е. Стровского. - 3 е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. - 847 с.

4. Войтенко Т. - ВЭД: бухгалтерский и налоговый учет в подробностях. Издательство: "Фактор", г.Харьков, 2008. – 400 с.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағыттары .

Жаңа нарықтарды зерттеу.

Сыртқы саудадағы құжаттама .

Трейдерлер .

Ұсыныс және алдын ала келісім-шарт процедуралары .

Шетелдік әріптес таңдау.

Тапсырма:Сыртқы экономикалық қызметтің ақпараттық базасы.

2- тақырып.Сыртқы сауда сатып алу-сату келісімі

Сабақтың мақсаты –Сатып алу-сату келісімдердің түрлерін қарастыру.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ташенова С.Д. Бухгалтерский учет и анализ внешнеэкономической деятельности. Алматы: Экономика, 2010. – 160 с.

2. Макишева Ж.А. Учет внешнеэкономической деятельности: уч. пособие. Алматы: ТОО «Издательство LEM». – 2007. – 244 с.

3. Внешнеэкономическая деятельность предприятия: Учебник для вузов / Л. Е. Стровский, С. К. Казанцев, Е. А. Паршина и др.; Под ред. проф. Л. Е. Стровского. - 3 е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. - 847 с.

4. Войтенко Т. - ВЭД: бухгалтерский и налоговый учет в подробностях. Издательство: "Фактор", г.Харьков, 2008. – 400 с.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сыртқы сауда келісім-шарт: оның ерекшеліктері мен айырмашылықтары .

Сату шартының негізгі бөлшектері мен шарттары. Нысандары , мерзімдері және келісім-шарт тәртібі. Бағасы мен жеңілдіктер. Өлшем бірлігі . Төлем нысаны.

Сыртқы саудадағы сауда құжаттамасы.

Тапсырма:СЭҚ-тегі кепілдіктер және сақтандырулар

3- тақырып.Экспорттық-импорттық операциялардағы тәуекелдер және базистік шарттары

Сабақтың мақсаты –факторлық талдау әдістеріне сипаттама беру.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ташенова С.Д. Бухгалтерский учет и анализ внешнеэкономической деятельности. Алматы: Экономика, 2010. – 160 с.

2. Макишева Ж.А. Учет внешнеэкономической деятельности: уч. пособие. Алматы: ТОО «Издательство LEM». – 2007. – 244 с.

3. Внешнеэкономическая деятельность предприятия: Учебник для вузов / Л. Е. Стровский, С. К. Казанцев, Е. А. Паршина и др.; Под ред. проф. Л. Е. Стровского. - 3 е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. - 847 с.

4. Войтенко Т. - ВЭД: бухгалтерский и налоговый учет в подробностях. Издательство: "Фактор", г.Харьков, 2008. – 400 с.

Талқылауға арналған сұрақтар:

СЭҚ тәуекелдерінің классификациясы:Экономикалық тәуекел. Саяси тәуекел. Валюталық шектеулер. Валюталық тәуекел. Транспорттық тәуекел.

ИНКОТЕРМС 2000 жеткізілімінің базистік шарттары. ИНКОТЕРМС топтары: І «E»тобы – EXW– зауыттан (франко-кәсіпорын). ІІ «F»тобы –жеткізу пунктіне дейін (франко-бортFOB, борт бойымен FAS,көлік фирмасының- FCA, ІІІ «С» тобы – негізгі тасу көлігіне (франко-борт плюс фрахт – CFR; франко-борт плюс фрахт және сақтандыру CIF; франко- фрахт – CPT, франко-фрахт және сақтандыру - CIP).IV «D» тобы – жеткізу еліне дейін (суднадан жеткізу DES; айлақтан кедендік баж төлемімен DEQ; айлақтан – кедендік бажсыз – DDU; шекараға дейін жеткізу – DAF; жекізу және кеден – DDP).

Тапсырма: Тәуекелдер мен құнның жеткізушіден сатып алушыға берілуі. Әртүрлі елдердің жеткізу шарттарының ерекшеліктері.

Наши рекомендации