Кәсіпорындағы жоспарлау сызбанұсқасы

Ндірісті жоспарлау қызметінің құрылымы мен қызметтері

Кәсіпорын кызметін жоспарлау мен басқару өндірістік менеджменттің келесі қызметтерімен тығыз байланысты:

- мақсатты таңдау;

- ресурстарды аныктау;

- үдерісті ұйымдастыру;

- олардың орындалуына бақылау жасау;

- жұмыстарды үйлестіру;

- койылған міндетке түзету енгізу;

- мамандарды ынталандыру;

- жалақы төлеу т.б.

Аталған қызметтердің орындалуына көптеген санаттағы кызметкерлер - барлық басқару деңгейінің басшылары экономист-менеджерлер, жоспарлаушы, атқарушылар т.б. өз үлесгерін қосады. Жоғары деңгейдегі басшылардың негізгі қызметі - кәсіспорын дамуының біртұтас стратегиясын құру немесе жоспарлау мақсатын негіздеу, мақсатқа жетудің негізгі әдістерін таңдау, жоспар құрудың әдістері мен технологиясын анықтау. Басқа иерархиялық деңгейдегі басшылар, сонымен қатар жоспарлау қызметінің мамандары ағымдық және тактикалык жоспарларды әзірлейді. Олардың қызметіне кэсіпорыннын сыртқы жэне ішкі ортасын талдау, бөлімшелердің келешектегі дамуына болжам жасау, кажетті ресурстарды, жоспарлы көрсеткіштерді есептеу және бағалау жатады.

Жоспарлау кызметінің мамандары жоғары деңгейдегі басшыларымен біріге отырып, фирма стратегиясын құруға, экономикалық мақсатты таңдауға, оны негіздеуге, нормативті базаларды құруға, кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдауға және бағалауга, сонымен катар менеджерлермен біріге отырып кәсіпорынның дамуына болжам жасауға катысады.

Кәсіпорынның жоспарлы-экономикалык жұмыстарын ұйымдастыру көбінесе кәсіпорынның мөлшері, өнім өндіру сипаты, меншік түрі және нарықтағы орнына байланысты болады.

Шағын кәсіпорында басқарушылық кызметтер иерархиялык деңгей бойынша терең бөлінбейді, жоғары деңгейдегі басшылар өндірісті жоспарлау мен ұйымдастырудың барлык бөлімдерін өз бетінше анықтайды.

Ал орта және ірі кәсіпорында стратегиялык, тактикалык және күнтізбелік жоспарлар ұйымдык құрылымға міндеттерді ұжым арасында бөлуге, ұйымдастырудың барлық қызметін бақылау және үйлестіруге сәйкес жүргізіледі. Мұнда жоспарлау мәселесі бойынша қызметкерлердің нақты негізделген ұсыныстары есепке алынады.

Кәсіпорынды баскару кұрылымы:

- Сызықтық құрылым ретінде жүйелі құрылымдық бөлімдерді айтуға болады: бас директор - бас экономист - жоспарлы-экономикалық басқару - жоспарлы-қаржылық баскару - қаржы бөлімі - жоспарлы-есептеу бөлімі.

- Функционалды құрылымда шешім кабылдау және бұйрық- тапсырмалар беру кезінде нақты қызметтерге қатысы бар бөлімдер жұмылдырады.

Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық құрылымына девизионалды, өнімділік, матрицалық, жобалық, т.б. құрылымдар кіреді.

Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру факторлары

Сырткы факторлар:

- Өнім (кызмет), нәтиже түрі.

- Қызмет немесе ресурстардың түрлері.

- Нарық және клиент топтары.

Негізгі ішкі факторларға әрбір жетекші немесе менеджердің өкілеттілігінің деңгейімен байланысты баскаруды орталыктандыру немесе орталыктан босату қағидасы кіреді.

Кәсіпорындағы жоспарлау сызбанұсқасы

Тәжірибеде жоспар құру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырудың 3 сызбанұсқасы бар:

- жоғарыдан төмен қарай;

- төменнен жоғарыға қарай;

- карсы жоспарлау.

Біркатар ірі және орта орталықтандырылған кәсіпорында жоғарыдан төмен жоспарлау сызбанұсқасын пайдаланады Бұл әдіс бойынша жоспарлы стратегиялар басқарудың жоғары деңгейінде құрылады - мақсаттар, негізгі бағыттар және кәсіпорынның дамуының басты міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері аныкталады. Содан кейін бұл максаттар, міндеттер мен көрсеткіштер кәсіпорын төменгі деңгейдегі басшыларының жоспарына толық (детальды), нақтыланған түрде енеді. Жоспарлы тапсырмаларды накты орындаушы тұлғалардың мақұлдауынан кейін, кәсіпорынның жоғары деңгейдегі басшылары бекітеді.

Төменнен жоғары қарай жоспарлау бөлімшелердің жоспары аркылы жергілікті жоспардан жалпы жоспарға келісімдер, толықтырулар және түзетулер арқылы жүзеге асырылады. Мұнда көп жағдайда белгілі бір мақсатты және стратегияны кәсіпорын бөлімшелері құрады, бірақ идея жоғары деңгейде пайда болады.

Қарсы жоспарлау алдыңғы екі әдісті біріктіреді. Жоғарыдан төмен қарай бағытталған үдерісте басты мақсат бойынша алдын ала жоспар әзірленіп, кәсіпорынды басқару деңгейіндегі жалпы жоспар құрылады.Төменгі деңгейдегі бөлім басшылары осы жоспарларды нактылайды. Осыдан кейін жоспарлаудың төменнен жоғарыға карай кері бағыты басталады. Мұнда жоспарға аса тиімді шешімдер енгізіліп, жоспарлаудың біртұтас объектісініи бөлімдері арасында қайшылықтар мен келісе алмаушылықтар жойылады. Әр түрлі жағдайларға байланысты жоспарды мақұлдау үдерісі бірнеше рет қайталануы мүмкін.

Миссия - кәсіпорынның қысқаша сипатгамасы, оның негізгі мақсаттарының негізделуі, әрекет ету аясы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі мен іс-әрекет нормасы.

Мақсат - кәсіпорынның келешекте қалаған жағдайы, оның кызметкерлерінің мінез-кұлқы мен әрекетету мотиві.

Наши рекомендации