Мемлекеттік қаржының сипаты
Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам да-муының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптас-қан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты эк/қ қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономика-лық қызметі оның мына функцияларында көрінеді: 1) эк/қ дамудың қалыпты барысына мүмкіндік ту-ғызатын құқықтық базаны анықтау; 2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау; 3) табыстар мен байлықты қайта бөлу; 4) экономиканы тұрақтандыру; 5) ресурстарды қайта бөлу. Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесіншіфункцияларында көрінеді. Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айт-арлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) та-быстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жала-қыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы эк/қ конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ эк/қ өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды кіріктіреді.Эк/қ ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта ры-ноктық жүйенің жетілмегендігінен барып туады: 1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы; 2) ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғам-дық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу. Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бір-қатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс «жанама нәтиже-лер» немесе «құйылымдар» деп аталады және бұл шаруашылық үдерістердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтар-дың пайдалары немесе шығындары болып табылады. Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өзде-рінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады. Құйылым щығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай реттеуші шараларды жүргізеді: 1) қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер бол-майтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормала-ры мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді. 2) құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салық-тарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-теңдіктің жай-күйін қамтама-сыз етеді. Екі жағдайда да өнімге немесе қызметтерге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады. Құйылым пайдаларын:білім беру, санитарлық-профилактика-лық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек рыноктық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды. Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін салалар-ды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттің тікелей қатысу нұсқалары болуы мүмкін алады. Олар қоғамдықжәне әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының іс-әрекетіне ұшырамайды.Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкін-дігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анық-тайды. Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың рыноктық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді. Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алу-шыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғам-дық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады. Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді ме-кендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қо-лайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде – құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады. Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ық-палына түсіп кетеді, яғни оларға баға белгілеуге және оларды кә-сіпкерлік құрылымдар арқылы өткізуге болады. Мысалы, біқатар медициналық қызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілген кепілдікті ең төменгі деңгейден жоғары қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың, кітапханалардың, қоғамдық теледидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі және басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту ерекшелігі біріктіреді, мұның нәтижесінде жеке меншік сектор оларды жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтан ресурстарды бөлудегі үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежеде оларды өндіру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді; бұл – «аралық» қоғамдық қызметтер немесе қоғамдық сыңайлы (мемлекеттік сыңайлы) тауалар
Билет