Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті. Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жас­тар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

2014 жылдан бастап елімізде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін-2050» атты мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп келе жатыр. Бағдарламаның мақсаты-халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру болып табылады.

76, Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.

Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын. Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.

Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдың қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ. Алаш ісі.

76, Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстан экономикасында «индустрияландыру» бағыты жүзеге асырылды. 1926-1940 жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуы елді ірі нәтижелерге жеткізді. Қазақстан КСРО-ның құрамындағы аграрлы елден дамыған индустриялы-аграрлы елге айналды. 1938 жылы Балқаш мыс қорыту зауыты алғашқы өнімін берді, 1940 жылы Ақтебе ферроқорытпалар зауытының құрылысы басталды. Шымкент, Ащысай және Лениногорск комбинаттарының өнімі артты. Қарсақбай мен Ертіс мыс балқыту зауыттары жаңа техникамен жарақтандырылып, қайта құрылды. Қазақстанда 1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, өнім ендірді. 1940 жылы елімізде индустрияның жалпы өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда 7,9 есеге өсті. Республикамыз соғыс қарсаңында КСРО-да қорғасын ендіруден бірінші, мұнай мен кемір өндіруден алтыншы орын алды. Қазақстанның халық шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды, оның ірлесі 60%-ға жетті.

Еліміздің өнеркәсіпті шикізат аймағы Орталық Қазақстанда қалыптасты. Қарағанды өз көмірімен Балқаш пен Жезқазғандағы түсті металлургия кеніштерін, Оралдың оңтүстігіндегі кәсіпорындарды қамтамасыз етіп отырды.

1930 жылдардың соңында республикамызда транспорт жүйесі де жетілдіріле түсті. Соғыс қарсаңындағы жылдарда Қазақстанда темір жол салу ісі де кеңінен қанат жайды. Республиканың табиғи байлықтарын игеруде маңызды рөл атқарған Түркістан-Сібір темір жолы салынды. Ақмола-Қарталы темір жолының құрылысы 9 ай ішінде бітіп, оның үзындығы 806 километрге жетті. Гурьев-Қандыағаш темір жол желісі пайдалануға берілді. Аталған темір жолдар республиканың батысы мен орталық өлкелерін байланыстырды, жүк тасымалдау көлемін ұлғайтты. 1940 жылы елімізде 1358 километр темір жол пайдалануға берілді. Темір жол желілерінің ұзаруы республикамыздың халық шаруашылығын дамытып, ел корғанысын нығайтуға елеулі үлес косты.

Химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде де іргелі табыстарға қол жеткізілді. Еліміздің ірі қалаларында аяқ киім және тігін фабрикалары, ет, жеміс-көкөніс комбинаттары мен май, консерві, қант шығаратын зауыттар салынып, жұмыс істей бастады.

Соғыс алдындағы жылдары ауыл шаруашылығы да біртіндеп дами бастады. Негізгі ауыл шаруашылық өнімін колхоздар өндірді, 1940 жылы Қазақстанда колхоздардың саны - 6901- ге жетті, 194 совхоз болды. 1940 жылы еліміздің колхоздары мен совхоздарының егіс алқаптарында 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың астық комбайны, 14 мыңдай жүк автомашинасы жұмыс жасады. 1940 жылы егістік көлемі 5,8 млн гектарға, ал мал басы саны 3,5 млн-ға өсті. Күріш, қант қызылшасы мен мақта егу сияқты ауыл шаруашылығының жаңа саласы игеріле бастады. Соғыс қарсаңында мал басы жағынан Қазақстан Одақта РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Елімізде механизаторлар мен жоғары және арнаулы білімі бар мал дәрігері, зоотехник, агроном кадрлары қалыптасты. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің артуына мемлекеттің беретін қаржысы мен көмегі айтарлықтай әсер етті.

Халық шаруашылығындағы осындай жетістіктермен қатар шешілмеген мәселелер де баршылық еді. Ұжымдастыру мен 30-жылдардың басындағы зұлматтан кейін ауыл шаруашылығы әлі де толық өркен жайып кете алмады. Тоталитарлық жүйе колхоз құрылысына, еңбеккерлердің тәртібін бақылауға ерекше назар аударды. Колхозшыларға өз колхоздарын тастап, басқа жаққа көшіп кетуге тыйым салынды. Колхозшылардың қарамағындағы бақшалық жер телімдері мен мал басы санына қатаң түрде шек қойылды. Ауыл шаруашылығын басқарудың зорлықшыл әкімшілік-командалық тәртібі енгізілді. Ауыл еңбекшілерін материалдық ынталандыру, олардың еңбек белсенділігін қолдау принципі жүзеге аспады. Білікті маман кадрлар жетіспеді, колхоз бен совхоз басшылары ұдайы ауыстырылып отырды. Осының бәрі ауыл шаруашылығының жедел қарқынмен дамуына кері әсер етті. Осындай қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы Ұлы жеңістің алғышартын қалыптастырды.

78, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен құрылды. Бағдарламаның құрылуына уақыт талабы ықпал етті. Мемлекетіміз тәуелсіздігін енді алып, экономикада еркін нарықтық қатынастар жолына, демократия және әлемдік қоғамдастыққа толық ену жолына шықты, бұл өмірге көптеген реформаларды әкелуді талап етті. Кез келген реформаны өткізу өздеріне берілген міндеттерді орындауға қабілетті білікті кадрлардың болуын талап етеді.

Кеңестік кеңістігіндегі мемлекеттер тарихында тұңғыш рет дарынды жастарға толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі берілді.

1994 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғандағы кезеңде «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде әлемнің 13 елінде 785 стипендиат білім алды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің табысты мансаптық өсуінің, кәсіптік өзін-өзі іске асыруының өзіндік кепілі болды. Бұған бағдарламаның көптеген түлектерінің мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты орындарда болуы, мемлекеттік және халықаралық жобаларда жұмыс істеуі, осылайша мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуы дәлел бола алады.

«Болашақ» бағдарламасын іске асыруды ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету ұдайы жетілдіруді талап ететіндігін практика көрсетіп отыр.

«Болашақ» бағдарламасын іске асырудың бастапқы кезеңінде (1994–1997 жылдар) стипендиаттардың 30% астамы үлгерімінің төмен болуына байланысты бағдарламадан шығып қалды немесе оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстанға оралмады. Талдау Қазақстанға оралмаудың ең жоғарғы үлесі стипендиаттардың мемлекет алдында қандай да бір міндеттеменің болмауы екендігін көрсетті.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау тәртібі туралы ереже әзірленді. Ереже құжаттарды қабылдау және үміткерлерді іріктеу рәсімін қарастырды, сондай-ақ стипендиаттарды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жұмысқа орналастыруды көздеді. Шешуді талап ететін басқа да мәселе оқу бағыттарындағы үйлеспеушіліктер туралы мәселе болды. 1994–1997 жылдары «Болашақ» стипендиясы қазақстандық жоғары оқу орындарының экономика және гуманитарлық факультеттеріне тағайындалды. Техникалық факультеттердің түлектері бағдарламада өте аз болды, бұл техникалық мамандықтардың оқу жоспарында экономикалық және гуманитарлық мамандықтардың оқу жоспарымен салыстырғанда шет тілін оқыту аз көлемде көзделгендігімен байланысты. 2000 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығының шығарылуына байланысты, инженерлік және техникалық білімі бар үміткерлер шет тілінің бірін еркін меңгеру туралы талапты ескерусіз «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу құқығына ие болды. Осылайша, «Болашақ» халықаралық стипендиясы жүзеге асырылған 1994–2004 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі стипендия тағайындауға үміткерлерді іріктеу әдістемесінде тәжірибе жинақтады. Осы жылдары Үміткерлерді іріктеу ережесі екі рет – 1997 және 2000 жылдары өзгертілді. Әрбір жаңа өзгеріс белгілі бір қорытындылар шығара отырып, өткен жылдарда жинақталған тәжірибеге негізделген және қазақстандық қоғамда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді есепке алып, бағдарлама алдына жаңа міндеттер қойды.

2005 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жыл сайын үш мың жас және дарынды қазақстандыққа «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің жетекші оқу орындарында білім алу мүмкіндігін беру қажеттігі туралы жариялады. Стипендиаттар санын арттыру қажеттілігі уақыт талабы. Қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында мемлекет бәсекеге қабілетті экономика моделіне индустриалдық-инновациялық даму, білім және ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау және басқа да салалардағы мамандарға тұрақты өсіп келе жатқан қажеттілікпен Қазақстан үшін басымды салалардың тұрақты өсуіне негізделген даму жолын таңдаған.

Мемлекет басшысының «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының санын арттыру бойынша бастамасын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен осы мақсатта бекітілген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына тапсырылды.

Соңғы жылдарда (2004 — 2010 жылдар) «Болашақ» стипендиаттарымен қатар түлектерінің де саны жылдан жылға артуы байқалуда.

2008 жылдан бастап ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілген, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін академиялық бағдарламаларда оқу үшін квоталар енгізілген.

2011 жылдан бастап мамандарды даярлау стипендиат, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және жұмыс беруші арасында үш жақты шарт жасаумен кадрларды іріктеу және даярлаудың бағдарламалы-мақсаттық әдісі шеңберінде жүзеге асырылуда.

2012 жылдан бастап меншіктің кез келген нысанындағы ұйымдардың ғылыми, педагог, медицина және инженерлік-техникалық қызметкерлерге кәсіптік тағылымдамадан 1 айдан 12 айға дейін өту мүмкіндігі берілді.

Стипендиаттарды неғұрлым сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін серіктестер тізімі сапалы түрде қайта қаралып, шетелдік жоғары оқу орындарына талаптар күшейтілді. 2012 жылы ұсынылатын жоғары оқу орындарының саны Times Higher Education, QS World University Ranking Academic Ranking of World әлемдік рейтингілерінде ең жоғарғы деңгейдегі қуатты ғылыми базасы мен зерттеу университеттері бар 200-ге дейінгі жетекші ғылыми орталықтарға қысқартылды. Қазақстандық экономика үшін өзекті бағыттар бойынша әзірлемелер жасалып жатқан ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалардың базасы құрылды.

79, Голод в Казахстане 1932-33 годов — часть общесоюзного голода 1931—33 годов, вызванного официальной политикой «уничтожение кулачества как класса», коллективизацией, увеличением центральными властями плана заготовок продовольствия, а также конфискации скота у казахов[1]. В Казахстане также принято называть этот голод «голощёкинским».

Причины[

В 1925 году первым секретарём Казкрайкома был назначен известный деятель ВКП(б) Филипп Голощёкин. В первые два года своего правления (1925—1927 годы) он провёл в Казахском крае т. н. «Малый Октябрь». В результате этих мер у людей отнимали скот, имущество и под конвоем милиции направляли в «точки оседания». Скот, реквизируемый для нужд колхозов, забивали на месте, так как невозможно было прокормить собранные в одном месте большие стада. К 1933 году из 40 млн голов скота осталась примерно одна десятая часть. От таких действий в первую очередь пострадали казахи, так как скот был главным, а нередко единственным источником их пропитания.

В результате, в течение 1931—1933 гг. умерло от 1 млн чел. (оценка Роберта Конквеста) до 1,75 млн чел. (оценка Абылхожина, Козыбаева и Татимова, 1989). Около 1 миллиона казахов вынуждены были откочевать в сопредельные Казакской АССР регионы Российской Федерации, в том числе Киргизскую АССР, Каракалпакскую АССР, Саратовский, Сталинградский и Средневолжский края, Оренбургскую, Челябинскую, Омскую области, а также Западно-Сибирский край. Имели место откочёвки и в сопредельные союзные республики: Туркменскую ССР и Узбекскую ССР. За пределы СССР значительное число казахов откочевало в Китай, Монголию, Иран и Афганистан. Впоследствии 0,4 млн казахов совершили обратную откочевку в Казахстан. Насильственные меры по переводу кочевников на оседлый образ жизни, привели к огромным жертвам в основном среди коренного населения.

Первым мероприятием в Казахстане были конфискации, проведенные весной 1920 и осенью 1928 годов. Под конфискацию попали 11260 хозяйств, у которых было отобрано около 4500 тысяч голов скота (в переводе на крупнорогатый скот). По признанию самого Голощекина, первоначальные замыслы Советской власти были вдвое масштабнее, и собирались конфисковать хозяйства до 15,0 млн голов (все далее, согласно статистике 1920-х годов, в переводе на крупнорогатый скот), и общее число голов скота для «баев-полуфеодалов» должно было составить не более −150 голов на хозяйство. Но при утверждении плана конфискации 1928 года в ЦК ВКП(б) и ВЦИК СССР, Голощекина одёрнули, и установили другие нормы: 400 голов — кочевые хозяйства, 300 — полукочевые, 150 — оседлые. Общее число хозяйств подлежащих конфискации снизилось до 7000.

Эта катастрофа подтверждается советскими переписями — так по официальным данным, согласно Всесоюзной переписи населения СССР 1926 года, казахов в СССР насчитывалось 3 968 289 человек[2], а уже в 1939 году согласно переписи 1939 года — всего 3 100 949 млн человек. То есть за период с 1926 года по 1939 годы после голода численность казахов на территории СССР по официальным данным сократилось на 867 340 человек. Умерших казахов в Киргизии хоронили киргизы. Со слов аксакалов киргизов «Казахи пришли неожиданно к нам. Толпы голодных и оборванных людей. Каждый киргиз, понимая, что что-то случилось, делился хлебом и предлагал юрты для временного проживания. Многие казахи умирали и валялись потом на дорогах. Сами казахи на них не обращали внимания и просили только еды. Нам, киргизам, приходилось хоронить их. Мы хоронили их по киргизским традициям.»Казахи только к 1970 г. восстановили внутри Казахстана свою численность на уровне 1926 г[3]. До голода в Казахстане в 1932—1933-х годах в Казахстане в этническом отношении доминировали казахи, но только к концу 1990-х они снова стали большинством в республике. На освободившиеся места, в период 1938-44 гг. переселялись ссыльные и депортированные народы: ингуши, чеченцы, крымские татары, корейцы, балкарцы, курды, турки, карачаевцы, немцы[4]. Также население Казахстана пополнилось узниками ГУЛАГа: КАРЛАГа, АЛЖИРа и др., часть которых остались жить впоследствии в Казахстане.

По мнению же, А. Н. Алексеенко[5] «…с учётом всех возможных поправок потери казахского населения составили не более 1840 тысяч человек или 47,3 % от численности этноса в 1930 году. Более всего пострадали казахи севера республики. Потери составили здесь 879,4 тысячи человек или 74,5 % от численности этноса в 1930 году. В данном регионе наблюдалась наиболее значительная миграция, в первую очередь в пограничные районы Российской Федерации и Китая. Более половины представителей этноса было потеряно в Восточном Казахстане — 410,1 тысячи человек или 52,3 %. Западный Казахстан потерял 394,7 тысячи казахов или 45,0 % этноса, Южный — 632,7 тысячи или 42,9 %. Наименьшие потери были в Центральном Казахстане — 22,5 тысячи человек или 15,6 % этноса данного региона.»[6]

Положение с голодом усугублялось ещё жестким подавлением частями Красной Армии любой попытки избежать грабительской конфискации всего скота, которое являлось единственным источником пропитания и выживания. Когда некоторые аулы и роды (племени) начали откочёвывать, пытаясь спасти свой скот, то на их перехват посылались отряды Красной Армии для ареста и уничтожения якобы «басмаческой банды». На самом деле, это были обычные мирные люди, которые пытались спастись от голода в населённых казахами территориях сопредельного Китая, или пытавшиеся мигрировать в те регионы РСФСР, где голода не было. Попытки остановить переселение в Китай активно предпринимали и пограничники, пытающиеся остановить их пулеметным огнём. Но, тем не менее сотни тысяч казахов (иногда аулами целиком) смогли бежать от голода в Китай.

Казахский голодомор получил в народе название — ашаршылық.

В своем послании начальник Казнархозучёта (аналог нынешнего управления статистики) Мухтар Саматов сообщает, что население Казахстана уменьшилось всего… на 971 тысячу человек. Как оказалось, советские руководители намеренно занижали потери населения от голода. По окончании переписи 1937 года Сталин вместо прироста населения обнаружил его убыль. Выразив возмущение и недоверие итогом работы переписчиков, Сталин приказал засекретить данные переписи, а всех, кто принимал в ней участие, объявить врагами народа. В числе первых был казнен Мухтар Саматов и его непосредственный начальник, руководитель Всесоюзного нархозучёта Караваль. Кроме того, в Казахстане были расстреляны все без исключения областные и районные руководители нархозучёта — якобы они намеренно уменьшали количество населения и тем самым сыграли на руку врагам СССР[7].

80,Целиноград наразылығы — 1979 жылғы 16 — 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.

Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация). КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.

Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың және қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дәстүріне сай әрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дәрежесінің төмендігіне әкеліп саяды. Студенттер жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.

Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.

Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Дегенмен, Целиноград наразылығы туралы қауесет халыққа тарап кетті және ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті.[1]


Наши рекомендации