Ынталандыру және тежеуші салық саясаты.лаффер қисығы

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды. Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді. Егерде салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

Экономика ақша ұсынысы және ақшаға сұраныс. Ақша массасы.Монетарлық ереже.

Ақша ұсыныс: ақша мультипликаторы көмегімен есептелінеді. Ақша мультипликаторы –бұл артықрезервтің бөлігі, оны айналымдағы ақша массасның және мерзімсіз салымдардың сомасыныңкөбеюі үшінжаңа зайымдар ұсыну жолымен коммерциялық банктер жүйесі қолдана алды. Ақша мультипликаторы, ақша базасының өзгеру жағдайына ақша массасы көлемнің неше рет өзгеретіндігін көрсетеді. Ақша мультипликаторы ақша ұсынысы және ақша массасын реттеудегі болжам үшін қолдалынады . Бұл процесте басты рольде –Орталық банк ойнайды. Нарықтағы ақша массасы және тауар мен қызмет көрсету массасының қатынасы ақшаны сатып алу қабілеттілігін анықтайды.Ақша нарығыныңекінші компаненті- сұраныс.Ақшаға сұранысты талдау кезіндегі әр түрлі теориалық тәсілдер кездеседі. Басынан, монетарлық тәсілді қарастырайық .Монетаризм (ағылшынша money- ақша )-экономикалық консепция, айналымдағы ақшаны қарастырады.Монетаризм 20 ғ. 50-ші жылдарындаболды, ал терминнің өзі К.Бруннердің «Ақшаның монетарлық саясаттағы ролі» деген еңбегінде алғаш рет найда болды.Осы бағыттың туынды бастаушысы –Гервинг Фишер.Монитаризмнің кең ауқымды таратылуы 70 жылдары қамтиды. Батыста қазіргі заманның монитаризм лтдері-М.Фридмэн ,ал Қазақстанда – О. Жандосов саясатта қолданды.Қысқаша айтқанда, монитаризм екі түрлі тезиске саяды. 1.Ақша экономикада басты ролді ойнайды.2.Орталық банк ақша ұсынысына, яғыни айналымдағы ақша санына әсер ете алады.Ақша массасы – қолма-қол және аударым ақша нысанындағы щаруащылықта бар барлық ақша құралының жиынтығы , ол сонымен қатар , қор жинау , төлем және айналым құралының қызметін атқарады.Басқа да рынок секілді , ақша рыногында да, ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады.

Несие және банк жүйесі.Банк түрлері, олардың экономикаға атқаратын қызметтері.

Арыз нарығы - қаржы нарығының бір бөлігі.Ұдайы өндіріс процесіне уақытша қатысуға пайдалану үшін бос қалған ақша қорлары өткізу объектісі міндетін атқарады.Қарыз нарығы бос қалған ақша қорын қайта бөліп,жаңадан ақша ресурстарын құрайды.Бұл жаңа ресурстардың жеделдігіне, төлем қабілеттілігіне ж/е қайтарымдылығына жағдай жасайды.Банк ұсынатын несиелер - қысқа,орта,ұзақ мерзімді болып жіктеледі.Қысқа мерзімді несиелер бір жылға беріліп,айналым қорларын қалыптастыруға жұмсалады.Орта мерзімді несие 2-3 жылға жаңа құрылысқа, өндірісті техникалық қайта құрыландыру ж/е жаңғыртуға, жаңа техника мен технологияға бріліп, оларды 3 жылда қайтарымыболуы міндетті.Ұзақ мерзімді несие 10 жылға одан да көп уқытқа беріліп,кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға жұмсалады.Несиенің а)банктік ә)чектікб)коммерциялық в)тұтыну г)халықаралық түрлері бар.Банктік несиеде клиент векселі дисконттанып,оған есепшот ашылады.Есеп-шотқа дисконтталған векселің құқы салынады.Чектік несиеде банк қарыз сомасын ұсынады.Осы сала көлемінде клиент төлемдерді өтеу үшін чек жазып береді.Белгіленген уақыт мерзімінде қарыз өтелуі қажет.Коммерциялық несие төлемдерді төлеуді созу үшін ұсынылады.Бұл несиені банк кәсіпорыннан уақытқа мұқтаждығы үшін береді.Тұтыну несиесі тұтынушыға тауар мен қызмет төлемдерін соза орындау үшін қажет.Халықаралық несие сыртқы экон-қ байланыстарға қызмет жасайды.Біздің елімізде банк жүйесіне а) ұлттық банк ә) коммерциялық банктер бар.Банк ресурстарын −өз капиталы және клиенттер салымы немесе депозиттер жатады.Соңғы 10-15 ж. Банк қызметінде операцияның жаңа түрлері белең ала бастады.Олар : лизинг, факторинг, қаржы−−трастық операциялар.Лизинг−уақытша пайдалануға алу, беру.факторинг−банк өз клиентінен құқықты сатып алып, оған ақшалай қарыз болғанддарды өндіреді.трастық операциялар−коммерциялық банк жеке тұлғаға мүліктерін басқару жұмысын атайды.Келісім бойынша банк өз клиеттерінің қаржысын басқарады. Бұл қаржылар акция, облигация басқада бағалы қағаздар болып салынады.Қазіргі кезде ҚР−да коммерциялық банктер қаржы трастық операцияны жасауға енді−енді кірісуде.

Наши рекомендации