Шаруашылық туралы жалпы мәлімет

Байзақ ауданы Жамбыл облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Байзақ ауданының шекарасы Байзақ және Красногорск аудардарының біріктірілуі негізінде құрылды.

Әкімшілік шекара бойынша территориясы 897,4 мың га жерді алып жатыр, ол Жамбыл облысының территориясының 6,22% -ын құрайды.

Оңтүстігінде Талас өзені бойымен Қырғызстан Республикасымен, солтүстік шығысында Алматы облысымен және солтүстік батысында Жамбыл облысының Талас ауданымен шекараласып жатыр.

Ауданның әкімшілік орталығы Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан Байзақ ауылы болып табылады. Аудан орталығы арқылы республикалық маңызы бар Алматы- Бішкек- Ташкент автомобиль жолы өтеді, осы жол бойымен қашықтығы 300 км орналасқан облыс орталығы Тараз қаласымен байланыс жүргізіледі.

Байзақ ауданының батыс жағында республикалық маңызы бар Байзақ –Талас жолы өтіп жатыр, осы жол бойымен аудан орталығы Байзақ ауылы мен ауданның батыс бөлігінде орналасқан Талас теміржол станциясы және шаруашылықтармен байланыс орнатылады.

Климаты

Байзақ ауданының климатының ерекшелігі болып жылдам континентальдылық табылады, яғни температураның аса жылдам өзгеруінен, қыстан жазға тез өтуінен, атмосфералық жауын-шашынның аздығынан және ауаның құрғақ болуынан байқалады. Аудан территориясындағы агроклиматтық жағдайлардың әртүрлілігін биік таулар мен жазықтықтардың үйлесімділігі байқатады.

Э.С. Зарембо классификациясы бойынша келесі агроклиматтың аудандарды бөлуге болады: Екінші құрғақ ыстық өте құрғақ тау етегі; таулы.

Аудан ыстық құрғақ агроклиматтық аудан Байзақ ауданы территориясының аз ғана бөлігін алып жатыр, яғни Талас өзенінің оңтүстік-батыс жағалауы және Отар –Алматы темір жолының солтүстік жағындағы сызық.

Пайдалы температура қосындысы 3500-37000 С шамасында, гидротермиялық коэффициент 0,3-0,5. Климаты салыстырмалы суық емес қысы және ыстық жазымен ерекшеленеді. Қаңтар айының орташа температурасы – 6,90С болса, шілде айында – 24-250С. Жазы өте құрғақ, ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері – 200-300 мм. Жауын-шашынның көпшілігі наурыз-сәуір айларына келеді. Жылы кезеңдегі жауын-шашын мөлшері 160-180 мм. Ылғалдылығы 30%-дан төмен құрғақшылық жылына 120-140 күнді құрайды. Көктемгі ызғар сәуірдің екінші жартысында аяқталса, күзгі ызғар қыркүйектің аяғында басталады. Аязсыз кезең ауада 145-190 күн, ал топырақта 130-170 күн сақталады. Биіктігі 15-30 см қар жамылғысы қыс бойы тұрақталады. Топырақ қабатының қату тереңдігі 40 см.

Бұл зонада суармалы егіншілік дамыған. Климаттық жағдайлар техникалық бақша дақылдарын егуге мүмкіндік тудырады.

3-аудан құрғақ тау етегі агроклиматтық аудан. Бұл аудан бүкіл территорияның оңтүстік –батыс және орталық бөлігін, сонымен қатар солтүстік таулы бөлігін алып жатыр (Анархай қ.). Температура қосындысы – 3000-35000С, гидротермиялық коэффициент – 0,5-0,7. Температурасы 100С-тан жоғары кезеңнің ұзақтығы – 160-180 күн. Шілдедегі орташа температура – 24-250С, қаңтарда – 4,5-9,50С. Жылдың жауын-шашын мөлшері 300-40 мм.

Төмен ауа ылғалдылығы жылына 120-130 күнді құрайды. Күзгі ызғар қыркүйектің ортасында басталатын болса, көктемгісі сәуір екінші жартысы- мамырдың басында аяқталады. Аязсыз кезең ұзақтығы -120-190 күн. Қыс 20-30 см қар жамылғысымен сипатталады.

Климат жағдайлары дәнді-дақылдар мен кейбір техникалық (күнбағыс) дақылдарды егуге қолайлы. Ауданның солтүстігінде климат тым континенттік және құрғақ.

Суғарылмалы егістікте техникалық дақылдар, ал батыс бөлігінде картоп та өсіру қолайлы, таулы бөлігінде мал шаруашылығы жақсы дамыған.

Аудан таулы құрғақ және ыстық агроклиматтық аудан. Бұл жер Байзақ ауданының негізгі және орталық бөлігін алып жатыр. Температуралар қосындысы 30000С –тан төмен, гидротермиялық коэффициент 0,7-ге тең. Аудан климаты құрғақ жазымен және суық қысымен ерекшеленеді. Ауа температурасының 100С-тан төмен кезеңінің ұзақтығы 160 күн болса, шілдеде орташа температура -220С, қаңтарда -7,50С. Басқа агроклиматтық аудандарға қарағанда бұл ауданда жауын-шашын мөлшері көбірек. Ауа ылғалдылығының төмендігін жыл бойына 120 күн байқауға болады. Көктемгі ызғар мамыр айының екінші декадасында аяқталып, күзгі ызғар қыркүйектің бірінші декадасында басталады. Қар жамылғысы 80-160 күн сақталады, ал биіктігі 25-50 см-ден жоғары болады. Суармалы және богара егістік жерлері бар. Дәндә және техникалық дақылдар егіншілігі дамыған. Қырғыз тауларының солтүстік бөлігі жазғы жайылым, Талас-Іле тауларының бөктері –көктемгі –жазғы жайылым ретінде пайдаланылады.

Қар жамылғысы территорияда негiзiнен желтоқсанның үшiншi онкүндiгiнде пайда бола бастайды. Көктемде қар 22-23 ақпанда еридi. Орташа жылдық жел жылдамдығы 3-5 м/с құрайды. Қатты желдi күндер саны-22 күн. Басқа агроклиматтық аудандарға қарағанда бұл ауданда жауын-шашын мөлшері көбірек. Ауа ылғалдылығының төмендігін жыл бойына 120 күн байқауға болады. Қар жамылғысы 80-160 күн сақталады, ал биіктігі 25-50 см-ден жоғары болады. Суармалы және богара егістік жерлері бар. Дәндә және техникалық дақылдар егіншілігі дамыған. Қырғыз тауларының солтүстік бөлігі жазғы жайылым, Кеңес-Қаратау тауларының бөктері –көктемгі –жазғы жайылым ретінде пайдаланылады.

Жер бедері

Байзақ ауданын жер бедері бойынша үш бөлікке бөлуге болады: таулы аймақ, тау етегіндегі әлсіз толқымалы жазықтық, Талас өзені алқабы.

Талас-Іле таулары Байзақ ауданының шығыс және солтүстік-шығыс бөлігіндегі үлкен ауданды алып жатыр. Таулы массивтер теңіз деңгейінен 1700-2600 м биік жоталармен көрсетілген. Жоталар бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қараған. Ауыл шаруашылық қатынаста – бұл жерлер жаз мезгілінде пайдаланылатын жайылымдар, кейбір жеке учаскелер егістік ретінде де пайдаланылады. Егіншілік массивтері терең сайлар, жартастармен бөлінген, олар ауылшаруашылық техникасын қолдануда қиындық туғызады. Сондай-ақ кейбір учаскелер шабындық ретінде қолданылады. Анархай қойнауы ауданның солтүстік бөлігінде жатыр, ол теңіз деңгейінен 800-1000 м қыр ретінде бейнеленген. Қыс және көктем –күз мезгілдерінде қой жаюға қолданылады.

Тау етегі аймағы ауданның орталық бөлігін алып жатыр. Бұл жерге Талас-Іле таулары кіреді, ал жер әлсіз толқымалы тау етегі жазықтығы болып бейнеленген. Жыртылған егістік жерінің үлкен көлемі ауыл шаруашылығы техникасын қолдануда өте қолайлы.

Талас өзені алқабы өзен бойын жіңішке сызық болып алып жатыр, екі террасы ретінде көрсетілген. Бірі – терраса өзен суы деңгейінен 0,5 м биіктікте , сондықтан жиі су басып жатады. Жекелеген учаскелер батпақтану дейңгейінде және қамыс көшеттері өте көп.

Шаруашылық қатынаста бұл территория жайылым және шабындық ретінде пайдаланылады. Терраса су деңгейінен 2,5-4,5 м биіктікте. Бұл учаскеде суармалы егіншілік жақсы дамыған.

Топырағы

Байзақ ауданының территориясы «Қазақстан жер қорын табиғи-ауыл шаруашылық аудандастыру» схемасына байланысты екі аймақта жатыр. Зерттелген территорияның орталық және оңтүстік-шығыс бөлігі Солтүстік Тянь-Шань округі (ІХ-2) Орта Азиялық таулы облысқа жатады.

Солтүстік және оңтүстік –батыс бөлігі Батыс-Қаратау-Қырғыз (VI-І-2)Оңтүстік Қазақстан провинциясының (VI-1) тау етегі – шөлді-далалық аймағында орналасқан.

Топырақ қабатының түзілуі құрғақ ыстық ұзақ жазымен, ауа құрғақшылығымен, жауын-шашын мөлшерінің аздығымен, яғни жылдам континенталды климатымен сипатталады.

Топырақ қабатының түзілуіне бұл жердің климаты септігін тигізеді. Абсалютті көрсеткіштердің көтерілуіне байланысты ылғалдылық артып, температура төмендейді, климаттық жағдай топырақтың түзілу процесстеріне өте тиімді болады және гумус мөлшері жоғарылайды.

Таулы және тау етегі – шөлді –далалық аймақтың топырақ қабаты 4 түрлі топырақ аймағына бөлінеді: қара-қызғылт, ашық-қызғылт, солтүстік кәдімгі сұр топырақтар және солтүстік ашық сұр топырақтар.

Наши рекомендации