Он бесінші тақырып: Бұзақылықтың алдын алу және криминологиялық сипаттамасы. 5 страница
Осы аталған кедендік шекараның ұзақтығы өкінішке орай кеден саласында жасалатын қылмыстардың ашылмай қалуына бірден бір себеп болып отыр.
Қазіргі таңда тағы бір қобалжытатын проблемалардың бірі тек қылмыстылықтың өсуі ғана емес, сонымен бірге оның сапалық өзгеруі. Ол дегеніміз қылмыстылық себептері мен оған ықпал жасау жағдайларының көбейуі және тиісінше, оны жасау механизімдердің түбегейлі өзгерісі. Бұл құбылыстар мен өзгерістерді әсіресе кеден саласында жасалатын қылмыстардың соңғы уақыттағы өсу қарқынынан және мемлекеттік уәкілетті органдарына оларды ашу мен әшкерлеуді аса қиындықтарды туғызып жатқандарынан байқауымызға болады.
Бүгінгі күні есірткі заттар мен құрамында есірткі бар өсімдіктердің, өзге де тауарлар мен көлік құралдарының заңсыз дүниежүзіндегі айналымы астрономиялық цифрларды құрап отыр. Соңғы уақытта есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды таратушылардың, яғни есiрткi саудасымен айналысатындардың қарттарды, қыз-келiншектердi, жасөспiрiмдердi өздерiнiң қатарына көптеп тартуы етек алып келедi, ал осылардың iшiнде болмашы ақшаға бола есiрткi заттарды тасымалдау үстiнде немесе осы есiрткi заттардың заңсыз айналымына байланысты басқа да қылмыстар жасап, ұсталып, қылмыстық жауаптылыққа тартылып отырғандары да аз емес. Cонымен қоса, кiшкене балалары бар әйелдердi наркокурьер ретiнде пайдалану белсендiлiгi айрықша алаңдаушылық туғызып отыр. Осы жылдың басынан берi Оңтүстiк Қазақстан облысында аталған қауiптi кәсiппен айналысқан 47 әйел ұсталған. Тараз қаласының тұрғыны О. наркокурьер ретiнде ақша табу мақсатымен Ресей астанасына кетiп бара жатқан жерiнде Түркiстан қаласында ұсталған. Оның заттарының iшiнен 410 грамм гашиш табылған. АҚШ-тың 500 доллары үшiн 747 грамм героинды Ресейге жеткiзуге келiсiп, кетiп бара жатқан Тәжiкстанның азаматшасы С. Шымкент станциясында ұсталған. Бұл қауiптi кәсiппен айналы суға әйелдердi бiр жағынан қазiргi уақытта итермелейтiн мұң-мұқтаждық болатын болса, басқа жағынан кейбiреулерiн жеңiл жолмен ақша табу мүмкiндiгi тартып отыр. Ал қылмыстарды ұйымдастырушылар, осы қылмыс жасауға әйелдердi тартатындар белгiсiз болып қалып отырады [189].
Павлодар обылысы бойынша КБК «Урлю - Тобе» кедендік бекетінің қызметкерлері кедендік қарау жүргізу барысында ВАЗ 2106 автокөлігінен аға «Граф» тұқымды орыс спаниелі қызметтік іздестіру итін қолданып ашық – сары түсті арнайы иісі бар, екі пакет затын Қырғызстан Республикасының 31 жасар азаматынан тапқан. Бұл көлік Қырғызстан Республикасының Ош облысынан Ресей Федерациясының Омск қаласына бағытталған еді. Эксперттің қортындысы бойынша, алынған зат есірткі затының ішіндегі ең ауыр түрі – герион, салмағы 1935 гр болған. Берілген факт бойынша ұсталған тұлғанын үстінен ҚР ҚК-нің 250 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды [190].
Соттық тергеу тәжiрибесiнде аталған адамдарды қылмыс жасауға кiмдер итермелеп, артында қандай адамдар тұр деген сұраққа бүгiнгi күнi ешкiм де жауап бере алмайды. Өкiнiшке орай, соттық-тергеу тәжiрибесiнде аталмыш әрекеттер анықталмай, баға берiлмей қалып отырады. Бұл жерде қылмысты адамдар саналы түрде өз еркiмен жасайтын болса сөз жоқ, онда жасаған әрекетiне байланысты қылмыстық жауаптылық көздеген нормамен жауаптылыққа тартылуы керек. Басқа жағынан, осы адамдарды осы қылмыстық әрекетке басқа бiреулер немесе қылмыстық топтар итермелейтiн болса, онда оларды анықтап қылмыстық жауаптылыққа тарту керек.
Есiрткi заттарының елiмiзде кеңiнен таралуына және жеріміз арқылы тасымалдауына , бiр жағынан, бiзбен көршiлес жатқан Ауғанстан, Пәкiстан, Тәжiкстан мемлекеттерiндегi саясаттың тұрақсыздығы да өз ықпалдарын тигiзiп отыр. Апиынның немесе героинның, сұранысы күштi басқа да есiрткi заттардың бағасындағы айырмашылық олардың заңсыз өндiрiлетiн жерлерiндегiмен салыстырғанда 5-10 есе қымбат [176, 22б.].
Зерттеу жүргiзу барысында көңiл аударып қараған маңызды мәселелердiң бiрi мемлекетiмiздегi құқық қорғау органдарының қызметкерлерiнен, жеріміз арқылы тасымалданып отырған есiрткiнiң бiздiң республикамыздың аймақтарына қай жерлерден келiп түсiп жатқаны жайлы жан-жақты бiлу болды. Оны мына төмендегi кестеден көремiз.
3 кесте - Қазақстанда заңсыз айналымнан алынған есiрткiлердiң шыққан жерi туралы мәлiметтер
Есiрткiнi жеткiзiп отырған елдер /аймақ/ | Құқық қорғау ограндары қызметкерлерiнiң жауаптары бойынша | Сотталған еркектер дiң және әйелдердiң жауаптары бойынша |
Шу алқабы Жамбыл облысы | 58,23% | 48% |
Өзбекстан | 16% | 4% |
Қырғызстан | 1,9% | 8% |
Тәжiкстан | 13,9% | 8% |
Қытай | 0,37% | 4% |
Солтүстiк Кавказ | 0,7% | 4% |
Пәкiстан | 0,7% | 8% |
Ауғанстан | 1,1% | 16% |
Осы көрсетiлген кестеден республикамызға келiп түсiп жатқан есiрткiлердiң шыққан жерiн анықтап сипаттауымызға болады. Өкiнiшке орай, қазiр дүние жүзi Қазақстанды Орталық Азиядағы аса мол мөлшерде каннабис өндiрiлетiн ел деп танып отыр. Құрамында тетрагидроканнабинол мөлшерi жоғары (4,5 %) жабайы кендiр Шу алқабының кем дегенде 138 мың гектар жерiнде өседi. Мамандардың есептеуi бойынша, осынша алқапты алып жатқан жабайы кендiрден кем дегенде 5 мың тонна марихуана өндiруге болады екен. Оның үстiне, ондай кендiр Талдықорған, Алматы, Қызылорда обылыстарының да едәуiр аймағында (шамамен 30 мың гектардай) өседi. Бұл жерлерде өскен жабайы кендiрдiң құрамындағы тетрагидроканнабинолдың пайыздық қатынасы Шу алқабында өсетiн жабайы кендiрден де жоғары болады екен [176, 23б.].
Бүгінгі күні көптеген елдер осы кеден саласында жасалатын басқа да қылмыстарға қатысты, соның ішінде, экономикалық контрабанда, шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруға қатысты қарқынды шаралар қабылдап, тиімді күрестер жүргізуде. Мәселен, кейбір ел үкіметтері тауарларға салық салу жүйесін қатаңдата отырып, контрабандистерге тұтынушылардың қажеттіліктерін заңсыз жолмен келген, қорғалған акциздік маркалар мен тауарлардан әлдеқайда арзан тауарлармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін арттырып отыр. Осының нәтижесінде, өкінішке орай, ұйымдасқан қылмыстылық саласы кеңге етек жайып, нығая түсуде, ал, мемлекет бюджетіне аса ірі мөлшерлердегі қаражаттар тауарларға салық салудан жасырылуы нәтижесінде түспей отыр. Өкініштісі - осы елдердің қатарында аталған жайт Қазақстан Республикасында да орын алып отырғандығы.
Сыртқы экономикалық саясатты және Қазақстанның ішкі нарығын мемлекеттік реттеудегі маңызды құралдарының бірі кедендік шекарадан өтетін тауарлардан алымдар алу ережесін қалыптастыру тәртібі болып табылады. Ал кеден төлемдері мен алымдарын төлеу тәртібін және оның тетіктерін бұзу еліміздің мемлекеттік ақшалық қорды құрау саласындағы экономикасына елеулі шығын келтіреді. Бұның қоғамдық қауіптілігі кінәлілердің негізсіз баюына, нарықтың сайыстық ережесінің әлсіреуіне, бюджетке келіп түсетін төлемдердің азаюына байланысты мемлекет мүдделерінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Айта кету керек кеден төлемдері мен алымдарды төлеуден жалтарғанға жауаптылық 1960 жылғы Каз КСР Қылмыстық кодексінің 81-бабында қаралып, кейін оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабында басқаша редакцияда берілуі (яғни кедендік төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару дәлелі бойынша) жаңа экономикалық қажеттіліктен туған жәйт. Өйткені, мемлекет кедендік саясатта әр алуан және қым-қуыт топтық қатынаста бір қарыс болса да, алға қадам жасауға шартты.
Бізге белгілі, кедендік төлем төленбей жалтарылған, бірақ елге енуіне ешбір тыйым салынбаған тауарлар контрабандалық болып есептелмейді. Бұл жағдайдың сипаттамасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 7-тарауының 214-бабында айтылған. Онда ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Бұл жерде соттық-тергеу практикасында қиындық тудыратын бір тұсы бар, ол тауарлар елге әкелінген соң салымы жасалмаса ғана шара қолданылады. Демек аталмыш бапта тағы бір мәселенің қыры қамтылмаған: ол көбіне сыртқы экономикамен айналысатын тасымалдаушының тауарын әкелерде біраз төлемдерді жасап болып, кеден төлемдері мен алымдарды төлеуден жалтаруы.
Бұл жерде егер тауар Қазақстан Республикасы аумағына заң шеңберінде жөнелтілген болса, ал төлемі жасалмаса, онда оны контрабандалық тауар деп таңа салу қисынсыз.
Бүгінгі күні тағы бір көтеретін өзекті мәселелердің бірі ол кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарумен жалған экспорттің көбеюіне септігін тигізі. Бұл заң бұзушылықтың астарында экспортталған тауардың кейде әдеттегі құнынан әлдеқайда арзан тұратындығында болып отыр. Сол себепті кеден саласында белең алып келе жатқан яғни тауарларды экспортқа шығарады деп көрсетіп түптеп келгенде ел ішінде сатылуы одан түсетін пайданың қомақтылығынан туып отыр. Бұлар мынадай жолмен жасалады яғни «тауар Қазақстаннан шетелге жөнелтілді» деген кеден органының жалған мөрі басылады. Ал шын мәнінде шетелге тауар шығармақшы болған кәсіпкерлердің кейде құжаттары да дұрыс болмай,. яғни шетелге тауарларды шығаруға рұқсатнамасы да, басқада құжаттары, тіпті, халықаралық тасымалға деп берілген лицензиясы да болмай шығады.
Сонымен қатар қазіргі уақытта керісіншен кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару кедендік тәртіппен ресімделетін тауар санын өтірік жою арқылы да жүзеге асып келеді. Бұл заңбұзушылық кезінде кеден қызметкерлеріне тауар иелері «ел территориясына әкеліп жатқан тауардың құжатында өзгерістер енгізіп оның көзі жойылды» деп, дақпырт мәлімет береді. Ал шындығында мұндай тауарлардың оннан бір бөлігі ғана жойылып, басым бөлігі алдын-ала бір шекара мен екінші шекара, яғни бекет аралығында-ақ сатылып қоюы мүмкін.
Өкінішке орай көптеген кеден саласында жасалатын құқықбұзушылықтар, бүгінгі күні ірі партия мөлшеріндегі мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, спирттік өнімдерді экспортқа шығару кезінде де орын алып отыр. Яғни шет елдердің алпауыт кәсіпорындары мен Қазақстанның мұнайы тасымалданып, олар әрі қарай басқа шет елдерге сатқанда, кедендік рәсімдеу құжаттарында мұнайдың соңғы жеткізілетін нүктесі болып, алғашқы елдері ғана көрсетіледі. Ал заңбұзушылықтың бұл түріне көбіне-көп кеден органының қызметкерлерінің өздері де «ат салысып» отыр. Бұл мәселеге қатысты кеден бекетінен өткен тауар келесі бір нүктеге жеткізілді ме, жоқ па, ол жағы анықталмайды. Бұған тіпті, тауардың жеткізілген, жеткізілмегендігін растап беретін жақ та сауалға жауап бермейді.
Бәрімізге белгілі бүгінгі күні біздің елімізде шет елдік инвесторларға өз инвестициялық міндетгерін мүлтіксіз орындауда көптеген жеңілдіктер берілген. Оларға берілген жеңілдіктер тек қана шетелдік мердігерлер мен субмердігерлерге ғана қатысты болғанымен заңдылық және қаржылық тұрғыдан алып қарағанда да, мердігер компания мен жалға (арендаға) алынған мекеменің арасындағы айырмашылығы едәуір екені белгілі. Бұл жерде ҚР Үкіметі инвесторларға осындай жеңілдіктер жасай отырып, отандық кәсіпорындардың кәсіби деңгейін көтеріп, материалды-техникалық базасын нығайтып, сонымен қатар кезінде болған жұмыссыздық проблемасы мен бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуді көздегені айқын. Дегенмен осындай жеңілдіктің арқасында еліміздің көмірсутегін өндіру және өңдеу жұмыстарына қазақстандық компаниялардың тең дәрежеде қатысуына мүмкіндік бермей отырған компаниялардың кеден саласындағы құқықбұзушылықты жасауы бізді қынжылтады.
Қазіргі таңда каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін (секторын) игерудің ең бір ірі жобаларының бірі "Қашаған" кен орнын игеру жұмыстарын "Аджип КСО" компаниясы жүзеге асырып отыр. ҚР Үкіметімен Консорциумның арасындағы келісімшартқа сәйкес аталған оператор мен оның мердігерлері ҚР-ның территориясына мұнай-газ жұмыстарын жүргізу үшін қажетті тауарларды тасымалдаған уақытта кедендік салықтар мен баж салығынан босатылады. Дегенмен соңғы кездері "Аджип КСО" компаниясы мен мердігер мекемелері осы құқықтарын да асыра пайдаланып, өз жобаларында тікелей қаралмаған жүктерді рәсімдеуде артықшылықтары мен жеңілдіктерін пайдаланып отырғаны да анықталды. Мәселен, N 50702/07062/ 000706 кедендік рәсімдеуден өткен жүктің заңдылығы тексерілгенде, жалпы кұны 238 790 АҚШ доллары тұратын 1000 Биодиск мен құрастырмалы кұрылыс конструкцияларын орнатқан "Энка Иншаат ве Санайи" компаниясы заңсыз жеңілдіктер қолданып, кедендік салықтар мен баж салығынан босатылғаны, әуел баста бұл тауар Түпқараған аудандық әкімшілігіне берілген болып есептеліп, соған сәйкес жалпыға бірдей тәртіп бойынша 8 437 750 теңге салық кана төленгендігі мәлім болды.
Сондай-ақ "Аджип КСО" компаниясының бұрынғы мердігер кәсіпорындары да мерзімді кедендік төлемдер мен салықтарды төлемеу мақсатьнда бірқатар заңсыздықтарға барғандығы белгілі болды. Ал мұның өзі - мемлекет қазьнасына түсуге тиісті қаншама қаражаттан қағылдық деген сөз. Мысалы, "Аджип КСО" мсн "Паркер р Интсрнэшл ЛТД" компанияла-рының арасындағы А15 "Сұңқар" жүзбелі бұрғылау қондырғысының кызметін ұсыну жөніндегі келісімшарттың уақыты 2003 жылдың караша айында бекіткен болатын. Сол уақыттан бастап "Пар-кер Дриллинг Интернэшнл ЛТД" компаниясының кедендік салықтар мен төлемдерге деген жеңілдіктері де тоқтатылды. Уақытша режим бойынша әкелінген "Сұңқар" бурғылау кондырғысы мен оның құрамына кіретін кұрал жабдықгар меи материалдар ҚР Кедендік Кодексінде қаралған мерзімдік төлемдер мен салықтары төленбеген күйінде әлі күнге Қазақстан территориясында кальп отыр. Екі компания арасындағы клісімшарттың күші жойылған сәттен бастап бұл компанияның салық режиміндегі жеңілдіктері де алынып тасталғандықтан, ол мекеме төрт ай ішінде жинақталып қалған 582 миллион теңгеге қоса сот алқасының шешімі бойынша 230 млн. теңгедей төлемдер мен салықтарды төлеуге міндетті [191].
Сонымен қоса, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттігінің Ақтөбе облыстық департаментімен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 213-бабына сәйкес шетелден шетел валютасындағы қаражаттарды қайтармаған фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, олар 2004 ж. Қытайдың «Тянь-шань» химиялық-инженерлік фирмасының шарты негізінде Қазақстан Республикасындағы тұзқышқылын өндіру объектісі техникалық-экономикалық жобасы бойынша шетелден жалпы сомасы 60 мың АҚШ доллары (7,8 млн. теңге) көлеміндегі заттарды кері қарай қайтармаған. Бұл қаражаттар Қазақстан Республикасының Валюттік реттеу туралы заңнамаларына сәйкес 180 күндік мерзім ішінде өкілетті банк шотына түсуі қажет еді.[192].
Оған қоса, Ақтөбе облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменті кедендік қылмыстарды ашу бағытында жұмыстар жасап 2006 жылы кеден баждары мен салықтарынан жалтару бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» және «ККМ Operating Company» АҚ-ның қызметкерлеріне қатысты 2 қылмыстық іс қозғады. Төленбеген кеден төлемдері мен алымдарының көлемі 9,8 млн. және 10,4 млн. соманы құраған. Келтірілген шығын толығымен қайтарылған. [193].
2004 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның лауазымды тұлғалары экономикалық контрабандамен айналысқаны әшкереленді. Оларға қатысты жүргізілген тексеру кезінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 1998-2001 жылдары аралығында «СУАР мұнай-өндірістік басқармасының Синъцзян зерттеу институтымен» жоба және зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатымен жалпы сомасы - 21,6 млн. АҚШ долларына. жасау жұмысына шарт жасасқан. Әрі қарай «СУАР мұнай-өндірістік басқармасының Синъцзян зерттеу институтының» Ақтөбе облысындағы өкілі азамат Чень Цзюань 2001-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Кеден кодексі мен «Экспорттық-импорттық бақылау туралы» инструкция талаптарын бірнеше рет бұза отырып, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жоба-сметалық құжаттарды қағаз тасымалдаушы арқылы декларацияламай өткізген, ол оны өз кезегінде мәміле төлқұжатын ресімдеу кезінде міндетті түрде декларациялауы тиіс еді. ҚР кеден шекарасы арқылы өту кезінде азамат Чень Цзюань «Жаңажол газөндіру жаңа зауытын салу» объектісінің құжаттарын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ капиталдық салу Департамент адресі берілді. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ адресіне құжаттардың жолданғандығы көлбеу арқылы расталып отыр. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның, «СУАР мұнай-өндірістік басқармасының Синъцзян зерттеу институтына» 21,3 млн. АҚШ доллары көлемінде төлем жүргізген.
Сарапшының қорытындысына сәйкес көлбеудегі қолтаңбалар Чень Цзюаньмен қойылған.
Осыған сәйкес, «СУАР мұнай-өндірістік басқармасының Синъцзян зерттеу институтының» инженері Чень Цзюань ҚР кеден шекарасы арқылы айналысы шектелген тауарларды декларацияламай өткізген, оларға өз кезегінде кеден шекарасы арқылы өткізудің арнайы ережелері қойылған. Бұл тауарлар – ТНВЭД кодына сәйкес келетін қағаз тасымалдаушысындағы жобалық-сметалық құжат, жалпы сомасы 2,8 млрд. теңге ҚХР-нан ҚР аумағына алып келінген. Осы факт бойынша ҚР ҚК 209-б. 2-б. «а» тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, кейін ақталмау негізіне байланысты қысқартылды.[194]
Соңғы кездері кеден бекеттеріндегі «беттің арын белбеуге түйіп», сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа белшесінен батып, жең ұшынан жалғасқан қылмыстың өршуі халықтың кеденшілерге деген сенімін азайтып отыр. Кедендердегі кеселді әнгімелер, кеденшілер туралы езутартарлар бұрыннан айтылып келеді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің соңғы мәжілісінде мұның бәріне тосқауыл қою керек деп кесіп айтты. Содан бері талай қылмыстың беті ашылып жатыр. Бір қатар кеден басшылары орнынан алынды. Парамен ұсталып жатқандар қаншама! Бірақ «ауру қалса да, әдет қалмайды» дегендей, кеден бекеттерінде «бармақ басты, қөз қыстымен» жүк жөнелту, көпе-көрнеу заңды белден басу әлі де тиылмай отыр.[195] Демек кейбір кеден органдарының қызметкерлері жеке басының пайдасын күйттеп әтүрлі кеден саласында жасалатын қылмыстарға ықпал жасап отыр деуге негіз бар. Себебі кейбір кеден саласында жасалатын қылмыстардың кеден органдарының қызметкерлерінсіз іске аспайтыны да белгілі. Тіпті еліміздің егемендік алып, экономикалық дамуының алғашқы жылдарында кеден органдарының қызметкерлері, пара алып, ірі тауарлар мен саяхаттардан пайда түсіріп, өтірікпен кейбір кәсіпкерлерге қатысты жеңілдік ұйымдастырғаны да айқын. Бүгінгі күні де кеден органдарының қызметкерлерінің арасында кеден саласында жасалатын қылмыстармен күрес жүргізудің орнына өздері белден батып отырған келеңсіз көрініс, деректер жеткілікті. Естеріңізде болса, 2006 жылы сәуір айының соңғы күндері Семей қаласында ШҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлері Қытайдан әкелінді деген жорамалмен 94 тонна контрабандалық шошқа еті тиелген автокөлікті ұстап, біраз шу көтерілгенді. Мал дәрігерлік талдау көрсеткендей, шошқа еті өмірге аса қауіпті инфекциялық ауру-сібір жарасын жұқтырған болып шықты. Соған орай барлық қауіпсіздік шаралары қолданыла отырып, аталмыш жүкті жою туралы шешім қабылданды. Ал, 2005 жылдың желтоқсан айында Үржар ауданында ҰҚКД қызметкерлері халық тұтынатын товарларды контрабандалық жолмен алып өтуге әрекеттенген 17 машинаны ұстаған. Бұл машиналар бос, жүк тиелмеген деп, шекара қызметкерлерінің және «Бақты» кеденінің бақылау-өткізу бекетінен ешқандай кедергісіз өтіп кеткен. Сібір жарасын жұқтырған шошқа еті тиелген авто көлікті де «Майқапшағай» кеденнен Семейге дейін ешкім ұстамаған. Уақытында осы екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 209 бабымен экономикалық контрабанда қылмыстық іс қозғалды. Сібір жарасын жасырын жұқтырған контрабандалық ет тиелген автокөлік ұсталғаннан кейін екі кеден басшысы ауыстырылған. ШҚО бойынша КБД бастығы Е.Әбдірахмановтың айтуынша, республикамыз бен ҚХР кедендерінің статистикалық мәліметтері арасындағы сыртқы сауда айналымы цифрларының алшақтығы Қазақстандық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлығы үшін айыптауға негіз болады. Себебі экспорт-импорт операциялары бойнша алшақтық үш миллиард 179 миллион 556 мың 792 АҚШ долларын құраған [195].
Мәселен Б.Әбдішевтің журналистерге берге сұқбатында бүгінгі күні контрабандаға қарсы күрес толық түрде жүргізілмей отыр. «Жеткіліксіз жұмыс» республикамыздың оңтүстігіндегі «Қордай» мен «Бақты» кедендеріндегі егжей-тегжей даулылық жұмыстардың нәтижесі. Соған байланысты кеден бекет басшылары жүргізілген тергеу жұмыстарының барысында жұмыс орнынан босатылды. Өкініштісі Қытайдан Қырғызстанға одан «Қордай» кедені арқылы жалған өткізілген тауарлардың деректері анықталған, сондай-ақ «Бақты» кедені бойынша Қытайдан Қазақстанға рұқсатнамасыз жүк тиелген көлік құралдары бос деп өткізіліп, соған байланысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл келеңсіздік жағдайға қатысты Алматы қаласы Кеден Департаменті бастығының «құқық қорғау блогын» қадағалайтын орынбасары орнынан босатылып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған [196].