Сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 3 страница

Қызметтiң басым түрлерiне тiкелей отандық және шетелдiк инвестициялар ағыны өсiмiнiң есебiнен ел экономикасын теңгермелi дамытуды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасына 2003-2005 жылдар кезеңiнде тiкелей инвестициялар тарту бағдарламасы әзiрленiп, оның негiзгi бағыттарының бiрi өңдеушi өнеркәсiптi дамыту болып табылады.

Алайда, өңдеушi өнеркәсiптiң, оның iшiнде инновациялық сектордың салалары жеке инвестор үшiн тартымсыз болып қалып отыр. Осыған орай өңдеушi өнеркәсiпке жеке инвестициялар тарту үшiн қолайлы инвестициялық жағдай жасау мемлекеттiң мiндетi болып табылады.

Жеке инвестицияларды тарту процесiн ынталандырудың экономикалық тетiктерi ретiнде инвестициялық салық преференциялары, мемлекеттiк заттай гранттар және "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтiң басым түрлерi кәсiпорындарының тiркелген активтерiне салымдарды жүзеге асыратын инвесторларға берiлетiн бiрқатар кепiлдiктер қолданылатын болады. Алайда Заңда көзделген преференциялар (артықшылықтар) аталған салалардың коммерциялық тартымсыздығымен салыстырғанда берiлетiн жеңiлдiктердiң сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, индустриялық-инновациялық сектордың салаларын дамытуға тиiсiнше ықпал ететiн жағдайда емес. Осыған орай оларды фискалдық саясат шараларымен толықтыру қажет.

Экономикалық тетiктердiң қолданылуы ұйымдық сипаттағы iс-шаралармен толықтырылуы тиiс. Қазақстан Республикасының және оның өңiрлерiнiң инвестициялық мүмкiндiктерi туралы ақпаратты ұсыну көлемi мен сапасы инвесторлардың ел экономикасына капитал салу туралы шешiм қабылдауына айтарлықтай әсер етедi. Осыған байланысты инвестициялық мүмкiндiктермен таныстыру жөнiнде жүргiзiлетiн жұмыс аясында индустриялық-инновациялық сектор салаларын дамытуға күш салынуы тиiс. Перспективалы жобаларды iздестiру жөнiнде ықтимал инвесторларға да, жеке инвесторды қызықтыратын инвестициялық жобаларды сәйкестендiретiн әрi әзiрлейтiн кәсiпорындарға да тiкелей қызмет көрсететiн ақпараттық-консультативтiк орталықтарды тiкелей өңiрлердiң өзiнде құру жөнiнде жұмыстар ұйымдастырылатын болады.

Индустриялық-инновациялық дамудың iрi инвестициялық жобаларын бiрлесе iске асыруда инвесторлармен, әсiресе трансұлттық компаниялармен ақпараттық-тұсаукесер iс-шараларын өткiзуден гөрi барынша белсендi сұхбат жүргізуге көшу қажет.

Бұдан басқа, басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет мыналарға бағытталған шараларды қолға алады:

миноритарлық акционерлердiң құқықтарын қорғауды күшейту және корпоративтi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;

кәсiпорындарды тiркеудiң оңайлатылған жүйесiн енгiзу;

қызмет түрлерін лицензиялаудың ашық жүйесiн құру;

қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жеделдету.

Өнеркәсiптi жаңғыртудың басым бағыттарын анықтау үшiн отын-энергетикалық кешеннiң (ОЭК) және экономиканың басқа да базалық салаларының инвестициялық және өндiрiстiк әлеуетiн пайдалану

Iрi инвестициялық жобалар өзiнде шоғырланған және өнiмнiң әрбiр өзгерту сатысында қосылған құны мөлшерiн арттыру арқылы технологиялық тұрғыдан бiрнеше қайтара өзгертуге болатын өнiмдер шығаратын өндiрiс орындары ҚҚТ әдiсi бойынша бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi дамыту мен қалыптастыру алаңына немесе базасына айналуы тиiс.

Iс жүзiнде барлық мұнай экспорттаушы елдердi дерлiк өз экономикасын әртараптандыру проблемасы алаңдатады. Дүние жүзiнде осы бағытта бiраз тәжiрибе жинақталған.

Мұнай және мұнай өнiмдерiне конъюнктура өзгерiстерiнiң әсерiн төмендету мақсатында аса iрi мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылдықта мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебiнен экономиканың өндiрiстiк құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шараларды iске асыруда. Осымен бiр мезгiлде дамыған елдер экономикасынан кiрiс алу мақсатында басқа елдерге капитал экспорттау жұмысы жүргiзiлуде.

Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсiбiне жылдан жылға көбейiп келе жатқан инвестициялар көлемi экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып табылады.

Осыған байланысты, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негiзгi қозғаушы "локомотивтерiнiң" бiрi болып табылады, онда күнiлгерi бағалау бойынша көмiрсутектердiң жалпы қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайды, ол күтiлiп отырғандай, Қазақстанда көмiрсутектер өндiрудiң неғұрлым елеулi өсiмiн қамтамасыз етедi.

Перспективада қайраңдағы кен орындарынан мұнай өндiру жылына 150-200 млн. тоннаға жетiп, 25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы мүмкiн.

Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi тұзды кен орындары мұнайда сұйылған газдың құрамы жоғары - шамамен 60% көлемiнде болуымен сипатталады. Қашаған кен орнының мұнайында ғана алынатын газдың қоры Қарашығанақ кен орнының қорымен ғана теңесуi мүмкiн деп күтiлуде.

Тұтастай алғанда Қазақстанның орта және ұзақ мерзiмдi перспективасында ОЭК-iнiң дамуы КТҚС-ның дамуымен айқындалатын болады, өйткенi 2006 жылдан кейiн оншорлық кен орындарында өндiрудiң өсуi шамалы болады.

Каспий өңiрi көмiрсутегiн өндiрудiң өсуiне, магистральдық, оның iшiнде экспорттық мұнай және газ құбырларын, жүктердi сақтау және ауыстырып тиеу үшiн теңiз порттары мен порт құрылыстарын, мұнай құятын және газ толтыратын темiр жол терминалдарын салуға, электр энергетикасында және телекоммуникациялық инфрақұрылымда жаңа қуаттарды енгiзуге байланысты Қазақстанның жалпы экономикалық қарқынына едәуiр көлемде әсер ететiн инвестициялық және өндiрiстiк белсендiлiктiң қуатты өсуiн бастан кешiретiн болады.

Каспийде көмiрсутегiн өндiрудiң дамуы мұнай-химия индустриясы үшiн отандық шикiзат базасының қалыптасуына жағдай жасайды. Iрi инвесторларды тарта отырып, Қашаған кен орнының өнеркәсiп аймағының маңында iлеспе табиғи газды ұқсату жөнiндегi мұнай-химия кешенiн салу жоспарлануда. Кешен мұнай-химия өнiмдерiнiң сұйық және бастапқы компоненттерiнiң ауқымды бөлiгiн - этан, пропан, бутан, гексан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол және басқаларын, олардың негiзiнде пластикалық массалар мен эластомерлер алуға мүмкiндiк бередi.

Алдағы он бес жылда Қазақстан мұнайын өндiрудi дамытуға инвесторлар 80 млрд. AҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет бiлдiруде. Бұл қаражат iске қосылатын кәсiпорындардың жұмысын қамтамасыз ететiн өндiрiстiк, инфрақұрылымдық және әлеуметтiк объектiлер салуға жұмсалатын болады.

Аталған инвестициялық жұмсалымдар тауарлар мен қызметтер көрсетулердiң ауқымды түрiне сұраныс тудырады, олардың бiр бөлiгi Қазақстан жағдайы үшiн уақытша сипатта болады, ал басқа бөлiгi мұнай қорлары сарқылғаннан кейiн де сыртқы және iшкi рыноктарда қажет болатын өндiрiстер құруға бағытталатын болады.

Мысалы, Каспий жағалауының инфрақұрылымын дамыту демалыс және ойын-сауық индустриясын құру үшiн, теңiз порттары - жүктердi тасымалдаудағы көлiк шығыстарын азайту үшiн, машина жасау зауыттары баржалар, жүк, кәсiпшiлiк және әскери кемелер, жабдық пен тұрмыстық техниканың мол ассортиментiн шығару және т.б үшiн алғышарт жасайды.

ҚҚТ дамыту бөлiгiнде шикiзатты ұқсатуды кеңейте түсудiң жақсы перспективалары бар.

Мұнай мен газды ұқсатуды кеңейте түсу iс жүзiнде экономиканың барлық салалары мен тұрмыста пайдаланылатын полимерлiк бұйымдардың шамамен 200 түрiн шығаруға мүмкiндiк жасайды. Осы бағытта ҚҚТ-ны дамыту көп салалы трансұлттық корпорация құруға жағдай жасайды.

ҚҚТ-ны дамыту үшiн металлургия өнеркәсiбiнде жақсы перспективалар бар. Қазақстанда Д.Менделеевтiң периодтық жүйесiнiң 100-ге жуық элементiн қамтитын минералдық рудалардың қорлары бар КСРО тұсында оның 74 элементi өнiмiнiң алуан түрiне пайдаланылады. Қазақстанның түстi металлургия өнiмi ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы тауарларды - ғарыш аппараттарын, қару-жарақ, электр техникасын жасауда пайдаланылды.

Қазақстанда түстi, асыл және сирек кездесетiн жер металдарының кең ауқымды мөлшерiн күрделi және қоры аз рудалардан, руда үйiндiлерiнен, металлургиялық шлактар мен қайта өңдеу қалдықтарынан алу жөнiндегi ғылыми-инновациялық әзiрлемелердi түстi металлургия кәсiпорындарында енгiзудiң осы саласында да зор ғылыми әлеуетi мен тәжiрибесi бар. Металлургиялық қалдықтар мен руда үйiндiлерiн ұқсату жөнiндегi жаңа технологияларды енгiзу орта мерзiмдi перспективада қосылған құны жоғары өнiм алуға мүмкiндiк бередi.

Қазақстанға iрi инвестициялардың ағылуы түстi металлургия, химия және жиhаз өнеркәсiбiнiң өнiмдерiне және т.б. сұраныс тудырады. Осының бәрiн мұнай мен газды және металдарды өңдеудi кеңейте түсу есебiнен Қазақстанда шығаруға болады әрi болашақта бұл өнiм әлемдiк рынокта өз орнын табады.

Қазақстан әлемдегi iрi астық өндiрушiлердiң бiрi болып табылады. Астық өңдеу процесiн тереңдету көп салалы ҚҚT-ны құрудың негiзгi базасы болуы мүмкiн. Осындай тiзбектi дамытудың бағыттары астық өңдеудiң технологиялық процесiн кеңейтуден де, жемшөп өндiру, мал шаруашылығы, ет пен сүт өнiмiн шығаруды дамытудан да көрiнедi. ҚҚТ-ға, сондай-ақ элеваторлар да, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштарды шығару жөнiндегi зауыттар да, табиғи тағам бояғыштарын, фармацевтикалық бұйымдарды, биотехнология өнiмдерi мен басқаларын шығару жөнiндегi кәсiпорындар да кiредi.

Экономика құрылымын және қазақстандық экономиканың экспорттық бағытын әртараптандырудың аталған бағыттары әлеуеттi тұрғыдан басым бағыт болып табылады. Алайда ұсынылып отырған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiндегi түпкiлiктi шешiмдi ҚҚT әдiсi бойынша аталған өнiмдердi барынша қайта өңдеу бөлiнiсiнде дамыту мүмкiн болатын бәсекелестiк артықшылықтарды егжей-тегжейлi талдаудан кейiн ғана қабылдау қажет.

ҚҚТ әдiсi бойынша экономиканың басым салаларын айқындау кезiнде ҚҚТ-ның одан әрi дамуын көздейтiн бiрлескен өндiрiстердi ұйымдастыруға орай ТҰК өңiрлiк өкiлдерiмен экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету қажет.

Электр энергетикасында өткiзiлген реформалардың нәтижесiнде тұтытынушылардың электр энергиясын жеткiзушiлердi еркiн таңдауы, субъектiлердiң электр желiлерiне еркiн және кем қойылмай қол жеткiзуiне негiзделген электр энергиясы мен қуаттың бәсекелес көтерме рыногы ойдағыдай жұмыс істеуде.

Электр энергетикасын одан әрi реформалау рыноктағы өзгерiстердi тереңдетуге, электр қуатының биржа саудасын жасау мен дамытуға, электр қуаты саласындағы қызмет көрсетулер арнасын кеңейтуге бағытталады.

Өткiзiлетiн реформаларды қолдау мен саланың одан әрi дамуы үшiн, қуатты өндiретiн және тасымалдайтын кәсiпорындардың құрал-жабдықтарын жаңарту үшiн инвестициялардың өсуiн қамтамасыз ету қажет.

Электр желiлерi компаниялары үшiн инвестицияларды тартуды ынталандыру мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң орташа кезеңдегi мерзiмге қызмет көрсетулерiне, инвестициялардың қорғалуы мен нормативтерден тыс шығындарды қысқартуға олардың бағытталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк беретiн жаңадан прогрессивтi тәсiлдерiн енгiзу қажет. Тарифтердi белгiлеудiң жаңа тәсiлдерiн iске асыру тарифтердiң өсуiне әкеледi, осыған байланысты, халықтың табысы аз бөлiгiн қолдау шараларын бiр мезгiлде қолдану қажет.

Бұдан өзге, электр қуатын тарату көлемiнiң өсуiнiң негiзгi өлшемiнiң бiрi болып табылатын электр энергиясын тарату жөнiндегi қызметтерiне белгiленген тарифтерге азайту коэффициенттерiн беру арқылы тарифтердi белгiлеудiң икемдi әдiстерiн енгiзу қажет.

Азайту коэффициенттерiн енгiзу отандық тауар өндiрушiлер мен республиканың экспортқа бағытталған кәсiпорындары өнiмiнiң бәсекеге қабiлетiн қолдауға мүмкiндiк бередi.

Электр және жылу энергиясына тарифтердi реттеу саясатын жүргiзу кезiнде мынадай факторлар ескерiлетiн болады:

электр энергиясының төмен тарифтерi экономиканың маңызды мiндеттерiнiң бiрi - дамыған елдерден 3-4 есе жоғары болып тұрған өнiмнiң энергияны қажетсiнуiн азайтуға ықпал етпейдi. Арзан ресурстарды ешкiм үнемдемейді;

бүгiн бюджет бiр жағынан төмен тарифтер есебiнен табиғи монополистердiң қызмет көрсетулерiне бюджеттiк ұйымдардың жұмсайтын шығыстарын арзандатудан пайда тауып отырғанын, сонымен қатар ол салықтарды толығымен алмайтынын талдау көрсетiп отыр.

Сол себептен, электр қуатына тарифтердi едәуiр көтеру қажет. Бұл қадам кәсiпорындарды өнiмгe энергияның жұмсалуын төмендету жолымен жүруге мәжбүрлейдi, оларды жаңартылуына қозғау болады.

Тарифтердiң өсуi бiрқатар тұтыну тауарларының бағаларын және тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсетулерге тарифтердiң өсуiне, халықтың соған орай шығыстарының өсуiне әкелетiнi сөзсiз. Сондықтан халықтың табысы төмен бөлiгiн қолдау шараларын бiр мезгiлде қолдану қажеттiлiгi туындайды. Мұны күнкөрiстiң төменгi деңгейiн, ең төменгi жалақы мен зейнетақыны көтеру арқылы немесе халықтың ең кедей бөлiгiне атаулы қаржылай көмек көрсету арқылы жасауға болады.

Сонымен, табиғи монополистердiң қызмет көрсетулерiне, атап айтқанда электр қуатына тарифтердiң өсуi табиғи монополистердiң ғана емес, бүкiл ұлттық экономика тұрғысынан алғанда болмай қоймайды әрi өзiн-өзi ақтайды. Осымен бiр мезгiлде бұл компаниялардың өндiрiс шығындарының құрамы мен көлемiнiң негiздiлiгiне де мониторинг қажет.

6 Дәріс. . Айналым капиталы

Жоспар:

йналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері. Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні.

сіпорындағы айналым қаржылардың элементтерін үнемдеу. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне айналым капиталды басқаруының әсері. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

1.Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталы бір-бірімен тығыз байланысты. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізеді және де керісінше.

Айналым қорлары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Айналым корлары2 бөлімнентұрады:

- өндірістік айналым қорлары;

- айналыс қорлары (фонды обращения).

Өндірістік айналым қорларыөнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.

Өңдірістік айналым корлары мынадай топтарға бөлінеді:

1. Өндіріс қалдықтары (запастар).Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның қосалқы бөлшектердің қалдығы (запастар), бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.

2. Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.

3. Болашақ кезеңдердің шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығындар.

Айналыс қорларының кұрамынадайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары жатады. Айналыс қорларына жатады:

1. Дайын өнім - техникалық бақылаудан өткізілген шығарылған дайын өнім. Олар өндіріс процесі аяқталған соңәрі қарай орап, қораптап сатуға дайындауға дейін қоймаларда сақталады. Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, қажетті құжаттар толтырылған соң, дайын өнім тұтынушыға жөнелтіледі.

2. Ақша кұралдары - кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді және басқа да ұйымдар мен мекемелерге атқарған кызметтері үшін төлемдер төлеуіне жұмсалатын қаржысы.

3. Дебиторлық берешек - заңды ұйыммен немесе жеке адаммен шаруашылық өзара арақатынастық қорытындысында, кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген борыштың сомасы. Кәсіпорынның дебиторлық берешегі болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мұқтаждыққа жұмсалғандығы, демек кәсіпорын жұмысындағы елеулі кем-шілік ретінде қаралады.

Нормаланбаған айналым қаражаты - айналым саласында жұмыс істейтін жоспарланбайтын қаражат. Оған мыналар жатады: төлеу мерзімі басталмаған жөнелтілген тауарларға, сатып алушылар мерзімінде төлемеген, жөнелтілген тауарларға, сатып алушылардан жауапкершілікпен сақтауға алынған тауарларға жұмсалған қаражат; банкідегі есеп айырысу шотесебіндегі, кассадағы, аккредитивтердегі, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың жүк айналымы бойынша ерекше шотесептеріндегі ақшалай қаражат, есеп айырысудағы қаражат, т.б.

Кәсіпорынның қаржыларының айналым қорларын нормалау-кәсіпорындарға, ұйымға өздерінің қалыпты жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең аз қажетсінудің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану өндіріс пен айналыста тауар мен материалдық құндылыктардың қосалқы қорларын қысқартуға, өнімді өткізуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына және т.б. септігін тигізуге жағдай жасайды.

Бұл арада айналым қаражатының нормативі қолданылады.

Айналым қаражатының нормативі– тауар – материалдық құндылықтардың босалқы қорларының өнімді өндіру мен өткізу жоспарын орындау үшін жеткілікті, экономикалық тұрғыдан негізделген ең аз мөлшері. Әдетте, таяу күндері белгіленеді. Ол кәсіпорынға, бірлестікке, ұйымға өздерінің қалыпты, толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар – материалдық құндылықтардың ауыспалы босалқы қорлар құрау үшін қажет. Норматив айналым қаражатының жекелеген элементтері бойынша және жалпы нормаланатын айнымалы қаражаты бойынша айқындалады.

Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді:

-меншікті айналым қаражаты;

- қарызға берілген айналым қаражаты.

Меншікті айналым қаражат - кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражатының бір бөлігі.

Айналым қаржылары (капиталы) – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым кұралы өзінің заттай түрін өзгертіп немесе жойып, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Өнеркәсіпте айналым қаржылары негізгі екі топқа - айналым құралы және айналым қорлары болып бөлінеді. Айналым өндіріс қоры өндіріс шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат, аяқталып бітпеген өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетіктер, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер т.б. Айналым өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарлағанда табиғи және ақшадай көрсеткіште сипатталады.

Айналым қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп-шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген жердегі ақша қаражаттары жатады.

Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.

Айналым құралы айналымдық үрдісінде үш сатыдан өтеді: біріншісі – ақша (еңбек бұйымдарын дайындау), екіншісі – өндіріс (өнімді дайындау үрдісі), үшіншісі – тауарлы (дайын өнімді сату), яғни кәсіпорында ресурстар тауарлы өнімге айналып, сатылғаннан кейін жаңа ақша қаражатына айналады (А-А1). Өнімді сатудан түскен жаңа ақшаға кәсіпорын жаңадан еңбек бұйымдарын сатып алып, өндіріс құралдары жаңа айналымдылық шеңберіне ауысады.

Наши рекомендации