Тақырып 10: Мәдениет және қоғам

1.Мәдениет ұғымы.

2.Мәдениеттің құрылымы. 3.Субмәдениеттер және контрмәдениеттер.

4.Тіл және оның қоғамдағы атқаратын рөлі.

5.Мәдениеттің түрлі формалары: этномәдениеттер, қалалық және ауылдық мәдениет, таптар мен түрлі әлеуметтік топтардың мәдениеті.

Мәдениеттің мазмұны әдет-ғұрыптар, салттар, зандар, символдар жә-не тағы басқалардан тұрады, бұлар ойлаудың, сананың және тілдің ар-қасында пайда болады, бұлар жануарлар әлемінің өкілдерінде тіптен де болған емес.

Мәдениет — таза адами өмір салты. Мәдениеттің жануарларда бол-майтыны сияқты, дәл солай мәдениетсіз адамдар да болмайтыны анық. Мәдениетке әр түрлі түсініктеме беріледі. Бірде ол туралы ұрпактан ұрпак-қа берілетін және кейбір топтар немесе коғамға тән жүріс-тұрыс форма-ларының жиынтығы ретінде айтылады. Екінші бір жағдайда оны мате-риалдық жөне рухани ескерткіштердің, символдардын, әдет-ғұрыптардың жиынтығы сиякты қарастырады.

Біз мәдениет әлеуметтануының маңызды ұғымдарына тоқталудан бас-таймыз. Мәдениетті әртүрлі коғамдык ғылымдар зерттегенімен олардың әрқайсысы өзінің ерекшелікті пәндік кетігін тауып карастырады. Әлеуметтануды мәдениеттің ең алдымен коғамның емір сүруі мен дамуындағы аткаратын рөлі қызықтырады. Мәдениет коғамда жүріп жаткан барлык өзгерістерді анық сезінетін, оған өзі белгілі бір ыкпал жасайтын ерекше құбылыс.

Мәдениеттің ішкі құрылымы бар. Себебі ол адамзат қауымдастығы-нан тыс өмір сүрмейді, сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және қауымдастық мәдениеті деп беледі.

Индивидтің жеке мәдениеті — бұл оның езіндік тәртіп үлгілерінің, қызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяла-рының жиынтығы. Индивидтің жеке мәдениетінің қауымдастық мәдениеті шеңберінде өзіндік орны болады, бірақоған біржоласіңіп кетпейді, белгілі бір дербестігін сақтайды, бұл оның жалпы мойындалған үлгілерден ауыт-қуынан керінеді. Бірақмұндай ауытқу жалпы мойындалған үлгілерді қира-туға және айыптаушылыкқа жол беруге тиіс емес.

Қауымдастык мәдениеті — шығармашылық туындылардың, кауым-дастык мойындап қабылдаған құндылықтар мен тәртіп тәсілдерінің жиын-тығы оның мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анық-тап, емір сүрудің ортақ та міндетті ережелерін белгілейді.

Мәдениеттің әлеуметтанулық зерттеу пәні: біріншіден, біртұтастық ретінде мәдениеттің бүкіл жүйесі немесе басқа коғамдық жүйелермен өзара әрекеттегі оның кез келген түрі болуы мүмкін; екіншіден, мәдениеттің езге элементтерімен арақатынасына немесе басқа қоғамдық жүйедегі ара-катынасына орай алынған мәдениет социодинамикасының, мәдени коммуникацияның әрбір элементтері зерттеу пәні бола алады.

Бірінші жағдайда: 1) сол социум емірінде мәдениеттін релі мен орны зерттеледі. Мұндай зерттеудің мақсаты - қайсыбір әлеуметтік-демографиялық топтардың мәдени деңгейін қарастыру. Бұл аса күрделі және келемі жағынан ете ауқымды зерттеу. Шындығында, зерттеуші бұл жағ-дайда материалдық және рухани мәдениеттің барлық түрлеріне талдау жасауы кажет болады, бұл жерде әрбір индивидтегі мәдениеттің әр түрінің дамуының біркелкі болмауы оның мүдделері мен бейімділіктерін, оның кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланыстығын ескеруді кажет етеді. Сондыктан батыстық әлеуметтану әдебиеттерінде «саяси адам», «керкем адам», т.б. солар сияқты терминдер кеңінен тараған. Мәдениеттің бүкіл түрін бірдей меңгеру ешқашан да болған емес. Сондықтан адамның (не-месе топтың) мәдени дамуының интегративті көрсеткіші шартты және салыстырмалы түрде ғана.

Екінші жағдайда зерттеудің негізгі үш аспектісі туралы айтуға болады: 1) мәдени коммуникация элементтерінің ішкі өзара әрекеттері зерттеледі. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетті жасау, сақтау, бөлу және тұтыну арасындағы өзара әрекет зерттеудің пәні бола алады, сондай-ақ осы элементісрдің кез келгенінің басқаларымен арақатынасы да зерттеу пәніне жа-ыды. Сонымен қатар, кәсіби немесе мәдениетті өз бетінше жасаушылардың тұтынушылармен (мысалы, жазушы-оқырман, идеолог-саяси әрекет-ке қатысушылар, артист-көрермен, т.б.), сынау-басқару органдарымен, і б. өзара карым-қатынасын зерттеу кең тараған. Осыған сәйкес осындай ісрттеу пәні мәдениетті сынаушы немесе тұтынушы, яғни мәдени ком-муникацияның кез келген қатысушысы бола алады; 2) мәдени коммуникацияның жоғарыда аталған элементтерінің кез келгенінің өзге де қоғам-дықжүйелермен (экономикалық, саяси, отбасы-тұрмыстык, экологиялық, көркемдік және т.б.) арақатынасы зерттелуі мүмкін. Осы коғамдық жүйе-иердің «түйісер» жерінде мәдениетті әлеуметтанулық зерттеудің ерекше-пікті пәні — өндіріс, отбасы, тұрмыс, демалыс, тәрбиелік қызмет және і.б. пайда болады; 3) қайсыбір мәдениет түрін тұлғаның, топтың немесе қоғамның меңгеру деңгейін салыстырмалы түрде зерттеуге болады, бұл жағдайда олар зерттеу пәніне айналады (мысалы, адамгершілік, керкем шығарма және мәдениеттің басқа түрлері).

Зерттеудің бағыты мен сипаты, әлеуметтанушы қолданатын құралдар көбіне-көп мәдениет әлеуметтануының пәнін дәл анықтауға байланысты. Қазіргі зерттеушілердің назары, екінішке орай, мәдениеттің ез ішкі заңдылыктарына емес, оған қоғамдық жүйелер ететін ықпалға аударыып жүр.

Адам кызметінің түрі канша болса, мәдениеттің де сонша түрі бар. Сондыктан әлеуметтануда мәдениетті зерттеудің пәнін анық табу ерекше маңызды. Жоғарыда аталған мәдениеттің түрлерінде ортак заңдылықтар болуымен қатар, олардың әрқайсысына тән ерекше зандылықтар да бар, мәдениеттің нақты бір түрін зерттейтін адам осыларды ескеруі кажет. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтануы өзіне бірнеше салыстырмалы түрдегі дербес ғылыми пәндерді қосқан, олар бір-бірімен байланысқан үш топқа бірігуі мүмкін:

1) негізінен материалдық мәдениетті зерттеуге бағытталған әлеуметтанулык пәннің тобы: а) материалдық өндіріс мәдениетінің әлеуметтануы; б) тұрмыс мәдениет әлеуметтануы; в) физикалық мәдениет әлеуметтануы; г) сексуалдық мәдениет әлеуметтануы;

2) негізінен рухани мәдениетке жататын әлеуметтанулық пәндер тобы: а) білім беру әлеуметтануы; б) ғылым әлеуметтануы; в) адамгершілік мәдениеті әлеуметтануы; г) діни мәдениет әлеуметтануы; д) көркем мәдениет әлеуметтануы;

3)материалдық және рухани мәдениетке, яғни вертикальды қиылысуға жататын әлеуметтанулық пән топтары: а) саяси мәдениет әлеуметтаннуы; б) құқық мәдениеті әлеуметтануы; в) экономикалық мәдениет әлеуметтануы; г) эстетикалык мәдениет әлеуметтануы; д) экологиялық мәдениет әлеуметтануы.

Мәдениет әлеуметтануынын өзге әлеуметтану пәндері сияқты езінің үғымдық аппараты бар. Онын ең басты үғымы - «мәдениет» жоғарыда қарастырылды. Сонымен қатар, белгілі бір жүйені құрайтын оның баска да негізгі ұғымдары бар. Мәдениет негізгі үш «буынды» қүрайды: когнитивтік, жүріс-тұрыс (тәртіп), пракссологиялық. Әлбетте, мүндай белу шартты ғана, өйткені бұл «буындардын» бәрі бір-бірімен өзаратығыз байланысқан, өзара әрекеттес. Бірак мәдениетке әлеуметтанулык талдау жасау үшін, оның ұғымдар жүйесін терең түсіну үшін мұндай бөлудің белгілі бір мәні бар.

Когнитивтік «буын» мәдениеті адамзат баласының жинақтаған дүниетанымдык парадигма, білім, дағдылар, іскерліктер — әлеуметтік қызметтің барлық түрлерін әлеуметтік тәжірибенің қозғалысы, даму жиынтығы ретінде сипаттайды. Оның негізгі әлеуметтанулык бірлігі ретінде мәдениет құдылықтары ұымы алынған. Кейде мәдениет құндылығы деп оның қайсыбір шығармаларын және зат формасындағы: кітап, сурет, мүсін және т.б. есептейді. Алайда, мұндай тұрғыдан қарау өте тар және дәл емес. Мәдениеттің күндылығы кызмет түрінде де өмір сүре алады, оның авторынан ажырамайды. Орындалатын өнердің бүкіл түрлері — би, жеке ән салу, актердің сахнада ойнауы, эстрада өнері және т.б. орындаушының қызметі ретінде өмір сүреді және бұл кызмет белгілі бір уакыт аралығында ғана іске асады. Бұл қызметті таспаға жазып алу, пленкаға түсіру осы қызметті сақтау, калпына келтіру болады. Мұғалімнің, шешеннің, лек-тордың, адвокаттың, діндардың кызметі туралы да осыны айтуға болады.

Сонымен, мәдениет құндылығы мәдени кызметтің нәтижесі ретінде немесе кайсыбір адамдардың әлеуметтік қауымдастықтары үшін жалпы маңызды мәдени қүндылығы бар осы қызметтің өзі қарастырылады.

Мәдени кызмет мәдениет құндылықтарын жасауға, таратуға және тұтынуға бағытталған қызмет болғандықтан кез келген әлеуметтік қызметтің: материалдық-өндірістік, экономикалық, тұрмыстық және т.б. құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, қызметтін осы түрлерімен айналыса отырып, адам өз алдына өзгеше, утилитарлык мәдениеттен тыс міндеттер қояды.

Қызмет, егер де ол тұлғаның дамуына ықпал ететін болса, мәдени деп аталады. Сонымен катар, тек тұлғаның дамуын арнайы мақсат еткен қызмет те бар. Мұндай қызметті тар және қатаң мағынада «мәдени» (культурный) деп атайды. Тек осындай кызметті ғана әдетте мәдениет әлеуметтануы зерттейді.

Бұл кызметтің кайнар көзі адамның мәдени кажеттіліктері болып табылады. Бұған адамның ең жоғарғы әлеуметтік қажеттіліктері - дамуы, өзін-өзі танытуы мен өзін-өзі баянды етуі, өз өмірінің шығармашылығы, оның мақсаты мен мәнін іздеу жатады. Тек осы қажеттіліктер ғана адамның мәдени, рухани деңгейін сипаттайды. Кең мағынада мәдени деген ұғымға, егер де оның жүзеге асуы тұлғаның дамуымен байланысты болса, кез келген қажеттілікті жаткызуға болады. Дәл осындай пікірді қажеттіліктерді нактылайтын мүдделер мен нұсқаулар туралы да айтуға болады. Мәдениеттік байланыс белгілі бір мәдени ортада іске асады. Мәдени орта деп отырғанымыз әлеуметтік субъектіні қоршаған және оның мәдени дамуына, әрі мәдени қызметіне тікелей ықпал ететін заттык және тұлғалық элементтердің тұрақты жиынтығы. Кеңестік әлеуметтану әдебиеттерінде осы тұрғыдан кала, ауыл, еңбек ұжымы, жатақхана, отбасы, т.б. мәдени орта ретінде зерттелді.

Мәдени ортаның заттық элементтерінің қатарына: а) мәдениет мекемелерінің саны және күйі, олардың материалдық базасы мен кадрлары (он мың адамға шаққандағы); б) әлеуметтік кеңістіктегі аймақ мәдениеті (кала, ауыл, коғамдык мекеме, баспана, т.б. мәдениеті); в) жұрттың жеке меншігіндегі ұзак пайдаланылатын мәдени заттар жатады.

Мәдени ортаның тұлғалық элементтері мыналар: а) халыктың білім және мамандык деңгейі; б) мәдениет қызметіне үстем етуші нұскаулар; в) аймақтағы рухани ахуалдық, тұлғаралық қатынастар мәдениетінің жәй-күйі.

Сонымен, әлеуметтанушының мәдениетті эмпирикалык зерттеуі негізгі элементтердің тізбегін: мәдени кажеттіліктерді — мәдени ортаны — нақты мәдени қызметті қарастыруға саяды.

Жоғарыда айтылғандардан келіп мәдениеттің негізгі функциясы ай-кындалады:

— адам шығармашылдығы (ізгіліктік), яғни адамның шығармашылық куаты оның өмір тіршілігінің барлық формасында дамиды (басты функция);

— мәдениет таным кұралы және қоғамның, әлеуметтік топтың, жеке адамның өзін-өзі тануы боЛғандықтан, гносеологиялық (танымдық) мін-деттер атқарады;

— акпараттык — бұл әлеуметтік тәжірибені хабарлап, басқаларға қара-ганда уақыт байланысын — өткенді, бүгінгіні және болашақты қамта-масыз етеді;

— коммуникативтік — бұл өзара түсіністіктің бірдейлігін қамтамасыз ететін әлеуметтік қарым-катынас (общения) міндеті;

— құндылық-бағдарлык міндеті, яғни мәдениет өзіндік ерекше «өмірлік кұндылықтар картасы» іспетті белгілі бір бағыт жүйесін береді, соның негізінде адам өмір сүреді және оған бағыт ұстайды;

— нормативтік-реттеушілік (басқарушылық) міндетінде мәдениет адам мінез-құлқына әлеуметтік бақылау кұралы ретінде көрінеді.

Мәдениет ұғымының әр түрлі түсіндірілуі.оны әлеуметтану тұрғы-сынан зерттеуде түрлі-түрлі тұрғыдан қарауға себепші болды. Мәде-ниет әлеуметтануы мәдениет дамуының әлеуметтік заңдылықтарын және сол зандылыктардын адам қызметінде керіну формаларын зерттеумен шұғылданады. Өйткені олар қоғамдағы катынастарды, сонымен катар қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды реттеп отыратын идеяларды жасаумен, меңгерумен, сақтау жөне таратумен, түсініктермен, мәдени нормалармен және кұндылықтармен, мінез-құлык, тәртіп үлгілерімен байланысқан.

Қазіргі кезеңде отандық және еуропалық әлеуметтану әдебиеттерінде мәдениет әлеуметтануы жинақтаушы ұғым ретінде қолданылады. Оған кино, театр әлеуметтануы, яғни алуан түрлі өнер әлеуметтануы, мәдениет аралықтарын түсіну проблемалары, әр түрлі мәдениеттің ымыраластығы мен шиеленістері, мәдениеттің әлеуметтік-тарихи процеске, топ кұруға, әлеуметтік стратификацияға және әлеуметтік-саяси козғалыстарға ықпал ету мәселелері жатады.

Кең мағынада айтар болсақ, мәдениет әлеуметтануы әлеуметтанудың жай ғана саласы емес, ол қоғамдық өмірдің бүкіл проблемаларын қамтып, оларды өзіндік ерекше көзқараспен қарастырады. Кез келген мақсатқа бағытталған әлеуметтік қызметтен, айталык, еңбек, тұрмыс саясат, денсаулық сақтау, білім беру, т.с.с. мәдени мазмұнды табуға болады.

Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне әдет-ғұрыптар, адамгершілік, зандар, құндылықтар жатады. Алғашқы үшеуі мәдени нормалардың түрлері болып саналады, сондық-тан да олар мәдениеттің нормативтік жүйесін құрайды. Бұл жүйе қоғам мүшелеріне не істеу керегін, оны қалай істеу керектігін және қандай жағдайда езін қалай ұстау керегін белгілейді. Өзін ұстау мәнерлері, әдеп (этикет) пен кодекс те мәдениеттің нормативтік жүйесінде, бірақ негізгі есебінде емес, керісінше, оның қосымша элементтері ретінде енеді. Кез келген қоғамда, айталық, қарапайымнан бастап бүгінгі астам қоғамға дейінгі қоғамдардың бәрінде әдет-ғұрыптар мен зандар болған, бірақ мәнерлер, этикет және кодекс кез келген қоғамда бола бермейді.

Құндылықтар мәдени нормалар түріне жатпайды, бірақ мәдениеттің нормативтік жүйесінің өзге де элементтері сияқты осы жүйеге енеді және онда ерекше функция атқарады. Құндылықтар мәдениетте ненің қастерленетінін және сақталып қалатынын көрсетеді, бірак оларды ешкімге таң-байды. Қоғамдағы ең негізгі құндылықтар ғана әлеуметтік нормалар тарапынан қорғалады. Сөйтіп, мәдени нормалардың өзі әлеуметтік нормалардың түрі болып табылады. Нормативтік жүйеде әдет-ғұрыптар, адамгершілік, зандар базистік элементтер ретінде дәл осылайша реттілікпен берілуі керек, өйткені қоғамда тәртіп бұзушыларға қолданатын тыйым салулардың (санкциялардың) алғашқыдан үшіншіге қарай өтуі қатандык деңгейінің артқандығын көрсетеді.

Әдет-ғүрыптар — ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі тәртіптер.

Адамгершілік— моральдық маңызға ие болған әдет-ғүрып.

Заң — конституциялық негізде мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарының қабылдаған нормативтік актісі.

Мәдениеттің анықтамасы мен онын қүрылымы индивидтер мен қауымдастықтардың, жалпы қоғамның әлеуметтік әміріне ықпалын сара-лауға мүмкіндік береді. Оның ықпалы мынандай бағыттарда жүзеге асады:

1. Әлеуметтендіру және жеке түлғаларды қалыптастыру арқылы. Сәби жарық дүниеге қуатты қасиеттері бар тек биологиялық организм ретінде келеді. Ол қасиеттерді тәрбие дамытады, үлгілейді, қальттастырады, еңбек пен шығармашылыққа қабілетті саналы тіршілік иесі, адамға айналдырады. Тәрбие - тұлғаны қалыптастыратын, оны қоғамдық өмірге бейімдейтін, мәдениетке баулитын мақсатты бағыт. Бұл процесс тұлғаға сол мәдениетті түсінуге және оның шеңберінде саналы әрекет етуге мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, аталмыш процесс адамды әлеуметтендіреді.

Демек, әлеуметтендіру - бұл индивидтің қоғамдық өмірге қатысуына тартатын, мәдениетті түсінуге және әлеуметтік ортада, ұжымда өзін-өзі ұстау дағдысына үйрететін, өзін баянды ете түсетін және әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы.

2. Қоғамдық өмірге мәдениеттің ықпал жасау тетіктерінің аса маңыздысы мәдениеттің құндылықтар жүйесін және оларды анықтайтын критерийлерді белгілеу болып табылады. Адамның тәртібі оның қажеттіліктерімен анықталады. Туғаннан және күнделікті өмірден туындайтын қажеттіліктер болады. Бұлардың соңғысы кайсыбір жокшылық сезімінен туындап, әрекетке итермелейді. Қажеттіліктердің көлемі және оларды канағаттандыру тәсілдері тарихтың жемісі және мәдениетке тәуелді болып келеді.

Әлеуметтануда мәдени құбылыстарды дәстүрлі бөлулер мен эмпирикалық талдаулар бар.

Мәдениетті өзіне сіңірген субъектілер: қоғам, ұлт, тап, Мәдениеттің бұл топтарының арасындағы қатынастар әр кезде саймасай келе бермейді. Бүған бүгінгі ұлттық мәдениеттер арасындағы шиеленістер, қоғамдық және индивидуалдық мәдениеттер арасындағы қарама-кайшылықтар мысал бола алады.

Функционалдык рөліне қарай мәдениетті қайсыбір қоғамның әрбір мүшесіне қажетті жалпы (өзекті) мәдениет және қайсыбір мамандық адамдарына қажетті арнайы мәдениет деп бөлуге болады.

Жалпы және арнайы мәдениеттер арасында катаң белгіленген шекара жок. Өзекті мәдениет әрдайым вариативті, бірақ оның моделін жалпы орта білім беру бағдарламасы анықтайды. Мамандар мәдениетін, өз кезенінде, тек кәсіби біліктілік деңгейімен теңгеруге болмайды. Ол өзіне кәсіптік этика мен эстетиканы қосып алғанда, мамандықтың дүниетанымдық негіздерін пайымдауды талап етеді.

Мәдениетті шығу тегі (генезис) бойынша белгілі бір стихиялық жағдайда пайда болған, нақты авторы жоқ халықтық мәдениетке және ав-торларын нақты анықтауға болатын, кәсіби мамандардың — интеллигенцияның жасаған «білімді» мәдениетіне бөлуге болады.

Мәдениетті түрлеріне қарай материалдық (мысалы, материалдық игіліктерді өндіру мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, т.б.) және рухани (ғылым, өнер саласындағы қол жеткен табыстар, сонымен катар адамгершілік, көр-кем, педагогикалық мәдениет, т.б.) мәдениеттер деп бөлу калыптасқан.

Мәдениетті материалдык және рухани деп бөлу шартты екені даусыз. Өйткені оларға ортақ бірнеше мәдениеттер бар, айталық, экологиялық, физикалық, т.б.

Тақырып 10: Мәдениет және қоғам - student2.ru Әдебиет

1. Михайлова Л. Социология культуры. – М.: Дашков, 2006. – 344 б.

2. Окладникова Е.А. Социология культуры. – СПб.: 2008. – 312 б.

3. Общая социология: Учебное пособие /Под общ. ред. проф. А.Г.Эфендиева. – М.: ИНФРА-М, 2004.- 654 с.

4. Рысь Ю., Степанов В. Социология: Учебник. М.: Дашков. 2005. – 518 с.

Наши рекомендации