XVI-XVII қазақтардың рухани және материалдық мәдениеті

- Ма­тери­ал­дық мәде­ни­ет.Ма­тери­ал­дық мәде­ни­еттің маңыз­ды эле­мент­терінің бірі мал ша­ру­ашы­лығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнер­мен бай­ла­ныс­ты еңбек құрал­да­ры бо­лып та­была­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қол­да­ныла бас­та­ды. Ең көп та­ралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» бол­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шеніне дейін аң аулау кезінде са­дақ қол­да­ныл­ды.

Көшпелі қазақтар­дың негізгі тұрғын үй­лері көші-қонға ыңғай­лы киіз үй­лер бо­латын. Қазақтың киіз үй­лері олар­дың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үй­де қанат деп ата­латын ке­реге са­нымен анықта­латын. Қанат­тар са­ны 4 қанат­тан 12 қанатқа дейін және одан да көп бо­латын. Сыртқы түрі бойын­ша күмбез тәрізді және шо­шақ бо­лып ке­летін. Қысқы қыс­та­улар ор­на­ласқан өзен­дердің аңғар­лар мен тау шатқал­да­рына қазақтар­дың киіз үй­лері тұрақты үлгімен са­лына­тын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тас­тан (шо­шала), қамыс­тан (доғара) тұрғызылған құры­лыс түрінде, тік бұрыш­ты жер­ке­пе және жертөле, жер бетіне тік бұрыш­ты етіп са­лынған шым үй және саз бал­шықтан дом­баздалған соқпа там бол­ды. Дәстүрлі ағаш жәшіктер – ке­беже­лердің, көрпе-төсек жи­науға ар­налған жүкаяқтар­дың және ескіден ке­ле жатқан төс-ағаш­тардың ор­ны­на, қазақтар­дың тұрмы­сын­да әй­нек­телген ыдыс қоятын шағын шкаф­тар, жақта­улы ағаш ке­ре­ует­тер, іші құлып­та­латын, көлемі әр түрлі сан­дықтар пай­да бол­ды.

Қазақ халқының тіршілік-тұрмы­сын­да қолөнер кәсібі үлкен маңыз­ды орын ал­ды. Өй­ткені мал ша­ру­ашы­лығы не­месе егіншіліктің да­муы қолөнер кәсіпшілігімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты бол­ды. Мал ша­ру­ашы­лығы үшін ер-тұрман, ат әбзел­дері, мал­ды ұстай­тын, бай­лай­тын жаб­дықтар, егіншілік үшін жер жыр­та­тын және тыр­ма­лай­тын, ас­тықты жи­най­тын және өңдейтін құрал­дар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайын­далды. Бұл кез­дегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қара­байыр ша­ру­ашы­лық еді. Үй­де істе­летін кәсіп бұйым­дардың көпшілігі та­уарға ай­нал­май­тын, өндірушінің өз от­ба­сын ғана қанағат­танды­руға пай­да­ланы­латын. Ха­лық өнері, әсіре­се, киіз үйдің жаб­дықта­рын, жиһаз­да­рын жа­са­уда ерек­ше өрістеді.

Бұл кез­де оңтүстік Қазақстан қала­лары­ның, Ор­та Ази­ямен, Шығыс Түркістан­мен, Орыс мем­ле­кетімен са­уда-сат­тық бай­ла­нысы жан­данды. Осы­ның арқасын­да көшіп-қону­шы және оты­рықшы ха­лық топ­та­рының эко­номи­калық, мәде­ни-әле­уметтік қарым-қаты­насы кеңейе түсті. XVI-XVI­II ғасыр­ларда «Ұлы жібек жо­лы» бойын­да ор­на­ласқан Сығанақ, Са­уран, Оты­рар, Түркістан, Сай­рам, Жент т. б. қала­лар­дың тез­деп өркен­деуі, қазақ халқының біртұтас ел бо­лу­ына, же­ке хан­дық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Оты­рар, Та­раз, Сай­рам және тағы басқа қала­лар­дан та­былған күміс теңге­лер мен мыс ақша­лар Қазақ хан­дығы тұсын­да са­уда-сат­тық өркен­деп, ақша ай­на­лымы да­мыған­дығын көрсе­теді.

Сығанақ пен Са­уран­ның, Ясы мен Оты­рар­дың ар­хи­тек­ту­ралық комп­лек­стері, Жәнібек пен Қасым­ның Са­рай­шықтағы, Қазанғап­тың Ұлы­тау жеріндегі ке­сене­лері, Маңғыс­та­удағы, Сыр­да­рия алқап­та­рын­дағы және Қара­тау қой­на­ула­рын­дағы ма­зар­лар өзіндік сәулет-си­паты­мен, ар­хи­тек­ту­ралық фор­ма­лары­ның жи­нақылық әрі айқын­шы­лығымен ерек­ше­ленді.

Ұлан бай­тақ кең да­лада мал бағып, күндерін та­биғат құшағын­да мал өрісінде, түндерін жұлдыз­ды ас­пан ас­тындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлем­дегі та­биғат құбы­лыс­та­рын үнемі бақылап отырған. Осы бақыла­удың нәти­жесінде ха­лықтың көпжыл­дық тәжіри­белері қоры­тылып, жұлдыз­ды ас­пан ту­ралы аст­ро­номи­ялық түсініктер мен білімдер жи­нақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалып­тасты. Қазақ халқы ас­пан әлемін бақылау арқылы «құс жо­лы», «құй­рықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайын­да ұғымын кеңей­тті.

XVI-XVII ғасыр­ларда қазақтар ара­сын­да ис­лам діні кеңінен та­рады. Оны та­рату­да Сығанақ, Түркістан, Хо­резм, Бұха­ра, Са­марқанд сияқты қала­лар ай­рықша рөл атқар­ды. Ис­лам діні көшпелі ха­лық ара­сын­да те­рең та­мыр жайған жоқ. Оған се­беп қақтығыс­тар, соғыс­тар және түрлі са­яси қара­ма-қай­шы­лықтар еді. Сон­дықтан ха­лықтың әсіре­се көшпелі бөлігі ис­лам дінін көпке дейін қабыл­да­май, тәңірге, күнге, ас­панға, жер­ге, суға та­бынуға негіздел­ген на­ным­ды ұста­ды. Қазақтар өмірінде от­ты қаси­ет­теу үлкен рөл атқар­ды.

XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ халқының ара­сын­да тақыры­бы мен жан­ры жағынан алу­ан түрлі ауыз әде­би­еті кең өріс ал­ды. Қазақ халқының по­эзиясын­да жы­ра­улар­дың ор­ны ерек­ше бағалан­ды. Жыр толғаула­рын­да қанат­ты сөздер, ғиб­ратты нақыл­дар кең орын ал­ды. Сол кез­дегі қазақ по­эзиясы­ның аса ірі тұлғала­ры – Шал­киіз (XV ғ.), Дос­памбет (XVI ғ.), Жи­ем­бет (XVII), т. б. жы­ра­улар.

Қазақтың ба­тыр­лар жы­ры эпосқа тән аңыз сияқтанғаны­мен, олар­дың бәрі дерлік та­рихи оқиғаларға құрылған. Мәсе­лен, Қобы­лан­ды, Ал­па­мыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қам­бар дас­танда­ры та­рих шын­дығымен қабы­сып жатқан шығар­ма­лар. Қазақтың әле­уметтік-тұрмыс­тық дас­танда­ры да («Қозы Көрпеш-Ба­ян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) фе­одал­дық-ру­лық қоғам­ның өмірін үлкен ше­берлікпен көрсе­теді.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығының мем­ле­кеттік құры­лысы мен ха­лық өмірінің ерек­ше жағдай­ла­рын өзіндік өзге­шелігімен қам­ти­тын қоғам­дық ук­лад «би­лер сөзі», «би­лер ай­ты­сы», «би­лер да­уы», «төрелік ай­ту», «ше­шендік сөздер» деп ата­латын көркемдік мәде­ни­еттің біре­гей түрін туғыз­ды. Әде­би­еттің бұл түрін шығару­шылар негізінен XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ қоғамын­да сот ісін жүргізу­мен ғана ай­на­лысқан жоқ. Би­лер хан кеңесінің мүше­лері бо­лып, мем­ле­кеттік істер­ге бел­се­не ара­лас­ты. Со­нымен бірге атақты би­лер тай­па­лар мен ру­лар­дың бас­шы­лары бо­лып, ел басқар­ды, жи­ын­дарда со­лар­дың аты­нан сөз сөй­леп, ай­тыс-тар­тыстар кезінде олар­дың мүдде­лерін қорғады.

Қазақтың атақты би­лері по­эти­калық та­лан­ты зор және су­ырып сал­ма ай­ту мен ше­шендік сөз арқылы өза­ра ай­тыс­тың та­маша ше­бер­лері болған. XVI-XVI­IIғасыр­ларда би-ше­шен­дер ара­сын­да мем­ле­кеттік және қоғам­дық қыз­метінің маңыз­ды­лығы, ше­шендік өнерінің күшімен по­эти­калық ше­берлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазы­бек Келдібекұлы (1665–1765), және Әй­те­ке Бай­бекұлы (1682–1766) ерек­ше орын ал­ды. Олар тек Қазақстан­да ғана емес, со­нымен қатар Ре­сей­де, Хи­уада, Жоңғария мен Қытай им­пе­ри­ясын­да та­нымал болған.

Бұл кез­де қазақ тіліндегі жаз­ба әде­би­ет­тері діни және аңыз­дық мазмұндағы кітап­тар түрінде та­рал­ды, сон­дай-ақ та­рихи шығар­ма­лар мен ру­лар та­рихы (шежіре) жа­сал­ды. Олар­дың ішінен За­хир-ад-дин Ба­быр­дың «Ба­быр­на­масын», Ка­малад-дин Би­най­дың «Шай­ба­ни-на­месін», Мұхам­мед Хай­дар Ду­латидің «Та­рих-и Ра­шидиін», Қожамқұл бек Ба­хидің «Та­рих-и-Қып­шағын», Қадырғали «Жа­ми-ат-та­вари­хын» және басқа да шығар­ма­лар­ды ар­найы бөліп көрсе­туге бо­лады.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығы көршілес мем­ле­кет­термен, Ор­та және Та­яу Шығыс ел­дерімен үздіксіз ара­ласып отыр­ды. Мұның өзі араб-мұсыл­ман мәде­ни­еті мен ғылы­мының та­ралу­ына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мек­тептер мен мед­ре­селер ашы­лып, олар­да оқу араб-пар­сы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жа­зуда араб әліп-биін тұтын­ды. Мек­тептер мен мед­ре­селер­де ғылым­ның әр түрлі са­лала­ры "дін ілімі, ма­тема­тика, ло­гика, фи­лосо­фия) бойын­ша білім беріліп, Шығыс­тың ұлы ақын­да­рының клас­си­калық ту­ын­ды­лары­мен та­ныс­ты­рыл­ды. Мұның бәрі қазақ халқының жал­пы да­му­ына, бүкіл қоғам­ның ру­хани өмірі мен мәде­ни­етіне игі ықпал жа­сады.

Со­нымен, XVI-XVI­II ғасыр­ларда Қазақ қоғамын­да ша­ру­ашы­лықтың және мәде­ни­еттің да­му­ын­да еле­улі ілгеріле­ушілік орын ал­ды. Оның бас­ты се­бебі, қазақ халқының біртұтас мем­ле­кет­ке бірігуімен бай­ла­ныс­ты еді.

34 )XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер,жыраулареді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады. “Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайыберілген. Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған. “Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі. XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады. Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады. Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.
“Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған. Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзада- лардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.

Наши рекомендации