Батыс еуропа- батыс Қытай»автожолы туралы жалпы түсінік

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..........................................................................................................................

1.ЖАЛПЫ БӨЛІМ...................................................................................................

1.1«Батыс Еуропа- Батыс Қытай»автожолы туралы жалпы түсінік.......................

1.2 Құрылыс салынатын аумақтың ауа –райы жағыдайы.......................................

1.3 Климаты.............................................................................................................

1.4 Желдің соғу бағытты.........................................................................................

1.5 Геологиялық жағыдайы......................................................................................

1.6 Топырақ қабатты өсімдік жамылғысы...............................................................

2 ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН...................................... ҚОЛДАНЫЛАТЫН МЕХАНИЗМДЕР ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫ..................................

2.1 Жер жұмыстарының көлемін есептеу...............................................................

2.2 Табиғи бет белгілерін анықтау...............................................................................

2.3 Нөлдік белгілерді анықтау.................................................................................

2.4 Жобалық белгілерді анықтау..............................................................................

2.5 Қажетті ресурстарды есептеу мен жұмыс ұйымдастырылуы............................

2.6 Қазаншұңқырларды тік күрекпен жабдықталған................................. экскаватормен өңдеу................................................................................................

2.7 Алаңдарды скреперлермен тегістеу....................................................................

2.8 Алаңдарды бульдозерлермен тегістеу................................................................

2.9 Жұмыс өндірісі үшін механизм комплектісін таңдау.........................................

2.10 Үйген топырақты механикаландырып тығыздау.............................................

2.11 Жетекші жер қазушы машиналардың еңбек өнімділігін анықтау

2.12 Экскаватордың еңбек өнімділігі мен қажет автосамосвалдар...................... санын есептеу..........................................................................................................

3 ЖОЛ ТӨСЕМДЕРІН ҚҰРЫЛЫМДАУ................................................................

3.1 Жол төсемесі қабатын құрылымдау...................................................................

3.2 Жол төсемесінің негізгі типтері........................................................................

3.3Қатқыл емес жол төсемесін есептеу және құрылымдау...................................

Есептік жүктемелер.................................................................................................

3.4 Есептік келтірілген қозғалыс қарқындылығы . Қажетті...................................... серпімділік модулі....................................................................................................

3.5 Жол төсемесін шекті серпімді иілу бойынша есептеу......................................

3.6 Жол төсемелерін жер төсемесінің топырағындағы ығысу...................... бойынша есептеу.....................................................................................................

3.7 Біртұтас қабаттарды иілудегі созылуға есептеу................................................

5 ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ............................................................

6 АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН САЛУ КЕЗІНДЕГІ................................... ТЕХИКА ҚАУІПСІЗДІГІ........................................................................................

7 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН............................................... ОРТАНЫ ҚОРҒАУ.................................................................................................

ҚОРТЫНДЫ............................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................

КІРІСПЕ

«Транзиттік жол» – Қазақстан Республикасы үшін ерекше орын алатын көліктік- коммуникациялық өтеулерді экспорттау формасы. Халықаралық транзиттегі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері көліктік дәліздерде қатысуымен қарастырылады. Еуразиялық бағытта Қазақстан үш транзиттік бағыт бойынша қатысады: біріншісі, Еуропа – Ресей – Қытай; екіншісі, Еуропа – Қытай (экономикалық ынтымақтастық ұйымы мемлекеттері арқылы: Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан); үшіншісі, Ресей – Орталық Азия. Қазақстанның транзиттік әлеуеті әлемдік қоғамдастық назарындағы маңызды нысанға айналып отыр. Көлік және коммуникация кешенін дамытуда Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін арттыру және толығырақ пайдалану маңызды бағыт болып табылады. Қазақстан аумағы арқылы жүктер мен жолаушыларды транзиттік тасымалдау Қазақстанның қолданыстағы заңнамаларына және халықаралық келісімдер мен келісімшарттарға сәйкес теміржолмен, әуе жолымен, автомобиль жолымен, мемлекетаралық бағыттардағы ашық теңіз және ішкі су көліктерімен, жолдармен және су жолдарымен жүзеге асырылады. Жалпы, соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан еліміздегі ең ауқымды транзиттік жоба – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистраль дәлізі.

Географиялық жағынан алғанда Қазақстанның территориясы тиімді транспорт кеңістігінде орналасқан. Бір жағынан Қазақстан, Азия-Тынық мұхиты аймағын Еуропамен, Ресейді Орталық Азия елдерімен, Таяу Шығыс және Парсы шығанағы, Үнді мұхиты елдерімен байланыстыратын торапты алып отыр. Қазақстан үшін аталған секторды дамыту барысында, бір қиындық бұл – еліміздің контиенталдық жағынан алғанда ішкері, ашық теңізден алыс орналасуы. Транзиттік мүмкіндіктерді дамытудың геоэкономикалық жағын алатын болсақ, біздің көршілеріміздің экономикалық жағынан даму деңгейі, саяси жағдайының қалпы қалай деген мәселелерге үлкен мән беруге тура келеді. Бұл мәселеге келгенде Қазақстан үшін тиімді және тиімсіз жақтары да бар. Дегенмен, біз ТМД елдерін бір-бірімен байланыстыратын бірден-бір үлкен территориялы мемлекетпіз, біздің солтүстігіміздегі Ресей де, оңтүстігіміздегі елдер де дамушы мемлекеттер, қарым-қатынастары, сауда-саттықтары, алыс-берістері артып келе жатырған елдер, сонымен қатар Қазақстан геоэкономикалық жағынан алғанда Орта Азия елдерімен басқа да рынокты, үлкен серпіммен дамып жатырған Қытаймен, Қытайдың батыстағы белсенді дамып жатырған Шыңжаң-ұйғыр автономиялы ауданымен байланыстырушы дәлізді иеленіп отыр. Алдағы уақытта ТМД аумағында, оның ішінде ТМД-ның Еуропаға жақын орналасқан елдерімен Орталық Азияны, ТМД-мен Оңтүстік Шығыс Азия елдері, Қытаймен арадағы тауар тасымалы, Ресеймен Оңтүстік Азия елдері, Пәкістан, Иран, Үндістан елдері арасындағы, жалпы Еуропа мен Азия арасындағы сауда-саттықтың, тауар айналымының, тауар тасымалының артуына байланысты Қазақстанның транзиттік жүк тасымалы мүмкіндігімен рөлі тек арта бермек. Аталған территориядан жүктің қауіпсіз өтуіне тек геоэкономикалық қалыппен техникалық мүмкіндіктердің жағдайы ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар аймақтағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, жүргізіліп отырған сыртқы саясаты да үлкен әсер етеді. Бұл дегеніміз, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік магистраль жолы арқылы экономикалық пайдаға кенелумен қатар, үлкен саяси мәселелерді шешудің жобасы болмақ.

Жолдау барысында Президент өзі айтқан инфрақұрылымдық даму жоспарына иек арта отырып, ел экономикасына қан жүгіртетін – жол мәселесіне де мейлінше назар аударды. «Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек Жолын жағалай қоныс тепкен. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте Президент көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағытын айқындай келе, ең алдымен негізгі автожолдар жобасын тиянақты жүзеге асыруды ұсынды. Ал бұндай автожолдарға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Астана-Алматы», «Астана-Өскемен», «Астана-Ақтөбе-Атырау», «Алматы–Өскемен», «Қарағанды-Жезқазған–Қызылорда», «Атырау-Астрахан» жатады. Сонымен қатар, шығыста және елдің батысындағы теңіз инфрақұрылымында көліктік логистикасы.

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

Батыс Еуропа- Батыс Қытай»автожолы туралы жалпы түсінік

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзит дәлізін салу идеясының авторы – президентіміз Н.Назарбаев. Ең алғаш 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында осы жобаны нақты жүзеге асыруды ел үкіметіне міндеттеді. Дәл сол жылы 22 қыркүйекте Ресей Федерациясының, 2009 жылғы 16 сәуірде Пекинде ҚХР Коммуникация министрліктері арасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізін құру жайында меморандумға қол қойылды. Ел экономикасына пайдасы тиеді деп жатқан транзиттік бұл дәліз Санкт-Петербург қаласынан басталып, Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Қазақ даласын көктей өтіп, Қорғас кеден бекетінен Қытай асады.

Жолдың жалпы ұзындығы 8445 шақырым болса, оның 2233 шақырымы РФ-ның, 3425 шақырым ҚХР-ның еншісіне тиесілі. Ал қалған бөлігі Қазақстан аумағына тиесілі. Қазақстан бойынша 5 облысты қамтиды (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жам-был және Алматы облыстары). Ұлы Жібек жолының бойында құм астында тұншыққан көне шаһарлар қаншама (Отырар, Сайран, Сауран, Тараз, Алтын төбе т.б.). Өз дәуірінде өркениеттің шыңы болған бұл қалаларды біреу білсе, біреу білмес. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы салынар болса «өлген қалалар» тіріліп, туристердің «көз құртына» айналарына сенім мол.

Болашақта төрт жолақты даңғыл жолмен сапарға шығатын автокөлік иелері жылдамдықтарын сағатына 120 шақырымға дейін арттыра алады. Ауа райы құбылмалы өңірдегі бұл жолды күрделі жөндеусіз 25 жыл пайдалануға болады екен. Өйткені, жаңа жол Астана-Бурабай даңғылы үлгісіндегі неміс технологиясымен жасалынбақшы. Жолдың салыну жоспары бойынша, жаңадан жасалатын ірі құрылыстар, ауыл шаруашылығы техникаларын өткізіп, мал айдайтын жолдар, жаяу жүргіншілер өтетін өткелдер салу алдын-ала келісімге ие болып, сол бойынша жұмыс жасалып жатыр. Сондай-ақ, алдын-ала экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, археологиялық және мемлекеттік сараптамалар өткізілген екен. Яғни, жобаның құрамындағы барлық жұмыстар аймақтардың экологиясына залалсыздығы туралы барлық өкілетті органдардың сүзгісінен шықты. Жолдың елді мекендер арқылы өтетін жерінде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға айрықша назар аударылған. Үлкен көпірлерді, жол айрықтарын және арнайы жолдарды, елді мекендерді және оларға кіреберістерді түн кезінде жарықтандыру жұмыстары да қарастырылған. Яғни «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің халқымызға пайдасын тигізбесе, зияны жоқ екендігін көрсетеді.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасының құрылысы аяқталғаннан кейін оның бойындағы инфрақұрылымдарды бастау ісі қолға алынады. Яғни үлкен жолдың бойынан халықаралық талаптарға сай келетін қонақ үйлер мен автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталықтары және тамақтанатын орындар секілді көптеген нысандар салынады. Сондай-ақ, жобаның іске асуымен Қазақстан аумағында туризмді дамытуға жол ашылып, еліміздің тарихи орындарын жандандыру ісі қолға алынатын болады.

Жоба аяқталса, оның еліміздің экономикасына тигізер пайдасы орасан зор болмақ. Өйткені, көлік қызметі экспорты жыл өткен сайын табысты бизнес түріне айнала түсуде. Мәселен, қазір Еуропа мен Қытай арасындағы тауар айналымы шамамен 800 миллиард долларды құрайды екен. Ал бұл көрсеткіш алдағы уақытта артпаса, кемімейді. Сондықтан, бұл жобаға қосылу біздің еліміз үшін үлкен табыс көзі бола алады. Транзиттен табатын пайда миллиардтаған доллар қаржыны құрайтыны анық және көрші елдермен арадағы сауда-ынтымақтастық қатынас та нығая түседі.

Қытай Халық Республикасының шекарасынан Қызылорда қаласына дейінгі І санаттағы қашықтық 1391 шақырым, ал Қызылорда қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі ІІ санаттағы бөлігі 1061 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистраль тас жолының Қазақстандағы жалпы ұзындығы 2452 шақырымды құрайды. Жобаның жалпы құны төл теңгемізбен шаққанда 825 миллиард. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 35 мың адам және 4,5 мың техника жұмылдырылған. Бұл мәліметтерден жобаның өте үлкен ауқымға және маңызға ие екенін көреміз.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрлықаралық дәлізін төрт банк қаржыландырады. Жобаның елімізде жүзеге асырылатын жалпы құны – 825,1 миллиард теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 135,9 миллиард теңге бөлінсе, сыртқы қарыз арқылы – 422,6, концессия арқылы 266,6 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде Халықаралық қайта құру және даму банкі – 2 125 миллион, Азия даму банкі – 700, Ислам даму банкі 398 және Еуропалық қайта құру және даму банкі 180 миллион АҚШ долларын бөледі. Әрине, жобаның орындалуына құйылып жатқан қаржының көлемі көп, алайда жоба толықтай жүзеге асырылғаннан соң бұл қаржылар еселеп қайтатыны сөзсіз.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілі Сергей Шаталов «Ақтөбе» газетіне берген сұхбатында жобаның пайдасы туралы: «Жобаның Қазақстан экономикасына қосар үлесі зор. Жоба аясында 2800 шақырым автокөлік жолдары жаңартылады. Бұл жұмыстарға отандық құрылыс фирмалары қатысады. Тек қана Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобаның аясында 35 мың жұмыс орны ашылып, мыңнан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тасымалданады. Жол бойына техникалық жөндеу орындары, асханалар, тынығу орындары салынып, халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне септігін тигізеді. Шағын бизнестің дамуына жол ашылады. Сондай-ақ, жоба жүзеге асу барысында қаржының қалай иегеріліп жатқаны да қатаң бақыланады. Яғни аудит, техникалық тексерулер жүргізіледі. Қоғамдық ұйымдар құрылыс компанияларының атқарған жұмысының сапасын қадағалауға ат салысады. Біздің банкте жемқорлыққа қатысты түскен деректермен жұмыс жүргізетін арнайы жүйе құрылады және бұған кез келген адам хабарласа алады» – дейді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті, қызмет көрсету индустриясын, туризмді және экономиканың басқа да секторларын дамытуға едәуір серпіліс берілсе, қолданылатын құрылыс материалдарына да ерекше мән берілетінін, оның ішінде отандық өнімнің қолданылуы басты назарда болатынын Сергей Шаталов ескерткен болатын.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистральдің техникалық-экономикалық жобасы бойынша енді 7-8 жылда жолдың жүк көліктерін өткізу көлемі 2,5 есе ұлғаятын болмақ. Жобаны іске асырудан Қазақстанға келетін экономикалық пайда жыл сайын 33,9 млрд теңге, жол-көлік апаттарының азаюынан түсетін пайда 49,9 млн теңге, ал ішкі өнімдердің өсуіне байланысты түсетін пайда 82,9 млрд теңге болатын көрінеді. Еліміздегі бес ірі аймақ – Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының экономикасында серпіліс болып, біршама дамиды. Жоғары деңгейде жүк өткізуге қабілетті автокөлік жолдары, жүк пойыздары кесіп өтетін шойын жол желілері, жанар-жағармай құю бекеттері, заманауи құралдармен жабдықталған кеден бекеттері, тағы басқа да инфрақұрылымдар қытай тауарларын Еуропа елдеріне кідіріссіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Ал Еуропа жақтан Қытайға жаңа технологиялар мен машина құрал-жабдықтары, сондай-ақ шикізат жеткізіледі. Бұл жағынан есептеп қарағанда, Батыс Қытайдан шығатын тауарды аз қаржы жұмсап, тез жеткізу Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан аумағынан шыққаннан кейін жүк керуені әрі қарай Ресей, Беларусь арқылы Польшаға, Германия мен Францияға жеткізіледі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі екі ортаны үш жарым есеге қысқартады екен.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін салу туралы бастаманы көтерген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Жобаның ең бірінші ресми атауы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі алдағы шаралар» деген № 310 жарлығында, артынан 2008 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылды. 2007 жылы желтоқсанда Қазақстан мен Ресейдің көлік министрліктерінің басшылары арнайы келіссөз жүргізіп, екі ел арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты мәселесіндегі экономикалық және әлеуметтік комиссиясына қарасты автомобиль жолдарының тізіміне енгізу, сөйтіп халықаралық бекіту жөнінде шешім қабылдаған болатын.

Дамыған көлік инфрақұрылымы қазақстандықтардың алдынан білім, медициналық қызметтің лайықты сапасын алудың таңдауын кеңейту жөнінде қосымша мүмкіндіктер, ал бизнестің алдынан аумақтық кеңеюдің, халықаралық қоғамдастыққа кірігудің, өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қосымша мүмкіндіктерін ашып берді. Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының маңызына ерекше тоқталды. Бұл тұста жиі айтылып, талқыланып жүрген «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жобасының Қазақстан үшін берері пайдасы көп және ондаған елдердің мүдделеріне жауап береді. Нұрсұлтан Назарбаев айтқанындай, жаңа жол еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір өсіреді. Сонымен қатар, Қазақстан шексіз экономикалық пайдаға кенелмек. Бұл транзиттік магистраль жол ежелгі «Ұлы Жібек жолын» қайта тірілтеді.

Наши рекомендации