Пәннің мақсаты мен міндеттері

Азақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН» Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры   _________________Қ.Қ.Дәуренбеков « ________ » __________ 2016

СИЛЛАБУС (жұмыс оқу бағдарламасы)

Модуль:«Әлеуметтік-ізгілендіру пәндері» Пәннің коды- MEUIMIN-1402- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және мемлекеттік идеология негіздері
 
Мамандығы Барлық мамандықтарға
Курс, семестр (күзгі немесе көктемгі) І курс, 1 семестр (күзгі)  
Оқыту тілі Қазақ  
Кредит саны  
Пән статусы (міндетті, таңдау) Оқытудың қосымша түрі  
Лектор (аты жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, телефондары мен электрондық поштасы)  
Практика, зертханалық сабақты беретін оқытушы (аты жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, телефондары мен электрондық поштасы)  
Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана  

Силлабусты дайындаған: Жәрекеев Қ.Ж.-магистр, аға оқытушы

Мұхтаров К. - магистр, аға оқытушы

Нұрпейісова Н. - магистр, оқытушы

Силлабус Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № 1. «01» қыркүйек 2016 жыл.

Кафедра меңгерушісі: Н.К.Мыңжас

Силлабус оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама № «__»___________ 2016 жыл.

Комитет төрағасы: Қ.Қ.Дәуренбеков

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты:Ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, па­триотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сын­дарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.

Міндеттері:

- тарихи және ұлттық тәжірибе жайлы болашақ мамандардың білімдерін жаңарта отырып, болашаққа қадамдарын анықтауға және түзетуге үйрету;

- «бір ел – бір тағдыр» дегенді жастардың санасында қалыптастыру;

- жастарда туған жердің иесі сезімін, отандастар алдындағы жауапкершілік сезімін жандандыру;

- болашақ маманның кәсіби-тұлғалық қалыптасуының маңызды құралы ретінде рухани-адамгершілік және зияткерлік-шығармашылық іс-әрекетін белсендендіру.

Құзыреттілік (оқытудың нәтижелері):Пәнді оқып болған студент:

Пәнге қатысты негізгі ұғым-түсініктерінің (этнос, ұлт, діл, ұлттық діл, ұлттық идея, ұлттық тәрбие, ұлттық сана-сезім, этникалық сана, ұлттық мәдениет, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, салауатты өмір салты, зияткерлік әлеует, бәсекеге қабілеттілік және т.б.) мәнін;

- Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясындағы мәнін, Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының мәнін; Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін; ұлттық идеяны ұлттық ақиқатқа және халықтың тарихи тағдырына айналдыратын негізгі факторлардың мәнін;

- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының философиялық-әдіснамалық негізі ретіндегі қазақтану ілімінің мәнін;

- болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімінің дамуындағы әдіснамалық негіздердің мәнін;

- ұлттық идеяның маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясындағы тұлға ұлттық сана-сезімінің қалыптасу моделінің мәнін біледі.

-Этникалық барабарлық деңгейінде жоғары дәрежелі ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшін тарих, тіл, салт-дәстүр, ұлттық болмыс сынды қазақ халқының ұлттық мәдениетінің маңызды компоненттерінің мәнін терең зерделеп, ұлттық мүддені, қазақ елінің ұлттық құндылықтары мен құндылықтар бағдарын саналы түрде түйсініп қабылдау қажеттігін;

- азаматтық барабарлық деңгейінде жоғары дәрежелі ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшін:

1) қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, ұлттық сана-сезімнің базалық тетігі, барша Қазақстан халқы руханияты мен бірлігінің өзегі ретінде белсенді түрде меңгеру;

2) бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихы­на, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамыту;

3) жоғары деңгейлі ұлттық абырой, патриотизм мен азаматтылық, төзімділік пен гуманизмді дамыту;

4) этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық сұхбатқа әзірлік дағдысын меңгереді.

Этнопедагогикалық, этномәдени, көпмәдениетті құзіреттіліктерді, ұлтаралық келісім мен қарым-қатынас мәдениетін;

- әлеуметтік-саяси құзіреттіліктерді;

- ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктерді;

- мәселелерді шешуге қатысты құзіреттіліктерді игереді.

Пререквизиттер:Қазақстан тарихы, мәдениеттану

Постреквизиттер:Құқық негіздері, философия, саясаттану, Қазақстандағы этносаралық қатынастар, Мемлекеттік этносаясат негіздері.

Наши рекомендации