Экономикалық өсуді өлшеуде қандай әдістер қолданылады?

Вопросы

1 Ақшаның қызметтерін атаңыз:

1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. 2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі.. 3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. 4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі 5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі

2 Қысқа мерзімді экономикалық циклдер кімнің атымен аталады?Китчиннің циклдері

3 Экономикалық теория нені зерттейді?Адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейді

4 Айналымдағы ақша массасының шамадан тыс көбеюінен болатын құбылысИнфляция

5 Икемсіз ұсыныстың мәні, әдетте:1-ден кіші

6 Бюджет тапшылығын жабуға арналған қаржылар, ол ішкі және сыртқы жинақталған қарыздың сомасын көрсетедіМемлекеттік несие

Мыналардың қайсысы салық салудың негізгі қызметтері болып табылмайды?

Негізгі қызметтері: фискалдық, реттеушілік, бөлу, әлеуметтік, ынталандыру, бақылау

Материалдық емес өндіріс саласын көрсетіңіз:Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары жатады.

9 Адамдардың өмір сүруінің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мөлшерін сипаттайтын тауарлар мен қызметтер деңгейі, әлауқаттылық деңгейі, әлеуметтік жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы – бұлӨмір сүру деңгейі

10 Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының алғышарттарын атаңыз:

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай әсер етті:

1. Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің мамандандырылуы.

2. Жеке меншіктің пайда болуы.

3. Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы.

Мыналардың қайсысы ғаламдық әлеуметтік-экономикалық проблемаларға жатпайды?

Экономикалық артта қалушылық

12 Экономиканың құлдырауы себебі мен жұмысынан айырылған адам келесі жұмыссыздық түрін көбейтеді:Кезеңдік жұмыссыздық (циклдік)

Экономикалық теориядағы екінші мектеп: ФИЗИОКРАТТАР.

14 Кедендік баж дегеніміз – бұлмемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алатын ақшалай алым.

Францияда жұмыс істейтін Италияндық жұмысшылар сол жақтан жалақы алады. Олардың табыстары қандай көрсеткішті арттырады?

Францияның ЖҰӨ мен Италияның ЖІӨ

Экономикалық өсуді өлшеуде қандай әдістер қолданылады?

Экономикалық өсу негізгі екі әдіспен өлшенеді:

1) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт аралығында өсуі;

2) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт аралығында жан басына шаққандағы өсу

17 Ұдайы өндіріс – бұл:Үнемі қайталанып және жанғырып отыратын өндіріс

18 Волейбол доптарын шығаратын кәсіпорынның тұрақты шығындары 60 мың долл., ал өзгермелі шығындары 50 мың долл. құрайды. Волейбол шығаратын кәсіпорынның жалпы шығындарын есептеңіз.110 мың доллар шыгару жолы TC=FC+VC 60мың+50мың=110мың

19 Елдегі жұмыссыздар саны 6 млн. адам, ал жалпы жұмыс күшінің саны 120 млн. адам, онда жұмыссыздық деңгейі қаншаға тең?5% шығару жолы 6*100%/120

20 Келесі анықтамалардың қайсысы тауар ұғымының мәнін ашады?Тауар – бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің нәтижесі

21 Протекционизмнің артықшылықтары:Протекционизмнің артықшылықтары: сауда балансын тепе-теңдікке келтіреді; демпингтен қорғайды; ұлттық өндіріс салаларының өсуін ынталандырады; жас салаларды қорғайды.

22 Y = C + I + G + Xn теңдеуіндегі G факторының мағынасы төмендегі көрсеткіш:

1) Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (C). 2) Фирмалардың жалпы жеке инвестициялары (I). 3) Мемлекеттік шығындар (G). 4) Таза экспорт (NX). Осы шығындар ЖІӨ көлемін (Y)

23 Мемлекеттік бюджет тапшылыққа ұшырайды. Егерде:

Мемлекеттік шығын табыстан өссе

24 Қандай шарт нарықтық шаруашылықтың қалыптасып, қызмет етуіне кедергі болады?Өндіру мен бөлуді қатаң басқару жүйесі

25 Экономикалық циклдің фазалары – бұлар:Өрлеу, құлдырау, тоқырау, жандану

26 Бизнесті ұйымдастырудың негізгі нысандарын көрсетіңіз:Жеке кәсіпкерлік, серіктестік, корпорация

27 Төмендегілердің қайсысы несие берудің қағидаларына жатпайды?

Бір мақсатқа бағытталуы

28 Экономикаға мемлекеттің араласуы қажет деп санайтын мектеп:Кейнсшілдер

29 Жұмыссыздық деңгейінің формуласы:Жұмыссыздық деңгейі екі әдіспен анықталады​

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны/ Жұмыс күші (жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар) × 100%.​

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны/ Белсенді халық (жұмыс күші + өздігінен қамтылғандар) × 100%.​

30Капиталға сұранысты мына фактор анықтайды:

1. Инвестициялық табысты максималдау; 2. Нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі; 3. Салық салу деңгейі;4. Технологиялық өзгерістер; 5. Экономикалық саясатшаралары; 6. Болашақты күту; 7. Кәсіпкердің оптимистік және пессимистік мінез-құлық жағдайлары;

31 Жиынтық сұраныстың анықтамасын көрсетіңіз:

Жиынтық сұраныс – экономикада әртүрлі бағалар деңгейінде өндірілген жиынтық өнім көлеміне экономикалық субъектілердің жұмсайтын жиынтық шығындары.

32 Қандай банктің ақша шығару құқығы болады?Орталық банктің

33 Өндіріс факторларын атаңыз:Жер Еңбек Капитал Кәсіпкерлік қабілет

34 Экономимкалық өсудің аралас типі келесілерден тұрады:Экономикалық өсудің аралас типі өсудің экстенсивті және интенсивті факторларының қатар орын алуымен жүзеге асырылады. Сондықтан осыған қарап экономикалық өсудің салыстырмалы экстенсивті және салыстырмалы интенсивті жолдарын қарастырған жөн.

35 Бір жылда өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі және оны өндірушілердің бағалардың белгілі бір деңгейінде нарыққа ұсына алу қабілеті - бұлЖиынтық ұсыныс

36 Жер факторынан түсетін табыстың көзі қандай?Рента

37 Қазақстанда жеке табыс салығы қанша пайыздық мөлшерлемемен салынады? 10%

38 «Физиократия» түсінігі нені білдіреді?Бұл пайда табудың жолы ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатынын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.

39 С. Кузнецтің циклдері – бұл ұзақтылығы қанша жылға созылатын экономикалық толқулар?15-20 жылға созылатын циклдер

40 Экономикалық таңдау мәселесі қандай сұрақтарды шешедi?Не, қалай және кiм үшін

41 Қандай фактор AS қисығын оңға қарай жылжытады? Ресурстың бағасы төмендесе, технологияның жетілдірілуі, субсидияның берілуі, бәсеке деңгейі төмендесе

42 Кәсіпкерлік терминін алғаш рет экономикалық ғылымға кім енгізді?Р. Кантильон

43 Экономикалық өсу типтеріне мыналар жатады:Экстенсивті, интенсивті және аралас

44 A. Маслоу бойынша қажеттiлiктер пирамидасындағы үшінші сатыда қандай қажеттіліктер орын алған?Әлеуметтiк байланыстағы қажеттiлiктер

45 ҚР-ғы әлеуметтік саясатты жүргізуші орган:

46 Нақты еңбек ақы –бұл: инфляция шамасына реттелген номиналды еңбек ақы.

47 Тұтынуға шекті бейімділікті анықтау үшін келесі формулалардың қайсысын пайдаланады:Тұтынуға шекті бейімділік (МРС) – қолда бар табыстың өзгеруіне байланысты тұтынудың салыстырмалы түрде өзгеруі:

МРС = ΔС / ΔYd.

48 Айталық, егер нақты жалпы ұлттық өнім көлемі өткен жылы 200 млрд. долларды және осы жылы 250 млрд. долларды құраса, онда жалпы ұлттық өнім көлемінің өсу қарқыны қанша пайызды құрайды?25

49 Егер атаулы пайыз мөлшерлемесі 10 %, ал инфляция қарқыны жылына 4 % болса, онда нақты пайыз мөлшерлемесі қаншаға тең?r = i – π, 10-4=6%

50 Қайта жұмыс табамын деп үміттеніп жүрген адам:Жұмыссыздар қатарына жатады

51 Сұранысқа әсер етпейтін факторды атаңыз:

Сұранысқа әсер еттетін факторлар: баға, тауар типі, тұтынушылар табысы, тұтынушылардың саны, күтілетін жағдайлар, тұтынушылардың талғамдары, тауар пайдалылығы және сапасы, жарнама, жыл мезгілдері

52 Филлипс қисығы нені сипаттайды?бұл жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны арасындағы кері байланысты сипаттайтын қисық сызық.

53 ҚР-да қандай институт ақша-несие жүйесі жағдайына жауапты?Ұлттық банк

54 Өнім өндіруге қажетті ресурстар бағасының төмендеуінен ұсыныс қисығы қалай жылжиды: оңға

55 Төмендегі түсініктердің қайсысы кономикалық теория пәнінің анықтамасына қатысты емес?Экономикалық теория – адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.

Экономикалық теория – шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.

Экономикалық теория – байлық туралы ғылым.

56 Ұсынысқа әсер ететін факторды атаңыз:Бағалық және бағалық емес факторлар

Бағалық емес факторлар: Ресурстардың бағасы, технология, алмастыратын және толықтыратын тауарлар, инфляция, бесекенің қызметі, салықтар мен субсидиялар

Наши рекомендации