Көмір өнеркәсібінде аз қалдықтық және қалдықсыз технологияларды қолдану
Қазіргі заманғы өндірістің даму шамасы бойынша, оның масштабтылығы және өсу қарқындарына байланысты аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды әзірлеу мен енгізу мәселелері үлкен өзектілікке ие болып жатыр. Қазақстанның отын-энергетикалық балансында маңызды роль көмірлерге беріледі, бұның өзінде көмір саласы жоғары сапалы өнімді қажет етеді, өйткені жер қойнауларынан алынатын көмірлер күл, ылғалдылық, күкірт, қоқымдардың жоғары мөлшерде болуымен сипатталады, ал бұл олардың бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер етеді. Көмірді өндіру мен пайдаланудың жыл сайынғы артып келе жатқан көлемдері қалдықтар шығуының өсуіне алып келеді. 1 млн. т көмірді өндіру кезінде атмосфераға 2,6 мың т түрлі ластаушы заттар тасталынады, 7,5 га жер алаңдары бұзылады, су қоймаларына 3,2 млн. м3 ағынды сулар тастаулары жүзеге асырылады. Қалдықтар шығуының үлкен көлемдері көмір өнеркәсіптері қызметі нәтижелеріне олардың төмендеу бағытында әсер етеді, өйткені жинау, тасымалдау және сақтауға тиісті шығындарды талап етеді, алайда қалдықтардың заттық құрамы оларды отандық өнеркәсіптің басқа салаларының кәсіпорындары тұрақты сұранысты білдіретін түрлі өнімді алуға толыққанды технологиялық шикізат пен отын ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Қалдықсыз технология дегеніміз барлық шикізат пен энергия айтарлықтай тиімді және шикізаттық ресурстар – өндіру – тұтыну – екіншілік ресурстар циклінде кешенді түрде пайдаланылатын және қоршаған ортаға кез-келген әсерлер оның қалыпты функциялауын бұзбайтын өнімді өндіру әдісі. Бұл тұжырым абсолютті түрде қабылданбауы тиіс, яғни өндіріс қалдықсыз мүмкін деп ойламау керек. Абсолютті қалдықсыз технологияны елестету мүмкін емес, мұндай табиғатта жоқ та. Алайда қалдықтар табиғи жүйелердің қалыпты функциялауын бұзбауы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, біз табиғаттың бұзылмаған жағдайының критерийлерін әзірлеуіміз керек. Қалдықсыз өндірістерді құру, оның аралық этапы аз қалдықты өндіріс болып табылатын айтарлықтай күрделі және ұзақ үрдіске жатады. Аз қалдықты өндіріс деп нәтижелері олардың қоршаған ортаға әсерлері кезінде санитарлы-гигиеналық нормалармен, яғни рұқсат етілетін деңгейден аспайтын өндірісті түсіну керек. Алайда, техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да себептер бойынша шикізат пен материалдардың бөлігі қалдықтарға ауысуы және ұзақ сақтау мен көмуге жіберілуі мүмкін. Аз қалдықты және қалдықсыз технологиялардың мәні шығындар мен қалдықтарды максималды мүмкін және толық жоюда. Өндірістің жоғары дәрежелі тиімділігіне қол жеткізу қалдықтарды қайта қолдану немесе зиянсыз жоюды шарт етеді. Қалдықсыз технологияларды құру кезінде бірқатар күрделі ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық, психилогиялық және басқа да міндеттерді шешуге тура келеді. Қалдықсыз технологияларды әзірлеу және енгізу үшін өзара байланысты принциптер қатарын бөліп көрсетуге болады: · Жүйелік тәсілдеме; · Ресурстарды кешенді пайдалану; · Материалдық ағындардың циклдығы; · Қоршаған ортаға әсерді шектеу; · Рационалды ұйымдастыру; Өнеркәсіптің жеке салаларында қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды әзірлеу. Көмір өнеркәсібі кәсіпорындарындағы өндіріс қалдықтары Көмір өнеркәсібі жататын өндірістік салаларда өндіру технологиясының қалдықсыздық (аз қалдықтылық) қағидасының іске асырылуы келесілерді ұйғарады: — пайдалы қазбаларды және онымен жол-жөнекей жүретін минералды ресурстарды айтарлықтай толық шығару; — өндіру үрдісінде қатты, сұйық және газтәрізді қалдықтардың пайда болуын қысқарту; — өндіріс қалдықтарындағы зиянды заттар мен компоненттер құрамын төмендету, оларды тазарту және залалсыздандыру; — өндіріс қалдықтарын халық шаруашылығының мұқтаждарына максималды түрде қолдану. — Тас көмірді өндіру және байыту қалдықтарын мүмкін пайдаланудың бағыттары: — Қара металлургида – (күйген балшықты жыныстар) отқа төзімді құралдар өндіру үшін және темір-кендік шикізатты дайындау технологиясының компоненті ретінде; — Құрылыс өнеркәсібінде – агломерат, кірпіш, керамзит, темірбетон бұйымдарын және т.б. өндіру үшін; — Құрылыста – ғимараттар мен жолдардың іргетастарын салу үшін құрылыс материалы ретінде; — Химия өнеркәсібінде – күкіртті қоспаларды алу үшін компонент ретінде; — Қара және түсті металлургияда – кремний-алюминийлік құймалар, карбидкремнийлік материалдар, алюминийдің оттегілік қосылулары және т.б. өндірісі кезінде шикізат және шикізаттық қоспалар ретінде; — Газдық және мұнай өндіру өнеркәсібінде – тампонажды ерітінділерді дайындау кезінде; Қазіргі уақытта елдің экономикасына қалдықтардың үлкен көлемдерін тудыратын, қоршаған ортаға және ел азаматтарына маңызды зардап әкелетін өндірістердің басымдылығы тән. Бұл көбіне отандық көмірлік кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімді шығара алмайтын ескіріп қалған технологиялардың қолданылуымен байланысты. Қазақстанда реттеу механизмінің негізіне қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманы қоюға болады, сонымен қатар тікелей мемлекеттік реттеу құралдарын мемлекеттік регламенттеу шаралары арқылы пайдалануға болады.