Теңге бағамының қалыптасуындағы ҚР мемлекеттік саясатының рөлі

Сонымен, мемлекеттің ашық экономикадағы макроэкономикалық саясатының тиімділігін арттырудағы мәселелерді шешу сол саясат құралдарының сәйкес үйлесімділіктерін қажет етеді.

Қандай да бір мемлекет валюта бағамының тәртібін таңдай отырып, бір уақытта ішкі макроэкономикалық реттеудің құралдарын да анықтап алуы тиіс. Және керісінше, ішкі макроэкономикалық саясаттың басымды мақсаттарын (экономикалық өсу, инфляциямен күрес, әлеуметтік көмек шараларын күшейту және т.б.) анықтай отырып, қолданыстағы кез-келген сыртқы макроэкономика-лық саясаттың дәл осы мақсаттардың орындалуына кепілдік бере алмайтынын да ескерген жөн.

Құбылмалы валюта бағамы жағдайында валюта тапшылығы автоматты түрде жойылады. Ал тұрақты валюта бағамы жағдайында бұл проблеманы мемлекет шешуі керек. Тіркелген валюта бағамы кезінде ашық экономикаға деген ынталандырушы ақша-несие саясатының нәтижесі тиімсіз болып қалады, өйткені ақша массасының өзгеруі валюта нарығындағы қажетті интервеницялар арқылы тұрақтанып отырады. Сонымен қатар, құбылмалы валюта бағамы кезінде ынталандырушы бюджет-салық саясатының нәтижесі тиімсіз, себебі мемлекеттік шығындардың артуы салдарынан таза экспорт қысқарып ұлттық табыс өзгермейді.

Валюта тапшылығын жою төмендегідей әдістермен жасалу қажет:

- Резервтерді қолдану. Бұл ең жеңіл тәсіл. өйткені мемлекет иелігіндегі валюта қоры бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бәрақ бұл әдістің кемшілігі егер теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда бұл саясаттан бас тарту керек болады.

- Сауда саясаты. Бұл мемлекеттің бағамды бір қалыпта ұстау мақсатында импортты шектеп, экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, өосымша кедек салығын салу арқылы шектейді. Алайда мұндай жасанды шектеулер экономиканың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

- Валюталық бақылау. Мемлекет шетке тауар шығарушыларға шетел валютасын тапсыруға міндеттейді. Жиналған валютаны шетелден тауар әкелушілерге бөліп береді. Сөйтіп импорт пен экспортты теңестіреді. Бұл әдістің кемшіліктері: сауданың бұзылуы, алалаушылық, таңдаудың шектелуі, қара базар.

- Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу арқылы шетел валютасына сұранысты шектейді.

Бүгінгі күні Қазақстанда валюталық реттеудің мәні тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатының ықпалды болып табылады. Тиісінше, валюталық реттеудің міндеттері мыналар болып табылады: елде валюталық құндылықтар айналысы тәртібін белгілеу, елде дүниежүзілік экономикаға одан әрі шоғырландыру үшін жағдайлар жасау және валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

Мемлекет валюталық реттеу, яғни валюта бағамын реттеуі арқылы өзге мемлекеттермен импорттық және экспорттық операцияларын реттеуге мүмкіндік алады. Егер Қазақстан өзінің экспорт көлемін жоғарлатқысы келсе, онда валюта бағамын басқа елдерден салыстырмалы түрде төмендетуге тырысады. Сонда еліміз валютасы басқа елдерге қарағанда арзан болады, сәйкесінше, мемлекет валютасындағы өнім бағасы да төмен. Ал бұл Қазақстанның экспорттық өнімдерінің бағасын түсіреді, яғни экспорт көлемі көтеріледі. Импорттық операцияларды реттеу де осы механизммен жүреді.

ҚР валюта нарығының мемлекеттік реттеуі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57 Заңына сәйкес жүргізіледі. Заңда Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негiзгi органы ҚРҰлттық Банкi болып табылады. Ал, валюталық бақылау органы болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасы Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізілетін өкілетті банктер есептеледі.

Орытынды

Қорытындылай келе, теңге бағамының қалыптасуына әсер ететін факторлар: Елдiң экспорттық операциялары, Қазақстан ақша түрiнде импорттағанға қарағанда көбiрек экспорттайды. Сондықтан экспорттық түсiм теңгенiң бағамына ықпал ететiн қозғаушы күштердiң бiрi болып табылады. Сонымен қатар, үкiмет жоспарлаған бағам, яғни, Үкiметте екi қарама-қарсы мiндет бар. Бiрiншiсi - инфляция деңгейiн бақылау, оның жүзеге асыратын бiрден-бiр құрал - теңге бағамының өспеуi болып табылады. Екiншiсi - отандық өндiрушiлердi қолдау. Себебi, теңге бағамының өсуiнен негiзiнен отандық өндiрушiлер зардап шегедi.

Нарықтағы шет елдермен қарым – қатынасты жақсарту, одан әрі дамыту барысында валюта бағамы, оның тұрақтылығы, айналысқа түсу қабілеті көптеген мәселерді шешіп, біразын жеңілдетеді. Сол себептен валюта бағамын реттеу елдің халықаралық саудада алатын орнын, даму қарқынын айғақтайтын бірден – бір шама болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстанда валюталық реттеудің мәні тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатының ықпалды болып табылады. Тиісінше, валюталық реттеудің міндеттері мыналар болып табылады: елде валюталық құндылықтар айналысы тәртібін белгілеу, елде дүниежүзілік экономикаға одан әрі шоғырландыру үшін жағдайлар жасау және валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауы.

2. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011.

3. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57 Заңы.

4. ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайты www.

Наши рекомендации