Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың рөлі және мақсаттары

Бюджеттік құралдардың калыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустриалды-инновациялык дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар - бюджетті құрғанда көрінді.

Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлык қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдык өнім құны мен ұлттық табысты орталықталандырылған турде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті-экономикалық даму бағдарламасы табылады.

Жалпы қаржылык жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны - бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті кұру мея атқаруына байланысты жоспарлау, барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар, каржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі ете зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни телемдер бойынша міндеттемелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсызданудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.

Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты - ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағынасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.

Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

• орталыктарылған және орталықтарылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылык қатынастарды анықтау;

• бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;

• қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;

· салалар, іс-әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінін жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;

· бюджеттін жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.

Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бакылау карастырылады.

Бюджетті жоспарлаумен бюджеттік болжамдау тығыз байланысты. Бюджеттік болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағаларын аныктау процесі тусіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашак; жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.

Бюджеттік болжамдаудын негізгі максаты - ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тендеяцияларды, нақты әлеуметті-экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

Бюджетті жоспарлау мен болжамдау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:

• кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;

• әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінін деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;

• қаржылық жәрдем мен бюджеттік камсыздандырулықты теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау.

Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс-әрекеттің негізгі шарты - ол жалпымемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамасыз ету.

Наши рекомендации