Кәсіпорынды дамыту жоспары
Инновациялық стратегиясы кәсіпорынның мақсаты мен миссиясына жету жолындағы қазіргі нарық пен сондай-ақ жаңа нарықтағы технологиялар мен тауарларды алға жылжытуға байланысты жаңашылдықтарымен ерекшеленетін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Инновацияның жалпы теориясында кәсіпорынның инновациялық стратегияларының кең тараған түрлерінің бірі Ансоф матрицасымен сипатталатын төрт интенсивті даму үстіндегі даму стратегия.
Кесте 7 – «РЗА» АҚ – да инновацияның кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өзгеруіне және экономикалық тиімділікке әсерінің матрицасы
Инновацияның интенсивтілігі мен масштабы | Сәйкес ұйымдық инновациялар | Экономикалық тиімділік |
Игерілген өнім Игерілген технология Игерілген нарық | Өнімді жетілдіру қолданыстағы ұйым шегінде жүргізілуі мүмкін | Жоғары кірістер, резервтік капиталдың қалыптасуы, еңбек ақы қорының өсуі |
Жаңа өнім Игерілген технология Игерілген нарық | Зерттеу бөлімшесінде жаңа жобалық топ немесе/және сынақ зертханасы пайда болады | Тұрақты кірістер, еңбек интенсивтілігі, инвестиция тартушылық |
Игерілген өнім Игерілген технология Жаңа нарық | Қолданыстағы ұйым мүлдем өзгермейді. Маркетинг қызметіне жаңа нарықты зерттеп-білу жүктеледі, сатып-өткізу тобы құрылуы мүмкін | Енгізу мәресіндегі пайда, кәсіпорынның танымалдылығы, маркетингтік біліктілікке ие болуы |
Жаңа өнім Игерілген технология Жаңа нарық | Маркетинг қызметі мен зерттеу бөлімшесінен бөлінген персоналы бар жаңа өнімді енгізу тобы құрылуы мүмкін. | Жаңа өнімді қайта жобалауға кететін шығынның азаюы және қосымша күшке негізделген маркетинг |
Жаңа өнім Жаңа технология Игерілген нарық | Маркетинг қызметі мен зерттеу бөлімшесінен бөлінген персоналы бар жаңа өнімді енгізу тобы құрылуы мүмкін. Өз жұмысында топ маркетинг және сатып-өткізу қызметтерінің көмектерін пайдаланады | Еңбек ресурстарын шоғырландыру арқылы бәсекеге қабілетті маркетингті қалыптастыру, өнімді өткізу нарығын кеңейту, қолдағы бар табыстылық нормасын арттыру |
Жаңа өнім Жаңа технология Жаңа нарық | Кәсіпорын қызметінің жаңа бағыты жаңа бөлімше және тәуекел түріндегі қолданыстағы ұйымдық құрылымды толықтыратын мүлдем жаңа ұйымдасьыруды талап етеді. | Өндірістен сатуға дейінгі мерзімнің азаюы, ұйымның инновациялылығының жоғарылауы, инновациялық өнімнің нарыққа шығуы |
Инновация аясындағы кәсіпкерліктің ұйымдық құрылымы инновациялық қызметтің масштабы мен интенсивтілігіне тәуелді болғандықтан, инновацияның кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өзгеруіне және экономикалық тиімділікке әсерін айқындайтын матрицаны жасадық. (3-кесте).
Шағын инновациялық кәсіпорындарда мүмкіндіктердің шектеулілігіне байланысты кадрлар жоғары білікті мамандар қажет етілетіндіктен, сайыстық негізді іріктеледі. Соған орай бір маман бірнеше жұмыскердің орнын баса алуы керек, немесе бір-бірін толықтырушы жұмыстар маманның мүмкіндігі мен ынтасына сай келуі тиіс. Сондай-ақ инновациялық кәсіпорын басқа кәсіпорындарға қарағанда, еңбек төлемін жасауға қаржылай мүмкіктері болуы қажет.
Кесте 8 «РЗА» Акционерлік қоғамының сыртқы ортасын талдау
Факторлар тобы | Факторлар | Факторлар | ||
Мақсатқа жетуге ықпал ететіндер | Мақсатқа жетуге кедергі келтіретіндер | |||
1.Экономикалық | 1. Салықтар 2. Инфляция 3. Жұмыссыздық | - - - - | ||
2.Саяси | 1. Елдің саяси бағыты өзгеруі 2. Экономикалық қатынастарды реттудің нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістер | + + | - - | |
3.Технологиялық | 1. Өткізуді жетілдіру 2.Жеткізуді жетілдіру | + + | ||
4. Әлеуметтік | 1. Персоналдың біліктілік деңгейі 2. Жұмысқа көзқарасы 4. Құндылықтар мен бағыттар | + + + + | - |
«РЗА» АҚ - ғы өз жағдайымызды анағұрлым дәлірек түсіну үшін, ұйымның ішкі және сыртқы ортасының кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік деңгейі мен сыртқы рыноктағы баға саясатына әсер етудегі тәуелділіктері мен байланыстарын анықтаймыз (4- кесте).
Орта талдауы – бұл ұйымның бәсекелестік стратегиясын түзуде өте маңызды және ортада болатын ұйымның мықты және әлсіз жақтарын, сондай-ақ сыртқы ортамен болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді мұқият бақылап отыруды талап ететін өте күрделі үдеріс. Ортаны білмесең, ұйымның тіршілік ете алмайтыны айдан-анық. Бірақтан ол қоршаған айнала ішінде рулі, ескектері немесе желкені жоқ қайықтай жүзе бермейді. Ұйым өз мақсаттарына ойдағыдай жету үшін ортаны зерттейді, өзіне барынша ыңғайлылықты қамтамасыз етеді және сыртқы ортаның элементтерімен өзара әрекет ету стратегиясын түзеді. «РЗА» АҚ - ның ішкі ортасына талдауды келесі 5-кестемен береміз.
Кесте 9 - «РЗА» Акционерлік қоғамының ішкі ортасын талдау
Салалар | Факторлар | Факторлар | |
Мықты жағы | Әлсіз жағы | ||
Кадрлар | 1. Басқару персоналы стилі 2. Кадрлық саясат 3. Кадрлардың тұрақтамауы 4. Жұмыс тәжірибесі | + + + + | - |
Жалпы басқаруды ұйымдастыру | 1. Ұйымдастырушылық құрылым 2. Компанияның беделі мен келбеті 3. Коммуникациялық саясат 4. Бақылау деңгейі 5. Ұйымдастырушылық мәдениеті | + + | - - - |
Қызметтер өндірісі | 1. Баға саясаты 2.Бәсекелестік саясаты 3.Сауда-саттықты бақылау жүйесі | + + | - |
Маркетинг | 1.Тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі 2. Өткізудің ақпараттық қамтамасыз етілуі 3.Рынок үлесі 4. Өнімнің өмірлік циклі 5. Өткізу саясаты 6. Жайғастыру 7.Өткізуді қалыптастыру және ынталандыру | + + + + + + | - - |
Қаржылар | 1. Активтермен қамтамасыз ету 2. Капиталды пайдаланудың тиімділігі 3.Инвесторларға тәуелділік деңгейі 4. Экономикалық тиімділік | + + + + | - |
Осылайша, көрсетілген кестеден шығатыны, ұйымның сыртқы ортасының негізі қауіптері экономикалық және саяси факторлар. Салық салудағы өзгерістер, инфляциялық тәуекелдердің әсері, жұмыссыздық деңгейінің өсуі кәсіпорынның жалпы экономикалық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді. Сол сияқты, мысалы, валюта бағамының құнсыздануы немесе көтеріңкі кедендік баж енгізу кәсіпорын қызметінің жалпы экономикалық тиімділігіне ықпал етеді. Рыноктық факторлар да (бәсекелестік, демография, мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі) кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне теріс әсер ете алады.
Жалпы алғанда, экономика дағдарысы, инфляцияның күшеюі мен халықтың төменгі тіршілік ету минимумына қарай, компанияның банкроттық тәуекелін ұлғайтатынын атап өту қажет. Компанияның қаржылық жоспарларында құнсызданудың фирманың негізгі жұмыс көрсеткіштеріне әсері қарастырылған. Заңналық және нормативтік актілердегі өзгерістер де кәсіпорынның кейбір техника-экономикалық сипаттамаларына дисбаланс туғыза алады. Сондықтан компания фирманың экономикалық жағдайына әсер ететін саяси факторларды үнемі талдап отыруға шешім етті. Әрі қарай, кәсіпорынның ішкі ортасын келесі кестемен талдаймыз. Осылайша, кәсіпорынның негізгі ішкі тәуекелдері болып кәсіпорынды басқаруға және ұйымдастырушылық құрылымға байланысты тәуекелдер шығады, бұлар дереу өзгертуді және реформалауды талап етеді. Бұдан басқа, ортаны талдау, стартегиялық басқаруда ол қалай өткізіледі, ұйымға қатысты сыртқы ортада пайда болуы мүмкін қауіптер мен мүмкіндіктерді, ұйымның мықты және әлсіз жақтарын анықтауға бағытталған. Басқару ортаны зерттеу көптеген әдістермен жүргізіледі. Оларға мынандай талдау әдістері жатады: Әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, саясаттық (PEST-анализ) және күшті жағы, әлсіз, мүмкіндіктер, қауіптер (SWOT – анализ). Зерттеушілер осы талдау әдістері арқылы мына стратегиялық сауалдарға жауап іздейді: ұйымның қазіргі жағдайы қалай; болашақта ұйымның алдында тұрған қандай кедергілер және қандай дұрыс ықпал ететін жағдайлар бар; қойылған мақсаттарға жету үшін қандай мүмкіндіктерді іске асыру керек; стратегияны жүзеге асыру үшін қалай басқару керек?
PEST және SWOT талдау нәтижесінде басқарушы жүйенің даму стратегиясы қалыптасады (фирмалар, ұйымдар, социум).
PEST – ұйымның сыртқы жағдайын талдаудың бір түрі. Ол болашақ стратегияны дайындауға қолданылады және сараптау арқылы факторлардың салыстырмалы мәнін анықтауға көмек етеді. Ал факторлар әлеуметтік, технологиялық, экономикалық және саясаттық болып төрт топқа бөлінеді.
PEST талдаудың жақын ортаға әсер етуі төрт категориялы:
- Социодемографиялық әсерлер – қоғамдық, мәдениеттік және демографиялық;
- Технологиялық әсерлер – өнімдер, инновациялық технологияның үрдістері, коммуникация және көлік:
- Экономикалық әсерлер – ақша-несие саясаты, табыстар, өмір әл-ауқатының деңгейі және т.б;
- Саяси әсер – үкіметтік, құқықтық және мөлшерлі әсерлер.
Кесте 10 «РЗА» АҚ – ның қызметінің SWOT талдауы
Күшті жағы | Әлсіз жағы |
- Барлық өндірілген өнім сапалы және сапалығын дәлелдейтін сертификацияланған құжаттары бар; - Компанияның саясаты клиенттермен компания қызметкерлері арасында барынша қарапайым байланыс орнату; - компанияның әілсіз жақтарын және қауіптерін жоюда қаржылық және кадр потенциалы жеткілікті; - компанияның қосымша көздерден қаражаттар тарту мүмкіндігі бар; - жоғары кәсіби білікті персоналды таңдау жоспары бар; - ішкі шаруашылық қызметті қатаң бақылау; - жаңа жобаларды іске асыру үшін қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру; - басқарушы іскерлік және ұйымдастырушылық сапаларымен, болашақты көре білетін, жаңашыл, жоғары кәсіби білікті, істі соңына дейін жеткізетін жауапкершілік қаситеттерді иеленеді. | Лизинг компанияларының алдында міндеттемелерінің болуы |
Мүмкіндіктер | Қауіптер |
- Жергілікті басқару органдарын ауылшаруашылығы саласын дамытуға қызығушылықтарын тудыру; - «РЗА» АҚ интенсивті өнім өндірісін дамытып Қызылорда облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру түрлері бойынша негізгі жеткізіп берушілердің қатарында болу; - Компанияның бірден бір басымдықтарының бірі клиенттерге сапалы өнімді қамтамасыз ете отырып, азық түлік нарығында жағымды позицияны иелену; | - үкіметтің салық саясатын өзгерту – салықтың деңгейін өсіру өнім бағасының өсуіне де әсер етеді және соның салдарынан нарықта өнім баяу жылжыйды; - өмір сүру деңгейінің төмендеуі - өнімді өткізу қарқынына жылдам әсер етеді; - компания өндіретін өніммен бірдей өнімдердің нарыққа көптеп шығуы; - сұранысты, өнім бағасын және бәсекелестерді дұрыс бағаламау; - ақталған күріш пен сүт өнімдерінің бағасының нарықта тұрақты болмауы; - сүт сауу деңгейінің және малдың төлдеуінің төмендеуі; - судың жетіспеуі және Сырдария арнасының азаюы күріш егілетін алқаптардың қысқаруына әкеліп соғады. |
PEST талдау факторларының артықшылықтары:
1) PEST факторларымен жұмыс істей бастағанда басшылар сыртқы қоршаған орта туралы ойлана бастайды.
2) Адамдар сыртқы қоршаған ортаны дұрыс көруге мүмкіндік туады. Сыртқы қоршаған ортаның факторларын есепке алу мәдениеті тәрбиеленеді.
3) Бір фактордан екінші факторға еркін ауысу және сол арқылы қоршаған орта туралы тұтас пікір қалыптастыру.
4) Сыртқы қоршаған ортаны талдау үшін жалпы тіл табысу.
5) Ішкі мәселелермен айналыса бермей, сыртқы қоршаған орта туралы ойлауды әдетке айналдыру.
SWOT талдау – бұл рыноктың макрожүйесі және олардың нақтылы мақсаттарын талдау әдісі. Фирманың және оның бәсекелестерінің кешендік сызбасының үлгісі: «күшті жақтары – әлсіздігі-мүмкіндіктері - қауіптер».
Ішкі күшті және әлсіз жағдайларды талдауға ұйымның өзінің пайдасымен және кемшіліктерін бағалауды қамтиды. Сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда маркетинг, қаржылар, адами ресурстар, өндіріс, ұйым, мәдениеті талданады және бағаланады. Мемлекеттік ұйымдарда да осындай көптеген бағалаулар орын алады.
Саланың ішіндегі бәсекенің табиғи пайда болуын мен деңгейін талдау үлгісін (моделін) Портер әзірледі. Оның пікірі бойынша бес бәсекелік факторлар бар. Осылар сала ішінде бәсекелестік деңгейді анықтайды:
- Салада жаңа бәсекелестер пайда болу қаупі;
- Жаңа ауыстырушы-қызметтердің пайда болу қаупі;
- Сатып алушыға әсер ететін тұтқалар (сатып алушы саны және сатып алған нәрсенің көлемі, тауарды жеткізіп беруші компаниялардың саны мен көлемі);
- Тауар жеткізушілердің әсер ететін тұтқалары (жеткізілген ресурстың өте сиректігі және тапшылығы; басқа ресурсқа ауысуға байланысты шығындар; керек ресурсты қажет ететін салалардың саны; нақтылы ресурсты жеткізуші фирмалардың саны мен мөлшері);
- Саладағы бәсекенің деңгейі (бағалық бәсеке, жетіліп қалыптасқан салалар, ауыстырушылардың болуы)