Бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
11-баптың 9-тармағының қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 18.11.2015 № 410-V Заңының 27-бабынан қараңыз.

131 «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабылетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы.

Бәсекеге қабілеттіліктің алғышарттары. Бәсекеге қабілеттілік — өзіңді танып анықтау арқылы көз жеткізілген барлық артықшылықтарды пайдалану. 2007 жылы Ұлт көшбасшысы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құрудағы басты кедергі — өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге бармайтын шығармашылық ізденістері жоқ адамдар болуы мүмкіндігін айта келе, мұндай мәселені шешудің көзі ретінде индустриялды-инновациялық дамудың стратегиясын негіздеді, жауапкершілік алатын жастардың жаңа буынына үміт артты. Заманауи жағдайдағы Қазақстан өркендеуінің экономикалық негіздері халықтың қоғамдық белсенділігін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі экономикалық өсу жоғарғы тәуекелге бару арқылы жалпы ғылыми ортаның, ақпараттық инфрақұрылымның даму-деңгейіне, ғылыми зерттеудің қаржылық көлемінің мөлшеріне, олардың нәтижелерін коммерциялық жүзеге асырудың белгісіздігіне тәуелді басқару тәжірибесіндегі үздіксіз инновациялық үрдістерге көшуге жетелейді. Сондықтан да ғылыми-техникалық жетілдіруді мемлекеттік ынталандыру айқын қажеттілікке айналып отыр. Бұл өмір сапасына бағытталған «тұтыну қоғамынан» интеллектуалды қоғамға өтуді білдіреді. Инновациялық экономиканы құрудың экономиканы әртараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырумен тікелей байланыстылығы, Қазақстанның жетекші дамыған елдер сияқты жетістіктерге жету үшін адамдар әлеуетін, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін түпкілікті көтеру қажеттілігі тұр. Әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, Қазақстанның да тиімді жүзеге асырылатын ұлттық бәсекелік басымдылықтары бар, олардың ішінде табиғи ресурстар қоры: вольфрамның әлемдік қорының 50%, уранның 25%, хром құрамды қазбалардың 23%-ын құрайды. Қазақстанда бүкіл дүниежүзіндегі фосфор қорының 90% орналасқан және сирек металдар монополиялық өндірушілерінің әлемдік клубына кіреді. Бірақ республика бай табиғи ресурстары бола тұра, ішкі өндірісте жоғарғы технологиялық туарлар мен қызметтің жетілдірілмегендігінен шығаратын өнімі жалпы әлемдік өнімнің 0,06%-нан аса алмады. Қазақстанның ұлттық басымдылықтарының бірі — аграрлық өндіріс. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және жетілдіру салаларында кластерлік бастамаларды жүзеге асыру арқылы аграрлық секторды индустрияландыру жұмысы қолға алынды, әсіресе нарықтық бәсекені қалыптастыру. Жаһандық бәсеке — заманауи қоғамдық даму заңдылығы, ол ұлттық мемлекетті ғана қамтымайды, ол трансұлттық корпорациялар (ТҰК) арасында да жүреді. ТҰК интеллектуалды, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеттік ортада құрылады. Шамамен неғұрлым табысты салалардың әлемдік сауда және қаржы айналымының жартысынан көбі солардың бақылауында. Көптеген ТҰК өздерінің экономикалық айналымы жөнінен ірі елдерден асып түседі. Жетекші 500 трансұлттық корпорациялар өңдеуші кәсіпорындар экспортының үштен бірін, әлемдік саудадағы шикізаттық туарлардың төрттен үшін, жаңа технологиялық сауданың бестен төртін қамтиды, дүниежүзінің барлық елдерінде ондаған миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жүргізілген реформалар барысында Қазақстан бас аяғы он жылдан аса уақыт мерзімінде нақты нарықтық экономикаға қол жеткізді. Қазіргі кезеңде экономикалық өсімнің негізгі көзі елдің шикізаттық әлеуеті болып табылады. Республика экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды және ашық сыртқы сауда саясатын жүргізеді. 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемі 7 млрд. доллардан аса оң айырыммен, 33 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 1994 жылмен салыстырғанда үш есе өсімді берді. Сыртқы сауда жүргізу аймағы алғашында ТМД көлемімен шектелсе, 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында алғашқы орынды ЕО елдері, Ресей, Швейцария және Қытай тұрды. Осылайша Қазақстан жаһандық бәсеке орталығына қосылды. Әрбір ел ұлттық тәуелсіздігіне, жеке дамуына ұмтылғандықтан да ашық ұлттық нарық, шетел капиталын, халықарылық кооперацияны тарту, әсіресе экономиканың стратегиялық салалары қатаң бақылауды қажет етті. Елдің ұлттық мүддесі жергілікті капиталды толықтырумен, отандық тауар өндірушілерді қолдау, оларды ынталандырумен байланысты болды. Дамудың түпкі мақсаты — халықаралық еңбек бөлінісінде бәсекеге қабілетті, бірте-бірте легитимді пайда табу (заңнамалық негізде) арқылы ұлттық капиталды қалыптастыру[1,-344б.]. Шетелдік жұмыс күшін тарту ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы, шарттары және жұмыс берушіге рұқсат беру тәртібі Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылды. 2004 жылдың 1-ші наурызынан бастап шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша жұмыс берушілерге рұқсат беру қызметі жергілікті атқару органдарына (2004 жылдың 27 қаңтарындағы № 524-II «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес) берілді. Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту 2004 жылы тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігінің 0,28%-на (21179 адам) дейін ұлғайтылды, 2005 жылғы квота да (22077 адам) осы шамада бекітілді. Министрліктің құзырында ҚР Үкіметі белгілеген квотаны облыстарға, Астана және Алматы қалаларына бөлу қызметі қалдырылды. Қазақстан Республикасына 2001–2004 жылдар аралығында ҚР Үкіметімен бекітілген квота аясында жұмыс берушілер орта есеппен 13,8 мың шетелдік жұмыс күшін тартты [2]. Қазақстандағы шетелдік корпорациялар геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізді және кен орындарын бірінен соң бірін ашты. Сонымен қатар салық, ел үшін пайдасы аз келісімдердің бекітілуіне байланысты дау-жанжалдар, келіспеушіліктер, жемқорлыққа қатысты шу, экологияға қарсы әрекеттер-де белең алды. Бірақ Қазақстан күйзеліс пен әлеуметтік қақтығыстарға жол бермей, тұрақтылығын сақтай алды. Республикада жаңа технологияны игеруге жол ашылды, нарықтық басқару тәжірибесін меңгерді. Қазіргі кезеңде нақты сектордағы серпінді жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытуға көңіл бөлінуде. Сыртқы нарықтағы өндірістің әлемдік технологиясы негізінде қазақстан бизнесінің көшбасшыларын шығару міндеті белгіленді. Мәселен, «Қазақмыста» жұмыс жасайтын «Самсунг» компаниясы, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөндірісі», «Еуразиялық өнеркәсіп ассоциациясы», «Теңізшевройл», «Маңғыстаумұнайгаз», «МитталСтил Теміртау», Оңтүстік Қазақстандағы «еркін экономикалық аймағы»-тоқыма кластері, Қызылордадағы әйнек құрылысы заводы, Павлодар алюминий заводы, Атыраудағы мұнай-химия кешені және басқа да корпоративті көшбасшыларды экономиканың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ете алатын шағын және орта кәсіпорындарға айналдыру мақсаты қойылды. Ірі корпоративті компаниялар дүниежүзілік нарыққа, ал содан соң Қазақстанның қор нарығына шығады. Бәсекеге қабілетті экономика — бұл бәсекеге қабілетті мамандар. Республикада 2007 жылы бір мың жұмыс жасайтындарға үш ғалымнан келсе, көрші Ресейде бұл көрсеткіш 7,5. Ал ЕО-5,8, АҚШ-9,3 келген[1,-366б.]. Қазақстандықтардың деңгейін ортаеуропалық деңгейге жеткізу үшін ғылымды қаржыландыруды 25 есе көтеру қажет болды. «Ғылым» туралы Заң бекіді. «Болашақ" бағдарламасында техникалық мамандықтарға басымдылықтар берілді. 2001–2006 жылдар аралығында республикадағы әлеуметтік-экономикалық серпіліс нәтижесінде Қазақстан аймақтық көшбасшыға айналды. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық жағдайлар, ауыл аймақтарындағы тұрғындардың өмір сүру-деңгейін көтеру, жұмыссыздыққа, нашақорлыққа және қылмысқа қарсы шаралар жасалуда. Бұл шаралардың нәтижелі болуында, әсіресе қоғамдық дамудың шешуші күші ретінде — адам капиталының рөлі ерекше екені айқындалды. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі бағыттары. «Қазақстан-2030» Стратегиясын дәйектілікпен іске асыру елдің алға ілгерлеуіне берік негіз қалады. 2007 жылы бірден-бір дұрыс бағыт ретінде, Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі — жан-жақты жаңғыртуды жеделдетуге бағыт түзелді. Әлемде Қазақстан мен қазақстандықтардың лайықты орын алуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін сыртқы нарықтарға шығып, онда мықты орнығу міндеті тұрды. Ол үшін табыстарға қол жеткен секторларда және басқа да салаларда жаңғырту қарқынын жеделдету міндеті қойылды. Елдің толық әлеуеті бәсекеге қабілеттілікке жұмылдырыла бастады. Басты мәселе ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға кірігу белсенділігіне тікелей байланысты болды. 2004 жылы қазақстандық бизнестің қалыптасқандығы ресми жариялана бастады, бірақ ең алдымен ішкі ғана емес, сыртқы әлемдік рыноктардағы бәсекелестікке қол жеткізу міндеті тұрды. Қазақстан капиталының шетелге қозғалысына, оның сыртқы рыноктарды игеруіне қолдау жасалды және шетелдегі барлық мемлекеттік құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетті. Жаңа міндеттерді шешуде Үкімет және өңірлерден өкілдік ететін акционерлер қаржыландыру арқылы қол ұшын берді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жаңғыру мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне тағы бір қадам Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы» Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдаулары негізінде Қазақстанның 2003–2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму Cтратегиясы қабылданды. Бұл құжат алдағы міндеттерді бәсекеге қабілетті даму ұғымына топтастырған ірі жаңғыртылған жоба болды. Қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылдығы мен іскерлігіне негізделген ашық нарықтық экономика — халық тұрмысының жоғарғы сапасы және алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз етуге қабілетті, халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде, Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілік көрсету мүмкіндіктерінің негізі болды.

132 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстанның – 2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» XXI- ғасырға басты талабы және 2050 жылдарға жаңа саяси бағыт.

Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

Бағдарламаның қарастыратын істері[өңдеу]

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;

2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;

4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;

6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;

7. Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.[1]

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері[өңдеу]

1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6. Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

Бұл стратегиялық басымдылықтың жүзеге асуы қоғамдық келісімінің сақталуы мен нығаюынан тұрады. Осы мақсатта келесі шараларды орындау қажет:

1. Этникалық айырмашылықтан тыс, барлық қоғамды біріктіретін

Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру.

2. Барлық этностардың теңдігін ұстануды қамтамасыз ету.

3. Қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығының дамуын қамтамасыз

ету, оны барлық салаларда қолдану.

4. Мәдениетті, дәстүрлерді және өзіндік ерекшелікті барлық сан алуандығы мен айбындылығында сақтау, мәдениеттік дәулетімізді түйірлеп жинау.

5. Ұлттық интеллигенцияны қалыптастыру.

6. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни

сана-сезімді қалыптастыру.

Дамудың Жаңа Стратегиясы еліміздің озық партиясы «Нұр Отанның» жаңа саяси бағытын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің біріне айналды. Партияны төрағалық ететін Көшбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси доктринасын әзірледі – бұл негізгі қағидаттары, құндылықтары және ұзақ мерзімді болашаққа арналған қызметтің негізгі басымдылықтары нақты көрсетілген құжат болып табылады [3]. Құжат 2013 жылы 18 қазан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV құрылтайында баяндалды.

2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті [4].

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.

Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады [5]. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады

133 «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын ҚР Президентінің Қазақстанның дамыған әлемдік 30 елдің қатарына енуі туралы концепциясының басым бағыттары

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену Концепциясы шеңберінде ұзақмерзімдік негізгі басымдықтарды атады.

Аталмыш жеті басым бағыттар – иннвациялық индустриаландыру, ауыл шаруашылығына инновацияларды енгізу, ғылыми экономиканы құру, агломерация, көлік, энергетика салаларында инфрақұрылымды дамыту, ШОБ, білім мен денсаулық сақтауды дамыту, мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру.

Алтыншы бағыт – білім беру мен денсаулық сақтауда бірнеше міндеттер белгіленген.

Бірінші – ұлттық білім беру жүйесін жақсарту.

«Бізді ұлттық білімнің барлық буындарының сапасын арттыру жөнінде үлкен жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай 3 пен 6 жас аралығындағы қазақстандық баларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондықтан, оларға білім берудің қазіргі заманғы бағдарламалары мен әдістемелері, білікті мамандар қажет», – делінеді Жолдау мәтінінде.

Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту.

«Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені қолға алу қажет. Жұмысшының денсаулығына мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшының ортақ жауапкершілігі – медициналық қызмет көрсетудің тұтас жүйесінің басты принципі», – делінген құжатта.

Үшінші міндет – Мәдени саясаттың ұзақмерзімдік Концепциясын әзірлеп, онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыруға бағытталған шараларды айқындау, қазіргі заманғы мәдениет кластерлерін дамыту.

Төртінші – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жеңілдіктерін қайта қарау.

Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек назар аудару қажет.

Мемлекет басшысы осы міндетті жүзеге асыру шеңберінде аталмыш жұмысқа Үкіметті, әкімдерді, әлеуметтік институттарды, бизнес-қауымдастықты, ҮЕҰ мен «Нұр Отан» партиясын жұмылдыруға шақырды.

«Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар жәрдемақы алып қана қоймай, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы қызметкер ретінде сезінетін болады. Біздегі әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы жұмыспен шұғылданғануы қажет», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Жолдауында.

Сонымен қатар, Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы көлемін 25 пайызға көтеру тапсырылды.

Жетінші бағыт – мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру шеңберінде жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны жасау және жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерге, ұлттық компаниялар мен бюджеттік ұйымдарға меритократия принциптерін енгізу тапсырылды.

«Әлемнің дамыған 30 елі қатарына ену жолында мемлекетіміз бен қоғам алдында тұрған басты міндеттер осылар. Біз оларды заңмен нақтылы түрде көрсетіп, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет», – деп атап өтті өз Жолдауында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев.

134 ҚР Президентінің «Нұрлы-жол Болашаққа-жол» жолдауындағы жаңа экономикалық саясаты

Наши рекомендации