Ылыми-техникалық жетістіктердің экономикалық теориясы. 2 страница

Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне: -негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу; -кәсіпорынның өзі дайындаған немес жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтарын орнату; -қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау; -қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау; -жөндеу жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар ын дайындау жатады.Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына: -бас механик бөлімі; -жөндеу-механикалық цехы; -майлау және эмульсиялық шаруашылық; -құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.Құрал-жабдықтарды жоспалы түрде алдын ала жөндеу жүйесі құрал-жабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын қамтиды.Осы жүйенің құрамына құрал-жабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету, мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құрал-жабдықтарды күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту, майлау, жұмыстарын жүргізу кіредіЖөндеуаралық қызмет көрсету жұмыстары құрал-жабдықтардың күйін бақылау үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы механизмдерді өз уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Мұндай жұмыстарды жөндеу қызметінің кезектегі жұмысшылары орындайды. Олар құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін түскі үзілісте немесе жұмыстан тыс уақытта тазалап, күтіп, сүртіп және жөндеудің ұсақ түрлерін орындап отырады.Агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін орындалатын ағымдық жөндеу жөндеудің көлемі жағынан ең қарапайым түрі болып саналады. Оған машинаның жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған жөндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын жатқызуға болады.Орташа жөндеудің ағымдық жөндеуден айырмашылығы ауыстыруға арналған бөлшектердің саны мен көлемінің көбірек болуымен ерекшелінеді.Күрделі жөндеуге агрегаттың кез келген бөліктерін ауыстыра отырып толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады. Күрделі жөндеуді ұйымдастыруды орталықтан жүргізу дәрежесіне қарай үш түрге бөлуге болады:А) орталықта жүргізілетін жөндеу жұмыстары бойынша жөндеудің барлық түрлерін жөндеу-механикалық цехтар өз күшімен жүргізеді;Б) жан-жақта жүргізілетін жөндеу жұмыстары цех механигінің басшылығымен цехтың жөндеу қызметкерлерінің көмегімен атқарылады;В) аралас түрі орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жөндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына негізделеді.Жөндеу циклы дегеніміз барлық алдын ала бекітілген жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын анықталғантәртіп бойынша құрал-жабдықтардың ең төмен қайталанып пайдалану мерзімін айтады.Жөндеу аралық мерзім дегеніміз екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы құрал-жабдықтардың ең төмен қайталанатын пайдалану мерзімін айтады.Байқау аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін кезекті жөндеу және байқау арасындағы құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін айтады.Жөндеу мерзімі дегеніміз құрал-жабдықтың жөндеуде тұрған уақытын айтады.

Жұмыс уақыты ол жұмыс уақытының жоспарлау. Жұмыс сағаттарының нормасын артық істеу пайда болған кезде жұмыс графигі есептік кезең шегінде басқа демалыс күндерін беру арқылы түзетіледі.- Өндіріс жағдайлары бойынша демалуға және тамақтануға үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу және тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Көрсетілген сағаттар (тамақтану уақыты) жұмыс уақыты ретінде есепке алынады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс сағаттарының нормасына енгізіледі. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалуға және тамақтануға арналған орын ұжымдық шартта белгіленеді. - Тәулік бойына үздіксіз жұмыстармен, сондай-ақ өндіріс жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының белгіленген күн сайынғы ұзақтығы сақтала алмайтын басқа жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін жұмыс беруші қызметкермен келісу бойынша есептік кезеңі - бір ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл болатын жұмыс уақытының жиынтық есебін енгізеді. Бұл ретте есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының нормасы бес күндік қырық сағаттық жұмыс аптасы кезінде жұмыс уақытының теңгерімін негізге ала отырып, белгіленеді. -Апта сайынғы демалыс күндерін жинақталған түрде: 1) алысқа қатынайтын жолаушылар поездарының және қайта отырғызу жүргізілмейтін вагондардың поезд қызметкерлері (жолаушылар вагондарының жолсеріктері, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушылар, электр механиктер, жолаушылар поездарының бастықтары мен механик-бригадирлері) үшін - 2 аптадан артық емес кезең үшін, ал тур бойынша есепке алған кезде - тіпті бір айдан да артыққа созылса да турдың бүкіл уақыты үшін;2) қызметтік және арнаулы вагондардың (бақылау-өлшеу және сынау-тексеру вагондары, техникалық насихаттау вагондары) жолсеріктері және тұрақты жұмысы жолда өтетін қызметкерлер үшін - бір айдан артық емес кезең үшін, ал сапардың ұзақтығы бір айдан артық болғанда – сапар кезеңі үшін. 3) рефрижераторлық поездардың (секциялардың) бригадирлері үшін - сапар уақыты үшін беруге жол беріледі.- Жұмыс уақытын тоқсандық есепке алуға бүкіл тоқсанға арналған жұмыс істеу және демалудың бекітілген графигі болғанда ғана рұқсат етіледі. -Жұмыс сағаттарының айлық нормасынан асырмай ауысымдардың жұмыс уақыты ұзақтығының аптасына 40 сағаттан асуына жол беріледі.Мерзімнен тыс жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және/немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарда – бір сағаттан аспауы тиіс. Мерзімнен тыс жұмыстардың жалпы ұзақтығының айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан асуына жол берілмейді. Мерзімнен тыс жұмыстарды жұмыс беруші жұмыстың жаңа режиміне көшірілетін ұжым мүшелерінің келісуімен қызметкерлермен келісу бойынша белгілейді.

Жүк тасымалы және оларды жобалау Республикада өндiрiлетiн және тасымалдауға ұсынылатын негiзгi тауар өнiмдерi көмiр, әр алуан тау кендерi, астық, мұнай және т.с.с болып келетiн жаппай үйiлмелi және құйылмалы жүктер. Бұл жағдай, елдiң құрлықiшiлiк орналасуын ескере отырып, КК құрамында темiржол көлiгiне маңызды рөльдi қамтамасыз етедi.Темiржол көлiгi: -бiршама төмен тасымалдар құнында жоғары тасымалдау қабiлетiмен; -тасымалдардың жоғары тұрақтылығымен; -көлiк ағындарын едәуiр тарту кезiнде ғана өтелетiн темiржол құрылысы кезiнде көп капитал жұмсалумен сипатталады.Қазақстан Республикасында темiржол көлiгiнiң үлесiне халықаралық қатынастағы негiзгi жүк айналымы мен жолаушылар айналымы келедi. атынас түрлері бойынша ең көп дәрежеде қысқаруға транзиттік тасымалдар мен импорт (тиісінше 17,9 және 9,6 ретке) ұшырады, экспорттық жүк тасымалдары 3,1-ге, ал республикаішілік 2,2 ретке қысқарды. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, КК жұмысының негізгі көрсеткіштерінің сапалық бағыты жалпы ішкі өнімнің ЖІӨ өзгеру сипатына сәйкес келеді . Әрі КК жұмысының барлық көрсеткіштері ЖІӨ-нің өзгеруіне шамалы кідіріспен жауап қайтарады. Соңғы жағдай экономиканың үдемелі өсуі кезінде міндетті түрде ескеруді талап етеді. Жеткілікті дамымаған көлік жүйесі бұл жағдайда елеулі іркілу факторы болады.

Жүктерді тасымалдаудағы көлік технологиясын жетілдіру1. Жүк тасымалдау технологиясы Жүктерді автомобильдермен тасымалдау келісім арқылы жүзеге асады. Келісім автотраспортты кәсіпорнымен немесе жүк жөнелту ұйымымен және үш жақты(АКК жүк жөнелтуші және жүкалушының арасында) келісім болуы мүмкің. Жылдық келісімде тасымалдаудың көлемі, тасымалдау реті, жүкті жөнелту және қабылдау бойынша жұмыс режимі, тасымалдау кезіңдегі жүктің сапсың жоғалтпайтындығы, арту-ьүсіру жұмыстарының орындалу реті, тасымалдаулар үшің есептеулер реті, сондай- ақ жүк ағымының рационалды маршруты мен схемасы анықталады.

Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және басқару Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және басқару. Көлік - тірі ағзаның қанды жүйесінің рөлін ойнауда. Автомобильдік көлік жолаушылар мен жүк тасуға ең қолайлы болып саналады, өйткені ол өте оңай және үлкен ептілікке, отынның салыстырмалы арзан құнына ие; ол жайлылықпен және арзан бағамен үлкен қашықтықтарға жеткізе алады. Қазіргі кезде жүк тасымалдайтын автокөліктер тауар тасымалдау үшін қажет болып табылады, автомобильмен тасымалдау сияқты көліктік қызметтер ерекше сұраныса ие болуда. Бұл өз жүгін республиканың қай қаласына болсын, ТМД, Еуропа елдеріне және т.б. жедел және сапалы тасымалдаудың барынша тартымды түрлерінің бірі болып табылады. АК-нің өндіргіш процесі жүк пен жолаушыларды бір жерден екінші жерге көшіруден тұрады, ол автомобильдік тасымалдар деп аталады. Автомобильдік тасымалдарды орындаудың процесін 4 кезеңге бөлуге болады: жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау мен шұғыл басқару, есеп пен жұмыстың нәтижелерін талдау. Соның ішінде ұйымдастыру түріне тоқталсақ. Ұйымдастыру түрі арқылы: орталықталғандық, ол тасымалдаушы немесе арнаулы фирма тасымалдың ұйымдастырушы болған кезінде орын аладаы; орталықталмағандық, ол әр жүк алушы жүк тасушы өз бетінше қамтамасыз ететін жағдайда орын алады. Жүк тасымалдау процесі технологиясы дегенді адамдардың оны дәйекті және өзара байланысты кезеңдер мен операцияларға бөлу жолымен барынша бірқалыпты орындалатын және мақсаты жоғары тасымалдау тиімділігіне қол жеткізу болып табылатын нақты тасымалдау процесін іске асыру тәсілі деп түсіну қажет. Қандай да болмасын жүк тасымалдау процесінің технологиясы үш белгіні сипаттайды: тасымалдау процесін бөлу, үйлестіру және кезеңділік, іс-қимылдың нақтылығы.

Инвестиция. Инвестиция түрлері. Инвестициялар – капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Қаржы инвестициясы (бағалы қағаздарды сатып алу) және нақты инвестиция (капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, т.б. жұмсалымы) түрлеріне бөлінеді. Ең жалпы т.рде инвестициялар деген – бұл пайданы алу және оны әлеуметтік нәтижеге жету мақсатында кәсіпкерлік қызметінің немесе басқа қызмет түрінің объектілеріне салынатын ақшалай қаражат, үлестік жарналар, технологиялар, машиналар, т.б. Инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күрделі жұмсалым түрінде пайдаланылатын қаржы ресурстары болып көрсетіледі. Инвестициялардың мақсатына қарай екі түрі бар: 1) капиталды құрайтын; 2) интеллектуалды. Капиталды құрайтын инвестициялар - бұл өндірістік және өндірістік емес қаржылық емс активтердің өсуіне бағытталған инвестициялар, яғни кірісті ұлғайтудың қамтамасыз ететін инвестициялар. Интеллектуалды инвестициялар – маманндарды дайындауға, олардың біліктілігін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензияға, ноу-хау және т.б. қаражатты салу. Қазіргі кезде интеллектуалды инвестициялардың ең көп таралған түрлері: жоғарғы және орта арнаулы білім алуға мемлекеттік және жеке несиелер болып табылады.Инвестициялар меншік нысанына қарай екіге бөлінеді:1) мелекеттік инвестициялар; 2) жеке инвестициялар. Мемлекеттік инвестициялар бюджеттік қаражат есебінен немесе мемлекеттік кепіл негізінде алынған несие қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Жеке инвестициялар жеке немесе заңды тұлғалардың есебінен жүзеге асырылады.Сонымен бірге инвестицияның кең таралған түрлері:1) шетелдік инвестициялар;2) ұлттық инвестициялар.Мұндай бөлінудің негізгі – инвестицияның инвестордың елінде немесе өзге мемлекетте жүзеге асырылуы болып табылады.

Инновациялар. Инновациялық инфрақұрылым. Инновация– бұл қашанда сезгілікті тауар өндірісі өсіміне әкелетін, пайда мен бәсекеге қабілеттілікті күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы мен бизнес, яғни, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың жаңаруын қамтиды. Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығы болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша көптеген ғылыми – техникалық саласы дамыған мемлекеттерде инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және қолдау мемлекет тарапынан жүргізіледі. Инновациялық инфрақұрылымның негізін инновациялық қорлар, венчурлы қорлар, технологиялық бизнес инкубаторлар, технопарктер және т.б. ұйымдар құрайды. Қазақстанда 2005 жылы ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бойынша бағдарлама қабылданғаны белгілі. Елімізде инновациялық жүйенің төрт элементі: ғылым, инновациялық инфрақұрылым, инновацияларды қаржыландыруға арналған инфрақұрылым, сондай-ақ өндіріске инновацияларды енгізуші компаниялар. Инновациялық инфрақұрылым субъектілері орындайтын негізгі функциялардың тізбесі: инновациялық даму субъектісін ұйымдық-құқықтық қалыптастыру процесіне жәрдемдесу жөніндегі қызметтер; бизнес-қызметтердің кешені; ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету; жалпы пайдалану – зертханалық, өндірістік жабдығына қол жеткізуді қамтамасыз ету; білім беру қызметтер кешені; технологиялар трансфертті; өкілдік қызметтер.

Кәсіпкердің ұйымдық – экономикалық түрлері. Кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Ол мемлекеттіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады. Кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға; мемлекет кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға; заңды негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға; заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға; заңнамада белгіленген келісімшарттар талабымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға; еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйелерін, мөлшерлерін және жалданып жұмыс істеушілер табысының басқа да түрлерін дербес белгілеуге; шаруашылық қызметтің бағдарламасын өз бетінше жасауға, жеткізушілер мен тұтынушыларды таңдауға, баға мен тарифтерді белгілеуге; банк мекемелерінде шоттар ашуға; есеп айырысу, несие, касса операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыруға; кәсіпкерлік қызметтен алынған, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы (табысты) еркін билеуге; мөлшеріне шек қойылмайтын кез келген жеке табыс алуға; мемлекет және әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыру жүйесін белгіленген тәртіппен пайдалануға; өзінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірген мемлекет және басқа органдардың әрекеті жөнінде белгіленген тәртіппен шағымдануға; заңнамада белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушы болуға; заңнамада белгіленген тәртіппен валюта операцияларын жүзеге асыруға құқылы. Өзінің қызметін заңи тұлға құрмай жүзеге асырушы кәсіпкер өзінің осы қызметпен байланысты міндеттемелері бойынша заңнамаға сәйкес өндіріп алуға жатпайтын мүліктен басқа барлық мүлкімен жауап береді. Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы. 2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу. 3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі. 4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру. 5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім. 6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік. Кәсіпкерлік істің жаңа ұйымдастыру-экономикалық формасы ретінде қаржылық-өнеркәсіптік топтар қызмет етеді. Олар өнеркәсіптік, банкілік, сақтандыру және сауда капиталдардың, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың ақыл-ой потенциалының бірлестігі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет, оның түрлеріКәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонисттік қоғамда, ол адамды қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады. Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек. Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнершілер. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Кәсіпкерліктің түрлері: 1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің манадай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық. 2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі 3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек. 4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық праволық; 2) ұжымдық экономикалық.

Кәсіпорын табысы мен пайдасы, түрлері. Экономикалық тиімділік. Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім (тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Аралас кәсіпорын–меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңи тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Венчурлік кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттікқосалқы келісімшарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады. Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) Пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған Пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т.б.) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза Пайданы қамтиды. Табыс- жалақы, зейнетакы, рента, жәрдемақы, алимент, қаламақы түрінде алынған кез-келген ақша сомасы. Белгіленген календарлық кезең ішіндегі ақшалай түсімдердін ағысы.Экономикалық тиімділік - экономикалық қызметтің, экономикалык бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі, яғни экономикалық жүйенің атқарымына жұмсалған шығын мен осы атқарымнан алынған нәтиженің ара қатынасы тұрғысынан осы жүйенің сипаттамасы. Салыстырмалы өлшемдермен бағаланады, яғни шығынның нәтижеге қатынасы — шығынның бір өлшеміне шаккандағы нәтиже. Экономикалық тиімділік алынған экономикалық пайданың, нәтиженің осы нәтижені алуға септігін тигізген факторлар, ресурстар шығынына қатынасымен сипатталады.

Наши рекомендации