Птік жалғауы сөздерге көптік мағына беретін көптік жалғаулары арқылы жасалады: -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер.
Соңғы дыбыс Алдыңғы буын | Дауысты және үнді (р, й, у) | Ұяң з, ж және үнді л, м, н, ң | Қатаң және ұяң б, в, г, д |
Жуан | -лар | -дар | -тар |
Жіңішке | -лер | -дер | -тер |
Жуан | бала+лар | қыз+дар | завод+тар |
Жіңішке | әже+лер | әйел+дер | студент+тер |
Жіктік жалғау
Жіктік жалғау — іс-әрекеттің кімге қатысты екенін білдіретін грамматикалық категория.
Қазақ тілінде есімдер де, етістіктер де жақ бойынша түрлене алады. Жіктік жалғаулары жақтық мағына берумен қатар, жекеше, көпше мағыналарды да бере алады. Қазақ тілінде жіктік жалғаудың төрт түрі бар.
1-түрі. Зат есім, сын есім, есімдік, қалып етістіктері (отыр, тұр, жатыр, жүр), есімшелер, үстеулер.
Жақ | Жекеше | Көпше |
I | -мын, -бын, -пын, -міи, -бін, -пін | -мыз, -быз, -пыз -міз, -біз, -піз |
отыр-мын, студент-пін | отыр-мыз, студент-піз | |
II | -сың -сің | -сыңдар -сіңдер |
отыр-сың, студент-сің | отыр-сыңдар студент-сіңдер | |
II (сыпайы түрі) | -сыз -сіз | -сыздар -сіздер |
отыр-сыз, студент-сіз | отыр-сыздар студент-сіздер | |
III | — | |
отыр, студент | отыр, студент-(тер) |
2-түрі. Көсемшенің -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы түрлері.
Жақ | Жекеше | Көпше |
I | -мын, -пын -мін, -пін | -мыз, -пыз -міз, -піз |
бар-а-мын, кел-е-мін | бар-а-мыз, кел-е-міз | |
II | -сьң -сің | -сыңдар -сіңдер |
бар-а-сың, кел-е-сің | бар-а-сыңдар, кел-е-сіңдер | |
II (сыпайы түрі) | -сыз -сіз | -сыздар -сіздер |
бар-а-сыз, кел-е-сіз | бар-а-сыздар, кел-е-сіздер | |
III | -ды, -ты -ді, -ті | -ды, -ты -ді, -ті |
бар-а-ды, кел-е-ді | бар-а-ды, кел-е-ді |
3-түрі. Нақтылы өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) пен шартты рай (са, -се) тұлғалары.
Жақ | Жекеше | Көпше |
I | -м | -қ, -к |
бар-ды-м, бар-са-м | бар-ды-қ, бар-са-қ | |
II | -ң | -ңдар, -ңдер |
бар-ды-ң, бар-са-ң | бар-ды-ңдар, бар-са-ңдар | |
II (сыпайы түрі) | -ңыз, -ңіз | -ңыздар, -ңіздер |
бар-ды-ңыз, бар-са-ңыз | бар-ды-ңыздар, бар-са-ңыздар | |
III | - | - |
бар-ды, бар-са | бар-ды, бар-са |
4-түрі- Етістіктің бұйрық рай тұлғасы.
Жақ | Жекеше | Көпше |
I | - айын, - ейін - йын, - йін | - айық, - ейік -йық, -йік |
бар-айын, кел-ейін | бар-айық, кел-ейік | |
II | - | -ыңдар, -іңдер -ңдар, -ңдер |
бар, кел | Бар-ыңдар, кел-іңдер | |
II (сыпайы түрі) | -ыңыз, -іңіз -ңыз, -ңіз | -ыңыздар, -іңіздер -ңыздар, -ңіздер |
бар-ыңыз, кел-іңіз | бар-ыңыздар, кел-іңіздер | |
III | -сын, -сін | -сын, -сін |
бар-сын, кел-сін | бар-сын, кел-сін |
Септік категориясы
Септік жалғауы сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар.
Септіктер | Сұрақтары | Жалғаулары | |
1. Атау | кім? не? | ||
2. Ілік | кімнің? ненің? | -ның, -нің, -дың -дің, -тың, -тің | |
3. Барыс | кімге? неге? қайда? | -ға, -ге, -қа, -ке -а, -е, -на, -не | |
4. Табыс | кімді? нені? | -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н | |
5- Жатыс | кімде? неде? қайда? қашан? | -да, -де, -та, -те, -нда, -ңде | |
6. Шығыс | кімнен? неден? қайдан? | -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен | |
7. Көмектес | кіммен? немен? қалай? | -мен (менен), -бен (бенен), -пен (пенен) | |
Ілік септік
Соңғы дыбыс Буын | Дауысты, үнді м, н, ң | Ұяң з, ж, үнді р, л, й, у | Қатаң, ұяң б, в, г, д |
Жуан | -ның | -дың | -тың |
бала-ның | қағаз-дың | ат-тың | |
Жіңішке | -нің | -дің | -тің студент-тің |
әке-нің | ел-дің | студент - тің |
Барыс септік
Соңғы дыбыс Буын | Дауысты, үнді, ұяң з,ж | Қатаң, ұяң б, в, г, д | I, II жақ тәуелдік жалғауы | III жақ тәуелдік жалғауы |
Жуан | -ға | -қа | -а | -на |
бала-ға | ат-қа | балам-а | баласы-на | |
Жіңішке | -ге | -ке | -е | -не |
әке-ге | студент-ке | әке-ме | әкесі-не |
Табыс септік
Соңғы дыбыс Буын | Дауысты | Үнді, ұяң з,ж | Қатаң, ұяң б, в, г, д | III жақ тәуелдік жалғауы |
Жуан | -ны | -ды | -ты | -н |
бала-ны | қағаз-ды | ат-ты | баласы-н | |
Жіңішке | -ні | -ді | -ті | -н |
әке-ні | ел-ді | студент-ті | әкесі-н |
Жатыс септік
Соңғы дыбыс Буын | Дауысты, үнді, ұяң з, ж | Қатаң, ұяң б, в, г, д | III жақ тәуелдік жалғауы |
Жуан | -да қағаз-да | -та ат-та | -нда баласы-нда |
Жіңішке | -де ел-де | -те студент-те | -нде әкесі-нде |
Шығыс септік
Соңғы дыбыс Буын | Дауысты, ұяң з, ж, үнді р, л, й, у | Үнді м, н, ң, III жақ тәуелдік жалғауы | Қатаң, ұяң б, в, г, д |
Жуан | -дан | -нан | -тан |
қағаз-дан | ағам-нан | ат-тан | |
Жіңішке | -ден | -нен | -тен |
ел-ден | әкем-нен | студент-тен |
Көмектес септік
Соңғы дыбыс Буын | Дауысты, үнді | Ұяң з,ж | Қатаң, ұяң б, в, г, д |
Жуан | - мен/менен | - бен/бенен | - пен/пенен |
Жіңішке | ел-мен | қағаз-бен | студент-пен |
Жаттығу. Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сызыңыз. Жалғауларды ажыратыңыз.
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін, өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның түйіршігі бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
- Жоғарыда қарлығаш жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған тәрбие.
Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етеді.
Құмырсқа бала – шағаларына тамақ аулап, бір нанның түйіршігін тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр.
Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, - деді.
(Ы. Алтынсарин).
Тапсырма.
Мәтінді оқыңыз, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
Әріп пен әліппе
Ең ежелгі әріп «О». Бұл дыбыс біздің дәуірімізге дейін, шамамен 1300 жылдары жасалған.
Финики әліппесіне енгізілген кездегі түрін күні бүгінге дейін жоғалтпай сақтаған “О” мен “У” әріптері екен.
Ең жаңа әріптер 1680 жылдары ағылшын алфавитіне қосылған. Қазір әлемде 65 әліппе бар. Солардың арасындағы ең көлемдісі – камбоджа тілінің әліппесі 72 әріптен тұрады, ал ең қысқа әліппе – Бугенвиль аралында өмір сүретін Роток деп аталатын шағын халық тілінің әліппесі. Онда не бары 11 (он бір) әріп бар екен.
(Қазақ күнтізбесінен)
Тапсырма:
1. Мәтінді оқып, әңгімелеп айтыңдар.
2. Ежелгі әріп қай әріп?
3. Ағылшын алфавитіне қандай әріптер қосылған?
4. Ең қысқа әліппе қай халық тілінде?
5. Ол неше әріптен тұрады?
Ана тілі туралы
Тіл – алтын қазына.
Тіл қартаймайды,
Ешқашан ортаймайды.
Ана тілің – дана тілің.
Бала болсаң да тіл керек,
Дана болсаң да тіл керек.
Тіл білмеген түкті де білмейді.
Барам десең болашаққа,
Тіліңді таза сақта.
Тіліңді білсең,
Білімді білгенің.
Тілімді тілім деп құрметтесең,
Тілің сені құрметтер.
Тіліңді тілім деп құрметтемесең,
Сені кім құрметтер.
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет.
Тапсырма:
1. Нақыл сөздерді мәнерлеп оқыңыздар, жаттап алыңыздар.
2. Әрқайсысының мағынасын қалай түсінетіндеріңізді айтыңыздар.
3. Зат есімдерді тауып, септік жалғауларын ажыратыңыздар.
Адам – ардақты ат
Жанұямның әлемі
ыңыз, аударыңыз.
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда тоғыз адам бар. Біз тату тұрамыз. Атым – Райхан, жұмысшымын. Өндірісте жұмыс істеймін. Отбасымыздың басшысы – атам. Менің атам – зейнеткер. Атам – еңбек ардагері. Әжем – зейнеткер. Әжем жиырма жыл ұстаздық еткен. Көкем – дәрігер. Ауруханада істейді. Апам – дәрігер. Емханада істейді. Ағам – жұмысшы, институтта сырттай оқиды. Әпкем - әнші. Ол бала кезінен ән салуды ұнататын. Сіңілім – студент, педагогикалық институтта оқиды. Інім – мектеп оқушысы. Әпкем – тұрмыста. Оның бала - шағасы бар.