Сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 1 страница

Меншік жағдайына байланысты фирмалар мынадай түрлерге бөлінеді:

—жеке меншік фирмалар;

—ұжымдық фирмалар (жауапкершілігі шектеулі немесе жауапкершілігі шектеусіз серіктестіктер);

— акционерлік қоғамдар, корпорациялар;

— мемлекеттік кәсіпорындар;

— кооперативтер.

Жеке фирмалар жеке-дара кәсіпкерлікпен айналысатын, бизнестен түскен пайданы, табысты толық иемденетін, сонымен бірге оның бар ауыртпашылығын, жауапкершілігі мен тәуекелшілігін өз мойнымен көтеретінжекелеген адамнемесежеке отбасынанкұрылады.

Мұндай фирма иесі фирма шығындарына да жауапты болады. Егер фирманың жұмысы нашар жүрсе немесе фирма күйресе, фирма иесі заң талаптарына сәйкес оның шығынына өзінің барлық жеке мүлкімен жауап береді.

Жеке фирмалар, негізінен, ұйымдастыруға көп қаржы талап етпейді, сондықтан сауда және қызмет көрсету салаларында кеңінен таралған.

Жеке фирмалардың кемшіліктері— қаржы көздерінің шектеулілігі, соңдай-ақ, мұндай фирмалардың тез күйреп кететініне байланысты, коммерциялық банкілер көп мөлшерде несие бермейді. Екіншіден, жеке фирма иесінің өндіріс, қаржы мәселелеріне жан-жақты мамандығының болмауы.

Осындай жеке фирмалардағы жетіспеушіліктерді жою үшін кәсіпкерліктің тағы бір түрі — серіктестіктерқұрылады.

Серіктестіктер— бірнеше адамның меншігіндегі фирмалар.

Оның мүшелері өздерінің құрал-жабдықтарын біріктіре, басқа да салымдарын фирмаға қосып, сол фирманың пайының көлеміне байланысты түскен пайдадан өз үлестерін алып отырады. Егер оның бір мүшесінің үлесі бүкіл фирма капиталының 1 пайызын құрайтын болса, онда ол таза пайданың 1 пайызын иеленуге құқылы. Серіктестіктердің міндетті шарттарының бірі — олардың мүшелерінің арасында өзара келісімнің болуы.

Серіктестіктер экономикалық қатынастарға байланысты: жауапкершілігі шектелмеген (толық) және жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып бөлінеді.

Толық серіктестіктерде ұжымының барлық мүшелері фирма міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады.

Алынған пайда олардың құрылтайшыларының арасында жарғылық капиталға қосқан үлесіне қарай бөлінеді. Егер толық серіктестік сәтсіздікке ұшыраса, оның мүшелері фирманың барлық қарыздарына өз пайының көлеміне қарамастан, жауап береді.

Сондықтан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер соңғы кезде кеңінен қолданыла бастады. ЖШС-ті бір немесе бірнеше адам құрады. ЖШС-ке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бірақ өздерінің қосқан салымдарының шегінде ғана жауапты болады, егер серіктестік күйресе, оның мүшелері тек өздерінің қосқан үлесіне байланысты ғана жауап береді. Серіктестіктің жарғысында серіктестікті басқару органдарының құзіреті, олардың шешімдер қабылдау және серіктестіктер атынан әрекет жасау тәртібі белгіленеді.

ЖШС-тің жалпы жиналысының құзырына жататындар:

1) серіктестіктің жарғысын өзгерту;

2) атқарушы органдарын құру және қайта шақыру;

3) жылдық есебі мен бухгалтерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен шығынын бөлу;

4) серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;

5) серіктестіктің тексеру комиссиясын сайлау. Бұл мәселелерді серіктестіктің атқарушы органының шешуіне бере алмайды.

Акционерлік қоғамдар да —кәсіпкерлікпен айналысатын занды тұлгалардың бірі.Ақциоиерлік қоғамдардың иесі, басқарушы —осы фирманың акциясын сатып алған азаматтар болып табылады.

Акционерлік қоғамның капиталы акцияларды шығару мен оны сату арқылы құрылады. Акция иесі осы компанияның пайдасының бір бөлігін, яғни дивиденд алуға құқылы. Әрбір акция оның иесіне акционерлер жиналысында 1 дауыс бере алады. Акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігін беретін акция бақылау пакеті деп аталады. Бақылау пакетінің ең жоғарғы мөлшері — 50 пайыз акция. Акционерлік қоғам басшылығы жыл сайын өз акционерлерінің арасындағы алынған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алады, ал бір бөлігін өндірісті кеңейтуге жұмсайды. Дивиденттер акцияның құнына байланысты пайыз түрінде беріледі. Мысалы, 1 акцияның номиналды құны 1000 теңге болса, және дивиденд 5 пайыз мөлшерінде бөлінсе, онда акция иесі 50 теңге алады. Егер акционерлік қоғам жыл аяғында шығынмен шықса, онда дивиденттер төленбейді. Қаржы тек ондірісті кеңейтуге жұмсалады.

Акционерлік қоғамның акционерлері кез келген уақытта өз акциясын басқа біреуге сатып, қоғамнан шығуына болады.

Өндіріс кооперативтеріндеөндіріс құрал-жабдықтары кооператив меншігі болып табылады.Кооперативтероның материалдық және акшалай жарналары есебінен ұйымдасады немесе олар шығарған өнімдерді сату не одан түскен табыстар есебінен де құрылады.

Кооперативке кіру, шығу еркіңдігі, оның мүшелерінің басқару ісіне қатысуға, шешім қабылдауға дербестігі бар. Кооперативтің пайдасы олардың мүшелерінің арасыңда кооперативке қосқан үлесіне, пайына қарай бөлінеді. Кооператив әдетте ұсақ өндірушілер негізінде құрылады.

Қазіргі дүниежүзілік тәжірибеде франчайзинг кең таратылуда. Бұл бір жағынан, ірі фирма, екінші жағынан, шағын фирмалар немесе дербес бизнесмендер арасында жасалатын келісім. Осы келісімге сәйкес аналық (басты) компания (франчайзер) бағынатын фирмаға беріледі. Франчайзер шағын фирманы немесе бизнесменді айтылған аумақ шегінде өз тауарларымен қамтамасыз етеді. Бұл үшін франчайзинг франчайзерге менеджмент және маркетинг саласында қызмет көрсетеді, өз капиталының бір бөлігін инвестиция ретінде осы компанияға салуға міндеттенеді.

3.Нарықты экономика үшін кәсіпорынның банкроттығы бәсекелестіктің ажырағысыз ерекше белгісі және нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар оны кәсіпорынның өркендету күші деп атаса да болады. Нарық экономикасы дамыған елдерде жылына мыңдаған кәсіпорындар өз жұмысын қойып, оның орнына басқалар келіп жатады және бұны табиғи үдеріс деп санайды.

Сонымен, нарықтық қарым-қатынастардың жағдайында кәсіпорынның банкроттығы, әдеттегі, пайдалы құбылыс, себебі ең ақырында ол ұлттық экономиканы жақсарту және тиімдірек жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Нарық экономикасы дамыған елдерде банкроттық институттар жұмыс істейді, олар бұл салада іс-әрекетті заң түрінде реттейді.

1997 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті беткіткен «Банкрот туралы» заңы шықты. Осы заңның арқасында біздің ел банкроттық өркениетті институт құруға қадам басты.

Экономикалық әдебиеттерде банкроттықтың ұғымы көбінесе әр түрлі айтылады. Алайда экономистердтің көбісі банкроттық ұғымды келесідей түсіндіреді. Банкроттық (немісше Bankrott, италиянша Bankarotta) – кредиторлар тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің ақысын төлеу туралы талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіздігі, сонымен қатар бюджет және бюджеттен тыс қорлар алдындағы міндетті төлемдерді өтеуге қабілетсіздігі, себебі қарыздар кәсіпорынның қарыз міндеттемелері оның мүлкінен әлде қайда артық болады.

«Банкрот туралы» заңда банкроттық ұғымы былайша түсіндіріледі. «Банкроттық» - борышкердің сот шешімімен танылған немесе несие берушілермен келісім бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланған, оны таратуға негіз болатын дәрмесіздігі».

Дәрменсіздік –борышкердің несие берушілердің ақшалай міндеттемелері бойынша талаптарын, еңбекақы төлеу туралы талаптарды қоса алғанда, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мәндетті төлемдерді өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуді қамтамасыз ету қабілетттілігі.

3 Дәріс тақырыбы

Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Жоспар:

1.Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар және көрсеткіштер жүйесі.

2. Салыстыру базасын таңдау. Салыстырылған варианттардың дербес жағдайлары. Ілесетін салаларда тиімділік пен капитал салымдарды есепке алу.

1. Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңіне енді. Нарықты экономикада Нарықты экономикада еңбек өнімділігінің өсуі үшін өндірістің тиімділігін артуы, оның өсу факторлары, тиімділікті анықтау тәсілдері маңызды болып табылады.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс анықтау үшін алдымен тиімділіктің белгілері мен көрсеткіштерін анықтау қажет.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде қоғамдық еңбектің өнімділік деңгейін қолданылады.

Қоғамдық еңбектің тиімділігі – Өнқ, өндірілген ұлттық кірісі – ҰҚ, материалдық өндіріс салымдарында жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа санына - :Жм қатынасы арқылы анықталады:

Өнқ=ҰҚ/Жм,

Ұлттық кіріс – өндіріс салаларында осы жылда жасалған материалдық өндірістің құны. Басқа сөзбен айтқанда өндірістік процесс барысында тұтынылған шикізатты, жанармай, элекртоэнергияны т.б. өндіріс құралдарын алып тастағандағы жалпы қоғамдық өнімнің бөлігі болып табылады. Ұлттық кіріс материалдық өндіріс салаларының таза өнімінің жиынтығы арқылы есептеледі. Өз кезегінде жеке алынған саладағы таза өнім жалпы өнім мен өндірістік-материалдық шығындардың айырмасымен анықталады.

Материалдық өндірістің анықталған салаларында өнімділік жалпы өнім бойынша есептелінеді. Қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсу қарқындыдылығн салыстырғанда көрсеткіштердің бірдей өлшемде болуын ескеру керек. Бұл жағдайда Ұлттық кіріс салыстырмалы көрсеткіштермен есесптелуі тиіс.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштеріне еңбек сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы жатады.

Жоғарыда айтылып кеткендей, қоғамдық еңбектің өнімділігінің деңгейі қоғамдық өндірістің алдыңғы сатыларындағы жұмсалған және затқа айналған шикізаттың, материалдың, жанарамайдың, электрэнергияның, еңбек құралдарының экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде қолданылады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы – еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш – материалдық өндіріс ортасындағы еңбек мөлшерінің өндірілген өнімнің жалпы көлеміне катынасы арқылы анықталады:

ЕС=Е/Кө

Қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылығы – шикізат, материал, жанармай, электрэнергия және т.б. еңбек заттары шығандарынығ жалпы қоғамдық өнімге қатынасы арқылы анықталдады. Салалық (кәсіпорындық, бірлестіктік) өнімнің материалдық сыйымдылығы материалдыө шығындардың өндірілген жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

МС=М/Кө

Өнімнің материалды сыйымдылығының төмендеуі халық шаруашылығына тиімді. Сонымен қатар табиғи ресурстардың шектеулі екендігі де естен шықпауы тиіс. Соңғы жылдары жер асты байлықтарын пайдалану дың да шығындары жоғарылап келеді.

Халық шаруашылығының салыстырғандағы, өнеркәсібіндегі өнімнің өзіндік құны 3/5 шығыны шикізат, материал, жанарамай мен энергия үлесіне тиеді екен.

Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымдылығы белгілі дәрежеде бір-біріне жақын көрсеткіштер. Өнімнің капитал сыйымдылығы капиталдық салым шамасының шығарылатын өнім көлемінің анықталған түріндегі артуына қатынасы арқылы анықталады:

КСө=К/∆Кө

Қор сыйымдылығын да капитал сыйымдылығы сияқты өндірілген ұлттық кіріс көлеміне қатынасымен анықтауға болады.

Халық шаруашылығы мен оның джеке салаларында, әсіресе өнеркәсіпте қор қайтарым шамасының кезеңі қолданылады. Бұл – шама қор сыйымдылығына кері шама.

2. Өндіріске жаңа техникаларды және жұмыс істеп тұрған құрылыстарды қайта құру кезінде олардың тиімділігінің іс-шараларын жүзеге асыруда күрделі қаржының алатын орны ерекше.Осыған байланысты күрделі қаржылардың жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы тиімділігі есептелінеді.

Кез келген жаңа техника мен технологиялар үшін әр бір күрделі қаржы салымдары бойынша абсолюттік тиімділік дәрежесі бөлек есептеліп,яғни тиімділік коэффициенті мен өтеу мерзімін салыстыра отырып.

Өтімділік мерзімі деп (Т) күрделі қаржы салымдары мен пайдаға қатынасы арқылы анықталады.:

Т= К/П немесе Т= К/(В-С)

мұндағы Т-күрделі қаржылардың өтелу мерзімі, жылдар;

К- күрделі шығындар;

В – кәсіпорын өндірген өнім көлемі;

С- жыл бойында өндірілген өнім көлемінің өзіндік құны;

П- пайда;

Ал күрделі қаржылардың тиімділік коэффициенті өтелу мерзіміне кері көрсеткіш:

Е= 1/ Т, или E=(B-C)/ К;

Бұл көрсеткіш жұмсалған шығындардың жедел түрде бір жылдың ішінде өтелуін сипаттайды.

Есептік өтелу мерзімі мен күрделі қаржы салымдарының көлемі нормативтік көрсеткіштермен салыстырылады, яғни Е=0,12, а Тн=8,3 жыл (жаңа техника үшін 0,15 и 6,7 жыл).

Егер Тр ≤Тн; Ер ≥Ен, онда күрделі қаржы салымдары тиімді пайдалануға бағытталған

Варианттар бойынша қосымша күрделі қаржы салымдары келесі формула арқылы:

T=K2-K / С1-С2 и E=Ci - C2 / К2-К1

мұндағы К2 и Ki – базалық және енгізілетін күрделі қаржы салымдары варианттар бойынша;

Ci и С2 – варианттар бойынша өнімнің өзіндік құнының мөлшері;

Егер Тр - төмен, ал Ен- нормативтік мөлшерден көп болса, онда қосымша күрделі қаржы садымдары тиімді жұмсалған.

Егер көптеген варианттар пайдаланылса, онда салыстырмалы тиімділік көрсеткіші ретінде келтірілген шығындардың минимумы қолданылады:

С + ЕнК—>min, или К+ ТнС—> min

мұндағы К- әр бір вариант бойынша күрделі қаржы салымдарының үлестік салмағы (яғни өнімнің бір бірлігі үшін);

С- сөнімнің бірлігінің өзіндік құны варианттар бойынша;

Ен-салымдардың тиімділік салалық нормативтік коэффициенті;

Тн- күрделі қаржы салымдарының нормативтік өтелу мерзімі.

Келтірілген шығындар– белгілі бір мерзім ішінде ағымдағы және күрделі қаржы салымдарының өндірістік шараларға бағытталған шығындардың белгіленген шығындарды салыстырғандағы қосындысын (Тн немесе жыл ішінде) атайды.

Тиімді вариант болып, егер жұмсалағн шығындардың min-жұмсалса.

4 Дәріс. Кәсіпорынның негізгі капиталы

Жоспар:

1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

2. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары. Негізгі капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары.

3. Кәсіпорынның тіркелген активтер. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері. Материалдық емес активтердің амортизациясы.

1.Өндіріс процесіне түгелдей қатысатын, бірақ өз құнын өнімге бөліп – бөліп, оның тозу дәрежесіне қарай сіңіретін өндіріс капиталының элементтері негізгі капиталдеп аталады. Негізгі капитал өндіріс ғимараттарына, құрылыстар мен машиналарға, жабдықтар мен құрал – саймандарға сіңіріледі. Негізгі капитал құрамы активті және пассивті элементтердентұрады. Активті элементтер еңбек затына әсер етеді. Оған машиналар, жабдықтар, қондырғылар, т.б. жатады. Ал пассивті элементтер өндіріс процесіне қызмет етеді. Олар үйлерден, ғимараттардан, транспорт құралдарынан, т.б. тұрады.

Негізгі корлардегеніміз кәсіпорындардың өндіріс құралы мен еңбек құрал – жабдықтарының жиынтығы. Олар өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылады және өз құнын жасалған өнімге өзінің тозуына қарай бірте – бірте бөлшектеп енгізеді.

Негізгі қорлардың 2 түрі болады:

-өндірістік негізгі қорлар

-бейөндірістік негізгі қорлар.

Материалдык өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі корлар - бейөндірістік негізгі корлар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).

Негізгі корлар - ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен кұрылымын анықтау үшін негізгі корлардың сыныптамасын жасау қажет.

Кесте 1. Негізгі қорлардың сыныптамасы

Топтардың аттары Қолданылуы және қысқаша мінездемесі
1. Ғимараттар өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)
2. Құрылыстар өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік – құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары және т.б.)
3. Жіберу құралдары энергияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі)
4. Машиналар мен құралдар
а) күш машиналары мен құралдар генераторлар, электр бөлшектер, бу машиналары, турбиналар т.б.)
б) Жұмыс машиналары мен құралдар технологиялык процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, пресс машиналары, көтеру- тасымалдау механизмдері т.б.)
в) Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық құралдар өңдіріс процесін күшеңбегімен немесе автоматтаңдыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің; параметрін өлшеуге және бақылауга, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті құралдар
г) Есептеу техникасы математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы
д) Басқа да машиналар мен құралдар (өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.)
5.Тасымалдау құралдары   кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, тепловоз, автомобиль және т.б.)
6. Құрал-сайман өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу,ұру саймандары, штамптар т.б.)
7.Өндірістік түгендеме (инвентарь өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке енбек заттарын сақтауға қажетті құралдар (жұмыс столы, қорап т.б.)
8.Шаруашылық түгендеме (инвентарь) көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф т.б.

Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар - негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.

Негізгі қорлардың бастапқы құны - қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) - негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық кұн - негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Негізгі өндірістік қорлардың кұрылымына мынадай факторлар әсер етеді:шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.

Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін кұрайды. Негізгі өндіріс қоры (капиталы) – ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.

Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне, осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорларынегізгіжәне айналымболып бөлінеді.

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі өндіріс қоры – өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс қоры – бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын – машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) – өндірістік емес қорларға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік кұрылымға кіретін – тұрғын үй қоры, мәдени – тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі өндіріс қоры төмендегідей болып бөлінеді:

Наши рекомендации