Мақтаның негізгі зиянкестері.

Мақта дақылына (қозаға) көптеген зиянкестер зақым келтіреді.Негізгі зиянкестері көбінесе полифаг бітелер, темекі трипсі, күздік көбелек, карадрина (кішкене жер көбелегі), мақта көбелегі, кәдімгі өрмекші кене, т.б. болып табылады. Бітелердің бақша (мақта)-Aphis gossypii Glov., жоңышқа-A. craccivora Koch. , үлкен мақта-Acyrtosiphon gossypii Mordv. түрлері кең тарағандары және ерекше зиянды. Бақша бітесі дернәсіл немесе имаго түрінде арамшөптердің түбіндегі жапырақтарда қыстайды. Жоңышқа бітесі ұрықтанған жұмыртқа түрінде жоңышқа мен жұмыршақ шөптерінде қыстап шығады. Үлкен мақта бітесі бітелердің ең ірісі. Жұмыртқалары қыстайды. Ерте көктемде жұмыртқадан дернәсілдер шығып партеногенетикалық ұрғашыларға айналады. Барлық бітелер көктемде алғашында қыстайтын орындарына жақын арамшөптерде қоныстанады және сонда қоректенеді. Кейін мақта көгі шығысымен бітелер оларды мекендей бастайды. Бітелер әдетте өсімдіктің үстіңгі өскіндері мен жаңа жайылған жапырақтарына қоныстанып, қозаның шырынын сорып қоректенеді. Осының салдарынан өсімдіктің дамуы тежеледі, түйіншелері мен көсектерін төгеді, жапырақтар бүрісіп, сабағы бұралып қалады, түсі де өзгере бастайды. Зақымданған қозаның берер өніміне бітелер көп шығын келтіреді. Шығаратын сүйықтық «балтамшы» жапырағына, мақта талшығына жайылады және желімдеп тастайды. Сапрофитті құрым саңырауқұлақтар өсіп шитті мақта сапасын төмендетеді. Талшықтың бұлайша бүлінудін қусырылу (ширу) дейді. Бітелер өте тез өсіп-көбейеді. Жаз бойы олар ұрықтандырусыз партеногенетикалық жолмен көбейеді. Маусым кезеңінде бітелер 20 ұрпақ бере алады.

Темекі трипсі (Thrips tabaci Lind.) - макталыққа үлкен зиян келтіре алады. Ересек трипстер ұсақ, ұзындығы 1 мл. Ұрғашылары өсімдіктің жапырақтарына 100 шамасындай жұмыртқа салады. 3-5 күнде олардан дернәсілдер пайда болады. Дернәсілдер мен ересектері мақта жапырақтарының шырынын сорып тіршілік етеді. Бір ұрпағының өсіп-жетілуі 12-20 күнге дейін созылады. Маусым кезеңінде мақталықта трипстер 8-10 ұрпақ беріп дамиды.

Кәдімгі өрмекші кене – Tetranychus turcestany Ug.et.Nilk.Микроскопиялық ұсақ зиянкес, ересек аналықтардың ұындығы - 0,3-0,6 мм, аталықтардың ұзындығы - 0,2-0,3 мм. Түстері жазда сарғыш-жасыл, күзге сары-кызыл, қысқа қарай - қызыл-қоңыр. Өрмекші кене мақта өсімдіктері жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Ауыз аппараттары шаншып - сорғыш. Жапырақта закымданған жерлері астынан қоңырланады, үстінен қызарып кетеді. Зақымдалған өсімдіктің өсуі тежеледі, жапырақтары, түйіншелері мен көсектері түсіп, ал қауашақтары жеңілдеп калады. Қатты закымданғанда бұталар өнім бермейді.Өрмекші кене тез өсіп-өніп көбейеді. Аналықтары 100-140 жұмыртқа салады. Бір маусымда кене 15-18 ұрпақ беріп дамиды. Ұрыктанған аналық кенелер топырақтың үстіңгі қабатында, өсімдік қалдықтарының астында, ағаштардың қуыстары мен жарықтарында қыстайды. Ерте көктемде, күн 8-10°С жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып, арамшөптерде үйір-үйір болып көбейеді. Содан соң әр түрлі жолмен мақта өсімдіктеріне ауысады.

Мақта көбелегі (Helicovera armigera Hubn.)—қанаттарында бүйрек теңбілдері мен жолақтары бар қоңырқай сары түсті көбелек. Өсімталдығы жалпы 500 кей кезде 1000 жұмыртқа және одан да астам. 5-7 күннен кейін жүмыртқадан жұлдызқүрттар шығып 25- 30 күнде өсіп-жетіледі. Маусымда 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Мақта көбелегі қуыршақтар түрінде жұлдызқұрттары қоректенген алқаптарда қыстайды. 1 ұрпақтың жұлдызқұрттары арамшөптерде, жонышқада, ноқатта, темекіде, қызанақта, жүгеріде қоректенеді. Екінші ұрпақ көбелектерінің жаппай жұмыртқалауы мақта шанақтану және гүлдену кезіне келеді. Көбелек мақта жапырақтарына және генеративтік мүшелеріне жұмыртқа салады. Алғашында жұлдызқұрт гүл түйнектерін, содан кейін көсектерді кеміріп зақымдайды, дөңгелектеп қуыс жасайды. Жұлдызқұрт 20-ға дейін жемістік мүшесін зақым келтіре алады. Үшінші ұрпағының жұмыртқа салуы тамыз айында басталады; кейбір жылдары мақта көбелегі жылына төрт ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Мақта егістігінің, тікелей өзінде жүргізілетін агротехникалық шараларға жататындар: мақтаны жинап алу, жерді сүдігер терең жыртып көктемде тамыр жая бастаған арамшөптерді құрту, қыста суару, ауыспалы егіс жүйесін енгізеді. Бұл шаралар қыстап шыққан ұрпақтарды қорегінен айырады, қыстаған жерінде егіс алдындағы кезеңде жояды.Мақта дақылы зақымдана бастаған алғашқы кезеңде, яғни зиянкестер әлі қаулап көбеймей тұрғанда, оны химиялық жолмен өндеу керек. Бүл үшін кәдімгі өрмекші кенеге қарсы қолданылатын жүйелі және қоспалы фосфорлы-органикалық препараттар (инсектоакарицидтер: БИ-58, 40% э.к., золон, 35% э.к., нурел Д э.к., акарицидтер: омайт, 57% э.к., неорон, 50% э.к. және т.б.) қолданылады.Зиянды көбелектерінің санын реттеуге биологиялық әдіс кең пайдаланады. Мақталықтарға жұмыртқа жегіш трихограмманы көбелектер жұмыртқа салған кезде 3 қайтара (60-80 мың дарақ) шығарады. Энтомофаг браконды ІІІ жастағы жұлдызқүрттарға қарсы жібереді.

Наши рекомендации