Технологиялар өзгеруі.

Еңбек табысының шамасы

L S

Е

W 0

Еңбек табысы L Д

0 Еңбек мөлшері Q0

L Д – еңбекке деген жиынтық сұраныс қисығы, экономикада бар технология мен заттық капиталға байланысты жағдай.

L S – еңбек ұсынысының қисығы ықшамдау үшін еңбек ұсынысының икемділігі О тең, яғни еңбекке байланысты болмайды деп болжамдайды.

LД және LS қисықтарының қиылысуы W 0 нақты еңбекақының тепе-тең деңгейін анықтайды. Еңбек табысының шамасы сызықталған фигура ауданына тең (OwoEQo), немесе тепе-тең айлықтың еңбекпен қамтылғандар санына көбейтіндісіне тең (Wo X Qo).

Еңбек табысына барлық жалдамалы еңбек тұлғаларының табысы жатады, оның ішіне корпорациялардың жоғарғы басқарушы аппараты да енеді. Еңбек табысының үлесі жиынтық табыстың 80 % құрайды. Халықтың жиынтық табыстары әр түрлі көздерден қалыптастырылады және отбасылар арасында олардың үлкендігі мен құрамына қарай қайта бөлінеді.

Табысты персоналды бөлу басым теңсіздікпен ерекшеленеді, оны Парето-Лоренц-Джинни әдістемесі негізінде өлшеуге болады.

ХХ ғ. басында В. Парето табыстар бөлінуінің нақты мәліметтері негізінде «Парето Заңы»деп аталған заңды қалыптастырды, осы заңға сәйкес табыстар деңгейі мен оларды алушылар саны арасында кері тәуелділік бар, басқаша айтқанда, табыстарды персоналды бөлу тұрақты тепе-теңсіз, және де бөлуде тепе-теңдіксіз деңгейі бірдей. Табыс деңгейі бойынша барлық отбасыларды белгілі табыс топтарына біріктіруге болады. Әр топтың табыс үлесін жиынтық табысында салыстырып, табыстар дифференциациясын бейнелейтін график құруға болады.

А

III

II I

0 В

20 40 60 80 100

Табыс шоғырлануының қисығы

(Лоренцтің).

Егер табыстар тепе-тең бөлінсе, онда әр отбасы тобы өзінің үлес салмағына сәйкес табыс алуы керек, ал табыстарды бөлу графигі ОА биссектрисасымен ұсынылады, табыстардың нақты бөлінуі І, ІІ, ІІІ қисықтарымен бейнеленеді. Нақты бөлу қисықтары ОА биссектрисасына неғұрлым жақын болса, соғұрлым шындығында табыстардың тепе-тең бөлінуі орын алады.

Нақты бөлу қисықтар түрінің айырмашылығы онда І – салық алынғанға дейін, ІІ – салық алынғаннан кейін, ІІІ- трансферттік төлем есебімен табыстар есептелуіне байланысты болады. График түрінде көрсетілген табыстың (байлық) салыстырмалы шамасы мен оны алушылар саны арасындағы кері тәуелділік шоғырлану қисығынемесеЛоренц қисығыдеп аталады. Тепе-теңсіздік дәрежесі (немесе шоғырлану дәрежесі) математикалық түрде Джинни индексі – ОАВ үшбұрышының ауданымен қатыстырылған, нақты бөлу қисығы үстіндегі фигура ауданымен бейнеленеді. Берілген әдістеме әр түрлі уақыт аралығында, әр түрлі елдер және халық топтары арасында табыс бөлінуінің тепе-теңсіздік дәрежесін бағалау үшін пайдаланылады.

Табыс шамасы отбасы байлығымен және әл-ауқатымен тығыз байланысты. Байлық неғұрлым жоғары болса, соғұрлым одан түсетін табыс та жоғары болады. Әр түрлі елдерде табыс пен байлық дифференциациясы дәрежесі арасындағы ара қатыс әр түрлі болады. Байлық дифференциациясы өсуде. Табыс тепе-теңсіздігі мыналардың айырмашылығынабайланысты болады:

- қабілеттіліктің,

- білімнің, біліктіліктің,

- еңбекке құштарлықтың,

- бастамалылықтың,

- тәуекелге бейімділігінің,

- тегінің,

- отбасы үлкендігі мен құрамының,

- мүлікке ие болуының,

- нарықтағы жағдайының,

- сәттіліктің,

- жол болуының және т.б.

Жалпы қоғамның және оның әр мүшесінің жиынтық табысыэкономикалық әл-ауқаттың көрсеткіші болып табылады, ал халық алатын табыс өмір сүру деңгейінің негізін құрайды. Өмір сүру деңгейі - бұл

- халықтың өмірлік игіліктермен қамтамасыз етілуі,

- адамдардың белгілі игіліктерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі. Өмір сүру деңгейі бағаланады:

- халық табыстарымен,

- өмір сүру жағдайымен,

- өмір сүру қалпы мен жүйесі және т.с.с.

БҰҰ ұсынған өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесіне 12 топ көрсеткіштері енеді.

1. Туу саны, өлім саны, өмір ұзақтығы.

2. Өмірдің санитарлық-гигиеналық жағдайы.

3. Азық-түлік тауарларын тұтыну.

4. Тұрмыс жағдайлары.

5. Білім беру және мәдениет.

6. Еңбек жағдайы мен еңбекпен қамтылу.

7. Халықтың табыстары мен шығындары.

8. Өмір сүру құны мен тұтынушылық бағалары.

9. Жол көлігі.

10. Демалыстың ұйымдастырылуы.

11. Әлеуметтік қамсыздандырылу.

12. Адам еркіндігі

Бұдан басқа ақпараттық көрсеткіштер де ескеріледі:

- адам басына ЖІӨ, ҰТ өндірісі,

- олардың өсімдерінің орташа жылдық коэфициенттері,

- бос уақыт және т.б.

Табыстары бойынша халық бөлінуі:

- табысы төмен топтар,

- табысы орташа топтар,

- табысы жоғары топтар,

Бұл топтың әрқайсысының өз ұтымды тұтыну бюджеті болады. Халықтың табысы төмен тобының шығындары шамасы мен құрылымын талдау негізінде материалдық қамтамасыз етудің минимум бюджеті және кедейлік шегі есептелінеді. Минимум тұтынушылық бюджет кедейлікті сәйкестендіру негізі ретінде денсаулықты және мұнтаздылықты сақтаудың физиологиялық минимум бюджеті ретінде, минимум әл-ауқаттылық бюджеті ретінде есептелінеді. Минимум әл-ауқаттылық – бұл өмір сүрудің қоғаммен қабылданатын жағдайлардың ұдайы өндірілуі қамтамасыз етілмейтін отбасы табысының шектері, оның негізінде кедейлік табалдырығы анықталады және күн көрістің ең төменгі деңгейі есептелінеді (АҚШ-та бұл 1000 $) .

Кедей отбасылары қысылған жағдайда өмір сүру мерзімі бойынша біркелкі емес. Шартты түрде: созылмалы (тоқыраулық), және ағымдыкедейлікті белгілеуге болады.

Қазіргі жағдайда мемлекет табыстарды қайта бөлуге тартылған:

- салық жүйесі арқылы,

- мемлекеттік трансферттер (ақшалай және табиғи)

- әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру жүйесі және т.с.с.

 
 

Әлеуметтік (қоршаған ортаны қорғау, тұтынушы құқықтарын қорғау және т.б.)

Материалдық(ҰТ көлемі және оның мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінетін үлесі).

Институционалдық (қайта бөлу процесін ұйымдастыру және құраушы мекемелер қызметі).

Концептуалдық(мемлекеттің әлеуметтік саясаты).

Табыстарды мемлекеттік қайта бөлубюджеттік-қаржылық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет әлеуметтік саясат басымдылықтарына және әлеуметтік бағдарламаларға сәйкес ақшалай және табиғи трансферттер мен қызметтер түрінде әлеуметтік төлемдер ұсынады.

 
 

Тиімді еңбекпен қамтылу, кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін қамтамасыз ету;

Табыстарды қалыптастырудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;

Табыстағы және жеке тұтынудағы саралау процесін макроэкономикалық реттеу;

Күнкөріс минимумының нақты деңгейін бекіту және оны ретті түрде индекстеу;

Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

Мерзімдік келісімді

Нысандары - сағаттық,

- апталық,

- айлық,

- жылдық.

Түрлері - номинал,

- нақты,

- минимум.

Жүйелер - кесімді сыйлықақы,

- үдемелі кесімді,

- мерзімді сыйлықақы,

- көп факторлы,

- қатысу жүйесі.

Мамандандырылған,

Салалық,

Аймақтық,

Ұлттық.

Табыс адамдар әл-ауқатының көрсеткіші болып табылады. Халық табыстарының динамикасы мен деңгейін бағалау үшін мына көрсеткіштер қолданылады:

- Номинал табыс – белгілі уақытта алынатын ақша сомасы.

- Басқарылатын – табыс, жеке тұтыну мен жеке жинауларға пайдаланылуы мүмкін. Ол номинал табыстан салық және міндетті төлем сомасына төмен.

- Нақты табыс – инфляциялық түзетумен басқарылатын табысқа сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер мөлшері.

Жұмсалған еңбек – қарапайым, күрделі, мамандандырылған, мамандандырылмаған.

Жасалған құн – фирманың табысты жұмысына байланысты төленетін сомалар.

Меншік –акциялар, облигациялар, инвестициялық чектер, басқа құнды қағаздар.

 
 
Табыстарды бөлудегі теңсіздік дәрежесі

Табыс пайызы

 
 

100 А

ОА – абсолютті теңдік. Бұл жанұялардың 20 % табыстың 20 %

алатындығын білдіреді.

80 ОВА – табыстардың нақты бөлінуі.

N

20 В

0 жанұялар пайызы

20 40 60 80 100

Теңсіздік деңгейі

ДЖИННИ

Наши рекомендации