Университеттен бекітілген практика жетекшісінің міндеті

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

Экономика» мамандығы бойынша

Ашықтықтан оқу бөлімінің студенттеріне арналған

өндірістік практиканың

Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

АРАҒАНДЫ – 2012

Практика бағдарламасы кафедрасының оқу - әдістемелік семинарының мәжілісінде мақұлданған және басып шығаруға ұсынылған.

Хаттама №___ «____» _______________ 2012ж.

Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы К.Қ.Ибитановамен жасалған.

Кіріспе

Өндірістік практикадан өту кезінде студенттер жұмыс орындарында келешек мамандығы бойынша барлық қызметтік міндеттердің орындалуы жайында тәжірибе алуы тиіс. Практикалық қызметте ең негізгі элемент кәсіпорын қызметін жоспарлау мен талдаудың қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдерін меңгеру.

Өндірістік практиканың мақсаты оқытылатын мамандық бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі мен кілтті компетенцияларды тіркеу болып келеді.

Өндірістік практиканы өту барысында студенттер жұмыс орнында болашақ мамандықтық барлық машықтарына ие болуы керек. Практикалық қызметтің маңызды элементтері кәсіпорын қызметін жоспарлау және талдаудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін игеру болып келеді.

Практиканы өту барысында дипломдық жұмысқа қажетті барлық керек мәліметтерді жинау. Оның ғылыми - теориялық деңгейі таңдалған тақырып пен зерттеу тақырыбына бастапқы деректердің сәйкестігіне елеулі түрде тәуелді.

І. ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

Өндірістік практиканың мақсаты болып университетте алған білімді одан әрі тереңдету және бекіту, экономикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қажетті практикалық дағдыларға ие болу саналады. Практика барысында студент мыналарды білуі тиіс:

1. Кәсіпорынның құрлымы мен оны ұйымдастырумен, сапаның ерекшелігінен, кәсіпорынның өндірістік және басқару бөлімшесінің негізгі функцияларымен танысу.

2. Кәсіпорындағы және оның негізгі бөлімшесіндегі экономикалық жұмысты ұйымдастыруды үйрену, қолданылатын статистика мен есептің формаларымен, олардың жағдайының тәртібімен танысу.

3. Кәсіпорынның ішкі (шағын) бөлімінде немесе бөлімшесінде белгілі бір жұмыс орнын атқару арқылы, экономика және жоспарлау бөлімінде (жоспарлау немесе қаржы бөлімі) тікелей жұмыс істеу.

4. Статистикалық есептілік, аналитикалық көрсеткіштер есебін жасауға қатысу, экономикалық ақпараттарды өңдеу.

5. Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің мәселелері бойынша кеңестерге, экономикалық жұмысты ұйымдастыруға, кәсіпорын мен оның бөлімшелері қызметін экономикалық талдауға және жоспарлауға (болжамдауға) қатысу.

6. Дипломдық, курстық жұмысты, ғылыми бағдарламаны, практика жөніндегі есепті дайындау үшін материалдарды іріктеу және жүйеге келтіру. Практикада бекітуге жататын оқу материалы, келесі түрге бөлінеді:

- кәсіпорынмен және оның құрылымдық бөлімдерімен танысу;

- негізгі экономикалық көрсеткіштермен, техникалық процеспен танысу және оларды басқаруды ұйымдастыру мен танысу;

- экономикалық жұмысты ұйымдастыруды зерттеп үйрену.

II. ПРАКТИКА ОРНЫ МЕН ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫ

ЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

1. Өндірістік практика басталмастан 2-3 күн бұрын конференция өткізіледі.

2. Конференцияда оқу жоспарында анықталған практика мерзімі мен бағдарлама мазмұны, міндеттерімен таныстырады.

3. Өндірістік практиканы студенттер экономиканың түрлі салалары бойынша түрлі меншік нысанындағы ұйымдарда, кәсіпорындарда өтеді.

4. Сырттай-қашықтықтан оқыту технологиясы мамандығы бойынша жұмыс істейтін студенттер өндірістік практикадан өтіп, кафедраға есептің жинақталған нысанын ұсынады.

III. ПРАКТИКАНЫ БАСҚАРУ МЕН БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ

Студенттің өндірістік практикасын ұйымдастыру мен оқу-әдістемелік басқаруды экономика және менеджмент кафедрасы ұсынған практика базасын жақсы білетін тәжірибелі оқытушылар жүзеге асырады.

Кәсіпорында студенттің практикасын ұйымдастыру үшін жауапкершілік басты мамандар мен жетекшілерге жүктеледі.

Университеттен бекітілген практика жетекшісінің міндеті

1. Әрбір кәсіпорында практика жетекшісімен біріге отырып, студенттің практика өтуінің күнтізбелік жоспарын ұйымдастыруға;

2. Практика бағдарламасына сәйкес істелінген жұмыс жөніндегі күнделік-есеп жүргізу бойынша сұрақтарға студенттерге кеңес беруге;

3. Кәсіпорын басшысы арқылы практикантқа қажетті жағдай тудыру бойынша шаралар қолдану;

4. Студенттің жұмыс сапасын тексеру мен күнтізбелік жоспардың орындалуын бақылауға;

5. Есепті тексеруді жүзеге асыру;

6. Практикадан өту жөніндегі күнделік-есепті тексеруді жүзеге асыру;

7. Кафедраға практикадан өту жөнінде жазбалық пікір ұсынуға;

Сенбі күндері студент-практикант оқытушы-жетекшімен кездесе алады:

- Өткен аптаның тапсырмасын студентпен орындалуын тексеру;

- Практиканы өту жөніндегі есептегі студентпен орындалған жұмысқа кеңес беру.

Наши рекомендации