Химиялық тазарту орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

122. Ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, қонақ үй кешендерінде және гипермаркеттерде орналасқан шағын-химтазарту орындары кіретін және шығатын жеке есікпен, дербес желдету жүйесімен жабдықталады. Жеке кіріп-шығу есіктерін жайғастыру мүмкін болмаған жағдайда, шағын-химтазарту орындары азық-түлік және балаларға арналған тауарларды, сондай-ақ дәрілік заттар мен науқастарды күтуге арналған заттар сатылмайтын аймақта орналастырылады.
123. Химиялық тазарту орындарының өндірістік үй-жайлары (цехтары) жеке тұрған ғимараттарда немесе ғимараттардың тік жоспарлануын және тітіркендіргіш әсер беретін, қолданылатын химиялық заттарды ескере отырып, сондай-ақ таза және кір бұйымдар қозғалысы ағынының қиылысуын болдырмау үшін қоғамдық үй-жайлардың бірінші қабатында орналастырылады.
124. Өндірістік үй-жайлардың алаңын технологиялық процестердің сипатына, санына, өндірістік жабдықтардың типіне және жұмыскерлердің санына қарай айқындалады.
125. Есіктердің сыртқы ойықтары мен қақпалар жылдың суық мезгілінде ауаны жылыту үшін тамбурлармен және жылы ауа перделерімен жабдықталады.
126. Негізгі және қосалқы өндірістік үй-жайлардың қабырғасы, төбесі және едені зиянды химиялық заттардың жиналуына жол бермейтін, сіңірмейтін материалдармен өңделеді.
127. Едендер химиялық берік және су өткізбейтін материалдармен жабылады, еден құрылысы сұйық заттың төгілуі және үй-жайларды ылғалды жинау кезінде төгінділердің өткізілмеуін қамтамасыз етеді.
128. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар ғимараттарда орналасқан химтазарту орнының желдету жүйесі осы ғимараттың желдету жүйесінен дербес жабдықталады.
129. Химиялық заттар бөлу көздері бар жұмыс орындары, сондай-ақ дақтарды кетіру, ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстары жергілікті сыртқа тарату құрылғылары болған жағдайда жүргізіледі.
130. Шламды автоматты түсіру жүйесімен жабдықталмаған машиналарда шламды қолмен түсіру кезінде, ерітінді буын сыртқа шығару жүйесімен жабдықталған машиналарды қоспағанда, машиналардың артқы қабырғасы үстінен жергілікті сыртқа тарату құрылғысы, машинаның алдыңғы қабырғасы жанынан барабан ашылған кезде іске қосылатын жергілікті сыртқа тарату құрылғысы жабдықталады.
131. Химтазарту орнында ауа рециркуляциясына жол берілмейді.
132. Желдеткіш жабдықтары желдеткіш камераларда орнатылады, шудан оқшаулау және дірілді басу құрылғыларымен жабдықталады.
133. Технологиялық механикалық сыртқа тарату желдеткіш жүйесінің тиімділігі жылына 1 рет, жалпы алмасу механикалық желдету жүйесінің тиімділігі 3 жылда 1 рет бақыланады.
134. Өндірістік үй-жайлар жалпы жарықтандыру және/немесе құрамдастырылған жарықтандыру және авариялық жарықтандыру жүйелерімен жабдықталады.
135. Жабдықтардан сарқынды суды ағызу жабық тәсілмен жүргізіледі. Сарқынды суды өндірістік үй-жайлардың еденіне, су бұру жүйесіне ағызуға арналған ашық науаларға жіберуге жол берілмейді.
Химтазарту машиналарының су бөлгіштерінен шыққан құрамында еріткіштердің буы бар су шлам ретінде пайдаланылады.
136. Еріткіштерді қолдану арқылы бұйымдарды құрғақ химиялық тазалау жүргізілген кезде үздіксіз және тұйық айналым бойынша барлық операциялардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
137. Жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді жеткізу, мөлшерлеу және салу, сүзуге арналған ұнтақтарды жағу және сүзгі элементтерін механикалық жолмен тазалау бойынша өндірістік операциялар жеке қорғаныш құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.
138. Технологиялық жабдықтардың сыртқы бетінің температурасы кемінде 43 оC құрайды.
139. Бұйымдарды химиялық тазартудың технологиялық процестерінде сапасы және қауіпсіздігі туралы құжаттары бар реагенттер, заттар және препараттар қолданылады.
140. Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сыртқа тарату желдеткішімен, стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді едені бар қоймаларда сақталады.
141. Өндірістік учаскелерде химиялық материалдар бір тәуліктік нормадан аспайтын мөлшерде сақталады.
асырылады. Тұтынушыға бұйым қаптамаланған түрде беріледі.
143. Персонал арнайы киіммен және аяқкиіммен, жеке қорғаныш құралдармен қамтамасыз етіледі.

Наши рекомендации