Хамза мен Омардың исламды қабылдауы

Хамза пайғамбарымыздың аңшылыққа көп шығатын, батыр көкелерінің бірі. Хамза үнемі аңнан қайтарда кағбаны тауаф жасап, құрайштың үлкендері мен отырып сұхбаттасып үйіне қайтатын. Пайғамбарымыз бір күні Сафа тауына бара жатып, Әбу Жәһілді жолықтырады. Ол пайғамбарымызға түрлі әрекет жасап, ренжітеді. Бұл жағдайды көргендер аңшылықтан кележатқан Хамзаға жеткізеді. Хамза тікелей кағба жаққа келіп Әбу Жәһілді тауып алып көпшіліктің арасында басына жебемен салып, « Бауырым Мұхаммедке тіл тигізбексіңба? мен соның дініндемін қане маған тиісіп көрші!» деп айқайлап береді. Әбу Жәһілг болысқан кісілерге, «Хамза дұрыс айтады», деп үндемей қалады. Ол кеткенен соң «Хамзаның ашуын көп шығармау керек, болмаса мұсылман болудан тайынбайды» дейді. Әбу Жәһіл Хамзаның мұсылман болуы мүшіріктер үшін үлкен қасірет, ал мұсылмандарға қуат екенін жақсы білетін еді. Әбу Жәһілдің қорққаны келіп Хамза пайғамьарымыздың қасына барып дінді қабылдайды. Хамзаның исламды қабылдауы мұсылмандар үшін үлкен қолдау болды. Мушриктер мұсылмандадр жайлы ойланып сөйлейтін болдын

Ескерейік! 570 жылы туған Хамза пайғамбарымыздың сүт бауыры және көкесі. Батырлығымен Бәдір және Ухуд шайқастарында қаһармандығын көрсетіп, Ухуд шайқасында шейіт түскен. Сол себептен оны «Саййидушшуһада» (шейіттердің мырзасы) Алла тағаланың арыстаны деп айтады. Аббаси Халифасы Наср Лидиниллаһ (1180-1225) нің анасы, мазарын мола етіп салдырған. Кейіннен қасына мешіт және кітапхана салынды. Османлыдан кейін моласыда басқада құрлыстар қиратылған. Türkiye Diyanet Vakfı İslam Ansiklopedisi, C 15, s. 500.

Меккелік мұсылмандарды Хамзадан кейін тағы бір қуантқан жағдай Омар ибн Хаттабтың лінді қабылдауы болатын.

Есте сақтайық! Исламның алғашқы жылдарында, қоғамда беделді, ел ішінде тұлғалық тұсыда ерекше жан болған Хамза мен Омар дың мұсылман болуы Мекке кезеңіндегі маңызы зор оқиғалардың бірі. Пайғамбарлықтың алтыншы жылында (616м )Хамза мен Омардың р.а дінге кіруі мұсылмандар үшін үлкен қолдау болды. Кағбаға барып мұсылмандар жамағатпен намаз оқи бастады. Хамзаның артынан Омардай мықтыларынан айрылған мушриктер, мұсылмандарға қарсы пасық пиғылдарын жаңартуға кірісті.  

Омар Меккенің сыртқы саясатымен айналысатын, табиғаты қатты кісі болатын. Меккеде пайғамбарымызға қатты қарсы болңан кісілердің бірі болатын. бір күні пайғамбарымызды өлтіру ниетімен үйінен шықты. Мұсылмандардың жиналатын «дарул Арқам» дейтін жерге келе жатқанын көрген Нуайм, «қайда бара жатырсың Ей Омар?» дейді. « Мұхамметті өлтірмекке» деп жауап береді. Мұсылмандығын жасырып жүрген Нуайм, Омарды райынан қайтару мақсатында «егер өлтірсең дұшпандық арта түседі, Һашимиттер сені жайыңа қалдырмайды», дейді. «Оданша қарындасыңмен күйеу балаңды қайтарып ал алдымен», деп бетін қайтарады. Ашулана қарындасының үйіне барып есігін қағады. Жасырын мұсылман болған қарындасы Фатима және жары Сағид бин Зайд Хаббаб бин Әраттан құран сабағаын алып жатқан еді. Жылдам аят жазылған парақтарды жасыра қойып, есікті ашады. Ішке кіріп « оқып жатқандарың не ол?» дейді. Олар ештеңе деп жауап береді. Сағиттің жағасынан алады, сол кезде ажыратпақшы болған Фатимаға қолы тиіп жерге етпетінен жығылып, бет аузы қан болады. Тұра келіп ағасына айқайлап, « не істейсің, біз мұсылман болдық, өлтірмексіңба бізді?» деп жан даусын шығарып жылап жібереді. Қарындасының бұл күйін көрген Омардың жүрегі жұмсарып, қарындасын жубата не оқып жатыр едіңдер, менде тыңдайын дейді. оған Таһа сүресінің алғашқы аяттарын оқыған кезде, бір мезет үнзсіз қалады. Артынан мені Мұхамметке алып барыңдар дейді. Бұл жағдайды жасырынып жатқан Хаббаб, атып шығып Аллаға ант етейін пайғамбарымыз кеше «екі Омардың бірімен дінге қуат бере көр деп» дұға жасап еді, қабыл болды, деді айқайлап жібереді. Ол сенсің! Омар, деді. Дарул Арқамға қарай жүрген Омарды көрген жұрт, оның айбатынан қорқып кетеді. Ішкеріге «Омар келе жатыр», деб хабар бергенде, Хамза « жол беріңдер, жақсы ниетпен келсе, оны қайтара алмаймыз, егер жаман ниетпен келсе, өз қылышымен басын шабамыз»,- дейді. Пайғамбарымыз сахабилерге «қорықпаңдар келсін» дейді. Хәзреті Омар келіп кәлима жәһаданы айтып дінге кіреді. Пайғамбарымыз жіне айналасындағы сахабалар шексіз қуанышқа бөленіп, артынан жамағат болып кағбаға намазға барады. Мұсылмандардың арасында Омарды көрген мушріктер қатты сасып қалады. Омар сол жерде мұсылман болғанын ашық жария етіп, мұсылмандардың қатары тағы бір кісіге артады.

Наши рекомендации