Бап. Қызметтік жалғандық жасау

1. Қызметтікжалгандықжасау, ягни мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адамның не оган теңестірілген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалган мәліметтерді енгізуі не аталган қужаттарга олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі не көрінеу жалған немесе қолдан жасалган құжаттар беруі, егер бул іс-әрекеттер өзі немесе басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарга зиян келтіру мақсатында жасалған болса -

2. Лауазымды адам жасаган дэл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекет, егер оны жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса -

Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың мэні - түпнұсқа құжаттың мазмұнын өзгертуге не жалған жасанды ресми құжатты түгелдей жасау немесе беру болып табылады.

Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша қылмыстың негізіне — ресми құжаттар жатады. Ресми құжаттар деп мемлекеттік өкімет органдары берген жэне белгілі бір құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын, заңдық мэні бар белгілі бір фактілерді, оқиғаларды, өзге де жағдайларды куэлэндыратын жазбаша актілер түсініледі. Оларға мыналар жатқызылады: еңбек кітапшасы, оқу орнының дипломы, паспорт, эскери би­лет, зейнетақы, қызметтік куэлік, көліктің техникалық төлқркаты, орындау қағаздары, үкімнің көшірмесі, сақтандыру полисі, азаматтық хал актілерін тіркеу кітабы. Мемлекет-тік өкімет органдарынан шыкдаған құжаттар аталған к¥Рамға негіз болып табылмайды.

Қызметтік жалған құжат жасау - белсенді іс-эрекет жасау жолымен ғана істелуі мүмкін. Әрекет тэсілдеріне қарай жалған құжат жасау 2 түрге бөлінеді: материалдық жэне интеллектуалдық. Материалдық жалған құжат жасаудың мэні - ресми кркаттың шын қалпы құжаттың сол нысанына қол сұғушылык жолымен, бұзумен жасалады (қол қою, көшірмелеу, мер, штамп жэне т.б.) немесе оның мэтінін қайта жазу, бұлар қолдан жасаудың материалдық ізін құрайды. Түгелдей жалған құжат жасау кезінде де материалдық жалғандық орын алады, өйткені мұнда құжат мазмұны жэне нысаны бойынша жалған болып табылады.

Интеллектуалдық жалғандық кезінде кркаттың түпнұсқасы оның мазмұнына қол сұғушылық нэтижесінде бұзылады. Бұл жағдайда кінэлі адам ресми құжатқа формальдық тұрғыдан алғанда жалған екендігінің белгілері болмайтын (кұжаттың нысаны емес, мазмұны ғана бұрмаланған) жалған мэліметтер енгізеді.

Материалдық түрге құжаттың ресми түпнұсқасын қолдан жасау немесе өшіріп жазу жолымен өзгеріске ұшыраған жағдайлар ғана жатады. Ресми құжаттарды қолдан жа­сау мыналардан тұрады: толықтай жалған құжат жасау (мысалы толем чегін жасау) не кркаттың түпнұсқасына бұрмалау енгізу (мысалы, ресми кркаттың мазмұнына қосып жазу, сан жэне эріпті өзгерту, фотосурет, марканы ауыстырып жапсыру жолымен, жаңа мэліметтер енгізумен озгертіледі). Жалғандықтың бұл түрінің эдістерінің көптігі соншалық олардың толық тізбесін келтіру мүмкін емес. Барлық жағдайларда жалған кркат түпнұсқаны қолдан өзгерту немесе жалган ресми кұжат дайындау немесе беру түрінде болады.

Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстык кодексі бойынша қызметтік жалған кркат жасау, егер оны өзінің кызметтік жағдайын пайдалана отырып мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамға не оған теңестірілген адам жасаған жағдайда ғана болады. Егер ол қызметтік жағдайды пайдаланбай жасалса не жалған қркат жасау мемлекеттік окімет органдарынан емес, өзге ұйымдардан, мекемелерден, жеке тұлғалардан (қолхат, шарттар, міндеттемелер жэне т.б.) шыққан болса, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамын құрайды.

Қызметтік жалғандық — формальдық құрамы бар қылмыс. Ол қандай да болмасын қоғамға қауіпті зардаптардың болуына байланыссыз, Қылмыстық кодекстің осы бабын-да көрсетілген эрекеттердің біреуі жасалған сэттен бастап аяқталған деп есептеледі. Қызметтік жалғандық жасаған тұлға үшін жалған құжатты пайдаланғандығы немесе пайдаланбағандығының мэні жоқ, бұл жағдайда жазалау шараларын айкьшдау кезінде сот ескереді.

Жалған кркат жасау субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істе-леді. Жалған мэліметтерді енгізуші субъектінің өзі өзінің заңсыз эрекет жасағандығын, жалғандық жасағысы келгендігін сезеді, біледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша қызметтік жалғандық құрамы пайдакүнемдік мақсаттың не­месе озге де жеке мүдделіліктің болуын талап етеді. Өйткені заңда қызметтік жалғандық жасау эрекеттер өзіне немесе басқа адамдар, ұйымдар үшін пайда мен артықшылықты алу немесе басқа адамға, ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалады. Пайдакүнемдік мақсат кінэлі адамның қызметтік жалған құжат жасау арқылы материалдық пайда табуға тырысатындығының алғы шарты. Дегенмен, оны алу бөтен адамның мүлкін кінәлі адамның өз меншігіне айналдыруымен байланысты болмауы тиіс. Өзге бір жеке бас мүддесі деп кінэлі адамның қызмет жағдайын пайдалану жолымен мүліктік емес сипаттағы пайда табуға тырысуы түсініледі. Өзге жеке бас мүддесінің мазмүлын кек алу, жағымпаздық, мансапқорлық, ықпалды қамкорлық, отбасылық, қызмет көрсету, ықпалды адамның қолдауы, қызметіне сай еместігін бүркемелеу жэне т.б. сияқты ниет-тер құрайды. Пайдакүнемдіктің немесе өзге жеке мүдделіліктің болмауы осы қылмыс қү_рамының жоқ екендігін білдіреді.

Қызметтік жалғандықты лауазымды адам жасаса осы қылмыстың ауырлататын түрі, ал жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса қылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылады (369-бап, 2, 3-бөліктері).

1997 жылғы Қылмыстық кодекстен айырмашылығы түсіндіріліп отырған қылмыс субъектісі - мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, лауазымды тұлға немесе жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын тұлға.

Наши рекомендации