Тақырыбы:Кейінгі рулық қауымдағы рухани мәдениет және этникалық процестер

Жоспары :1.Кейінгі рулық қауымдағы рухани мәдениет

2. Кейінгі рулық қауымдағы этникалық процестер

Мақсаты: Кейінгі рулық қауымдағы рухани мәдениеттің дамуымен, оның салаларымен және этникалық процестердің жүруімен танысу,олардың қоғам дауындағы рөлін түсіну

Бақылау сұрақтары:

  1. Кейінгі рулық қауымдағы рухани мәдениеттің жаңа салалары пайда болды ма, болса оларды атаңыз, сипаттама беріңіз.
  2. Кейінгі рулық қауымдағы этникалық процестердің ерекшелігі неде, ол неге байланысты жүрді?

Схемалар,тапсырмала,жағдаяттар:

Оқытудың интерактивті әдістері (түрлері мен формалары):

Реферат тақырыбы:

Глоссарий:

Авункулокальдік ((лат. avunculus – нағашы және locus - орын)- ерлі-зайыптылардың нағашысына немесе оның тобына барып тұруы.

Авункулат ((лат.avunculus – нағашы) - адамның өз нағашысымен ерекше байланысын білдіретін тәртіптер жиынтығы.

(Агнаттық туыстық(лат.agnatio - әке жағынан туыс) - туыстықтың әке жағынан саналуы,

Патрилинейлік дегенге(қараңыз) сай келеді.

Адопция, адоптация (лат.adoptio, adoptatio – асырап алу) – ұлды немесе қызды асырап алу.

Алғашқы қауым өнері- алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы өнер. Б.з.б. 40-30 мың жылдықтар шамасында алғашқы тас дәіріндегі адамдардың қарым-қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде пайда болған. Палеолит өнері бізге Альтамир үңгірлерінің қабырғаларында бейнеленген, Испания, Нио, Фон-де-гом, Ляско т.б. жерлерде жасаған тайпалардың жартастарға салған суреттері, қолтаңбалары арқылы жеткен. Палеолит өнерінде жануарлар бейнесі кең орын алды. Бұл бейнелердің дәлдігі мен айқындығы адамдардың аңшылық тәжірибесінің мол болғанын дәлелдейді. Алғашқы қауымдық өнерінің ою-өрнек, мүсін саласы ерекше өркендеді. Солт. Европа мен Азияның аңшы-балықшы тайпалары ағаштан және сүйектен мүсін жасап, тас бетіне бедерлі сурет алуды тудырса, Шығ. Европа мен Азияның мал бағумен шұғылданған тайпалары қол дәуірдің аяғы мен темір дәуірдің басында бейнелеу өнерінің жануарларға байланысты өзінше стилін қалыптастырды. Алғашқы қауым архитектурасы қауымдық мекен- жайлар, мінажат орындары, бағаналы құрылыс үлгісінде дамыды.

Бигмен(ағылшын. вig - үлкен, man – адам) – ықпалды ер адам, қауымдағы лидер.

Композиция ( лат. compositio - өтеу) - ,айлықтың пайда болуымен байланысты шыққан салт-дәстүр. Адам өлтіргені үшін құн төлеу, қанды кектің альтернативасы.

Остеология ((лат. os – сүйек және грек. logos - сөз, ғылым) – сүйектерді зерттеумен айналысатын анатомия ғылымының бір саласы

Петроглиф((грек. – тас, құз және кесу) – жартасқа ойылған бейнелеу.

Реципрокальдік,реципрокация (лат.reciproco – қайтарамын) - өзаралық, материалдық құндылықтармен эквивалентті айырбас жасау.

Этиология (бұрынғы орысша атауы этнография грек. ethos - тайпа, халық және …графия), - этнология, халықтану, әлем халықтарының тұрмыстық, мәдени ерекшеліктерін, шығу (этногенез) проблемаларын, қоныстануын (этногеография) және халықтардың мәдени-тарихи қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ғылым ретінде 19 ғасырда қалыптасты.

Эндоканибализм(грек. endon – ішкі, cannibal - бұзылғандық, кариб. - адам жеу) - өлген туыстарын, көсемдерді жеу салты.

Блиц тест:

1.Зоотехника саласындағы білімдердің қорлануы немен байланысты болды А) техниканың дамуымен В)егіншілікпен С)мал шаруашылығымен Д) балықшылықпен Е)егіншілікпен және балықшылықпен

2.Басшының (лидер) аруағына сенім қалай аталады А)эндоканибализм В)канибализм С)мана Д)аруақ Е)рух

3.Этиология деген не А)ұлттық құрылым В)жан-жануар дүниесі С)бір нәрсенің шығу себептерін түсіндіру Д)белгісіз құбылыс Е)ұлттар туралы ғылым

4.Музыка және би фольклоры өнермен біріге отырып қандай сипат алды А) аңшылық және аграрлық В) балық аулау С)балық және аң аулау Д)терімшілік Е) терімшілік және балық аулау сипаты

5.Гидродинамика саласындағы білімдер қалай жинақталды А)суландырудың пайда болуына байланысты В)мал суаруға байланысты С)өзен жағасында терімшілікпен айналысуға байланысты Д)балық аулауға байланысты Е)мал жаюға байланысты

6.«Санақ тастары» дегенді білдіретін латын сөзі А)композиция В)конкубинат С)калькуляция Д)куначество Е) канибализм

7.Ирригация мен жерді бөлу қажеттігі қандай білімдерді дүниеге әкелді А)биологиялық В)химиялық С)геометриялық Д)зоотехниялық Е)философиялық

8. Папуас тайпалары сыйлық алмастыруда өлшем құралы ретінде нені пайдаланған А)малды В) буылған саломды С)раковина тізілген жіптерді Д)биркаларды Е)тас қасықтарды

9. Кеңістік пен уақытты қабылдау немен байланысты болды А)шаруашылық және қоғамдық тәжірибиемен В)көзбен көру С)естіген аңыздарымен байланысты Д) кеңістік пен уақыт туралы түсінік болмаған Е)картаға сүйенуге байланысты

10. Маршрутты (бағытты) белгілеген алғашқы карталар қандай материалға жазылған А)жібекке В)қағазға С)ағаш қабығы мен теріге Д)тері мен қағазға Е) раковина мен қағазға

Әдебиет:

1.Алексеев В.П., Монгайт А.Л., Першиц А.И. Алғашқы қоғам тарихы. А., 1974.

2.Алексеев В.П. Первобытное общество. Основные проблемы развития. М., 1975.

3.Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М., 1990.

4.История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986.

5.Першиц А.И., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. Алғашқы қоғам тарихы. Алматы.,1974.

Наши рекомендации