ІІІ. Жаңа білімді меңгеру. 3. Этникалық ассимиляция

1. Этнос ұғымы, этноним

2. Этнопсихология

3. Этникалық ассимиляция

4. Этноцентризм

5. ҚР-да этникалық көптүрлілік

«этникалық көптүрлілік – адамзат

тіршілігінің тиімді формасы»

Л.Н.Гумилев

1. Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ".

Этноним - қандай да бір этникалық топ атауы. Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.

Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.

Í Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.

Í Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады.

2. Этнопсихология - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық] - әлеуметтік және саяси психологияның құрамдас бөлігі; адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез- құлқын, ұлттық сана-сезім қызметі мен заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді зерттейтін пәнаралық бағыт. Ұлттық психологиядағы бастысы "ұлттық рух" деп қараған М.Лаңарус пен Х.Штейнталь (1860) "халықтар психологиясы" мектебінен бастау алады. XX ғ. басында бұл идеяларды В.Вундт "халықтар психологиясында" жалғастырды. Қазіргі этнопсихология тақырыбы тұрғысынан да, әдістері жағынан да біртүтас емес.

3. Этникалық сіңісу (этникалық ассимиляция) - бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі. Этникалық сіңісудің күшейіп, қарқын алуында элем, аймақ, мемлекет халықтарын интернациоландыру шешуші рөл атқарады. Бұл процесс көбіне бытыраңқы орналасқан этностарда аса қарқынды жүреді. Нәтижесінде этнос басқа этностың құрамын толықтырып, соларға "сіңіп" кетеді. Этникалық сіңісудің күшеюінің тағы бір арнасы - ұлттықаралас некенің көбеюі.

4. Этноцентризм - [грек, ethnos - тайпа, халық, centrum - шоғырлану, орталық] - адамның өмірдегі барлық құбылыстарды өз этникалық тобының құндылықтарымен өлшеп, бағалауға бейімдігі; өз өмір салтын артық көріп, басқаларға таңу. Ұғымды 1883 ж. Л.Гумплович енгізіп, 1906 ж. У.Г. Самнер дамытты. Оның пікірінше, этникалық топтың ішіндегі қатынастар мен топаралық қатынастардың арасында айырмашылық алшақ. Егер топтың ішінде жолдастық және ынтымақтастық басым болса, топтар арасында күдікті, шүбәлі, күмәнді және жауласу басым. Этноцентризм бір жағынан этникалық топтың бірлігін қалыптастырып, көрсетеді. Қарабайыр деңгейде басқа этникалық топтарға салқын қарайды.Этноцентризм идеология ретінде - ұлттық-этникалық санасезімнің теориялық деңгейі дамуының өнімі.

5. Әлемдік тарихтың қиын кезеңдерінде бостандыққа қол жеткізген жас тәуелсіз республика ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік-этикалық қағидалар мен өмірлік ұстанымдарға негізделген рухани байлыққа бай Қазақстанның поликонфессионалды халқына айналады.

«Біздің әр алуан ұлттар мен ұлыстар арасында өмір сүретіндігіміз – тағдырдың тартуы. Басты мақсатымыз – гүлденген көпұлтты мемлекет құрғымыз келсе, біз гуманизм, этникааралық толеранттылық қағидаларын ұстануымыз қажет»,- деп атап өтті Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Ежелгі қазақ жері қазіргі таңда 140 этнос пен 17 конфессия өкілдерінің жылы ұясына айналып отыр. Ел халқының басым бөлігінің біртекті бағдарын жасауды, этникааралық келісім мен өзара сыйластық толеранттылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт тіршілік кешуінің бай, тарихи тәжірибесі жинақталған.

Наши рекомендации