Пайда және оны мейілінше көбейту

Нарықтық экономикада пайданың алатын маңызы зор. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді. Пайда нарықтық экономикада қалай және қанша өндіру керектігін анықтайды. Сондықтан, әрбір өндірушіні қанша тауар өндіргенде және оны қандай бағамен сатқанда жоғары пайда алуға болатындығы туралы мәселе қызықтырады. Пайда теориясы классикалық мектептің пайда болу кезеңінен бастап барлық экономистердің еңбектерінде жазылған.

Меркантилистердің ең алғаш пайда туралы білдірген пікірі бойынша пайда айналыс сферасында, сыртқы саудада өнімдерді жоғары бағамен сату нәтижесінде қалыптасады. Физиократтар пайданы тек ауыл шаруашылығында болады деп есептесе, А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық өндіріс саласында қалыптасатындығын дәлелдеді.

К. Маркс пайданы қосымша құнның өзгерген түрі деп, ал қосымша құнның шығу көзі жалдамалы жұмысшының еңбегі деп есептеді. Ол қосымша құнның пайдаға айналу шарттарын және орташа пайданы зерттеді.

Нарықтық экономикада кез келген фирма жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарылатуға тырысады. Алайда әрбір қосымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін ескеру қажет.

Егер фирма өнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданың қалыптасуының бірінші шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:

MR = MС.

Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы жоғарылататын фирмалардың іс-әрекетін салыстырайық. Бұл фирмалар іс-әрекеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі болуына байланысты.

Жетілген бәсеке жағдайында фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды және сол бағамен қанша сатамын десе, сонша сата алады. Өнімнің кез келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бірлігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс пен шекті шығынға тең болады. Фирма шекті табыс MR және шекті шығынға MC тең болған жағдайда, пайданы жоғарылатады.

Шекті шығын төмендеп, сәйкесінше пайда жоғарылаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай пайданы жоғарылатудың екінші шарты болып табылады. Жоғары пайда теріс шама болмауы тиіс, өйтпеген жағдайда (баға орташа шығыннан төмен болса) фирма тауар өндірмейді.

Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан AVC жоғары, орташа шығыннан AC төмен болса да өнім өндіре береді. Фирма өзінің тұрақты шығындарын (қысқа мерзімді кезеңде) төмендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жабатын болса, өндірісті тоқтатпайды. Сонымен қатар, тұрақты шығындарды жабуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді.

Ал ұзақ мерзімді кезеңде мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Кейбір фирмалар саланы тастап кетеді, сондықтан салада қалған фирмалардың тауарларына сұраныс бағасы жоғарылайды. Бұл процесс салада қалған фирмалар орташа шығынын баға өтей алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса беретін болса, бағаның орташа шығыннан артық өсуіне алып келеді, салада қалған фирмалар экономикалық пайда алады, бұл салаға жаңа фирмаларды тартады. Салаға жаңа фирмалардың енуі сұранысты ұлғайтады және тауар бағасын төмендетеді, фирма пайдасы азаяды. Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа фирмалардың ену процесі тоқтайды. Ұзақ мерзімді кезеңде жетілген бәсеке жағдайында фирмалардың салаға енуі және шығуы бағаның орташа шығынға теңесуімен анықталады (нөлдік, таза экономикалық пайда гипотезасы) яғни,

P=MR=MC=AC.

Таза монополия жағдайында монополист неғұрлым көп өнім өндірсе, өткізу бағасы соғұрлым төмен болады. Бұл жағдайда шекті табыс әрқашан орташа табыстан төмен болады. Монополия жағдайында орташа шекті табыс қисығы сәйкес келмейді, өйткені MR<AR. Монополист шекті табыс шекті шығынға тең болғанда MR=MC пайдасын барынша жоғарылатады, бірақ жетілген бәсеке жағдайында әрекет ететін фирмадан айырмашылығы шекті шығын бағадан төмен MС < Р болады.

Алайда жетілген бәсекелі салалардың нөлдік пайда гипотезасы монополист үшін жарамайды. Салаға жаңа фирмалардың енуіне тосқауылдар болатындықтан, монополист қысқа және ұзақ мерзімде үстеме пайда алады. Пайданың қалыптасуының басты себебі – монополист-өндіруші жетілген бәсеке жағдайына қарағанда өнімді азайтып және тауарды жоғары бағамен сата алады.

Жоғарыдағы тұжырымдарды талдай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, жетілген бәсеке жағдайында пайданы жоғарылататын фирма тек бір айнымалыны - өнім көлемін бақылай алады. Екіншіден, таза монополия жағдайында пайданы жоғарылататын фирма бір мезетте екі айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз өнім өндіріп, жоғары бағамен сата алады және өндіріс масштабының ұлғаюы есебінен шығындарды азайтып, бағаны төмендете алады.

Бағаның атқаратын қызметтері:

1) Есеп-қисап – бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны үрдісінің өзгеруінде байқалады және әртүрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді;

2) Ынталандыру – бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, жаңа технологияны қолдануға, өнім сапасын арттыруға күш салады.

3) Бөлуші, реттеуші – нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраныс пен ұсынысты реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады. Бағаның араласуымен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу, ұдайы ұлғаймалы және материалдық емес өндіріс саласын қаржыландыру жүзеге асырылады.

4) Нарықтық, тепе-теңдікті сақтағанда, тұтыну мен өндірісті теңгергенде байқалады. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылғаны жайлы баға белгі береді және оны жөндеу үшін шара қолдануды талап етеді.

5) Ақапараттық – баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынысы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін көрсетеді. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттілігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды. Мұндай ақпарат барометр сияқты – экономикадағы конъюктура жағдайын айқындап кейбіреулердің іскерлік белсенділігін арттырады.

Негізгі әдебиеттер: 4 нег. [3-85], 6 нег. [1-35], 9 нег. [1-39], 10 нег.[1-7]

Қосымша әдебиеттер: 10 қос. [24-35]

Бақылау сұрақтары:

1) Құн мен баға ұғымдары?

2) Мемлекеттік және нарықтық экономикалардың баға жүйелерінің айырмашылықтары?

3) Бағаның атқаратын қызметтері?

4) Бағаның атқаратын қызметтері және сипаттамалары.

5) Пайданы барынша көбейту ережесі.

6) Өндірістік шығындар.

7) Экономикалық және бухгалтерлік, айқын және айқын емес шығындарының айырмашылықтары.

Наши рекомендации