Азақстандық патриотизм – біздің көпэтносты және көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі

Тәуелсіздік жылдары жаңа ұрпақ өсіп-жетілді, олар Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа курсы» Жолдауында және мемлекеттілікті нығайту үшін бес институттық реформаны жүзеге асыру бағдарламасында қойған мәселелерді шешуді алдына қояды.

Мәңгілік Ел идеясы базасындағы басты құндылықтар-азаматтық тепе-теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; білімділік; зайырлы ел-толеранттылық ел болу.

Бұл жағдайда азаматтық тұрақты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы қаланады. «Мемлекет басшысының бес институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 85 қадамы «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің жалпыұлттық құндылықтарын насихаттау арқылы оларды бүкіл қазақстандықтардың бойына сіңіруге бағытталған.Осыған байланысты ҚХА-ның XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттік актісі қабылданған болатын.

Жаңа заманғы қазақстандық жастарға патриоттық тәрбие беру проблемаларының маңыздылығы келесі факторлармен:

-жаңа заманғы жастарды жаhандану процесіндегі құндылықтарды ескере отырып, патриотизмге тәрбиелеу қажеттігімен;

-ғылым мен техниканың, ақпараттық-технологияның даму жағдайында жастарға патриоттық тәрбие берудің жүйелілігімен;

-ұлттық қауіпсіздіктің, бірінші кезекте терроризм мен экстремизмнің қаупінің күшеюімен байланысты ішкі және сыртқы қатерлердің болуымен анықталады. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Бізді, біріншіден, біріншіден, ортақ үйіміз-Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді. Екіншіден, біздің ежелгі жеріміз бен тілдерді дамыту тарихына қатысты қоғамдық келісіміміз. Үшіншіден, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге түбегейлі сеніміміз.Біздің Мәңгілік Отанымыз-Мәңгілік Елдің негізі, міне осы. Бүгінгі күннің басты мәселесі бес реформаны жүзеге асыруға, ең алдымен біртұтас болашақ ұлтты қалыптастыруға белсенді араласу болып табылады» - деген болатын. Жаңа Қазақстандық патриотизм мемлекеттік саясат пен идеологияның жаңа парадигмасы болып табылады. Белсенді азаматтық ұстанымы бар өз халқының және елімізде тұратын өзге ұлттар мен ұлыстардың тарихын, мәдениетін, дәстүрін, тілін білетін және құрметтейтін, өзінің конституциялық парызын атқаруға, өз Отанын қорғауға дайын жеке тұлғаның негізгі қасиет екенін атап өту қажет. Патриотизм – бұл Отан сүйгіштік, өз Отанына адалдық, оның мүддесі үшін өзін құрбан етуге әзір болуға, оны қорғауға талпыну. Жеке тұлғаға қатысты патриотизм адамның көзқарасынан, адамгершілік идеалдарынан, тәртіп нормаларынан байқалатын маңызды тұрақты міндеттемелері ретінде қарастырылады. Патриотизмнің негізгі сапалы сипаттамалары мыналар:

- Отан, туған жерге байланысты ұдайы сезіну;

- Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік;

- Отанға, халқына және мемлекеттік рәміздерге зор мақтаныш сезімі;

- әр адамның Отанға, халқының тағдырына, болашағына бағытталған моральдік жауапкершілігі;

- Өзінің конституциялық міндеттерін орындау бойынша азаматтық, кәсіптік және әскери парызы, өз еңбегінің нәтижелері үшін жауапкершілігі;

- Отанын қорғау ниеті, талпынысы және машықтығы, оның мүддесін қорғауы, өмірдің сан түрлі салаларындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Мәңгілік Ел» - жалпы Қазақстандық шаңырақтың ұлттық идеясы. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы барлық Қазақстандықтарды біріктіретін біздің еліміздің ірге тасын қалайтын басты құндылықтар жасалды: тұрақтылық, толеранттық, діни әуестікке, ұлтына қарамастан барлығының теңдігі. Қазіргі кезде жастарға патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеті – Отанына деген сүйіспеншілікті дарыту ғана емес, сондай-ақ оның тарихы, мәдениеті туралы білімдерді меңгерген, халқының өмірімен сабақтас білімді патриот – азаматты қалыптастыру.

Қазақстандық патриотизмнің іргетасы-барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан алдындағы жалпы жауапкершілігі. Жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды, этностық әркелкіліктерді біріктіруге тиіс.Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып,тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру-барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Бұл-тарих заңы Сондықтан қазақтың бірлігі- елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі.Жауапкершілікті тіл саясаты қзақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады.

Әдебиеттер:

9.25 мамыр, 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық бірлігі доктринасы

10.Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 16 желтоқсан 1991 жыл

11.«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20 қазан 2008 жылғы

12.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (11.24.2015 бойынша түзетулерімен)

13.«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (10.29.2015 бойынша түзетулермен)

14.«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (11.16.2015 бойынша түзетулермен)

15.23 мамыр, 1996ж. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасы

Наши рекомендации