Аржы бөлінгенін айту қайтадан

Күбі

Сіздерді алдарыңызда қымыз дайындайтын, мал былғайтын ыдыс күбі.

Ветрина.

18 ғасырдың басы халқымыз үщін қиын-қыстауға толы аласапран заман . «Жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық казактары және башқұрттар» ұлыстарға жан-жақтан ойран салды. Малдарын айдап әкетіп, тіпті көптеген отбасын түгелдей тұтқындады. Оған қарлы қыс , жұт, аштық қосылып, көктен сынағандай олардың апатжағдайын күшейте түсті. Сол кезде қазақ халқы өзінің біртұтастығынан айырылып ,жерін жау таптап, тіпті ұлт ретінде құрып кетудің сәл-ақ алдында тұрған болатын. Осы қырғын халықтың есінде ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама болып сақталып қалған. (1723-1727,29ж.)

Қазақ жұрт алдында басынан бастап осындай тарихи қайғылы сәттер туғанда этнос ретінде жұрт бола алама ? –деген сұрақтар туды. Осындай шарттарға байлаысты жалпы ұлтты басқарушы керек болды. Жұлдызды сәт Әбілмансұрға туды.

7 ветрина .Әбілмансұр ұрыс барысына келсе. Қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып ,ортасында жоңғарлардың шарыш деген батыр қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмансұр ,Әбілмамбет ханға барып: «-Тақсы, маған бата берсеңіз ,мынаған мен барайын дегне екен. » Хан бата берген соң шарышқа қарай –Абылй! Абылай! Деп ұран салып барып шарыштың басын кесіп алып жау қашты деп айғай салған соңқалмақтар қашады, қазақтар оларды қуады. Хан шатырын құрғызып Әбілмәмбет хан Әбілмансұрды қасына отырғызып «-Шырағым, сен кімсін ? Абылайлап шапқанын қалай? –десе, -Мен қанішер Абылайдың немересві едім . Соғыста жолы болған соң атаның атын ұран қылдым дейді. »Сонда Әбілмәммет хан ; -Қарағым бауырым –деп құшақтап сүйіпті де ,халқына айтыпты: -Баяғы Уәли бақының нәсілінен бір жалғыз бала қалды деп естіп едім. Бұл сол екен. Сіздер ұнатсаңыздар үлкен хандық осының орайы еді. Үш жүзден жақсы жинап, Абылайды орта жүздің сұлтаны етіп тағайындады және оған Абылай деген ат берді.

8 ветрина.Жоңғар күштері мен қазақ жасақтарының әскери өнерлері бірдей деңгейде болды. 18 ғ. Әскери зерттеушісі көшпенділердің әрекеттерін былай суреттеді: олардың стратегиясы әскери қулықтарында, торуңылдарында, кенеттен жылдам шабуылдауында, шегініс жолдарын кесіп тастауда, қарсыластарының көштерін бөліп тастауда, оны талқандағаннан кейін қамауға алуларында. Ұрыстарда садақ тактикасы қолданып, суық қару жарақпен шайқасты. Көріп отырғандарыңыздай әскери қару –найза ағаштан жасалған, ұшы темірден, жылқы жалымен әшекейленген. 80 мың жауынгер қатысқан соғысқа ханның өзі жүрді. Ал соғысқа 40 мыңға дейінгі жасақталған күштермен ол қолбасшыларды жібрді.

Тв Жоңғарлардың басып алу жөніндегі жау жүрек мың бала фильмінен үзінді.

9 ветрина.Осы тарихты суреттейтін ақын-жырауларымыздың өлең дастандары арқылы біле аламыз. 18 ғ. Қазақ халқы үшін ерекше кезең болды. Әдеби өнер жандана түсті. Сол кездегі жыраулар: Ақтамберді, тәтіқара, Үмбетей, Қожаберген жырау. Ол біздің жерлесіміз. СҚО; Жамбыл ауданы, Гүлтөбеде туған. Сонау қиын қыстау кезеңді суреттейтін Елім-ай дастанынының авторы болып табылады. Сол кездердегі шайқаста болған жаңалықтар сөз арқылы құлақтан-құлаққа, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Олардың ішінде ерекше із қалдырған батырлар. Бөгенбай,Қабакнбай, Наурызбай, Олжабай, Құлсары,Құлеке т.б.

Лауық –кітап қоюға арналған лауық. Киелі құран. Биліктің белгісі ретінде қамшы қойылған.

10 ветрина.18 ғ аңға шығу әдет ғұрпы болған. Аңға шыққан кезде түгел әскерлерін ала шыққан. Яғни 1-ден аң аулап азық тапса, 2-ден әскери дайындықтар жүргізген. (атта отыруы, мергендігі, шапшаңдығы, қарумен қолдана білуі) Назарларыңызға сол кезде аңға шыққанда алып шағатын құс, қыран. Томаға, тұғырық, дабыл. Аңшының теріден жасалған, күміспен көмкерілген белдеулер. Қару-жарақтың кішірейтілген түрлері көрсетілген: Айбалта, шоқпар, кішірейтілген қалқан, жебе салынған қорамсақ, гүрзі)

Покои 1 бөлме

Келесі өтетініміз Абылай ханның тынығу бөлмесі. Мына қабырғаларға назар аударыңыздар. Бұл Абылай хан үшін 1765 ж. Екатерина 2 салған үй. (1 қабатты, 4 бөлмелі, ағаш үй). Ерекше пішінді кереует және шымылдық. Медицина бойынша адамның басы мен аяғы бір деңгейде болғанда қан қысымы, күші жылдам қалпына келеді. Бұрышта ағаштан жасалған адалбақан ілгіші. Ілгіште қалпақ және ер адамның шапаны. Қабырғада қалқан және семсер. Бұрышта сандықтар, төр көрпелер, көрпешіктер, түкті, түксіз кілемдер. Қазақ үстелі, үстелдің үстінде кітап қоюға арналған, ағаштан жасалынған лауық және араб тіліндегі кітап. Төрелердің ерекшеліктерін көрсететін атрибуттарының бірі сары түсі белдемшелер.

Бөлме

Қазақтар көшпенді өмір сүргеннен кейін жұмсақ әрі мықты ыдыстар қажет болған. Қазақ оюымен өрнектелген ағаштан жасалған қымызға арналған ыдыстар. Ағаштан жасалған сандықтар. Бірде бір шегенің қатысуынсыз жасалған кебеже. Тоңазытқыштың қызметін атқарған. Бұрышта қол жуатын жез құман. Бөлмеден шығамыз

Абылай ханның серіктерінің бірі Құлсары батыр болан. СҚО, Есіл ауданы, Бұлақ ауылына жақын жерге Құлсары әулие мазары салынды.Мазардың ашылуы 2011 жылы 16 қыркүйекте болды. Келесі біздің өтетініміз тақ залы. Тақ залында Абылай атамыздың бейнесі. Замандастарының айтуы бойынша орта бойдан сәл жоғары болған, иықты көркем адам болған. 7 тіл білген Қытай тілінде жақсы жазып, жақсы сөйлеген. Шарышпен болған жекпе жектен кейін 20 жасында ол атақты болған. Сол кезде отау құрған. Абылай ханның 12 әйелі болған. 70 баласы, оның ішінде 40 қызы 30 ұлы болған. Абылайдың тұсында ілінген кілемге назар аударыңыздар. Төртінші бөлігі аяқталмаған, шексіздіктің белгісі. Абылай ханның қолында билікті көрсететін асатаяқ. Бұрышта штандарт. Хан билігінің символдарына мөр, мойынға тағатын алқа, Ақинақ семсері және хан қанжары. Қазақ жауынгерлерінің қаруы семсердің бірнеше түрі, қалқан, найза, айбалталардың бірнеше түрі, махайра семсері (қызыл бархыт билік символы)

18 ғ ер және әйелдің ер тоқымдары . Күміспен қапталған, сердалик тәсімен әшекейленген. Қазақтың ұлттық киімдері ер адамның шапаны, қалпағы. Әйел адамның бас киімі шашақты қосаба, көйлегі, күміс әшекейлер, сырға, алқа, сақиналары бар білезік. Жайнамаз, лауық, құран, ташпиқ. Біздің жерлесіміз академик Аманжол Қошанов музейге Абылай ханның портреті бар кілемді сыйлады. Хан қанжары биліктің белгісі. Шайқас алаңына қазақ жауынгерлері сауыт (30 кг дейін, дулыға 15 кг, арқар мүйізінен жасалған садақ, жебе (1 м асқан) салынған қорамсақ, семсер және шоқпар (10 кг). Жалпы қару жарақтардың салмағы 70 кг дейін жеткен. Қазақ жауынгерлері батырларының мықты, төзімді екенін білдіреді.

4 зал. 1 ветринаЕнді біз сіздермен келесі 4 залға өтеміз. 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін хан сайлау керек болады. Хан орнына хан етіп Абылай ханды сайланды. Абылай ханды үш жүздің кереметтері ақ киізге отырғызып көтерді. Үш жүздің ханы етіп жариялайды. Сол кездерде Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жырау болған. Ол ақын ретінде танылған. Өмірінің көбі кедейлікпен өткен. Бұқар жырау 60 таяп қалғанда өзінің ақылшысы, кеңесшісі ретінде тағайындайды.Бұқар (1787 ж өмірден озады, Далба тауында жерленген) жыраудың ақылы мен кеңесі жүріп отырған. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында ерекуше орын алған билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Би атадан-балаға берілетін мұра емес. Шешендік өнері бар, қарапайым құқықты білетін адам ғана би бола алған. Билерді халық сайлаған. Ал олар өз кезегінде ру аралық, жүз аралық дауларды шешкен.

35 жыл көлемінде Абылай хан үлкен жетістіктерге жеткен. Мықты әскер құрған, қазақ хандығын қосты және күшейтті. Экономика күшейді. Кіші жүздің (1731) Ресей империясына біріктірілген кезде жоғалған Волга және Орал аралығындағы жерден басқа жоғалған жерлер қайтарылды.

Көріп отырғандарыңыздай Абылай ханның портреті. (авторы Ағымсалы Дүзелханов). Оның ерекшелігі көзінде. Залдың қай жерінен қарасаңызда көзі сізге қарап тұрғандай көрінеді. Мөрі бар жүзік. Араб тілінде Абылай деп жазылған. Биліктің белгісі болып есептелетін қамшы.

2 ветрина. 1731 жылы кіші жүздің ханы Әбілқайыр Анна Иоановнаның тұсында Ресей империясына бірінші болып енді. Абылай хан 2-ші Екатерина тұсында Ресей империясымен жақсы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. 70 ж соңында Ресей империясымен барлық қатынастарды үзеді. Екатерина 2-ші оны өз қарамағында ұстау үшін 300 рубль және 200 пұт ұн көлемінде салық салады және сол жерде Абылай хан үшін 4 бөлмелі үйді жандандырады.1752 жылы Петр мен Павлдың басты қамалымен бірге Жаңа Есіл салынады. 1759 жылы Абылай ханның арқасында бұл қамал ірі сауда орталығына айналады. Осында жан-жақтан көпестер келеді. Эквивалентті көпестердің өзі орнатқасын сауда айырбас тең болған жоқ. Сол кездегі айналымда СІбір ақшалары болды.

Алдарыңызда Ресей жауынгерлерінің қару-жарағы мылтық,тапанша, кішкентай қанжар, семсердің бірнеше түрі.

Диорама. 1747 жылы Алматы облысында жоңғарлар мен қазақтар арасында шайқас болды. Қазақ жорығынының басында Абылай ханның өзі болды.(ақ аттың үстінде, қызыл шапанда) Бұл шайқастың ерекшелігі жоңғарлардың әскер саны 2 есеге көп болғаны. Соған қарамастан қазақтар жеңді. Диораманың авторы алматылық дизайнер Сергей Пожарский

3 ветрина. Абылай Қытаймен дипломатиялық және сауда қатынастарын қалпына келтірді. Қазақ,Қытай қатынастарының негізгі сұрақтары сауда болды. Мына сурет Италья суретшісі Джузеппе Кастильоненің еңбегі.

Көріп отырғандарыңыздай 18 ғ Қытай ақшасы. Ерекшелігі ортасында төрт бұрышты тесік. Оларды ыңғайлы болу үшін жіпке тізген. Қытай жауынгерлерінің қаруы: ортада айдаһар суреті бейнеленген қалқан, жебе салынған қорамсақ, семсердің бірнеше түрі, екі жүзді семсер.

4 ветрина. Өмірінің соңғы жылдарын Абылай Түркістан қаласында өткізді. 1780 жылы қайтыс болды. Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленді.

40-шы күні қазақ халқының дәстүрі бойынша абылай сұлтанның үлкен ұлы Уәлиді жаңа хан қылып сайлады.

Қазақ халқының жадында Абылай ұлы қайраткер, қолбасшы, саясаткер, ең бастысы үш жүздің басын біріктірген хан ретінде қалады.

Ресей архивінде 1765 жылы Абылайға салынған 1 қабатты 4 бөлмелі ағаш үйдің жоспары табылды. Кейін ол үй күйіп кетті. 1824 ж 2 қабатты кірпіш үй салына бастайды.1996 жылы ғимарат иесіз тұрды.

аржы бөлінгенін айту қайтадан

2008 жылы 21 тамызда елбасының қатысуымен музей салтанаттыв түрде ашылды. Елбасы музейге өзінің тілегін жазып қалдырды.

Осымекн біздің сіздермен экскурсиямыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет.

Наши рекомендации