Энергияны айнымалы токпен жеткізу
Электрберіліс желілерін құру қажеттілігі кең аймақтарда таралған майда қабылдағыштарға байланысты тұтынушылардан қашық орналасқан ірі электрстанцияларда негізінде электрэнергияның өндірілуімен түсіндіріледі.
Кейбір ауданда бөлек тұтынушылар арасында электрэнергияны тарату және энергия жүйелерін байланыстыру үшін арналған желілер үлкен және қысқа қашықтықтарға жасалынуы және әртүрлі қуаттарды жеткізуге арналуы мүмкін. Қашық берілістер үшін өткізу қабілетінің, яғни барлық шектеуші нышандарды ескергенде желімен жеткізетін ең үлкен қуаттың, үлкен мағынасы бар.
Электрберіліс желілері жауапты құрылымдардың категориясына жатады, олардың сенімді жұмысы әртүрлі өтемдеуші құрылғыларын және автоматты реттеу мен басқару қондырғыларын қолданумен қамтамасыз етіледі.
Айнымалы токтың ауа желілері үшін олар жеткізетін максималды қуат шамамен кернеудің квадратына пропорционалды және беріліс ұзындығына кері пропорционалды деп есептеуге болады. Құрылыс құнын да кернеуге пропорционалды қабылдауға болады. Сондықтан электрэнергияны қашықтыққа жеткізудің дамуында өткізу қабілетін көтерудің негізгі құралы ретінде кернеуді көбейту тенденциясы байқалады. Бірінші электрберіліс желілерін жасағаннан бері шамамен әрбір 10...15 жылда кернеу 1,5...2 есе өсірілді. Кернеудің өсуі желілердің ұзақтығын және жеткізетін қуаттарды көбейтуге мүмкіндік берді. Өткен ғасырдың 20 – шы жылдары 100 км максималды қашықтыққа жеткізілді, 30 – шы жылдары бұл қашықтықтар 400 км дейін көбейді, ал 60 – шы жылдары желілердің ұзындығы 1000...1200 км жетті. 70 – ші жылдардың соңында ұзындығы шамамен 2500 км кернеуі 1150 кВ желі құрылды.
79.Кабель желілерінің қиыстырмасы.
Күштік кабельдер бір-бірінен және жерден оқшауланған бір және бірнеше ток өткізетін талсымдардан тұрады.Оқшауламаның сыртынан оны ылғалдан,қылдардан және механикалық зақымдардан сақтау үшін қорғаныс қабығын және қорғаныс қабаттары бар болат таспадан жасалған құрсауды салады.Ток өткізетін тасымалдар әдетте алюминийден бірсымды және көпқысымды болып жасалынады.Оқшаулама ток өткізетін тасымалдарға таспа түрінде салынатын арнаулы минералды маймен қаныққан кабель қағазымен жасалынады.Оқшауламаның сыртынан оны ылғал және ауадан сақтау үшін салынатын қорғаныс қабаттары қорғанысынан,алюминийден немесе поливлиенхлоридтен болады.Қорғаныс қабығы бар кабельдер судың астында,көмір және тақтатас шахталарында,аса қауіпті белсенді даттанатын орталарда төсеуге арналған.Қорғаныс, алюминий немесе роливлиенхлорид қабықтарды механикалық зақымдардан қорғау керек.Ол үшін қабыққа болат немесе сымдардан жасалған құрсауды салады.Алюминий қабық және болат құрсау өз кезегінде даттан және химиялық әсерден қорғалуға тиісті.Ол үшін қабық пен құрсау арасында ішкі және қорғаныс қабаттарынан тұрады.Ішкі қорғаныс-бұл қаныққан мақта қағаз иірілген жібінен немесе сульфат қағазынан жасалған кендір жіптер.Сыртқы қорғаныс-қабатында датқа қарсы құрал мен қаныққан кендірден тұрады.Кабельдердің маркасы А-алюминий,С-қорғасын,В-полиминилхлорид,N-резина.Енді әртүрлі қорғаныс қабаттары бар кабельдердің маркалары: Б-болат таспалар,П-жалпақ болат мырышталған сымдар,К-жымыр болат мырышталған сымдар.
Газбен толтырылған кабельдер -кВ кернеулерінде қолданылады.Бұл компаундық салыстырмалы аз санымен қаныққан оқшаулайтын қағазы бар қорғасындалған кабельдер.Кернеуі 110-220 кВ айнымалы токтың кабельдері маймен толтырылып жасалынады.Май қысымда болады.Осыған байланысты орта және жоғары қысымдардың кабельдерін айырады. Майдың қысымы тесілудің негізгі себептерінің бірін жойып,ауа мен иондалудың пайда болуын болдырмайды.Майдың ағатын орындарын табу үшін кабельдер май қысымының сигнализациямен жабдықталады.
90. ЖЭС. Тұтынушыларға жылу мен электрэнергиясын беретін жылу электр станциялары - жылу энергия орталықтары деп аталады (ЖЭО). Жылу энергиясы ыссы су түрінде жылыту процестерінде пайдаланылса, төменгі потенциалды бу түрінде өнеркәсіпте және де басқа салаларда қолданылады. Энергияның екі түрін бірден шығаратын осындай орталықтар басқа жылу электр станцияларынан әлдеқайда ұтымды.
Жылуды құбырлар арқылы 30...5 км қашықтықтағы тұтынушыларға жеткізуге болады.
ЖЭО-да электрэнергиясы кернеуі 6...24 кВ желі арқылы жергілікті тұтынушыларға, ал қалған энергия кернеуі 35...220 кВ желімен энергетикалық жүйеге немесе қашықтықтағы тұтынушыларға беріледі.
Жылу энергиясын толық пайдалану арқасында ЖЭО-ның пайдалы әсер коэффициенті 60...65%-ға жақын, яғни жоғары көрсеткішке таяу. Жылу энергия орталықтарының ерекшеліктері:
1. Оның жылу энергиясын тұтынушыларына жақын салынуы.
2.Тасымалданған отынмен жұмыс істейді.
3. Өндірілген электр энергиясының айтарлықтай бөлігін жергілікті тұтынушыларға таратады.
4. Heгiзгi жылу энергиясын өндіру графикпен жүргізіледі.
5.Төменгі маневрлі станцияға (КЭС сияқты) жатады.
6. Басқа электр станцияларымен салыстырғанда пайдалы әсер
коэффициенті шартты түрде жоғары (Ti = 0,6 - 0,65).