Жедел – шаруашылық карталарының мәні мен мағынасы
Жедел – шаруашылық карталары түсінігі 1940 жылдары беріле бастады.1939 жылы экономикалық картаның негізгі қалаулы Н.Н.Баранский. ”Экономикалық карталардың” бірінші басылымында осындай карталарды әлі ашылмаған еді. Тағайындалуы бойынша карталар үш топқа: ғылыми, оқу және анықтамалық болып бөлінеді.
1940 жылғы басылымдарда Н.Н.Баранский тағы да үш топты атайды: жоспарлық – келешек, үгіттеу – насихаттау және жедел географиялық.Карталарды құрастыру қағидаттары бойынша Н.Н.Баранский карталардың екі тобын атайды: талдамалық және синтетикалық. Біріншісі әрбір элементті жеке – жеке, екіншісі экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы бойынша картографияланған аумақты сипаттайды.Екінші жылдары ғалымдар жаңа түсінік – кешенді карталарды, осы карталарда бірнеше құбылыстарды бір мезгілде белгілеуді ұсына отырып бекітті. Ал кейінен К.А.Санищев төртінші “араласқан карта түрінің” бар екендігін атаған, онда бір мезгілде қорытындылаған және нақты көрсеткіштер пайдаланған.
Қазіргі заманғы аграрлық өндіріс күрделі өзара байланыстары бар көп жоспарлы өндіріс. Осы өндірістік ерекшеліктері оның табиғакт жағдайларымен тығыз, үздіксіз байланасы болып табылады. Олар шаруашылықтардың мамандандырылуын, олардың экономикалық ахуалын және даму келешегін анықтайды.Экономикалық процестерді үздіксіз жетілдіру экономикалық даму серпінін тездетеді және шаруашылық және санааралық байланыстарды күрделендіреді.Аграрлық өндірістегі жедел – шаруашылық өндіріс ерекшеліктері картаға түсірілетін аумақтың көп салалы ұсынылуы болып табылады. Бұл карталарда тек картографиялық бейнелеуі ғана емес, тақырыптық үзінділері де маңызды және мазмұнына қажетті элементтер болып табылады.Аймақтық жедел шаруашылық карталары экономикалық көрсеткіштердің салалы ерекшеліктерін, олардың дамуының серпінін, экологиялық өзгерістерін сипаттайды.
Сондықтан осы карталардың ұсынылу және жаңару мерзімдерін анықтаған маңызды.Жедел – шаруашылық карталары күрделі өндірістік әлеуметтік – экономикалық және экологиялық аумақтық сипатта болады. Осындай карталардың әрбір көрсеткіш өндірісінің аграрлық секторының әртүрлі факторларының жиынтығын білдіреді.
Аймақтық жедел жоспарлау мүдделі адамдарды өңірдің экологиялық – экономикалық жағдайы туралы сенімді ақпарат пен уақытылы қамтамасыз етуді болжайды.Кешенді жедел талдау экологиялық өзгерістерді уақыты білуге, олардың өзгеру дәрежесін белгілеуге мүмкіндік береді.Жедел – шаруашылық карталарды электронды нұсқада қарастырған.
7.4 Ауыл шаруашылық карталарын сыныптау жүйесіндегі экологиялық – экономикалық карталар. (сыныпталған жүйелерді қалыптастыру шолуы)
Ауыл шаруашылығы екі басты сала: өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы бойынша мамандандырылады. Әрбіреуі негізгі салалардың үлкен санынан тұрады. Өсімдік шаруашылығына : егін, жеміс-жидек, жүзім, жуа, орман, гүл шаруашылықтары кіреді. Осы салалардың әрбіреуі ауылшаруашылығы мәдениетінің өндірісі тобының үлкен санынан тұрады.
Аграрлық өндірістің экономикалық ахуалының салалық бағыты мен деңгейі топырақ – климаттық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты.
Я.И.Юровский ауыл шаруашылық карталарының 5 негізгі топ пен 42 топшаларды атайды.
М.И.Никишев соңғы нұсқасында ауыл шаруашылығы карталарының жеті тобы мен 54 түрін бейнелейді, И.Ю.Ливицский екі топ, 5 топша және 39 түрге бөледі.
М.И.Никишев ұсынған ауылшаруашылығы карталарының сыныптамасы картаның төрт тобын ұсынады; экономикалық- ауыл шаруашылық, ауыл шаруашылығына арналған тарихи-мәдени және техникалық – экономикалық ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығына маңызды табиғи жағдайлар. М.И.Никишев салалы ауылшаруашылығы карталарына мыналарды жатқызады; ауылшаруашылығының басты салалары, негізгі салалары, жекелеген ауыл шаруашылығы мәдениетін егу немесе малдың жекелеген түрлерін бағу.
Ауыл шаруашылық мәдениетінің өсімдік және мал шаруашылығының өнімділік карталары экономикалық карталардың топшаларына бөлінген.М.И.Никишевтің жаңа сыныптамасында ауылшаруашылығы өндірісінің орналасу және олардың экономикалық карталарын шектейді. Осы сыныптамада үш:талдамалық, синтетикалық және кешенді кластарын қарастыратын топшаларға бөледі.В.И.Сухов пен И.Ю.Левицский техникалық-экономикалық карталардың топтарын қарастырады, ол ауылшаруашылығы өндірістің дамуының барлық жағын кешенді талдауға кедергі келтіреді.
Автордың ұсынған нұсқасы қарастырылатын сыныптардың мазмұнын, сондай-ақ қазіргі ауылшаруашылығы карталарының атаулары тізбесін тандау негізінде әзірленген. Бұл нұсқада картаның екі тобы бар: жалпы ауылшарушылық және салалық.
Сыныптамасын қарастырылып жатқан нұсқасында даму шарттарының факторлық көрсеткіштері мен ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділіктің нәтижелі көрсеткіштерін ауылшаруашылығы өндірісі экономикасының табиғи және әлеуметтік-экономиткалық факторларынан тәуелділіктерін ұсыну ұсынылады. Бұл шарттар ауылшаруашылық карталарын мазмұны бойынша сыныптау құрылымын белгілейді, ол мына түрде ұсынылады:
1 түрі – жалпы ауылшаруашылық карталары
2 түрі – салалы ауылшаруашылық карталары
“А” класы – ауылшаруашылығын дамыту шарттарының карталары,
“а” тобы – табиғат – экономикалық жағдайлар карталары,
1 – қашары – топырақтың сипаттамсы,
2 – агроклиматтық
3 – геоботаникалық
4 – зоогеографиялық ауылшаруашылық нысанындағы
5 – рельеф
6 – су ресурстары
7 – ауылшаруашылығында пайдаланылатын пайдалы қазбалар.
“б” тобы - әлеуметтік – экономикалық жағдайлар карталары:
1 қатары – мамандандыру
2 - өндірістік құралдары
3 – еңбек ресурстары
4 - әлеуметтік жағдайлар
5 – көлік жағдайлары және экономикалық байланыстар
6 – жерге орналастыру
7 – жерді пайдалану
8 – аудандарды жоспарлау
9 – агротехникалық іс – шаралар және мелиорациялар
“Б”класы – ауылшаруашылығының экономикасының картасы.
“а”тобы - өнім өндірісінің картасы;
1 – бидай мәдениеті;
2 – жем мәдениеті
3 – техникалық мәдениет
4 – бақша мәдениеті
5 – ет және ет өнімдері
6 – жүн, тері, сүйек ұны,
7 – сүт және сүт өнімдері
8 – жұмыртқа
9 – балықтар және балық шаруашылығы
10 – бал
Сыныптаманың кестеде көрсетілгендей, барлық қауым шаруашылық карталары екі класқа бөлінеді, әрбіреуінің 2 тобы бар. Соңғысы бірнеше карта түрлерін біріктіреді.
Осы класқа топырақ – агрохимиялық карта жатады. Бірақ ол “а”тобының картасына жатады.
Салалық карталар, кешенділер тәрізді “Б”класына жатады – ауылшаруашылық өндірісі экономикасының карталары.
Сыныптамалық кешені пайдаланғанда салалық карталарды үш түрге бөлуге ұсынылады: бас сала карталары, негізгі сала, аз сала карталары.
Тағайындалуы бойынша ауылшаруашылық карталарын: ғылыми – зерттеу, жедел шаруашылық, шолу – анықтамалық, демонстрациялық.
Жедел – шаруашылық карталары ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру және жоспарлау, жер және су ресурстарын қорғау, аумақтарды ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді шешуге қажет.
Шолу – анықтамалық карталар қандайда бір аумақпен жаныптаныс – қайда пайдаланылады.
Үгіттеу – насихаттау карталары ауыршаруашылығыөндірісін дамытуды насихаттауға арналған.
Ауылшаруашылық карталарын масштабы бойынша: ірі масштабты (1:200 000 және ірі), орта масштабты (1:250 000 – ден ұсақ) және ұсақ масштабты (1:100 000 – тан ұсақ)
Басқа белгілері бойынша сыныптау барлық тақырыптық карталардағы сипаттас.