Айтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.

Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конференцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.2. Демократияландыру мен жариялылық.3. Төрешілдікке қарсы күрес.4. Халықтық реформа жүргізу.5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.

Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 – қаңтар 1987)

Қайта құрудың бастапқы кезені:

-Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды.

-Алкогольге қарсы компания

-Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты

-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу

т.б. қадамдарымен белгіленді.

1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды.

Екінші кезен (қаңтар 1987 – маусым 1989)

1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.

1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.

Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.

Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.

Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.

Үшінші кезең (маусым 1989-1991).

Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.

Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.

93. Қайта құру кезіндегі Қазақстан. 1985-1991 жж. экономикалық саяси реформалар.

1980 жылдардағы Қазақстанның дамуы КСРО-да қалыптасқан саяси өзгерістерге сай бағыт алып отырды. 1980 жылдардың ортасындағы шешуші оқиға - М.С. Горбачевтің КСРО Компартиясы ОК Бас хатшысы қызметіне келуі. М.С. Горбачевтің билікке келуі мен 1985 жылғы сәуір пленумынан бергі кезеңде ел өмірінде «қайта кұру» үдерісі басталды. Алайда халық үшін ақпарат көздері жабық болды. Соның бір дәлелі ретінде, 1986 жылдың сәуір айындағы Чернобыль АЭС-дағы оқиғаны атауға болады. Бұл жағдай қайта құру саясаты мен саяси көшбасшылардың беделіне айтарлықтай нұсқан келтірді. Адам шығыны болды. Онын зардаптары ұзаққа созылды. М.С. Горбачев және онын айналасындағылар өз ұстанымдарын нығайту мақсатында партия органдарына да, кеңестерге де балама сайлау енгізді. Бұл бастаманы қоғам дұрыс қабылдады. 1986 — 1988 жылдары кеңес коғамын жаңартуға бағытталған реформаларды енгізу әдістері алдымен жасырын басталып, бірте-бірте ашық сипат алды. Балама, көп мандатты сайлаулар бірінші кезекте ұлттық, аймақтық мәселелер мен мүдделерді ұсынды. XX ғасырдың 80-жылдарынан кеңес қоғамында бұрын болмаған жаңаша ойлау, коғамдық-саяси өмірді қайта құру үдерісі басталды. 1990 жылдың қазан айына дейін республикада ұйымдық құрылымы мен идеялык позициялары қалыптасқан 104 саясиландырылған талапкер топтар мен партиялар құрылды. Республиканын саясиландырылған қоғамдық ұйымдары 1990 жылғы 9 ай ішінде аштық жариялау, пикет жасау, жер басып алу тәрізді 60-тан астам акциялар жасады. Көптеген аймақтарда ұлтаралық негізде қан төгілген қақтығыстар орын алды. Жазықсыз жандар опат болды. Алматыда, Бакуде, Ферғанада, Ошта, Молдовада, Оңтүстік Осетияда, Таулы Қарабахта және өзге де жерлерде жиі-жиі бас көтерулер, қарулы қақтығыстар өтті. КСРО-нын кұлауының «іргелі себебі» ұлт саясатындағы қордаланып қалған мәселелер болатын. КСРО-ның және кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуінің ең басты, әрі шешуші себебі де осы болатын. Таптық мүдде үстем болған КСРО-да ұлттық факторды қажетті деңгейде бағаламау орын алды. Мемлекет басшылығында ұлттық мәселені шешетін бағдарлама мен стратегия болған жоқ. Батыл әрекет, оң шешім жасалмады. Ұлтаралық кикілжіңдерді реттеудің жүйесіздігі елдегі өкіметтін әлсіздігін көрсетті.. Бұл күйреудің талай себептерін табуға болады. Сонымен, кайта құру алғашқыда қоғамдағы істің жағдайын тез арада жақсартып жіберетіңдей көңіл-күй туғызғанымен үміт ақталмады. Өйткені қайта құрудың мақсат, міндеттері айқындалмады. Әдіс-тәсілі талданып, шешілмеді. Ол құрғақ сөзбен басталып, дауға ұласты. Елді басқарып отырған адамдардың мемлекеттік оргаңдарды жоғарыдан төмен қарай қайта ұйымдастыру шараларының салдары экономиканы басқару мен халықтың әлеуметтік жағдайына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуге әкелді. Орталықта және жергілікті жерлерде бұрынғы басшылардың беделін түсіретін материалдар іздестіріліп, ол бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы жария етіле бастады. Жаңа басшылық өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткісі келді. Алайда биліктің тізгінін өз қолдарына «берік ұстағанымен» экономиканың тұралауына, қылмыстың күрт көбеюіне және дүкен сөрелерінің каңырап бос қалуына бұрынғы және жаңа басшылық та жауапты еді. «Кім кінәлі?» деген сұрақтың жауабын өткеннен іздеумен болды. Белгілі дәрежеде тығырықтан шығар жолды көрсете алмай отырған жаңа басшылыктың да осал тұстары айтылмады.

94. ҚР-ғы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыс

Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдарға партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.

Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).

Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).

Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні-кәсіподақтар. Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән.Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. Кәсіподақтар қамқошы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. Мемлекет тарапынан оларға да ешқандай көмек болмайды мұндай кәсіподақтарды «жауапсыз» кәсіподақтар дейді.

Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту олардың материялдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалайды. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіліп шешіледі.

Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді:

1. Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуге арналған өкімет тарапынан жекелеген жеңілдіктердің болуы.

2. Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау.

3. Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.

Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады.

Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды.

Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан».

Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар:

Консервативтік.

Реформистік.

Революциялық.

Контрреволюцялық болып бөлінеді.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:

1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы:

2. Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы:

3. Дамыған жұмыс кезеңі:

4. Саяси қозғалыстың өшу сатысы.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.

Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиалардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары.

Қазіргі уаққыта мынадай саяси қозғалыстар бар:

Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту;

Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді;

Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі;

Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді;

Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.

Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с.

Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары.

Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат» және т.б.

Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с.

Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар.

Наши рекомендации