Тақырып 7. Азаматтық құқық негіздері.

Азаматтық құқық құқық саласының дербес түрі болып табылады. Бұл оның өз пәні мен құқықтық реттеу әдісі бар екендігін және жалпы құқық жүйесінде арнайы қызметтерді атқаратынын білдіреді. Азаматтық құқық қоғамдық қатынастардың келесі түрлерін реттейді:

1) мүліктік қатынастар, яғни белгілі бір мүліктің нақты бір тұлғаға тиістілігімен немесе мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуымен қатысты қатынастарды реттейді;

2) мүліктік қатынастармен байланысты және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Олардың пәні тұлғадан ажырамайтын материялдық емес құндылықтар жатады(есім, ар-намыс, қызметтік репутация, ұйымның фирмалық атауы, оның өндірістік маркасы, тауар белгісі және т.б).

Бірақ бұл қатынастар теңдік, ерік автономиясы және оның қатысушыларының мүліктік дербестігі қағидаларымен негізделген жағдайда ғана азаматтың құқықтың әрекет ету аумағына жатады.

Әкімшілік немесе бір жақтың екінші жаққа бағынуымен негізделген мүліктік қатынастар азаматтық құқықпен (азаматтық заңмен) реттелмейді. Олар басқа құқық салаларының реттеуіне жатады.

Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың қатысушыларына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар (әртүрлі ұйымдар) жатады. Сонымен қатар, азаматтық заңмен реттелетін қатынастарға мемлекет және өзін - өзі басқару органдары қатысуы мүмкін.

Азаматтық – құқықтық қатынастарда заңдық теңдік қатынасы сақталады. Бұл құқық жүйесіндегі азаматтық құқықтың бәрінен бұрын қалыпты экономикалық – қоғамдық қатынастарды реттеу ролі мен түсіндіріледі. Азаматтық құқықтың негізгі әрекет ету аумағы болып тауар айналымы, тауарлық және өндіріп алу қатынастары табылады.

Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуші құқықтық нормалар жиынтығы ретінде азаматтық құқыққа азаматтық заң сәйкес келеді. Азаматтық заң ҚР ерекше дербес қызметіне жатады, яғни азаматтық құқық нормаларын құрайтын қандай да бір актілерді оның субъектілері және жергілікті өзін - өзі басқару орғандарының қабылдауына жол берілмейді. Осындай бағытпен ҚР барлық территориясында экономикалық кеңістіктің тұтастығын қамтамасыз етеді.

ҚР азаматтық заңдарының ішінде ҚР Азаматтық кодексі басты роль атқарады. Бірақ ол басқа да азаматтық заңдарды жоққа шығара алмайды. Мысалы, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және т.б. көптеген азаматтық заңдар бар.

Азаматтық қатынастардың көптігіне және кең ауқымдылығына байланысты олардың кейбіреуі әрекет ететін құқық нормасымен реттелмеуі мүмкін. Мұндай кезде құқықтың көмекші қайнар көзі ретінде қызметтік айналым дәстүрі қолданылуы ықтимал. Ол қандай да бір кәсіпкерлік қызмет аясында кең қолданылатын, қалыптасқан, заңмен қарастырылмаған тәртіп ережелерін білдіреді. Олар құжатта көрсетілуі де, көрсетілмеуі де мүмкін.

Азаматтық заң бірыңғай оқиғаларға негізделген. Бірақ өмірде құқық нормаларымен реттелмеген бірыңғай емес оқиғалар да кездесуі мүмкін. Осыған орай азаматтық заңды ұқсастыққа байланысты қолдануға жол беріледі. Заң жүзінде заң ұқсастығын және құқық ұқсастығын қолдану мүмкіндігі көрсетілген.

Заң ұқсастығын қолдану үшін:

1) қатынастың заңмен немесе тараптар келісімімен реттелмеуі;

2) қызметтік айналым дәстүрінің болмауы;

3) ұқсас қатынастарды реттейтін заңның болуы және оның аталмыш қатынастарға қайшы келмеуі қажет.

Құқық ұқсастығы заң ұқсастығын қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда тараптардың құқықтары мен міндеттері азаматтық заңның ортақ негіздері мен мәнінен, әділдік, теңдік қағидаларымен анықталуы тиіс. Заң мен құқық ұқсастығын қолдану құқық қолданушы органдармен негізделуі керек.

Азаматтық - құқықтық қатынастар - құқықтық қатынастардың бір түрі. Олар мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқықтық нормалармен реттеу нәтижесінде пайда болады. Оның басқа құқықтық қатынастардан ерекшелігі:

1) азаматтық – құқықтық қатынас субъектілері бір – бірінен мүліктік жағынан тәуелсіз;

2) азаматтық – құқықтық қатынастардың қатысушыларының заңдық жағыдайы теңдік қағидасына негізделеді;

3) азаматтық – құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтататын негізгі заңдық факті болып шарттар (субъектілердің еркін ерік білдіру актілері) табылады;

4) азаматтық құқықтар мен міндеттердің шынайы жүзеге асуының құқықтық кепілі ретінде мүліктік сипаттағы шаралар қолданылады.

Азаматтық – құқықтық қатынастардың мазмұнына субъективтік құқықтар мен міндеттер жатады. Субъективтік азаматтық құқық – бұл азаматтық – құқықтық қатынас қатысушысының мүмкін деген , жол берілетін мінез – құлық шегі. Субъективтік құқықтың мазмұнын құқықтық қатынас субъектісіне берілген заңдық мүмкіндіктер құрады. Олар құқықтылық (правомочие) деп аталады.

Сонымен қатар азаматтық – құқықтық қатынастар мазмұнына заңдық міндеттер кіреді.

Мұндағы қарапайым құқықтық қатынастар – қатысушылардың біреуіне ғана құқық, ал екіншісіне бір ғана міндет тиісті болатын қатынастар (мысалы: процентсіз қарыз алу).

Күрделі құқықтық қатынастар – субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаға тұлғалардың анықталмаған шеңбері қарсы тұратын қатынастар (меншік құқықтық қатынастары, жеке мүліктік емес қатынастар). Салыстырмалы құқықтық қатынастар - өкілетті тұлғаға тұлғалардың бұрыннан қатаң анықталған шеңбері қарсы тұратын құқықтық қатынастар (сатып алу – сату шарты, тапсырма, тасу, сақтау шарттары және т.б).

Азаматтық – құқықтық қатынас түрлерін төмендегі схемамен сипаттауға болады:

Тақырып 7. Азаматтық құқық негіздері. - student2.ru Тақырып 7. Азаматтық құқық негіздері. - student2.ru

Міндеттемелер – бір тұлға (қарыз алушы) екінші тұлғаның (қарыз беруші) пайдасына белгілі бір заңдық әрекеттерді жасауға тиісті болатын салыстырмалы мүліктік қатынастар.

Міндеттеме субъектілері – кредитор мен борышқор міндеттеме тараптары деп аталады.

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары:

1) айыппұл; 2) кепілпұл; 3) кепіл болу; 4) банк кепілдігі; 5) алдын ала құн.

Шарт - азаматтық құқықтық қатынастар пайда болуына, барысына, тоқтауына әсер ететін ерік білдіру актісі, келісім.

Шарт мазмұнын талаптар құрады: 1) мәнді талаптар – нақты шарт түріне қажетті талаптар. Оларға шарт пәні, бағасы, мерзімі жатады; 2) Нұсқама талаптар – енгізілуі заңмен қарастырылған талаптар. 3) сілтеме талаптар – заңға, т.б. сілтеніп жасалған талаптар.

Шарт оферта (ұсыныс) және оның акцепті (ұсынысты қабылдау) арқылы жасалады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жаршысы, 1994. №23-24.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Қазақстан Республикасы парламенті Жаршысы, 1999. №16-17.

3. Қазақстан Республикасы заңы «Бәсеке және монополиялық әрекетті шектеу туралы» 19 қаңтар 2001 жыл// Егемен Қазақстан, 25 қаңтар 2001ж.

4. Қазақстан Республикасы заңы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» // Парламент Жаршысы, 1997. №12.

5. Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң // Жаршы, 1991. №23.

6. Қазақстан Республикасының заңы «Жеке кәсіпкерлік туралы» 19 маусым 1997 жыл // Парламент жаршысы, 1997. №12. 185 бап.

7. Қазақстан Республикасы заңы «Банкроттық туралы» 21 қаңтар 1997 жыл // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1997. №1-2. 7 бап.

8. Қазақстан Республикасы заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» 13 мамыр 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 16 мамыр 2003 жыл.

9. Қазақстан Республикасы заңы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2 шілде 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 10 шілде 2003 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен Қазақстан құқығы. Алматы, 1998.

2. Ащеулов А.Т. Жеке адамға қылмыспен зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Алматы: ҚазМЗУ, 2002.

3. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Алматы: Экономика, 1999.

4. Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық. Құрастырған ө.Ақыпбекұлы. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

5. Нәрікбаев М.С. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Алматы, 1998.

6. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы. Том 1. 2001.

7. Шарттар жинағы / Құрастырған Темірғалиева Р.А. Алматы:Аян Әдет, 2000.

Наши рекомендации