Салық түрлерін талдау

Осы жазған курстық жұмысымның басты мақсаты — салықтық жүйе жөнінде неғұрлым толық мәліметтер жинап, танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу мағынасын барынша ашып беру және жетілдіру жолдарын қарастыру, салықтық жүйенің қоғамда, ел экономикасында орны мен ролін қандай екендігіне жауап беру.

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

Тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесіне 18 жыл болды. Дамыған елдер өздерінің салық жүйесін құруда жіберген қателіктерін қайталауға тарих бізге аз уақыт қалдырды, сондықтан қазіргі кезде бұл құнды тәжірибені өзіміздің істе қолданып жүрміз.

Жұмыстың негізгі мақсаты — қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:

1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;

2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

Жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан мемлекетінің салық туралы заңдары белгілеген ғылымдар мен экономист қызметкерлердің монографиялары, мақалалары негіз болды. Бюджет өзінің қызметін атқару үшін салық жүйесін ұйымдастыру қажет. Себебі, салық бюджеттің кіріс бөлігін толтыратын негізгі көзі болып табылады.

Салық органдары да, салық төлеушілер де бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін ел экономикасындағы өзінің ролінтүсінуі керек. Қаржы министрлігі кәсіпорындардың проблемасына жаңаша қарап, оларды шешуге дайын. Сондай-ақ елдің аса ірі кәсіпорындарының және ірі аумақтық салық төлеушілердің қызметіне сапалы бақылау жасау және оны әкімшіліктендіру үшін өз қолына жаңа құралдар алады.Дамыған елдер әрқашанда өздерінің салықтарын төмендетуге тырысады. Кез-келген мемлекетте мемлекеттік реттеу, мемлекеттік тапсырыс, кәсіпкерлік, ақша-несиелік реттеу мен бюджеттік-салықтық реттеу сияқты құралдарға негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдардың ішінде маңыздысы салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі мемлекеттің маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге құрылған.

Салық жүйесінің бөлінбес бөлігі болып табылатын салықтар, салықтық жеңілдіктер мен қаржылық санкциялар арқылы мемлекет қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына қолайлы жағдай жасай отыра, кәсіпорынның экономикалық әрекетіне әсер етеді, инфляциямен күреседі. Экономикалық дамудағы циклдық тербелістерді бәсендетеді, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамытады. Салықтарды алудың әдістері мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге болады:

Бірінші кезең — бұл көне әлемнен орта ғасырға дейінгі даму, мемлекеттің салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек қана алғысы келетін қаражаттардың жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді.

Екінші кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) — бұл елде мемлекеттік мекемелер жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болып, мемлекет қызметтердің бір бөлігін өз мойнына алады: салық салу квотасын белгілейді, салық жинау процесін бақылайды.

Үшінші кезең — қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша барлық қызметтерді және салық салудың өңделген.

Осыған орай курстық жұмысымның мақсаты – Республикамыздағы салық жүйесімен танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу және жетілдіру жолдарын қарастыру болса, ал міндеті — осы мақсатқа жету үшін салық жүйесі, оның құрылымы, принциптері, әдіс-тәсілдері, жанама және тікелей салықтар, салық жүйесін жетілдіру жолдары деген сұрақтарды талқылап, Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің маңызын, көрінісін көрсету болып табылады.

Салықтар дегеніміз — мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті ақшалай төлемдері болып табылады.

Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
ҚР-нда әртүрлі жер санаттары бойынша жер салығын есептеу ерекшеліктері. Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері

ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады.

Жер салығы – меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді.

Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді.
Оның мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.

Жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді, салық сомасы жергілікті өкімет органдарының құзырында қалады, яғни жер салығының сомасы толығымен жергілікті бюджетке түсіп, жергілікті өкімет органдарының салықты жинауға мүдделілігі арттырылады. Жер салығының негізгі базалық ставкаларын республика үкіметі, ал нақты төлем мөлшерін жергілікті мәслихат өз билігі шеңберінде белгілейді.

Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;

2) елді мекен жерлеріне;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге;

5) орман қорының жерлеріне;

6) су қорының жерлеріне;

7) запастағы жерлерге бөлінеді;

Жердің мынадай сипаттары:

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

2. Орман қорының жерлері;

3. Су қорының жерлері;

4. Запастағы жерлер салық салуға жатпайды.

Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты.
Бонитет балы - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау,

л жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.

Жер салығын есептеуге негіз болып:

меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытына жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

1) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері;

2) жер учаскесін иелену және пайдалану бойынша құқықты іс жүзінде жүзеге асырылуы табылады;

Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:

- бірыңғай жер салығын төлеушілер;

- мемлекеттік бюдет есебінен ғана қамтылатын ұйымдар;

- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о.і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;

- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар;

- діни бірлестіктер;

Жоғарыдағы аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.
Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

Жер учаскесі салық салу обьектісі болып табылады.

Жер салығы бойынша салық салу обьектісіне мыналар енбейді:

- Елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері;

- Ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері;

- ҚР Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған обьектілер орналасқан жер учаскелері.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
Қазақстанда әр түрлі жер санаттары бойынша жер салығын есептеу ерекшеліктері.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық
Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін не осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жатады.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы республикасының жерге орналастыру органдары анықтайтын бонитет балы өлшемімен топырақтың табиғи құнарлығына негізделеді және ҚР екі аймағы бойынша сараланады:
Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.

2.2. 2.2. Жеке меншіктегі жер учаскесінің салық көлемін анықтау

Елді мекен түрі Тұрғын үй қоры, о.і. оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекен жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге) Тұрғын үй қоры, о.і. оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге)

Қалалар:


Алматы 28,95 0,96
Астана 19,30 0,96
Ақтау 9,65 0, 58
Ақтөбе 6,75 0,58
Атырау 8,20 0,58
Тараз 9,17 0,58
Қарағанды 9,65 0,58
Қызылорда 8,68 0,58
Көкшетау 5,79 0,58
Қостанай 6,27 0,58
Павлодар 9,65 0,58
Петропавловск 5,79 0,58
Орал 5,79 0,58
Өскемен 9,65 0,58
Шымкент 9,17 0,58
Алматы облысы:


Облыстық маңызы бар қалалар 6,75 0,39

Аудандық маңызы бар қалалар 5,79 0,39

Ақмола облысы

Облыстық маңызы бар қалалар 5,79 0,39

Аудандық маңызы бар қалалар 5,02 0,39

Облыстық маңызы бар қалалар

Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 85 % 0,39

Аудандық маңызы бар қалалар Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 % 0,19

Поселкелер 0,96 0,13

 

Мәселен, Қызылорда қаласында елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкасы 1 шаршы метрге 8,68 теңгені құрайды, басқа да аудандық маңызы бар қалалар – Арал және Қазалыға – облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 пайызына 6,51 теңгеге (8,68 теңге х 0,75) тең.

Мысалы, «Қазақзергер» АҚ Қызылордадағы бөлімшесінің меншік құқығында Қызылорда қаласында алаңы 47 м2 дүкен тиесілі. Бұл жағдайда жер салығының сомасы 408 теңгені (47 м2 x 8,68) құрайды, мұндағы, 47 – жер учаскесінің көлемі, м2;

8,68 – елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңге\м2.

Аудандық маңызы бар қалада, мысалы, Арал қаласында заңды тұлғалардың 5500 м2 жерге офисі орналасқан. Жоғарыда салық ставкасында облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 % деп берілген, яғни 8,68 х 75 %= 6,51 теңге, сонда салық сомасы.


5500 м2 х 6,51 теңге=35805 теңге мөлшерінде төленеді. Заңды тұлға бұл соманы тең үлеспен 4 рет бөліп төлейді, сонда тоқсанына 8951,3 теңгеден төлеп отырады.
Қызылорда қаласында тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге жер салығының ставкасы 1 шаршы метрге 0,96 теңгені құрайды, басқа да аудандық маңызы бар қалалар – Арал және Қазалыға – салық ставкасы -0,19 теңге.

Мысалы, Қызылорда қаласы тұрғынының 500 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры, оның іргесіндегі ғимараттар алып жатыр. Осы жерге салық төмендегіше есептеледі:

500 шаршы метр * 0,58 тң= 290 теңге салық төленеді.
Ал егер тұрғын үй ауылда орналасқан болса, онда 1000 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры мен іргесіндегі ғимараттар алып жатқан жерлерге салық:
1000 шаршы метр * 0,09=90 теңге мөлшерінде салық салынады.

Базалық салық ставкалары елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне 1 гектарға есептеліп, бонитет балына бара-бар мынадай мөлшерде белгіленеді:
Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары

Бонитет балы Базалық ставкалары (теңге)

100-ден жоғары 48,25

91,67 – 482,50

530,75 – 1084,66

1138,70 – 1592,25

1646,29 – 2074,75

2126,86 – 2582,34

2634,45 – 3136,25

3188,36 – 3715,25

3769,29 – 4319,34

4371,45 – 4921,50

4975,54 – 5693,50

5790,00

Мысалы, «Қазақмыс» корпорациясының материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының қоймалары Жезқазған қаласы шегінен тыс өнеркәсіп жерлерінде орналасқан. Қоймалардың жалпы көлемі 8,1 га құрайды. Топырақтың орташа бонитет балы 10 балға тең.
Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы (8,1 га * 482,5 теңге\га), мұндағы 8,1 – жер учаскесінің көлемі, га.

ОРЫТЫНДЫ

Қорытындыға келгенде қазіргі кезде экономика тұрақталды. Ең алдымен ол негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақталуымен, ішкі жалпы өнімнің өзімен тұрақтанады.

Қорыта айтқанда салық ел экономикасының өсуіне үлкен ықпал келтіреді.
Теориялық бөлімде - салықтардың экономикалық мәні мен маңыздылына сипаттама бере отырып онда салық түсінігіне, салық түрлеріне және салықтың атқаратын қызметіне, салықтың элементтеріне және Лаффер қисық сызығына сипаттама бердім. Ал аналитикалық бөлімінде – ҚР салық салу жүйесіне сипаттама бере отырып ҚР-ң салық қызметінің құрылымына, оның ерекшеліктеріне және оның қажеттіліктеріне, «ҚР салық жүйесі туралы» заңдардың қабылдануына және ондағы әртүрлі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталдым. Салық кодексі ол экономикалық қана емес, мәні бар ірі құжат болып саналады. Кодекс қабылданғаннан кейін Үкімет оны жүзеге асырудың арнайы құжаттарын дайындап үлкен жұмыстар атқарып жатыр.

Сонымен кез келген салық реформасының мақсаты, елдің серпінді әлеуметтік-экономикалық даму негізі ретіндегі, болашақтың фискалды тетіктерін қалыптастыру болып табылады. Салық салу реформасы саяси, экономикалық және құрылымдық қайта құрудан кейін жүргізіледі. Өйткені, ол нәтижесінің тиімділігі жағынан неғұрлым инерциалды болып келеді. Осыған байланысты салық реформалары салық жүйесінің қызмет ету аясында анықталған кемшіліктерді және қателіктерді жою жолымен, тым ұзақ уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аталып өткен Қазақстан салық жүйесінің реформаларын кезеңдерге бөлгенмен, әрбір кезең барысында тұрақты салық жүйесі қызмет етпеді, оларға үнемі өзгерістер енгізіліп отырады. Салық қатынастарының жағымсыз жақтары елдің экономикалық дамуының объективті қадамымен анықталады. Нарықтық экономиканың салық реформалары кезекті және үздіксіз жүргізіліп отырады. Осылайша мен өзімнің жұмысымды қорыта айтқым келеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. А.Д.Байдүйсенов. // Қаржы және қаражат // 2001, №4, 32-36-беттер.

2. Ә.Е.Өтембаев. “Экономикалық өсімге кепіл болатын құжат” // Егемен Қазақстан // 2001, 22 қараша 2-бет.

3. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов. //Нарықтық экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.

4. Б.Медешов. //Нарықтық экономика теориясына кіріспе // Алматы, 1998 ж.

5. Г.Д.Митюгина. “Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша жеңілдіктер ” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж., №47 қараша 6-7-беттер.

6. Е.Б.Жатқанбаев. //Аралас экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.

7. Е.Смайлов. “Салық мәдениеті – салықты дұрыс төлеп, адал өмір сүру” //Егемен Қазақстан // 2002 ж., 7 маусым 3-бет.

Наши рекомендации